Методическое руководство по обучению правам ребенка с использованием сюжетов и персонажей детских книг и анимационных фильмов



бет48/55
Дата05.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#19760
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55
4-тарау. Бала және отбасы
21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы. Бала өзiнiң ата-анасын бiлуге, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқылы.

22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары.

23-бап. Бала тәрбиелеп отырған отбасыларына мемлекеттiк қолдау

24-бап. Ата-анасының баланы тәрбиелеу, күтiп-бағу және асырау жөнiндегi мiндетi. Ата-анасы баланың жан-жақты дамуы үшiн қажеттi жағдай жасауға мiндеттi.

25-бап. Баланың ықтиярынсыз оныата-анасынан айыруға тыйым салынады. Баланың кіммен тұратыны туралы шешiмдi ерекше жағдайларда және баланы қорғау мақсатында сот қана қабылдайды. Сот баланың мүдделерi мен пiкiрiн ескередi

26-бап. Баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы. Баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар. 

5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары.
27-бап. Қорғаншылық, қамқоршылық және патронат. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғау мақсатында, он төрт жасқа толмаған балаларға қорғаншылық, он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға қамқоршылық немесе тәрбиелеушi, емдеушi мекемедегi балаға патронат белгiленедi.

28-бап. Заңнамаға сәйкес бала асырап алу.

29-бап. Баланы тәрбиелейтiн, емдейтiн және сол сияқты өзге де мекемелерде күтiп-бағу мен тәрбиелеу. Бала алмиент және жәрдемақы алуға құқылы. Баланың күтiп-бағуды пайдалануға, тәрбие, бiлiм алуға, жан-жақты дамуға, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, өз мүдделерiнiң қамтамасыз етiлуiне, ана тiлiнiң, мәдениетiнiң, ұлттық әдет-ғұрпы мен дәстүрiнiң сақталуына құқығы бар. Ата-анасынан айрылған жетiм балаларға кәмелеттік жасқа толғанша тұрғын үй берiледi.

30-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар: Балалар үйлері, интернаттық ұйымдар, отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, Жасөспiрiмдер үйлерi, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту орталықтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет