Метрология, стандарттау


Халықаралық сертификаттау



бет20/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

2.5 Халықаралық сертификаттау

Өнеркәсібі дамыған көптеген елдер – халықаралық және аймақтық бірқатар сертификаттау жүйелерінің қатысушылары. Олар сертификаттау сынақтарын және сәйкестік сертификаттарын беруді жүзеге асыратын бүкіл әлемге танылған тіркелген сынақ зертханаларын (орталықтарын) қолдана алады. Алдымен сол елде қолданылатын (өзіндік өндірісі және импортталатын) өнімді сертификаттайды; сонымен бірге үшінші елдердің тапсырысымен сертификаттау сынақтары жүргізілуі мүмкін.


өнімдерді сертификаттаумен байланысты халықаралық ұйымдардың қызметін екі бағытқа бөлуге болады:

  1. өнімді сертификатаудағы нормативті-техникалық базаны құру;

  2. өнімді сертификаттаудағы ұйымдастыру-әдістемесін қамтамасыз ету әзірлемесі.

Алғашқы бағыт жеке алғанда Стандарттау бойынша Халықаралық ұйымның (ИСО), Халықаралық электртехникалық комиссияның (ХЭК), стандарттау бойынша сұрақтармен айналысатын өзге халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өнімдердің сертификаттау аймағындағы жұмыстарға қатысуын негіздейді. 40 жыл уақытқа созылған ИСО өз қызметінде өнімді сертификаттауда қолдануға болатын бірнеше мың халықаралық стандарттарды әзірледі.
Өнімді сертификаттау үшін қолданылатын ИСО және ХЭК стандарттарын дайындауда қажетті әдістемелік негізді 1992ж. ИСО сертификаттау бойынша Комитетімен дайындалған 7 ИСО/ХЭК Басшылығы құрайды. Бұл құжаттың мақсаты – техникалық комитеттерге олардың профильдерін есепке ала стандарттарды әзірлеу бойынша көмек көрсету.
Басшылықта сертификаттауға жарамды (техникалық комитет пікірі бойынша) стандартты қанағаттандыра алатын талаптар қалыптасқан. Мұндай талаптарға «Қолдану аймағы» бөлімінде оның жарамдылығы туралы міндетті көрсеткіші, объективті бағалауға жататын тек осындай сипаттамаларды қосу және т.б. жатады. Сертификаттау мақсаттарына жарамды халықаралық стандарттарды әзірлеуде өзге де халықаралық ұйымдар арасында ең көп сәттілікке ие болған ХЭК. Қауіпсіздікті және адам денсаулығын қорғау талаптарын регламенттейтін оның жұмысының мәнді көлемі стандарттарды дайындаумен байланысты. ХЭК стандарттарын ұлттық, аймақтық және халықаралық сертификаттау тәжірибелерінде кең қолданады.
Сертификаттауға қажет стандарттарды дайындауда көп көңілді БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы бөледі (БҰҰ ЕЭК). БҰҰ ЕЭК тізімі бойынша өнімдерді стандарттау кезінде негізгі назарды сәйкес жабдық түрлерінің қауіпсіз қолданысының нормаларын және оларды сынау әдістерін регламенттеуге бөледі; стандарттаудың бір бөлігі өнім сапасын және оны тексеру әдістерін регламенттеуге бағытталған.
Сертификаттау облысындағы қызметті сонымен қатар тарифтер мен сауда бойынша Бас келісімде регламенттейді (ТСБК).
Саудадағы (ТСБК) техникалық бөгеттер бойынша Комитет шеңберінде келісілген стандарттарды қолданумен өнімдерді жеткізу кезіндегі техникалық бөгеттерді болдырмау үшін халықаралық және ұлттық стандартарды сертификаттау жүйелерінде қолдану сұрақтары қарастырылуда.
Өнімді сертификаттауда ұйымдастыру-әдістемелікті қамтамасыз етуде аумақтағы жетекші орынға ИСО иелік етеді. Сәйкестікті бағалау бойынша ИСО Комитеті келесі қызметтерді атқарады:
- өнім және сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің нақты стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бағалау тәсілдерін зерттеу;
- өнімнің, процестердің және қызметтердің сыналуына, тексерілуіне және сертификатталуына, халықаралық басшылықтардың дайындығы, сонымен бірге сапаны қамтамасыз ету жүйелерін сертификаттау бойынша ұйымдарды тексеретін сынақ зертханаларының қолданысы және бағалануы;
- ұлттық және аймақтық сапаны қамтамасыз ету жүйелерін өзара мойындау мен қабылдауға жәрдем жасау және сынауға, тексеруге, сертификаттауға, сапаның қамтамасыз етілуіне және т.б. сәйкес халықаралық стандарттарды қолдануға көмек көрсету.
Сертификаттау бойынша бірыңғай ұйымдастыру - әдістемелік құжаттарды халықаралық ұйымдармен (оның ішінде ИСО) әзірлеу жеке елдер заңнамаларының түрлілігіне қарамастан, бұл аумақтағы өзара түсінушіліктің болуына және сертификаттау нәтижелерінің өзара мойындалуы үшін сертификаттау рәсімдерін бірыңғайлау мақсатын көздейді. Сонымен бірге сертификаттау бойынша ИСО бірыңғай ұйымдастыру - әдістемелік құжаттары ұлттық стандарттау жүйелері әзірге құрылмаған елдерге ұсыныстар береді.
Сертификаттау жүйелерінің қызмет етуінің көптеген аспектілері үшін осы қызметттің типтік мазмұнын немесе орындалу әдісін анықтайтын басшылығы немесе өзге де ұйымдастыру - әдістемелік құжаттары бар.
Өнімнің нақты түрін сертификаттау үшін әртүрлі сертификаттау жүйелері бар. Әрбір сертификаттау жүйелерінің міндеті өнімнің өзара келісілген нормативті және өзге де құжаттарда мазмұндалған талаптарға сай екендігі туралы тұтынушыға кепіл беретін критерилерді әзірлеу.
Қарастырылатын сертификаттау жүйелерін өнімнің түрлеріне, оның дайындалу технологиясына, оған қойылатын талаптар мен іс-жүзіндегі заңнамаға сәйкес әзірлейді. Халықаралық сертификаттау жүйелерінің құрамына қарай өнімнің жеке түрлері бойынша ең көбі 1982ж. бастап қызмет жасайтын және ХЭК ұйымдастырылған электронды техника бұйымдарының Халықаралық сертификаттау жүйесі (ЭТБХСЖ).
Жүйе жаппай өндіріс құраушыларына және арнайы тағайындалатын өнімдерге таралады. Жүйеге ХЭК қатысушыларының 20-дан астам елдері қосылды. ХЭК Кеңесінің тұсында қызмет жасайтын Жүйенің негізгі органдары сертификаттау бойынша Басқарушы комитет және қадағалау бойынша Үйлестіру комитеттері.
Жүйе электронды құраушылардың сапасын бағалаудағы талаптардан тұратын ХЭК стандарттарын қолдануға негізделген.
Ортақ желі (автомобильдер, автобустар, ауылшаруашылық машиналары, жол-құрылыс машиналары, мотоциклдер) жолдарына шығатын автокөлік құралдарын сертификаттау мен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы айналысады. Қазіргі уақытта ресми бекітудің бірыңғай шарттарын қабылдау туралы және жабдықтар заттары мен көлік құралдарының механикалық бөліктерін ресми бекітуді өзара мойындау туралы Келісімге ұйымға қосылған 23 ел кіреді. Жоғарыда айтылған сертификттау жүйелерімен қатар бір ғана елмен әзірленген жүйелер де бар, олардың қызметтерінің негізінде халықаралық ұйымдардың талаптары есепке алынған ұлттық стандарттар жатыр. Мысалы, тракторларды сертификаттау бойынша жұмыстарды сынақ жүргізетін ұйымның үкіметпен уәкілдендірілген стандарттау бойынша Финляндия қауымдастығы өз мойнына алды. Халықаралық жүйелерден басқа аймақтық сертификаттау жүйелері де бар. Скандинавия елдерінде осыған орай аймақтық сертификаттау жүйелері құрылған. Бұл жүйемен стандарттау бойынша Финляндия ассоцияциясы, Норвегиялық стандарттау одағы және стандарттау бойынша Шведттік комиссия басшылық етеді. Жалпы желі жолына шығатын автокөлік құралдарын (автомобильдер, автобустар, ауылшаруашылық машиналары, жол-құрылыс машиналары, мотоциклдер) сертификаттау сұрақтарымен БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы айналысады.
Қоғамдастықтың бірыңғай сертификатталған белгісінің шеңберіндегі толық бірыңғайлаудан өзге ұлттық жүйелерді өзара мойындау беталысы бар. Сонымен қатар сынақ зертханаларын аккредиттеумен өнімдерді сынауды қоса алғанда өнімді сертификаттау рәсімі бірыңғай талаптар мен критерилер бойынша орындалуы қажет. Осы тұрғыдағы Қоғамдастық қызметі үшін бірыңғай технологиялық талаптарға қол жеткізу құралы болып табылатыны Еуропалық одақ (ЕО) Кеңес Министрлерінің директиваларымен жүзеге асырылатын ұлттық талаптардың үйлесімділігі. Бұл директивалар әрбір мемлекеттегі ХС сәйкес органдарын басқа да елдердің Ортақ нарығында мойындалған сертификаттарды, маркаларды немесе сәйкестік белгілерін мойындауды міндеттейді. Осылайша осы директивалар бойынша тек ұлттық органдар ғана сертификаттарды беруді немесе олардың аумағында берілген сәйкестік белгісін қойып шығу жауапкершілігін толықтай мойнына алады. Әлемнің көптеген елдерінде ұлттық сертификаттау жүйелері енгізілген. Мұндай жүйе болып өнімдердің бірқатар түрлерін қамтитын және қауіпсіздікті, денсаулықты, қоршаған ортаны қорғау талаптарына лайықтылықты кепілдендіретін сертификаттау жүйесі де бола алады және де өнімнің жеке түрлеріне қатысты сертификаттау жүйелері де бола алуы мүмкін (мысалы, газ жабдықтары, жарылыстан қорғайтын жабдықтар, кен жабдықтары және т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет