1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар. Бала - он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам.
|
2-бап. Осы заңның қолданылуы. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
|
3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi
|
4-бап. Балалардың тең құқықтылығы. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiлiне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.
|
5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу. Заңсыз әрекеттерді қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды
|
2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушiлiкке жол бермеу; дамуына және тәрбие алуына жәрдемдесу
|
7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөнiндегi өкiлеттiктерi.
|
3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
8-бап. Баланың денсаулық сақтауға құқығы. Әрбiр баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар
|
9-бап. Баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы. Әрбiр бала туған сәтiнен бастап аты, әкесiнiң аты, тегi, ұлты және азаматтығы болуына құқылы.
|
10-бап. Баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан қорғауды жүзеге асырады.
|
11-бап. Баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы. Әрбiр баланың жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге өз еркiмен қатысуға құқығы бар.
|
12-бап. Баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы. Әрбiр баланың дене бiтiмiнiң, психикасы мен жан дүниесiнiң толымды дамуы үшiн қажеттi тұрмыс деңгейi мен жағдайы болуға құқығы бар.
|
13-бап. Баланың мүлiктiк құқықтары. Әрбiр баланың өз ата-анасынан және отбасының басқа да мүшелерiнен қаражат алуға, мәмiлелер жасауға, банктерде салымы болуға құқылы.
|
14-бап. Баланың тұрғын үйге құқығы. Әрбiр баланың Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарына сәйкес тұрғын үйге құқығы бар.
|
15-бап. Баланың бiлiм алуға құқығы. Әрбiр бала бiлiм алуға және конкурстық негiзде тегiн орта кәсiби және жоғары кәсiби бiлiм алуға құқылы. Мемлекет балалардың бiлiм алу кезеңiнде әлеуметтiк қорғауды қажет ететiндерiне көмектеседі.
|
16-бап. Баланың еңбек бостандығына құқығы. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде өзіне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқығы бар.
|
17-бап. Баланың мемлекеттiк көмекке құқығы. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оның iшiнде жетiм балалар толық мемлекеттiк қамсыздандырылуда болады.
|
18-бап. Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу. Білім беру, медициналық қызмет көрсету, әлеуметтік қорғау саласында ең төменгі әлеуметтік қызмет көрсету көлемі белгіленді.
|
19-бап. Баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы. Балалардың сауықтыру, спорт, шығармашылық ұйымдар құрылды және оларға қолдау көрсетіледі.
|
20-бап. Баланың мiндеттерi. Әрбiр бала басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға мiндеттi.
|
|