Байланысты: Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Т2)» «ОРЫС ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТІ (Я2)», «КӨРКЕМ ЕҢБЕК» КІРІКТІРІЛГЕН ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ 11 -
интерактивті оқыту әдіс-тәсілі арқылы оқушы интелектісіне әсер ету,
яғни ақпарат мұғалімнен оқушыға, оқушыдан мұғалімге беріліп отыруына
мүмкіндік береді. Белсенді оқытуда оқушылар өз пікірін айта білуді және
өзгенің пікіріне құрметпен қарауды үйренеді;
-
ұжымдық оқыту технологиясы жаңа идеяларды ұсынуға және жаңа
мүмкіндіктерді қолданып көруге бағыттап отырады [4].
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің кіріктіріліп оқытуда қолданылатын
педагогикалық тәсілдер.
Республикамыздың жалпы білім беру ұйымдары (мектеп, гимназия, лицей,
т.б.) «
білім алу жолдарын білетін », өз бетімен білім алуғаұмтылатын, шешім
қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы мен жауапкершілігі жоғары,
өзіне сенімді, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.
Оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастыруда мұғалімдер түрлі
педагогикалық тәсілдер мен технологиялар қолдана алады. Атап айтқанда,
олар:
-
оқытудың коммуникативтік (қарым - қатынастық) тәсілдері (тыңдалым,
айтылым, оқылым, жазылым);
-
зерттеушілік тәсіл (оқушылар «не білемін?, нені білгім келеді?, нені
үйрендім?» тұрғысынан өз әрекетін талдауға үйренеді);
-
Жүйелі-әрекеттік тәсіл;
-
дамыта оқыту технологиясы (оқушылар оқу әрекетінің тәсілдерін игеріп,
өзінің іс-әрекетін жоспарлау және басқару жолын үйренеді);
-
саралап оқыту технологиясы (оқушыларды қабілеті, мүмкіндігі,
ерекшелігіне қарай оқыту);
-
мұғалім мен оқушының «субъект - субъектілік» дидактикалық қатынаста
білім іздеу процесіне бірдей енуі;
-
оқу проблемаларын шешу барысында мұғалім мен оқушының
ынтымақтасқан шығармашылық ізденіс әдістерін қолдану; оқу проблемаларын
шешудің әдіс-тәсілдерін оқушыларға дамыта оқыту ұстанымына сай жолмен
құру және көрсету;
-
оқушының жеке пікірін тыңдау, олардың бұрын меңгерген білімдері мен
қалыптасқан түсініктерін әрі қарай дамыту;
-
ойын әдісі;
-
«оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» арқылы қолдау жасау;
-
сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
-
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді қолдану арқылы
оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру;
-
тәжірибелік, шығармашылық оқу әрекеттеріне (түрлі шығармашылық
жұмыстар жасау) ынталандыру;
-
оқушылардың білімін жүйелілікпен мониторингілеу;
-
оқушыларды зерттеушілік әрекетке және зерттеушілікке негізделген
белсенді оқуға ынталандыру;