Әр сабақта технология пәнінде қолданатын құралдармен жұмыс істеуде ұстанатын қауіпсіздік ережелерін оқушыларға әр сабақта қайталатып отырады.

Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушы жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріліп отырады. Оқушылдар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес .Мұғалім жергілікті және жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларын таңдап алған.
Ұсыныстар:
Ұсыныстар:
Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері. Сол себепті оқушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет.
Оқушыларды еңбекке баулудың жолы сан алуан. Соның бірі – оқушыларға экономикалық тұрғыдан білім беру. Экономикалық білім берудің бастауы – үнем мен ұқыптылық. Мектеппен қоса отбасында да экономикалық білім беру баланы еңбекке саналы түрде қарауға, еңбекті тиімді түрде ұйымдастыра білуге, табыс пен пайданы анықтай алуға үйретеді. Оқушыларға тапқан табысты кәдеге жаратуды, қоғамдық тұтыну қорларын пайдалануды үйрету керек. Сондай –ақ оқушыларға өмір сүру үшін табыстың қайдан келетінін түсіндіріп, сабақ барысына кірістіру керек.