МұҒалім: Мейрхан Алмагул сынып: 3 «А» сағат саны: 17 ОҚулықтар: Қ 136 с Қазақ тілі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



бет8/33
Дата31.08.2022
өлшемі380,66 Kb.
#148502
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Байланысты:
КТЖ 3-сынып 2021-2022ж

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 20317 болып тіркелді
Бұйрығына 6-қосымша
Түсіндірме жазба.
«Қазақ тіл» пәні бастауыш мектепте гуманитарлық білім берудің бастапқы өзегі болып табылады. Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – сөйлеу әрекетінің түрлерін: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды дамыту арқылы тіл туралы бастапқы білімді меңгерту және оны тілдік нормаларды сақтай отырып, оқу әрекеті мен күнделікті өмірде қолдану.
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі білім алушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру болып табылады.
Оқу жүктемесінің көлемі:
1) 3-сыныпта – аптасына 4 сағаттан, оқу жылында – 136 сағатты құрайды.
Пәннің мазмұны мәтін түрлері, көркем шығармалар мен аутентті материалдар арқылы білім алушылардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыруды, оқығаны бойынша пікір білдіруді және оны дәлелдеуді, белгілі бір тақырыпқа байланысты өз ойын толық, жүйелі, түсінікті етіп ауызша және жазбаша жеткізе білуге дағдыландыруды, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, мүмкін болатын жауаптарды болжап, өзін-өзі бағалауды, мәтін бөлімдері арасында мағыналық байланыс орнатуды, жоспар құруды, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруды қамтиды.
53-кесте – Жазба жұмыстарының көлемі



Жазба
жұмыстарының түрлері

2-сынып

3-сынып

Сөздік диктант

5-7 сөз

9-12 сөз

Диктант

25-30 сөз

35-50 сөз

Мазмұндама

40-60 сөз

60-80 сөз

Шығарма

25-35 сөз

35-55 сөз

Мұғалімі қажеттілігіне қарай қосымша жазба жұмыстарының түрлерін өткізе алады, сынып журналына олардың нәтижелері қойылмайды, ал аралық мониторинг түрі бойынша білім алушылардың жетістіктерін және жүргізілген жұмыстардың нәтижесі кері байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыстардың түрлерін және оның кезеңдерін мұғалім қалауы бойынша жүргізеді.


Мұғалім жазбаша жұмыстарды өткізуде дескрипторлары бар критерийлер құрастырады. Жазбаша жұмыстардың дескрипторлары анық және нақты болуы тиіс. Олар тапсырманы орындаудың қай кезеңінде білім алушы қиындыққа және оларды түзетуге тап болды дегенді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл білім алушылар мен ата-аналарға конструктивті кері байланыс беруге мүмкіндік береді.Төменде ұсыным сипатында критерийлермен жұмыс жасаудың шамамен түрлері берілген (53-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет