41-бап. Ең жоғарғы нормаларды қолдану.
Егер сенің еліңдегі заң осы Конвенцияның ережелері қарағанда бала құқықтарын жақсы қорғаса, осы елдің заңын қолдану қажет.
42-бап. Конвенция туралы ақпарат тарату.
Мемлекет Конвенция туралы ақпаратты ересек адамдар, мекемелер және балалар арасында таратуы тиіс.
43-54-баптар. Мемлекеттердің міндеттемелері
Осы баптар бала құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету үшін ересектердің және мемлекеттердің қалай бірге жұмыс істеуі керектігін түсіндіреді.
Ескерту: Бала құқықтары туралы Конвенцияны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1989 жылы қабылдап, ол 1990 жылы күшіне енді. Конвенцияда балалардың құқықтарын анықтайтын және осы құқықтарды мемлекеттер қалай қамтамасыз етіп, қолдауы тиіс екендігі туралы 54 бап бар. Осы Конвенция дүниежүзінің барлық елдерінде дерлік ратификацияланды, олар осы Конвенцияның барлық құқықтары мен еркіндіктерін сақтауға сөз берді. Қазақстанда Бала құқықтары туралы Конвенция 1994 жылы ратификацияланды.
2-ҚОСЫМША
Достарыңызбен бөлісу: |