19-бап. Зорлық-зомбылықтың барлық түрлерінен, немқұрайлы және қатыгез қараудан қорғау.
Мемлекет сені ата-анаңның немесе қамқор болу жауапкершілігін мойнына алған басқа да тұлғалар тарапынан жасалған қысым көрсетушіліктің, зорлық-зомбылықтың барлық түрінен қорғауға міндетті.
20-бап. Отбасынан айырылған балаларды қорғау.
Егерде ата-анаң және отбасың саған жеткілікті түрде қарай алмаса, онда сені дініңді, дәстүріңді және тіліңді құрметтейтін адамдар қарауы керек.
21-бап. Асырап алу.
Егер сені туған еліңде біреу асырап алса немесе шетелге алып кетсе, ол ең біріншіден сенің ең ең қажетті мүдделеріңді міндетті түрде ескеруі керек.
22-бап. Босқын балалар.
Егер сен өз отаныңда тұруға қауіпті болған соң басқа елге көшіп келсең қорғанысқа және жәрдем алуға құқығың бар. Сен осы елдің балаларымен теңдей құқықтарға ие боласың.
23-бап. Мүгедек балалар.
Ақыл-есің немесе денсаулығыңа қатысты жарымжан болсаң, қадір-қасиетің қамтамасыз
етіліп, өзіңе деген сенімділігіңді арттырып және қоғамдық өмірге белсене араласуыңа жәрдемдесетін жағдайларда толыққанды және лайықты өмір сүруге құқылысың.
24-бап. Денсаулық және денсаулық сақтау.
Сен өз денсаулығыңды сақтауға құқығың бар (мысалы, дәрі-дәрмекке, ауруханаларға және білікті медициналық қызметкерлерге қол жетімділік). Сен денің сау болу үшін ауыз суға, құнарлы тағамға, таза экологияға және аурудың алдын алуға құқылысың. Бай елдер кедей елдерге осындай стандарттарға жетуге қол ұшын берулері тиіс.
25-бап. Қамқорлыққа алу жағдайындағы кезеңдік бағалау.
Егер сен қамқорлыққа алынған болсаң және саған ата-анаң емес, жергілікті өкімет немесе мекемелер қарайтын болса, онда мемлекет тарапынан сол қамқорлықтың тұрақты тексеріліп тұруына құқылысың.
26-бап. Әлеуметтәк қамтамасыз ету.
Сен тұрып жатқан қоғамыңның сенің дамуыңа және лайықты өмір сүруіңе (мысалы, білім алу, мәдениет, тамақтану, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету) көмектесетін игіліктерін пайдалануға құқылысың. Мұқтаж отбасы балаларына арнап мемлекет қосымша қаражат беруі тиіс.
27-бап. Өмір денгейі.
Сен дене бітіміңнің, ақыл-есіңнің, рухани, имандылық және әлеуметтік дамуыңа қажетті өмір денгейіне құқылысың. Балаларына қажетті өмір жағдайын қамтамасыз ете алмаған ата-анаға мемлекет тарапынан көмек берілуі тиіс.
28-бап. Білім алу құқығы.
Сенің білім алуға құқығың бар. Мектептерде балалардың құқықтары сақталып, олардың ар-намысы кұрметтелуі тиіс. Бастапқы білім міндетті және тегін болуы керек. Бай елдер кедей елдерге осындай стандарттарға жетуге қол ұшын берулері тиіс.
29-бап. Білім алудың мақсаттары.
Білім беру мекемелері сенің жеке тұлға ретінде дамуыңа, бойыңдағы дарыныңды және ақыл-есіңді, дене бітімдік қабілеттеріңді барынша толық ашуы тиіс. Олар сені ересек өмірге дайындауы және ата-анаңды сыйлауға, өз еліңнің, басқа елдердің мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеуге үйретулері тиіс. Сенің өз құқығыңды дұрыс пайдалануды үйренуге құқың бар.
30-бап. Аз ұлттар мен жергілікті халықтың балалары.
Сен ана тіліңде сөйлеуге, туған жеріңнің салт-жораларын ұстануға және еліңде көпшілік ұстанбаса да өз дініңді дәріптеуге құқылысың.
31-бап. Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір.
Сен демалуға және ойын ойнауға, сондай-ақ мәдени және творчествалық өмірге қатысуға құқылысың.
32-бап. Балалар еңбегі.
Мемлекет сені қауіпті, зиянды және ауыр жұмыстан, сондай-ақ білім алуыңа кедергі келтіретін және басқалардың қанауына мүмкіндік беретін жұмыстан қорғауы тиіс.
33-бап. Балалар және есірткі заттарды заңсыз қолдану.
Мемлекет сені есірткі заттарды заңсыз қолданудан, сондай-ақ осындай заттарды өндіру мен сату жұмыстарына тартылудан қорғауға қажет барлық шаралар қолдануы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |