Мәзірмен жұмыс ms excel



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата31.01.2023
өлшемі423,62 Kb.
#166917
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
4795164226810 Зерт 3

Дөңгелек диаграмма
бірнеше шамаларды салыстыру үшін қолданылады. Егер 
бірнеше шаманың қосындысы 100 % -ды берсе, онда бұл диаграмма өте көрнекі шығады. 
Дөңгелек диаграмма барлық жағдайда ақпараттың нақтылығын көрсете алмайды. 
Мысалы, дөңгелек бірнеше бөлімге бөлініп, олардың өлшемдері бірдей болуы мүмкін. 
Гистограмма 
бірнеше шаманы бірнеше нүктеде салыстыру үшін қолайлы. 
Берілген диаграмма бағандардан тұрады. Сондықтан оны кейде бағанды диаграмма деп 
атайды. Бағандардың биіктігі салыстырылатын шамалардың мазмұнымен анықталады. Біз 
қарастырған мысалда бағанның биіктігі отбасының бір аптадағы азық-түлік және өндіріс 
тауарлары шығындарының ақшалай мөлшерімен анықталады. Әрбір қатар тірек 
нүктесімен байланысқан. Біздің жағдайда тірек нүктесі аптаның бір күніне 
сәйкестендірілген. 
График (түзу диаграмма) бірнеше шамалардың бір нүктеден екіншісіне 
ауысқандағы өзгерістерін бақылап мотыруға ыңғайлы. Гистограммадан айырмашылығы
баған орнына олардың биіктігі (квадратпен, ромбымен) белгіленіп көрсетіледі және 
алынған белгілер түзу сызықпен қосылады. 
Диаграмманы құру үшін: 

диаграмма құратын мәліметтерді енгізу; 

диаграмма құруға қажет мәліметтерді жұмыс парағында белгілеу; 

Қою менюіндегі Диаграмма командасын таңдау немесе стандарт аспаптар 
тақтасындағы батырмасын шерту. 
Берілгендерді сорттау
Баған берілгендерін өспелі не кемімелі түрде реттеп кестені қайта жазып шығу 
үшін сортталатын бағанның бірінші ұяшығын белгілеп
Берілгендер – Сорттау
командасын беру керек. 
Диапозонды сорттау
сұхбаттық терезесі көрінеді. Терезеде 
«Өспелі түрде» ауыстырып қосқышы автоматты түрде белсендіріліп қойылған. Онымен 
келіскен жағдайда ОК түймесінің шертілуі жеткілікті.(Әйтпесе, 
«Кемімелі
түрде
» 
ауыстырып қосқышын орнату керек). 
Осы тәсіл бойынша сорттауды келесі баған бойынша орындауда қиын емес. 
(«..Бойынша сорттау» тізімін ашып, қажетті баған атауын таңдап алса болғаны). 
Берілгендерді фильтрлеу 
Кестенің белгілі шартты (шарттарды) қанағаттандыратын жазуларын іздеп, оларды 
экранға шығару әдісі 
мәліметтерді фильтрлеу
(електен өткізу,сүзгілеу) делінеді. 
Берілгендерді филтрлеудің екі түрі бар: 
1.
Автофильтр;
2.
Кеңейтілген фильтр

Автофильтр.
Автофильтрлеу үшін кестені экранға шығарып, 
Берілген-Фильтр-
Автофильтр
командасын беру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет