Метрология, стандарттау


Сертификаттау бойынша органдар мен сынақ зертханаларын, орталықтарын аккредиттеу



бет18/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

2.3 Сертификаттау бойынша органдар мен сынақ зертханаларын, орталықтарын аккредиттеу

Сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды орындайтын органдар мен зертханаларды аккредитеу келесі мақсаттарда жүзеге асырылады: көрсетілген субъектілердің құзырлығын растау; олардың қызметіне сенімділікті қамтамасыз ету; қызмет нәтижелерін мойындау үшін жағдайлар жасау. Мемлекеттік тізілімде 2003ж. міндетті сертификаттаудың 19 жүйесі тіркелген, олардың әрқайсысына өзіндік критерилері және рәсімдері бар өз аккредиттеу жүйелері құрылған. Нәтижесінде келесі оғаш жағдай туындады: сертификаттаудың әртүрлі жүйелерінде қызмет жасайтын ұйымдар бір-бірінің қызмет нәтижелерін мойындамайды және тапсырыс берушілер әртүрлі жүйелерді ұсынатын бірнеше органдарга баруға мәжбүр. Бұл қосымша шығындарға әкеледі, яғни өнімдер бағасының өсуіне және оның бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеледі.


Дәл осы аккредиттеуден сәйкестікті растау бойынша отандық ұйымдардың қызметін мойындау басталады. Экспорттаушының бірқатар жағдайларда шет елдік стандарттар одағына СО баруы кездейсоқ емес (ал бұл қосымша қаржы және уақыт шығындары).
Қазақстанның Мемстандартымен аккредиттеу бойынша 2002 ж. шет ел жұмыс тәжірибелерінен талдау жүргізілген. Ол көптеген елдерде бірыңғай ұлтық аккредиттеу органдарының құрылу беталысын айқындайды. Заңның қолданысқа енуінен бастап, бұл қызметке деген көзқарас түбегейлі өзгереді. Заңда сертификаттау бойынша сынақ зертханалар органдарын аккредиттеуде бірыңғай ұлттық жүйенің және бірыңғай аккредиттеу ережелерін құру қарастырылған. Аккредитеуді жүргізу тәртібі ҚР Үкіметімен бекітіледі.
Аккредиттеу бойынша ұлттық орган саудалық емес автономды мәртебеге ие болуы мүмкін. Пәтуа принципіне негізделген бұл органның қызметіне Қазақстан Мемстандартынан басқа барлық мүдделі жақтар қатысады.
Бұл аумақтағы бірыңғай техникалық саясаттың жүзеге асуы Қазақстанның аккредиттеу бойынша Халықаралық (ағылшын тілінде - IAF) және басқа да ұйымдарға қосылуына өз септігін тигізеді, сонымен бірге біздің еліміздің аккредиттеу бойынша қызметі халықаралық дәрежеде мойындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет