Оқушыларға бала құқықтарын оқыту ресурсы - Бала құқықтары туралы конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
8
3-бөлім
Балалар құқығын оқытудың әдістемелік талаптары
19
4-бөлім
Бала құқықтарына оқыту барысында балалар кітаптары мен анимациялық фильмдердегі сюжеттерді және кейіпкерлерді пайдалану
23
1-қосымша
Бала құқықтары туралыконвенция (балаларға арналған нұсқасы)
31
2-қосымша
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР заңының баптары
(балаларға арналған нұсқасы)
35
3-қосымша
Бала құқықтары декларациясы (жеңілдетілген мәтін)
38
4-қосымша
Практикум
39
Әдибиеттер тізімі
41
Алғысөз Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейінгі қол қойылған алғашқы халықаралық құқықтық құжаттарының бірі бала құқықтарын мойындайтын және қорғайтын мықты заңды құрал Бала құқықтары туралы конвенция болып табылады.
Қазақстанның халықаралық бірлестіктің құқықтық субъектісі ретіндегі балалардың құқықтарын қорғауға қатысуға ұмтылысы оған тиісті міндеттемелер жүктейді. Бұл, ең алдымен, бала құықтарын қорғау жағдайлары мен тетіктерін құру, елдің заңнамалық актілеріндегі балаларға қатысты халықаралық нормаларды қолдану, Бала құқықтары туралы конвенция материалдарын міндетті білім беру мазмұнына қосу және өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтық білім алуын кеңінен ұйымдастыру.
Бала құқықтары туралы конвенция елімізде Қазақстан Республикасы Парламентімен 1994 жылдың 8 маусымында бекітілді. 2002 жылдың 8 тамызында «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл оқиғалар оқушылардың құқықтық құндылықтарын, қатынастарын және нанымдарын қалыптастыруға бағытталған оқытушы кадрларды дайындау, жаңа оқу курстары мен материалдарын әзірлеу және енгізу проблемасын көтерді.
Балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы жасалған бала құқықтарын оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалды. Бұл нұсқаулықта оқушыларды балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы бала құқықтарына оқытуды ұйымдастыру әдістемесі қарастырылған.
Оқу құралының міндеті:
оқушылардың түрлі жағдайларды талдау, елестетілетін жағдайларға қатысу және ертегі, анимациялық фильмдердің кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын бағалау барысында әлеуметтік құндылықтарын және азаматтық-құқықтық белсенділіктерін қалыптастыру;
топпен жұмыс істеу, өз пікірін білдіру, өз көзқарасы мен құқықтарын дәлелдеу, басқа адамдардың құқықтары мен бостандығын құрметтеу қабілеттерін дамыту;
балаларды құқықтық жағдайларды суреттермен көрсетуге тарту.
Бұл құрал мектеп әкімшісі, орта білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялар мен колледждердің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы; педагогикалық жоғары оқу орындарының және Мұғалімдердің біліктілігін көтеру институттарының мамандары мен әдіскерлері, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің мамандары, қоғамдық және жастар ұйымдарының жаттықтырушылары үшін пайдалы болуы мүмкін. Оқу құралының материалдарын сабаққа дайындалу және сабақ жүргізу, семинар, консультация, байқау, бала құқықтары жөнінде форумдар өткізу барысында қолдануға болады.
Оқу құралында адам құқықтары саласындағы білім беру міндеттері қарастырылады. Бала құқықтары туралы конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы оқушыларды бала құқықтарына оқыту ресурсы ретінде қаралады. Құралда бала құқықтарына оқытудың әдістемелік талаптары, бала құқықтарына оқыту барысында балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану мүмкіндігі қарастырылады.
Оқу құралының қосымшасында Бала құқықтары туралы конвенцияның, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы баптарының балаларға арналған нұсқасы, Бала құқықтары декларациясының жеңілдетілген мәтіні және бала құқықтарына оқыту барысында қолдану тиімді болуы мүмкін практикум келтірілген материал берілген.