Метрология, стандарттау



бет47/57
Дата04.04.2023
өлшемі7,48 Mb.
#173730
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
Байланысты:
Метрология, стандарттау және өзара ауыстырымдылық негіздері

7.4 Тапсырма


7.4.1ИЗВ-1 тік ұзындықты өлшегіштің құрылысымен жұмыс істеу принципімен танысу.
7.4.2 Бөлшекті n = 10 рет өлшеу.
7.4.3 Өлшеу нәтижелеріне математикалық өңдеу жүргізу.
7.4.4 Бөлшектің жарамдылығын анықтау


7.5 Есеп берудің рәсімдеуіне қойылатын талаптар
Есеп беруде:
7.5.1 Жұмыстың аталуы.
7.5.2 Жұмыстың мақсаты.
7.5.3 Метрологиялық сипаттамалар (7.5.1-кесте).
7.5.4 Өлшеу нәтижелері (7.5.2-кесте).
7.5.5 Өлшеу нәтижелерін өңдеу болу керек.

7.5.1-Кесте – Метрологиялық сипаттамалар.





Аспаптың аталуы

Түрі

Бөлік құны

Шкала бойынша көрсеткіштер диапазоны

Өлшеулер диапазоны

Ұзындықты өлшегіш

ИЗВ-1










7.5.2-Кесте – Өлшеу нәтижелері.





Өлшеулер


Өлшеу нәтижелері

Vi = Xi-X

Vi2



1













2













3













4













5













6













7













8













9













10















X орташа арифметикалық мәні:
n
Х = (Хi)/n (7.5.1)
i=1


бұл жерде Xi – өлшеулер нәтижесі
n – өлшеулер саны n = 10
 орташа квадраттық ауытқуы:


(7.5.2)


бұл жерде Vi = Xi - X
Сенімді аралық


Xmax = X + 3
Xmin= X-3
Шекті кездейсоқ қателік
Lim±3


Ең ықтимал өлшеулер қателігі R


R = ±2/3* (7.5.3)

Ең ықтимал мөлшердің шекті мәні




Q = X+R (7.5.4)


7.5.6 Бөлшектің жарамдылығы туралы қорытынды
7.5.7 Тобы, орындау күні, студенттің аты-жөні


7.6 Зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар


7.6.1 Тік ұзындықты өлшегіштің құрылысы.
7.6.2 Шиыршықты микроскоптың құрылысы.
7.6.3 Ұзындықты өлшегішті нөлге түзетудің тәсілі.
7.6.4 Математикалық өңдеудің мақсаты.
7.6.5 Ұзындық өлшегіште өлшеу тәсілі.
7.6.6 Мөлшерлердің шашырау сипаттамалары.

  1. БЕТТІҢ КЕДІР – БҰДЫРЛЫҚ ШАМАСЫН ӨЛШЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ



8.1 Жұмыстың мақсаты

Бетің кедір-бұдырлығының негізгі параметрлерімен танысу және МИС-11 микроскобының көмегімен кедір-бұдырлықтың Rz жоғарғы параметрін анықтауда дағды алу.




8.2 Өлшегіш құралдар мен құрылғылар, бөлшектер тізімі

8.2.1 Академик В.П. Линниктің МИС – 11 атты қос микроскобы .


8.2.2 Беттің кедір-бұдырлық үлгілері.
8.2.3 Беттің кедір-бұдырлығын өлшеу үлгілері.


8.3 Кедір-бұдырлық және оның параметрдері туралы негізгі түсініктер.
Жалпы мәліметтер

Өңдеуден кейін бөлшектердің беті мінсіз майда болмайды, себебі құралдардің кескіш ұнтақтары мен ажарлағыш дөңгелектердің дәндері бетте ойлы-қырлылықтар, ұсақ дөңес жерлер, шұңқырлар және түйіршіктер (8.3.1-сурет, а және б) қалдырады, бұлардың барлығын - микро ойлы-қырлылықтар деп атайды.


Кедір-бұдырлық – бұл бетте базалық l ұзындық шегінде бедер құрайтын, зерттелетін бөлшектің бетіндегі кішкентай қадамға қатысты микро ойлы-қырлылықтар жиынтығы.
Беттің кедір-бұрлылығының өзінің сипаттамалары бар: ойлы-қырлылықтардың геометриялық шамасы, беттің қапталулармен ілінісу қасиеті, шағылғыш қасиеті және т.б. Машинажасау мен аспап жасауда кедір-бұдырлықтың басты сипаттамасы оны геометриялық шамасы болып табылады.
Беттің кедір-бұдырлығы бөлшек бетінің сапасының бастапқы геометриялық көсеткіші болып келеді. Ол әсіресе түйісетін беттерге маңызды.
Беттің кедір-бұдырлығы бөлшектердің жұмысының сапалы көрсеткіштерін төмендетеді. Жылжымалы қондыруларда жоғарғы кедір-бұдырлық бетрдің алдын-ала тозуына алып келеді, себебі бөлшектердің жұмысы кезінде металл түйіршіктер өшіріліп, маймен араласады да беттердің тозу үрдісін тездетеді.
Едәуір ойлы-қырлылықтар майлы қабықшаның үздіксіздігін бұзады және түйіскен бөлшектер материалдарының құрғақ үйкелісімен беттің тозуы пайда болуы мүмкін, осыдан саңылау үлкейе береді (8.3.1, а сурет).



а) зерттелетін беттегі микро ойлы-қырлылықтардың бойлық кесілуі;




б) зерттелетін бөлшектің бойлық қимасының профилограммасы және беттің кедір-бұдырлығының негізгі параметрлері.

8.3.1 Сурет - Кедір-бұдырлықтың негізгі параметрлері.


Жылжымалы қондыруларда, бөлшектердің үйкелетін беттері майлағыш материалдың қабатымен бөлініп , түйіспеген кезде, кедір-бұдырлық қателіктері бойлық және көлденең қималардағы саңылаудың тең еместігіне алып келеді, бұл өз кезегінде майлағыш материалдың ламинарлық ағуын бұзып, температураны жоғарылатады және майлағыш қабаттың қасиетін төмендетеді. Машинаны іске қосқанда, тоқтатқанда, жылдамдығын азайтқанда, шамадан артық жүктелу кезінде майлағыш материалмен үйкелу жағдайы болмайды, өйткені майлық қабаты үйкелетін беттерді толық қамтымайды. Бұл жағдайда пішіннен, орналасудан ауытқу және кедір-бұдырлық әсерінен машина бөлшектерінің түйісетін беттерінің қосылуы осы беттердің ойлы-қарлылықтардың жоғарғы ұштары арқылы жүзеге асады.


Мұндай қосылу сипатында ойлы-қырлылықтардың ұштарындағы қысым көп жағдайда рұқсат кернеуден жоғары болып, басында ойлы-қырлылықтардың жұмсақ, кейін пластикалық деформациясына әкеліп соғады. Және де үйкелетін жұптардың қосылатын бөлек аймақтарында түзелу жүреді. Осының әсерінен жылжымалы қосылыстардың бастапқы жұмыс кезеңінде бөлшектердің қарқынды тозуы (іске кірістіру үрдісі) жүреді, бұл түйісетін беттердің арасындағы саңылауды үлкейтеді.
Қондыруда беттердің тартумен қосылуы кезінде, құрастыру алдындағы білік пен тесік диаметрлерінің өлшеу нәтижелері бойынша болжамды тартумен салыстырғанда, мәнді ойлы-қырлылықтар мыжылып, түйіскен жердегі нақты тартуды азайтады (8.3.1, б-сурет). Жылжымайтын қондырулар кезінде кедір-бұдырлық қосылу беріктігін төмендетеді, себебі жұмыс кезінде түйіршіктердің мүжілуі нәтижесінде қосылыстағы тарту азаяды.
Іске кірістіру кезінде беттің ойлы-қырлылығының мөлшері мен пішіні өзгереді, және де анықталған, ойлы-қырлылықтардың бөлшектің бағытына қарай бағытталуы пайда болады. Іске кірістіруден кейін алынатын, минималды тозуды қамтамасыз ететін және машиналарды ұзақ қолдану кезінді сақталатын кедірбұдырлықты, оңтайлы деп атайды. Оңтайлы кедір-бұдырлықтың параметрлері майлағыш материалдың сапасынан және үйкелетін бөлшектердің басқа жұмыс жағдайларынан, олардың құрылымы мен материалына тәуелді. Бастапқы және оптималды кедір-бұдырлықтардың айырмашылығы жоғары болған сайын,бөлшектердің тозуы жоғары болады, сондықтан кедір-бұдырлық параметрлерін алдын-ала білу керек және оларды механикалық өңдеу немесе бөлшектерді стендтерде іске кірістіру кезінде алу керек.
Ірулеп өңделген беттерде, әсіресе кернеудің шоғырланған жерлерінде, металлдың тот басуы тезірек пайда болып, тарайды, бұл жағдайда шаршау қарсылығы бірнеше есе төмендейді.
Беттің кедір-бұдырлығына мемлекеттік стандарт кедір-бұдырлық шамасын анықтауға бірыңғай амалын орнатады, бұған кедір-бұдырлық профилі және оның параметрлері негіз болып келеді (8.3.1, а сурет).
Беттің кедір-бұдырлығының нормылау және бағалау санының негізіне стандартпен параметрлер тізімі белгіленген, олардың есептелуі біртұтас база болып қабылданған профильдің орта сызығы m бойынша жүргізіледі (8.3.1, а , б сурет).
Профильдің орта сызығы деп, базалық ұзындық шегінде профильдің орташа квадраттық ауытқуы бұл сызыққа дейін минималды болатындай етіліп жүргізілген, номиналды профильдің пішіні бар, базалық сызық.
Кедір-бұдырлық параметрлерін анықтауға профильде бастапқылар деп, аймақтың базалық ұзындығы l болып келеді, ол бойынша берілген беттің кедір-бұдырлығы және профильдің орта сызыға қаралады.
Профильдің нүктелерінен орта сызықтарға m дейінгі арақашықтық шамасы Y бойынша кедір-бұдырлық параметрлерінің шамалары анықталады. Параметрлерді есептеу үшін, орта сызықтың орнына m сызығына параллель болып келетін, көмекші сызықты қолдануға рұқсат етіледі (8.3.2 сурет).

а) б)
8.3.2 Сурет – Саңылаумен (а) және керкерліспен (б) қондыруға арналған беттер.

Базалық ұзындық l – бұл беттің толқындылығы мен кедір-бұдырлығын сипаттайтын ойлы-қырлылықтарды белгілеу үшін және олардың параметрлерін санап анықтау үшін қолданылатын, базалық сызық ұзындығы. Базалық ұзындықтың сандық мәндері 0,01; 0,03; 0,08; 0,25; 0,80; 2,5; 8 және 25 мм қатарынан алынады.


Базалық сызық деп кедір-бұдырлықты өлшеу үшін таңдалатын бет аумағының ұзындығы, немесе берілген геометриялық пішіндегі, анықталған жолымен профильге қатысты жүргізілген және беттің геометриялық параметрлерін бағалау үшін қызмет ететін сызық. l шамасы беттің болжамдық кедір-бұдырлығына байланысты таңдалады.
Беттің толқындылығының және кедір-бұдырлығының сандық мәнін бір база бойынша анықтайды, оған профильдің орта сызығы (m) қабылданады, яғни базалық ұзындық шегінде профильдің орташа квадраттық ауытқуы бұл сызыққа дейін минималды болатындай етіліп жүргізілген, номиналды профильдің пішіні бар, базалық сызық. Беттің кедір-бұдырлығының нормылау және сандық бағалау Ra, Rz, Rmax жоғарғы параметрлердің; Sm және S қадамдық параметрлер және профильдің тірегіш ұзындығына қатысты tp пішін параметрлерінің көмегімен жүргізіледі (8.3.1-сурет).
Ra –профиль нүктелерінің m сызығынан орташа арифметикалық ауытқуы.


(8.3.1)

бұл жерде Y – профильдің кез-келген нүктесімен орта сызықтың арасындағы қашықтық;


n – базалық ұзындықта таңдалған профиль нүктелерінің саны.
Rz – базалық ұзындық l шегіндегі профиль бес ең жоғарғы шығуларының биіктіктерінің және профльдің бес ең жоғарғы шұңқыр тереңдіктерінің орташа абсолютті мәндерінің жиыны.
Rа параметрі Rz және Rmax –ге қарағанда таңдаулы болып табылады, себебі профильдің барлық ойлы-қырлылықтарының орташа биіктігін сипаттайды,ал Rz – ең үлкен ойлы-қырлылықтардың орташа биіктігін, Rmax – профильдің ойлы-қырлылықтарының ең жоғарғы биіктігі. Rmax – Rmax=Rv+Rp базалық ұзындық шегінде, профильдің шұңқырлар сызығымен профильдің шығу сызығының арасындағы арақашықтық (8.3.1, б-сурет). Sm, S және tp қадамдық параметрлер әртүрлі пішінді және ойлы-қылылықтардың сипатты нүктелерінің өзара орналасуын есепке алу үшін енгізілген. Және де бұл параметрлер профильдің спектрлі сипаттамаларын нормылауға мүмкіндік береді.
Кедір-бұдырлықтың параметрлерін және олардың сандық мәндерін таңдау бұйымның берілген сапасын қамтамасыз ету үшін беттің функционалды тағайындалуынан шығып, бөлшек бетінің кедір-бұдырығына қатысты талаптарға байланысты жасалынады. Егер бұл қажет болмаса, беттің кедір-бұдырлығына талаптар орнатылмайды және беттің кедір-бұдырлығы бақыланбайды.
Кедір-бұдырық параметрлерінің Ra, Rz, Rmax, Sm және S сандық мәндері МЕМСТ 2789 – 73* Беттің кедір-бұдырлығы. Параметрлері мен сипаттамалары. келтірілген.
Беттердің кедір-бұдырлықтарын келтірілген параметрлердің, өзгеру диапазоны есептелініп, біреуі немесе бірнешеуімен бағаланады(Ra 100-ден 0,008 мкм-ге дейін өзгереді, Rz мен Rmax –1600-ден 0,025 мкм-ге дейін, Sm пен S – 12,5-ден 0,002 мм-ге дейін).
Кедір-бұдырлықтың параметрін бөлшектің жұмыс істеу жағдайларын ескеріп таңдайды. Бұйымдарды қолдану тәжірбесінің көрсетуінше, кедір-бұдырлықтар параметрлерінің келесідей кешендерін қолдану ұсынылады: тозған, тербеліс пен сырғанау үйкелісі жағдайында жұмыс істейтін беттерге, - Ra немесе Rz, tp және ойлы-қырлылықтарды бағыттау; түйісетін кернеулері болатын беттерге, Ra немесе Rz және tp; қажетті жағдайда қосылған бөлшектерге қатысты жылжытпаушылық қамтамасыз ету(пресстік қосылыстар) ) – Rа или Rz; айнымалы жүктемелер түскен бөлшек беттеріне – Rmax, Sm немесе S және ойлы-қырлылықтарды бағыттау; саңылаусыз қосылысты беттерге - Ra немесе Rz және tp.
Пішіннің шақтама өрісі – ішінде нормалау аймағында нақты қаралып отырған элементтің барлық нүктелері болуға тиіс кеңістік. Ra параметрімен бөлшектің сапасының қолданулық көрсеткіштеріне ойлы-қырлылықтар пішінінің әсер етуін бағалауға болмайды, себебі ойлы-қырлылықтардың әртүрлі пішіндерінде Ra мәні бірдей болуы мүмкін. Кедір-бұдырлықтың қасиеттерін жақсы бағалау үшін оның биіктік, қадамдық параметрлерін және пішіннің tp параметрін білу керек. Тозуға тұрақтылық, түйіспелі қаттылық, тартылған қондырулардың беріктігі және басқа бөлшектердің түйісетін беттерінің қолданулық қасиеттері олардың қосылуының іс жүзіндегі ауданымен байланысқан. Жұмысшы жүктемеден пайда болатын тіреуіш ауданды анықтау үшін, tp профильдің тіреу ұзындығына қатысты қисықтар тұрғызады. Ол үшін шығулар мен шұңқырлар сызықтары арасындағы қашықтықты, профиль қималарының деңгейінің мәніне сәйкес келетін профильдің қималарының бірнеше деңгейіне бөледі. Әрбір қимаға tp мәнін анықтайды және профильдің тіреу ұзындығының өзгеруіне қисық тұрғызады. tp мәнін таңдау кезінде, ол ұлғайған сайын өңдеудің қиынырақ еңбекті көп қажет ететін үрдіс керектігін ескеру керек; мысалы, профильдің орта сызығы бойынша анықталған, tp=25% мәні кезінде, таза жонуды қолдануға болады, ал tp=40% кезінде жануыштау керек. Профильдің қатысты тіреу ұзындығы tp бөлшектер беттерінің қосылған кездегі пластикалық деформациялардың мәнін анықтайды.
Кейбір жағдайларда егер ойлы-қырлылықтардың бағыты (8.3.1-кесте) мен өңдеу түрі, беттің сапасын жалғыз қамтамасыз ететін болса, оған талаптар қойылады.

8.3.1-Кесте – Беттің ойлы-қырлылықтары бағыттарының шартты белгіленулері.



Ойлы-қырлылықтардың бағыты

Сұлбалық суреттері

Шартты белгіленуі

Нобайы

Сызықтардың бағыты

Паралельді






Сызуда бетті белгілейтін сызыққа параллель




Перпен-дикулярлы






Сызуда бетті белгілейтін сызыққа перпендикулярлы






Айқастырыл-ған






Сызуда бетті белгілейтін сызыққа еңкейтіліп, екі жақ бағытта айқасуы


Кез-келген






Сызуда бетті белгілейтін сызыққа қатысты әртүрлі бағыттар


Дөңгелек тәрізді




Беттің центріне қатысты жуықтап дөңгелек тәрізді




Радиалды





Беттің центріне қатысты жуықтап радиалды


Үйкелетін беттердің сырғанау үйкелісін және тозуын азайту үшін, ойлы-қырлылықтардың кез-келген бағытын таңдаған жөн (8.3.1-кесте). Шаршаған бүлінуге ұшыраған бөлшектерге, ойлы-қырлылықтардың иілу немесе айналу осіне перпендикулярлы орналасуы қолайлы болады. Үйкелетін беттердің үйкеліс және тозу коэффициенттерінің ең аз мәні, қозғалыс бағыты ойлы-қырлылықтың бағытымен сәйкес келмеген жағдайда болады, мысалы, аса ажарлу мен жануыштау кезіндегі пайда болатын ойлы-қырлылықтардың кез-келген бағытында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет