Мұғалім: Балтабаева Д. А. Пәні: дүниетану Тақырыбы: Темір. Түсті металдар. «Пайдалы қазбалар» тарауы бойынша



бет4/7
Дата24.05.2017
өлшемі1,39 Mb.
#16964
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

7

Мәтінмен

жұмыс.

Жаңа тақырыппен таныстыру.

І-топ.

Темір – жердегі ең көп таралған металл. Осы металдың арқасында біз тіршілікке қажетті көптеген заттарды иеленеміз. Адамның, жануарлардың және көптеген өсімдік организмінде темір бар. Егер ол аз болса, организм ауруға шалдығады. Егер адам организімде темір жетіспейтін болса, дәрігер құрамында темір бар дәрі жазып береді. Сол сияқты құрамында темір бар жеміс-жидек – алма,алмұрт, шабдалы,қараөрік, таңқурай, жүзім жеуді ұсынады.

Темір – темір кенінен алынады. Темір кені тастай қатты, қоңыр қызыл түсті келеді. Ол әртүрлі тереңдікте жатады.

Егер темір кені өте тереңде жатса, ашық әдіспен карьерден өндіреді. Кенді жарылыс арқылы жеке кесектерге бәлшектейді. Одан кейін экскаватор арқылы өзі аударғыш машинаға немесе вагонга тиеп, зауытқа алып барады. Зауытта кенді орасан зор пеште қорытып, шойын, ал шойыннан болат алады.

Шойын мен болаттан тұрмыстық бұйымдар, станок, көлік жасалады. Сен күн сайын үйіңде болаттан жасалған қасық, шаныщқы, пышақты пайдаланасың. Көшеде автобус, трамвай, жеңіл және жүк машиналары, егістікте трактор, комбайн, аспснда ұшақ, тікұшақ, теңізде қайық пен кеме көзіңе түседі. Осылардың бәрін жасауға шойын мен болат қажет.

Табиғатта темір, шойын мен болаттан басқа да металдар бар. Сен алюминийден, мыстын, күміс пен алтыннан жасалған заттарды жиі кездестіресің. Темір кенін өндіретін карьер.

Эксперт парақтардағы сұрақтарға жауаптарын береді.

І-топ. Эксперт парағы.
1. Темір қандай метал?

2. Егер организмде темір аз болса қандай жағдай туады?

3. Организмде темір аз болса, оны көтеру үшін нелерді жеу керек?

4. Темірді қайда өндіреді?

Жеке,

жұппен, топпен жұмыс жасау



8 минут

Мәтінді төрт топқа бөлу, өздері мазмұнын оқиды


өз

беттерімен мәтін мазмұнын түсінеді,

бірлесе

жұмыс жасайды,

ойын ашық айтады

ІІ-топ.

Алюминий – бойында алюминий бар кеннен алынады. Ол кеннің сыртқы түрі сазға ұқсайды. Бірақ ол суға жібімейді. Алюминий – күмістей жарқыраған жеңіл металл.

Ол болат пен мыстан бірнеше есе жеңіл. Оның бұл қасиетін тексеру оңай. Бір қолына болат қасық, екінші қолына алюминий қасық ал. Салмақтарындағы айырманы бірден сезесің. Осы қасиетіне байланысты алюминий ұшақ пен ғарыш кемелерін жасауға пайдаланылады. Алюминийден қасық, шанышқы, қәстрөл, шоколадты, шайды, балқытылған ірімшікті және басқа тағамдарды орайтын жылтыр қағаз- фольга жасалады. Алюминийден электр сымын жасайды.

Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты боксит. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік шығысында Ақмола және Торғай ойысында (Амангелді торабы). Бүлардағы боксит қоры онша коп емес. Сондықтан құрамында глиноземы бар басқа шикізат коздерін (нефелин рудасы, Екібастұз көмірінің қалдығы) пайдалану жолдары іздестірілуде. Қазақстан алюминий ондіру жөнінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы (ТМД) елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.

ІІ-топ. Эксперт парағы.
1. Алюминий қандай металл?

2. Алюминий болат пен мысқа қарағанда қандай металл

3. Алюминий болаттан ауыр ма, әлде жеңіл ма?

4.Қасиетін еске ала отырып, алюминийден не жасайды деп ойлайсың?



ІІІ-топ.

Мыс кенінің түсі қызғылт болады. Мыс электр тогын жақсы өткізеді. Сондықтан оны теледидар, радиоқабылдағыш, телефон, магнитофон, компьютер және басқа техника түрлерін жасағанда қолданады.

Қазақстанда мыс рудасының аса бай қорлары бар. Мысты құмтастардың ең ірі кен орны Жезқазган. Жезқазған кен орны Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы бойынша бірінші, дүние жүзінде екінші орында. Қазақстан мыс өндіру жағынан дүние жүзінде жетінші орын алады. Өнімнің 92%-ы шет елге шығарылады.

Мысты кен орындарының ірілері Қоңырат, Бозшакөл. Бұлардағы мыс ашық әдіспен қазылып алынады, бірақ рудада металл мөлшері аз.



Полиметалл кеніне қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс, тағы басқа металдар жатады. Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары Кенді Алтайдағы Риддер, Зырян, т.б. жерлер. Мұндағы кендерде металл көп. Полиметалл кен орындары Жоңғар Алатауындағы Текелі жәнө Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалымсайда бар. Соңғы жылдарда қорғасынның бай кен орындары Орталық Қазақстанда (Қызылеспе, Қаскаайғыр т. б.) барланды.

ІІІ-топ. Эксперт парағы.

1. Мыс нені жақсы жүргізеді?

2. Мыс пен алтын қандай металл?

3. Мысты неге теледидар, радиоқабылдағыш, телефон, магнитофон, компьютер және басқа техника түрлерін жасағанда қолданады?

4. Қазақстан мыс өндіру жағынан дүние жүзінде нешінші орын алады?


IV-топ.

Күміс пен алтын – бағалы металдар. Олардан зергерлік бұйымдар жасайды. Олар табиғатта қоспасыз таза күйінде кездеседі.

Қазақстанда 190 алтын кен орны бар. Алтын республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде, солтүстік-батысындағы Жітіқара өңірінде өндіріледі. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, кайталама кварцит пен шашыранды алтын (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі. Қалба жотасында да кварцты желі және шашыранды алтын кен орындары шоғырланған. Шағын кварцты-желілі кен орындары Жоңғар және Іле Алатауларында да бар.

Сирек кездесетін металдар. Бүл топқа вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сүрме т. б. жатады. Аталмыш кен орындары бойынша Орталық Қазақстан алдыңғы орында. Кейбір сирек кездесетін металдар (кадмий, индий, висмут, селен, сынап т.б.), сондай-ақ полиметалл кен орындары Жоңғар Алатауы мен Алтайда шоғырланған.


ІV-топ. Эксперт парағы.

  1. Күміс пен алтын табиғатта қандай

күйінде кездеседі?

2. Қазақстанда қанша алтын кен орны бар?

3. Сирек кездесетін металдар бойыншақай облыс алдыңғы орында?

4. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындарын ата.


8

Сергіту сәті

  • Көздерімізді демалтып алайық.

  1. Шыққан бейнелер бойынша көздерін ғана қимылдатады.

сыныппен

1 минут


Көз-дерін демалтып алады

9
Жұмыс топтарына кету.

  • Қазір топтың спикері басқа топтың балаларына өз топпен жасаған жұмыс түрлерімен таныстырады.

  1. Балалар үзіндіні оқиды.

  1. Сұрақтармен танысады.

  2. Сұрақтарға жауап беріп көреді.

  3. Жұппен бөліседі.

  4. Топтың ішіне салады.

  5. Спикер жауаптарын қабылдайды.

  6. 3 минуттан әр топта жұмыс істеп, өз табына қайтып оралады.

Жеке,


жұппен,

топпен жұмыс

18 минут
жаңа ұғымға қызығушылығы артады

10
Пайдалы қазбалар туралы бейнефильмдер

4 минут
жаңа ұғымға қызығушылығы артады



11


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет