Қарапайым дәстүрлі сабақ Қарым-қатынас сабақ
Сөйлеу мотиві
Оқушылар мұғалім талап Оқушылыр өздері білмеген
еткендіктен ғана және жақсы қызықты ақпаратты білу
баға алу үшін ғана сөйлейді. үшін, айту үшін сөйлейді
Сөйлеу мақсаты
Оқушылар қатесіз сөйлеуге Оқушылар өзіндік қажеттіліктерін
тырысады, бірақ сонда да іске асырады, яғни білмегенін
мұғалім олардың тілдік білуге тырысады. Өзіндік
қателеріне көңіл аударады достары арасында әр түрлі
Оқушылар үшін ең маңыздысы тапсыпмаларды келісіп шешеді,
жаттығуларды дұрыс қатесіз басқалармен жаңалықтармен
орындау. бөліседі.
Сөйлеудің мазмұны
Мұғалім оқушылардың не Оқушылар өзінің ойын, көз-қара-
туралы сөйлейтін алдын-ала сын, тілектерін білдіреді, және
шешеді, бірақ бұл жағдайда бұл жағдайда ол тақырыптар
бұлай сөйлеудің оқушыларға оқушыларға мәлімді және
ешқандай әсері болмайды. қызыкты.
Қарым-қатынас құралдары
Оқушылар толық сөйлемдермен Оқушылар өздерінің ойларын,
сөйлеуді және олардың негізгі көз-қарастарын әр түрлі қарым-
мақсаты қате жібермеу. қатынас құралдарын (мимика
және жестер) қолдана
жеткізеді.
Сабақты ұйымдастыру
Сабақ үстіндегі талдаулар Сөйлеуші оқушылар бір-бірін
бүкіл топпен өткізіледі. зерек тыңдайды, және олар үшін
Оқушының сөзіне басқалардан ең маңыздысы қалай айтылған
гөрі мұғалім құлақ салады. емес, ал керісінше не туралы
Және мұғалім оқушының айтылғандығы,
не туралы айтқанына емес,
қалай айиқанына назар аударады.
Қарым қатынас құралы
Қарым-қатынастың екі құралы бар: вербальды және вербальды емес. вербальды қарым-қатынас құралдары, оларға сөйлеу қызметінің түрлері жатады, ең алдымен олардың ішінен келесі түрлерін белгілеп көрсетуге болады:
а) продуктивті түрі: сөйлеу және жазу;
б) рецептивті түрі: тыңдау және оқу.
Бұл екі түрді айыру міндетті түрде керек, өйткені бұлардың әрқайсысы спецификалды және өз механизміне негізделген. Өздеріне тән сәйкестермен қатар, оларға тән ерекшеліктер бар, бір топқа кіретін, мысалы тыңдау мен оқу. Осыдан мынадай қорытынды шығарамыз: ауызша қызмет көрсеткіштерінің әр түріне сай өзінің қабылдау жолдары бар.
Кейбір жағдайларда сөйлеу және жазу белсенді және белсенсіз, ал тындау және оқу белсенсіз болды. Осындай ұғымдар мүлдем ескіріп кеткен, белсенсіз қызметтің болуы мүмкін емес. Қызмет дегеніміз адамның ішкі және сыртқы белсенділігі. Белсенсіздік-бұл іс-әрекетсіздік. Басқа жағынан қарағанда оқу кезіндегі белсенділік сөйлеу белсенділігімен салыстырғанда айрықша.
Белгіленген негізгі сөйлеу қызметінің түрлеріне басқа қосымша дауыстап оқу, аударма жасау және т.с. (Шубин Э.П.). Олардың қайталануы әбден мүмкін: сөйлеу және тыңдау сияқты негізгі қызмет түрлерін ауызша аударма жасауға болмайды. Методикада сөйлеу түрлеріне монологтар және диологтар жатады. Олардың әрқайсысында оқу кезінде назар аударатын өз спецификасы болады және бұған қарсы шығу қиын. Негізінен қарым-қатынас жағынан алсақ, монологтық сөйлеу деген жоқ. Бұл туралы сәйкес тақырыптарда көп айтылады.
4 Вербалдық емес сөйлеу құралы
Бұл келесі құралдар жатады:
1) паралингвистік (интонация, паузация, дем, дикция темп, дауыс, ритмика (ырғақ), тон, мелодика);
2) экстралингвистик (есік қағу, күлкі, жылау және басқа да дыбыстар);
3) кинесикалық (жесттер, мимика, көздің контактысы);
Проксемистік (тұрыстар, дене қозғалыстары және дистанция)
Ғалымдардың ойынша коммуникативтік процесс толық болмайды, егер біз оның вербальды емес құралдарына ауытқысақ. Вербальды емес құралдар қарым-қатынас нені енгізеді. Олар:
1) вербальды мәліметтердің бастапқы немесе кейінгі бөлімдеріне назар аударады;
2) вебральды түрде жеткізілгендердің бәрін таң қалдырады;
3) айтылатын ойдың мазмұнына қарсы келетін мағыналарды көрсетеді;
4) паузаларды толықтырды және түсіндіреді. Бұл оның ойын жалғстырғысы келумен керекті сөздерді іздестіруін көрсетеді;
5) сөйлеушілер арасындағы қарым-қатынасты сақтайды және сөйлемдер үйлесімділігін арасындағы қарым-қатынасты сақтайды және сөйлемдер үйлесімділігін тәртіпке келтіреді;
6) жеке сөздердің немесе сөйлемдердің орнын ауыстырады;
7) кеш болса да вербальды мәліметтер мазмұнының орнын басады;
Бұл мұғалімге не үшін керек? Вербальды емес қарым-қатынас құралдарын меңгере отырып мұғалім:
- оларды қатысушылар жұмысын бағалау және уақытты үнемдеу мақсатымен қолдана алады-жағымды қарым-қатынас тонусын жасау, қарым-қатынасты сақтау;
- қатысушылардың сөйлеу белсенділігіне ықпал ету;
- сөйлеу материалдарын еске сақтауын ұйымдастыру.
Мұғалім сабақ жоспарын жасай отырып, өзінің де вербалдық емес тәртібін алдын ала жоспарлау керек, өйткені ол қатысушылар психикасына үлкен әсер ету күшін өзінде сақтауы мүмкін.
Вербалды емес құралдар тек қана продуктивті ғана қызметінде қолданылады деп ойлау дұрыс емес. Пиктограммалар, белгілер, текстердің орналасуы, шрифтер, абзацтар және тағы осы сияқты, осының барлығы оқарман үшін вербалды емес тіл болып табылады. Сонымен қатар тыңдаушы мимиканы, дене қозғалыстарын, интонацияны «оқи» білу керек.
Қарым-қатынас формалары. Қарым-қатынас негізінде екі форма арқылы жүзеге асырылады: ауызша және жазбаша. Бұлардың әрқайсысында өзіндік спецификалары бар.
1) Ауызша форма:
а) интонацияның байлығы;
б) паралингвистік информацияның молдығы (мимика, жест);
в) белгілі темппен әйтпесе ситуация мен уақытша байланыс жоғалады;
г) жоғары сатыдағы автоматтандырылғандық, бұнда ырғақ негізделген;
д) сөйлеушімен байланыс (егер радио арқылы берілген ақпарт болмаса);
е) сөйлеу құралдарының спецификалық жинағы және өзінің құрамы (жазбаша формадағы орын тастау мұнда норма болып саналуы мүмкін);
ж) қандай да бір уақыт бөлшегіне қайтып келуге болмайтындықтан сөйлеуші сөзінде уақыттан дұрыс қолдануына назар аудару керек.
Ауызша сөйлеу формаларының спецификасын оқу кезінде үлкен роль атқарады.
2) Жазбаша формасы. Қарым-қатынастың жазбаша формасында басқаша белгілер тән:
а) сөйлеу құралдарының спецификалық құралдары (жазбаша түрде жиі қолданылатының бәрі ауызша түрде қолданылмайды);
б) ауызша түрге қарағанда құрылымдық қиындығы иолылырақ;
в) құру кезіндегі үлкен сана-сезім, өйткені жазушы адам ойлану мүмкіндігі бар және алдын ала жоспарлау, ал оқып жатқан адамда ойлану мүмкіндігі бар;
г) толымдылық және ашықтық, өйткені сөйлеушімен қарым- қатынас жиі жоғалады және берілген ситуациямен міндетті түрде қарым-қатынас;
д) басқа да интонациялық белгілердің, актуалды бөлінудің тәсілдері.
Мысалы, сөз тәртібі. Әбден мүмкін жазбаша түрдің негізгі ауызша сөйлеудің белгіленген түрінің болуы (Б.В. Биляев), ал сөйлеу қызметінің формасы психологиялық, лингвистік жоспарлармен коммуникация теориясы жағынан ерекшеленеді. Осының барлығы оқу процесінде көрініс таппауы мүмкін емес.
5 Лексиканы өтуге байланысты
5.1 Күнделікті қайталау
5.1.1 Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу шеберлігін арттыруда ой мен тіл байланысты болғандықтан, оқушылырдың ойлаған ойын жүйелі құрып, мәнерлі толғандармен бере білуін қамтамасыз етуде лексиканы оқытудың маңызы ерекше. Тақырыбымыз қайталауды ұйымдастыру жүйесін әңгімелеу болғандықтан, лексиканы оқытудың жалпы методикасына тоқталмайсыз. Алайда кейбір мұғалімдер лексика бөлімін лексикалық жолмен оқытуды қостайтындығы байқалады. Мұның дұрыстық жағы да бар. Бұл тарауды оқытуда соны терминдер мен соны түсніктер мол кездеседі. Ондайларды түсіндіруде лекция да керек. Бірақ лексика ағылшын тілі білімін басты бір саласы бола отырып, оның басқа салалармен де өзекті байланыста екендігін естен шығаруға болмайды. Атап айтқанда, лексика тіл білімін грамматика саласымен тығыз байланысты. Өйткені лексиканың зерттейтін объектісі сөз болса, грамматика – сөздердің өзгеру, түрлену заңдылықтарын зерттейтін сала. Олай болса лексика грамматиканың морфология бөлімімен де, синтаксис бөлімімен де байланысты. Лексиканың зерттейтін объектісі сөз болғандықтан, ол тіл білімнің фонетика саласымен де тығыз байланысты, өйткені сөздің кіші бөлшегі –дыбыс.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, лексиканы жете меңгерту үшін, оқушылардың осы уақытқа дейінгі өткен материалдарын лексиканы оқытуда да ұштастыруға болады. Бұған қарап, лексиканы өтуде қазақ тілінен өткендердің бәрін қайталау керек деген ой тумасын. Жаңа ұғым, жаңа түсінік, жаңа білім беруге қажетті, ережелер қайталанып, жаңамен ұштастырылуы тиіс. «Сөз», «Сөз мағынасы» деген тақырыпты өтуге байланысты оқушылармен еркін түрде әңгімелесе отырып, мына көлемде қайталау ұйымдастыруға болады. Егер анықтама ереже сұрау арқылы қайталау мақсат етілсе, мына сұрақтар қойылады:
1) тілдің қатынас құралдық қызметі?
2) сөйлем дегеніміз не?
3) сөйлем құрайтын кіші бөлшек не?
Дәл осы арада негізгі объект етіліп сөйлем алынады да, сөйлем туралы белгілерін айта отырып, оқушыларға сөйлем сөйлеудің (ойды басқаға білдірудің, басқамен қарым-қатынас жасаудың) жігі екендігін бағдарлату керек. Бұл үшін белгілі сұрақ арқылы немесе белгілі тақырыпқа оқушыларды сөйлете отырып, сол өздері құрған ойды жүйелеудегі жеке сөйлемдер жігін тапқызуға болады. Бұдан сөйлеуміз (пікір білдіруіміз) тиянақты ойды білдіретін жеке-жеке сөйлемдерден құралатындығына оқушылар тағы да бір көз жеткізе алады.
Енді әрбір сөйлем ішінде кіші бөлшектер бар ма? Деген сұрақ арқылы немесе тақтаға бір сөйлем, айталық, The weather is wonderful today деген сөйлемді жазғызу арқылы, сөйлемдердің сөзден құралатындығын айтқызуға болады. Сөйлемнің кіші бөлшегі сөз деген тиянақ жасалады.
Бастауыш сыныптар да, бесінші сыныпта сөз деген термин қолданылғанмен, оқушылар оның анықтама ережесін білмейді. Ендеше, сөз деген не?
Бұл сұраққа жаңа сабақ жауап береді. Сөз туралы анықтама ереже айтылғаннан кейін, мұғалім оқушыларға: Is there a smaller part of the sentence than the word? (сөйлемнің сөзден де кіші бөлшегі болуы мүмкін бе) деген сұрақ қою арқылы сабақты фонетикамен ұштастырып, фонетиканы қайталау жасайды. Әрине, оқушылыр сөздің ең кіші бөлшегі дыбыс екендігін айтып. Егер мұғалім қажет етсе, дыбысты бөлшекке бөлуге бола ма? Деген сұрақ қоя алады. Дыбыстан кіші бөлшек болмайтындығын тұжырымдауда мұндай сұрақ қоюдың зияндығы жоқ.
Синоним, омоним, антоним тұрақты сөз тізбектері тақырыпшаларының оқытуда да қайталау жүйесі бар. Бұл сабақтарда бес жылдан бергі үйренгендері, білгендері, игергендірі, ойлау қабілеттерінің қаншалықты өскендігі байқалады.
Қайталау оқытушының түсіндірумен араласып отырады да, жаттықтыру жұмысымен ұштастырылады. Мысалы, мұғалім синоним дегеннің не екендігін түсіндіріп, бірнеше мысалдар айтқаннан кейін, оқушылардан белгілі сөздердің синонимін табуды талап етеді. Омоним, антоним сөздерді өту де солай.
Синоним, антоним, омоним сөздерді таба білу немесе өздері білетін тұрақты сөз тіркестерін айтып беру оқушылардың ой өрісінің қаншалық дәрежеде дамығандығын байқатады, сөйлеу шеберлігін дамытуда олармен қай көлемде жұмыс істеу керектігін оқытушыға аңғартады.
Оқушылардың сөздік қорын молайтып, сөйлеу шеберлігін арттыруды сөздік жасату, оқушыларға таныс емес сөздерді жазғызып оларды келесі сабақтарда сұрап отыру өте пайдалы.
6 Шетел тілі грамматикасын
6.1 Оқып –үйренудің мақсаттары мен мазмұны
6.1.1 Шетел тілі грамматикасына үйретудің басты мақсаты – оқушыда осы тілге тән ерекше механизмдерді қалыптастырып, осы механизмдердің кез-келген уақытта жұмыс істеуіне дайын болуына әсер ету. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалімнің негізгі міндеті – грамматиканы оқушының басында қалатындай етіп ұғындыру.
Артық теорияландырудан қалай алшақтануға болады? И.Л. Бим осы сұрақтарға былай жауап береді:
Грамматиканы үйретуді өзіндік мақсат ретінде емес, сөз түрлендіру, сөзжасам, сөздердің орын тәртібін меңгерудің амал-тәсілдері ретінде қарастыру.
Активті және пассивті грамматикалық минимумды меңгерудің сөйлеудегі маңыздылығын ескере отырып, оны іріктеу.
Грамматикалық минимумның тұрақты да автоматтандырылған пайдалануын қамтамасыз ету.
И. Л. Бим бойынша грамматиканы үйретуде келесі екі мақсатты айқындауға болады:
1) оқушыларды мазмұнына назар аудара отырып, дұрыс ауызша сөйлем құруға үйрету.
2) оқушыларды аудирование немесе оқу кезінде грамматиканың тармақтарын ажырата білуге үйрету
7. Грамматикалық минимумды іріктеудегі қойылатын ең басты талаптар:
7.1 Қолдану жиілігі
7.2 Жалпылылығы (мағнасы ұшташ келетін грамматикалық құбылыстарға таралу мүмкіндігі)
7.1.1 Мағынасы ұшташ грамматикалық құбылыстар санына қарай жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы грамматикалық ұғымға ағылшын тіліндегі –S көптік жалғауы, ал жеке грамматикалық ұғымға неміс тіліндегі gern үстеуінің шырайлары мысал бола алады.
Жұрнақтар, жалғаулар т.б сияқты материалды формаларын, грамматикалық категорияларын (род, түр, септік), продуктивті, рецептивті грамматикалық дағдыларын, басқа сөзбен айтқанда, грамматиканы үйренудің барлық компоненттерін тани біліп қана шетел тілін меңгеруге болады.
Продуктивті грамматикалық дағдыларды қалыптастыру
Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру бірнеше сатылардан, этаптардан тұрады. Г.В.Рогова, Ф.М. Рабинович, Т.Е. Сахарова бойынша олар:
1) танысу
2) жаттығу
3) қолдану
Осы сатылардың орын тәртібін қатаң сақтау керек екенін И.Л.Бим айрықша атап көрсеткен. Әрбір грамматикалық әрекетпен танысып, оның мағынасын, формаларын және қолдануын меңгеру қажет. Бұл бірінші саты. Екінші сатыда оны практикалық қолданыста жаттықтырып, микроконтексте пайдалана білу керек. Ең соңғы, үшінші саты екіге бөлінеді:
1) грамматикалық әрекетті репродуктивті деңгейде қолдану
(ұқсастықтар (аналогия)механизмі негізінде)
2) грамматикалық әрекетті продуктивті деңгейде қолдану
Ғалым С. Ф. Шатилов активті грамматикалық материалмен жұмыс істеудің мынандай сатыларын бөліп шығарды:
1) жаңа грамматикалық құбылысты енгізу сатысы (презентация, семантизация)
2) тілдік жаттығу және грамматикалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру сатысы
3) үйретілген грамматикалық құбылыстарды сөйлеу әрекетінде пайдалану
Жоғары айтылғандай, ғалымдардың көбі тілдің грамматикалық жағын оқытудың үш сатысын бөліп шығарады. Бұл сатылар оқушының активті грамматикалық материалмен жұмыс істеу процесін жақсартып, тілді әрі қарай оқып-үйреніп үшін керекті дағдыларды қалыптастырады. Бірақ керекті дағдыларды қалыптастыру үшін мектепте қандай грамматиканы оқыту қажет?
Көріп отырғанымыздай, грамматика ауызша тілде де, жазбаша тілде де құрылыс материалының функциясын атқарады. Грамматика – тілдің қаңқасы. Осы қаңқа арқылы ғана барлық сөздер, мәтіндер, сөйлемдер өз жұмысын дұрыс атқара алады. Грамматика – бұл тірі тілдің қанайналым жүйесі, «Шет тілі» деп аталатын құрылыстың фундаменті. Грамматиканы географиялық карта, көшеде жүру ережелерінің белгілері, әртүрлі кесте, схемалармен салыстыруғв болады. Шетел тілі грамматикасын оқып - үйрену адамға туған тілінің грамматикасын жетік меңгеруге көмектеседі.
7.1.2 Грамматика – грек сөзі «жазу шеберлігі» дегенді білдіреді. Байырғы грек грамматистерінің мақсаты сөзді орфографиялық тұрғыдан сауатты жазуға, стильдік тұрғыдан дұрыс қолдануға үйрету болатын.
Грамматика тілдік бірліктердің арасындағы қатынастарды, сол қатынастарды білдіретің формаларды, олардың тілдегі жасалу тәсілдерін зерттейді.
Грамматика томаға-тұйық жүйе емес. Ол тілдің басқа да салаларымен, атап айтқанда, лексика, фонетика және стилистикамен тығыз байланысты.
Грамматика – бұл методикадағы тұрақты таластардың обьектісі. Шетел тілін (ШТ) оқытудағы грамматиканың орны мен рөлі өте зор. Кез келген тілге үйрету грамматика арқылы жүргізілді, әдетте, латын тілінің үлгісі мен ұқсастығына құралған.
Мектепті қазақ тілінде бітіріп, жоғары оқу орындарындарында неміс тілі мамандығы бойынша оқып жүрген студенттерге бұл тілдің грамматикалық құрылысын тікелей неміс тілінде немесе орыс тілі арқылы игеру көптеген қиыншылықтар келтіріп жүргені мәлім. Құрылымы жағынан күрделі неміс тілі грамматикасын өз ана тілінде зерттеп, аздап болса да онымен салыстыра отырып игеру сол тілде тезірек және саналы түрде сөйлеп үйренуге қажетті шарттың бірі болып есептеледі.
Балада ШТ меңгеру процесі, оны мектепте оқи бастағанда (7 – 8 жаста), туған тілін меңгеру сияқты болмайды. Ол туған тілін меңгеріп алды, онда обьектті әлемнің категоризация жүйесі құрылды, көптеген ойлау процестері құрылды және оның ойы ШТ оқи бастаған кезде жұмыс істемей алмайды. Ол таңдауды жүргізеді, жалпылайды, қортындылар жасайды және осында оған грамматика көмектесе алады. ШТ грамматикасын арнайы ұйымдастырылған оқытуды рационалды және ойлау процесі етіп жасайды. Ол оқушыларда белгілі грамматикалық білімдер құрастырылғандай болып ұйымдасуы керек, ШТ туған тілде сияқты, тек тұйық райлар мен атаулар септігін қолданып ғана сөйлеуге болмайды. Басқа Шетел мәдениетінің иесі өзінің бай тіл тәсілдерінің палитрасы қолданады, ол туған тілдің тәсілдерінен ажыратылады, бірақ бұл түсінікті және қолайлы болады, егер оларды меңгеруге грамматика әрекетті негізде меңгерілсе.
ШТ грамматикасын оқудың мәні - туған тілдің грамматикалық құрлымын дұрыс түсінуге көмектеседі, логикалық ойды байқақағыштықты, анализ бен жалпылауға қасиеттерді дамытады, дәлірек, оны оқу барысында оқытудың білімдік және тәрбиелік мақсаттары орындалады.
ШТ сөйлеуге үйрену үшін грамматикалық механизмге, заңдылықтарға үйрену керек.
7.2.3 Грамматиканың шетел тілін үйренудегі рөлі мен орны
Шетел тілдерді оқыту әдістемесі қазіргі замандағы тілді тануға негізделетін, психологиялық және оқыту теориясы тұрғыдан ғылым ретінде, әлі даму қалпында келе жатыр. Біздің елімізде және елдердің қатарында шетел тілді білуге қамтамассыз ету және нәтижелі методикалық жүйелерді қарастыру үшін жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірақ бұл жүйе бір елде де әлі құрастырылмаған. Біз жанартылған дәстүрлі методиканы, немесе қамтамассыз ететін нәтижені беретін жаңа экпериментті методиканы қолданып жүрміз.
Бүгінгі күнде ШТ үйретудің басты мақсаты – коммуниканттардың шет тілінде дұрыс сөйлеуі, яғни дұрыс сөз тіркестерді құрастыруға, жазуға және оқуға үйренуге бағытталған. Бұл мақсаттың қойылуы, қазіргі кездегі мектептерде сағат саның шектелуімен байланысты (көбінесе жоғары класстарда) скептикалық қатынастың туындауымен, тілдік материалдың шектелуімен түсіндіріледі. Сонда да шетел тілде қарым-қатынасты үйренуге мүмкіндік бар және ол даму керек. Себебі шетел тілді білу, басты мақсат түрінде емес, ал коммуникативті мәселелерді шешу құралы ретінде қарастыру қажет. Сондықтан тілдің кейбір элементтерін, бөлек сөздерін, сөз тіркестерді және құрылымдарды, кейбір сөйлемдерді білу шетел тілді қарым-қатынас құралы ретінде жатқызуға болмайды.
Неміс лингвисті Г. Хельбиг грамматиканың үш түрін атады А, В, С.
Г. Хельбиг бойынша грамматика құрылысы.
Мысал 1 Die Deutsche Grammatik kommt mir komplizierter vor, als die englische. – Неміс грамматикасы маған ағылшыннан гөрі қиынырақ көрінеді. – Бұл «А» грамматикасының мысалы. Мұнда тілдің ережелер жүйесі түсіндіріледі.
Мысал 2 Ich habe mir die neue Duden – Grammatik gekauft. – Мен өзіме Дуденнің жаңа грамматикасын сатып алдым. – Бұл «В» грамматикасы, мұнда бір тілдің ережелер жүйесінің лингвистикалық жазылуы беріледі. Осында тілдің құрылу үлгілері түсіндіріледі, көбі мектеп оқулықтарында көрсетілген. Г. Хельбиг бұл грамматиканы В1 – лингвистикалық және В2 – дидактикалық грамматикаға бөледі.
Мысал 3 Seine Intonation ist gut, aber seine Grammatik ist fehlerhaft. – Оның интонациясы жақсы, бірақ ол көп грамматикалық қателер жасайды. Бұл С грамматикасы, – «Grammatik im Kopf» – Бастағы грамматика. Айтылғанды схема түрінде көрсеттік (сур. 1).
Мектепте В2 грамматикасы оқытылу керек (дидактикалық), қолданылатын әдістер мен оқыту әдістері арқасында, С. грамматикасы бола алады және болу керек. А.А. Леонтьев бұл грамматиканы мағына бойынша топталған сөйлеудің тіл құралдарының функционалдылығын сипаттайтын активті грамматика деп атайды. Мұнда әмбебап мағыналы категориялар, типті мәндер туралы сөз қозғалады, олар әрбір сөйлеушінің санасында, қай тілдің иесі болмасын, салынған.
Қойылған методиканың құрастыру мақсаты қосымша уақытты, қосымша тілдік материалдарды қолдануға талап етеді. Ол оқушылар үшін істің мотивациясын, мінездемесін өзгерту және оның құрылысын қайта құру жолымен іске асырылады. Оқу мақсаты ретінде қарым-қатынасқа бағытталған педагогикалық процесс, оқу құралы ретінде қатынас болғанда ғана бұл шарт нәтижелі болады. Қазіргі уақытта ШТ оқытуда грамматиканың мәні мен орнына объективті тәсіл белгіленеді: енді ол мақсат емес, ол ШТ оқытудағы басты құралдардың бірі болып табылады.
Көріп отырғанымыздай, грамматика ауызша тілде де, жазбаша тілдеде құрылыс материалының функциясын атқарады. Грамматика – тілдің қаңқасы. Осы қаңқа арқылы ғана барлық сөздер, мәтіңдер, сөйлемдер өз жұмысын дұрыс атқара алады. Грамматика – бұл тірі тілдің қанайналым жүйесі. Грамматиканы географиялық карта, көшеде жүру ережелерінің белгілері, әртүрлі кестелер, схемалармен салыстыруға болады. ШТ грамматикасын оқып-үйрену адамға туған тілінің грамматикасын жетік көмектеседі.
7.2.4 Шет тілін грамматикасын меңгерудің негізгі заңдылықтары. Тәжірибе көрсеткендей граммматикалық материалды қабылдаудың келесі кезендердің қолдануы қолайлы: сөйлеу үлгісін ұсынғанда (грамматикалық құбылыстын синтез және анализ арқылы) жаттықтырғанда және оны сөйлеуде қолданғанда. Бұл кезеңдердің мінездемелерінің әрқайсысына олардың жаттығу мақсаты сәйкес болады.
1-ші кезенде грамматикалық құбылысты ойластыру қажет, оның мазмұның, формасын және пайдалануын анықтау керек. Жаңа оқу материалымен танысу өнімді анықтау үшін оқыту, сөйлеу жағдайларында көбінесе ауызша форма және оқу формасы ұсынылады. Оқу формасын және құрылымды көрсетуге жағдай туғызу керек, себебі ол қатынаста белгілі бір функционалды –коммуникативті роль атқарады. Бұл кезеңге келесі жаттығулар сәйкес болады:
1) көңіл бөлу; көшіріп алу;
2) көшіріп алу;
3) грамматикалық талдау;
4) SOS – моделі.
2-ші кезенде грамматикалық материалдың жаттықтануы және тілдің грамматикалық дағдылары құралады. Тілдің грамматикалық дағдысын құрылуы деп – дағдының дамуы салыстырмалы құбылыстың, тіл жағдайларында жұмыс істеу және қарым-қатынас шартында вариация арқылы оның мақсаттығын дамытады. Ауызша сөздің грамматикалық жағынан үйрену, қолданылатын автоматизмдердің құрылуымен тікелей байланысты және келесі жатықтыру жаттығулар арқылы іске асады:
1) имитациалды;
2) қайталанатын;
3) трансформациялы;
4) қосымша (кестелер);
5) ойын түрлі жаттығулар.
Жаттықтыратын жаттығулар коммуникацияда қатыснасқа үйретеді. Грамматикалық құрылымдардың кейбір элементтерін арнайы жаттығулар жолымен өндеу –рационалды тіл меңгерудің маңызды сатысы. Бірақ сонымен қатар ішкі себептерде пайда болған коммуникациялық дағдыларды жағдайдың талап етілуі бойынша дамыту қажет, ал сол үшін коммуникативті –ориентациялық жаттығулар жүйесін талап етеді.
3-ші кезеңде грамматикалық дағдыларды қалыптастырудың соңғы кезені қалыптасады. Бұл кезеннің жаттығуларында коммуникативті маңыз болу қерек. Бұл мақсатпен оқушыларға келесі тапсырмалар ұсынылады:
1) коммуникативті тапсырмалар;
2) оқулы және шын тіл жағдайлары (ОТЖ және ШТЖ);
3) коммуникативті ойындар.
Грамматикалық құбылыстың методикалық тәсілдері, тапсырмалары және практикалық тәсілдер әрбір кезеңде әртүрлі болу керек. Тілдің грамматикалық жағында коммуникативті және коммуникативті емес тәсілдерге бөлінеді.
7.2.5 Шет тілінің грамматикасын оқып-үйренудің мазмұны мен мақсаты.
Шетел тілі грамматикасына үйретудің басты мақсаты – оқушыда осы тілге тән ерекше механизмдерді қалыптастырып, осы механизмдердің кез-келген уақытта жұмыс істеуге дайын болуына әсер ету. Басқа сөзбен айтқанда, мұғалімнің негізгі міндеті – грамматиканы оқушының басында қалатындай етіп ұғындыру.
Артық теорияландырудан қалай алшақтануға болады? И.А. Бим осы сұрақтарға былай жауап береді:
1) грамматиканы үйретуді өзіндік мақсат ретінде емес, сөз түрлендіру, сөзжасам, сөздердің орын тәртібін меңгерудің амал тәсілдері ретінде қарастыру;
2) активті және пассивті грамматикалық минимумды меңгерудің, сөйлеудегі маңыздылығын ескере отырып, оны іріктеу;
3) грамматикалық минимумның тұрақты да автоматтандырылған пайдалануын қамтамассыз ету.
И.Л. Бим бойынша грамматиканы үйретде келесі екі мақсатты айқындауға болады:
1) оқушыларды мазмұнына назар аудара отырып, дұрыс ауызша сөйлем құруға үйрету;
2) оқушыларды аудирование немесе оқу кезіңде грамматиканың тармақтарын ажырыта білуге үйрету.
Грамматикалық минимумды іріктеудегі қойылатын ең басты талаптар:
1) қолдану жиілігі;
2) жалпылылығы (мағынасы ұштас келетін грамматикалық құбылыстарға таралу мүмкіндігі).
Мағынасы ұштас грамматикалық құбылыстар санына қарай жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы грамматикалық ұғымға ағылшын тілінің –S көптік жалғауы, ал жеке грамматикалық ұғымға неміс тілінің gern үстеуінің шырайлары мысал бола алады.
Жұрнақтар, жалғаулар т.б. сияқты материалды формаларын, рецептивті грамматикалық дағдыларын, басқа сөзбен айтқанда грамматиканы үйретудің барлық комтоненттерін тани біліп қана шетел тілін жетік меңгеруге болады. Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру бірнеше сатылардан, кезендерден тұрады. Г.А.Рогова, Ф.М.Рабинович, Т.Е.Сахарова бойынша олар:
1) танысу;
2) жаттығу;
3) қолдану.
Осы сатылардың орын тәртібін қатан сақтау керек екенін И.Л.Бим айрықша атап көрсеткен. Әрбір грамматикалық әрекетпен танысып, оның мағынасын, формаларын және қолдануын меңгеру қажет. Бұл бірінші саты. Екінші сатыда оны практикалық қолданыста жаттықтырып, микроконтекстте пайдалана білу керек. Ең соңғы, үшінші саты екіге бөлінеді:
1) грамматикалық әрекетті репродуктивті деңгейде қолдану (ұқсастықтар (аналогия) механизмі негізінде);
2) грамматикалық әрекетті продуктивті деңгейде қолдану.
Ғалым С.Ф.Шатилова активті грамматикалық материалмен жұмыс істеудің мынандай сатыларын бөліп шығарды:
1) жаңа грамматикалық құбылысты еңгізу сатысы (презентация, семантизация);
2) тілдік жаттығу және грамматикалық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру сатысы;
3) үйретілген грамматикалық құбылыстарды сөйлеу әрекетінде пайдалану.
Жоғары айтылғандай, ғалымдардың көбі тілдің грамматикалық жағын оқытудың үш сатысын бөліп шығарады. Бұл сатылар оқушының активті грамматикалық материалмен жұмыс істеу процесін жақсартып, тілді әрі қарай оқып-үйрену үшін керекті дағдыларды қалыптастырады.
Оқушыларды қаңдай да бір грамматикалық материалмен таныстыру барысында ең алдымен оның функциясымен, сөйлемде атқаратын қызметімен таныстыру керек және оның грамматикалық формасын түсіндіру керек. Әрине әрбір мұғалім қаңдай да бір грамматикалық құбылысты түсіңдіргенде ең бастысы оның құрылысымен, мағынасымен таныстырады. Және бұл процесс оқушылардың жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай болуы керек. Мысалы, 7-8 жастағы оқушыға грамматикалық әрекеті түсіндіргенде әрине ол оны тез меңгеріп алады, бірақ бұл материалды оған 10-12 жаста берсе, ол оны әрі қарай жетілдіріп, мағынасын одан әрі тереңдетеді. Және бұл грамматикалық материалдар тек қана теория жағынан ғана емес, әртүрлі схемаларды, ойындарды қолдану арқылы едәуір жоғары мақсатына жетеді. Мысалы, неміс тіліңдегі етістіктің өткен шағын өткенде (Perfekt), оны оқушыға мына схема түрінде түсіндіруге болады:
-
Perfect=Präsens haben/ sein+Partizip
II негізгі етістік
|
Осы схемаға сай келесідей шағын микродиологты құруға болады:
Hast du gestern gearbeitet?
Ja, ich habe gestern gearbeitet.
Бірақ бірінші немесе екінші сыныптарда схема көрсету кезінде көптеген жүйелерге тірелу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |