Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Мұғалімдер күніне арналған «Дублер күні» мектепте білім алушылардың өзін-өзі басқару күнін (бұдан әрі – Дублер күні) өткізу ережесі оның мақсатын, міндеттерін, өткізу форматы мен тәртібін айқындайды.
2. Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
3. Дублер күнінің міндеттері:
1) білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту;
2) білім алушылардың қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру;
3) барлық параллельдердің білім алушылары арасындағы достастықты нығайту;
4) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
5) білім алушыларда жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым-қатынасты, өзара қарым-қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу;
6) білім алушылардың көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін дамыту;
7) білім беру процесіндегі кері байланыстың жаңа нысандарын ұйымдастыру, білім алушылар мен педагогтердің мектептегі білім беру процесінің жай-күйін кешенді бағалауы.
4. Дублер күні жылына кемінде бір рет өткізіледі. Дублер күнін өткізу күні – Мұғалімдер күні қарсаңында.
5. Дублер күнінің ұйымдастырушылары – білім беру ұйымының мектеп парламенті және педагогикалық ұжымы.
6. Дублер күніне қатысушылар: 5-11 сынып оқушылары. Мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің рөлінде – жоғары сынып оқушылары.
2. Дублер күнін дайындау және өткізу тәртібі
7. Дублер күніне дейін кемінде үш апта бұрын мектеп директоры Дублер күнін өткізу туралы, сондай-ақ педагогтер, Қамқоршылық кеңес және мектеп парламентінің мүшелері қатарынан бастамашыл топ құру туралы бұйрық шығарады.
8. Мектеп директорының дублері лауазымына кандидатураны бастамашыл топ ұсынады.
9. Бастамашыл топ мектеп қызметкерлерінің дублерлеріне үміткерлерді іріктейді және бекіту үшін олардың тізімін Дублер күніне дейін 2 аптадан кешіктірмей мектеп директорына ұсынады.
10. Дублер күнінің штаттық кестесі оны өткізуден кемінде үш күн бұрын жарияланады.
11. Бастамашыл топ және мектеп директорының дублері Дублер күніне дейін міндеттерді нақтылау үшін дублер-білім алушылардың жиналысын ұйымдастырады және өткізеді.
12. Дублер күні кезінде лауазымы мектеп оқушысы ауыстырылатын тұлғалар оларды ауыстыратын мектеп оқушысымен егжей-тегжейлі нұсқаулық өткізеді. Нұсқаулық кезінде:
өз міндеттерінің шеңберін қысқаша баяндау;
ауыстырылатын лауазымды атқара отырып, дублер өткізуді жоспарлап отырған негізгі іс-шаралар тізбесін талқылау;
сабақтың немесе іс-шараның жоспар-конспектісін құрастыруға көмек көрсету;
Дублер күніне дейін бір тәуліктен кем емес уақытта әдістемелік әзірлемелердің бар-жоғын тексеру қажет.
13. Дублер күні өткізілетін сабақтардың, сынып сағаттарының және басқа да іс-шаралардың санын білім беру ұйымы дербес тұрғыда айқындайды.
14. Мектеп қызметкерлері ішкі тәртіп ережелерін сақтай отырып, өз жұмыс орындарына бақылаушы ретінде қатысады. Әкімшілік-педагогикалық құрам қажет болған жағдайда өзінің дублерлеріне кеңес бере алады. Олардың қызметіне ерекше қажеттіліксіз араласуға жол берілмейді. Дублерлер лауазымдық нұсқаулықтарды өрескел бұзған жағдайда, мектеп қызметкерлері оларды жұмыстан шеттетуге құқылы.
15. Білім беру ұйымы қалыпты режимде жұмыс істейді. Мектеп оқушылары кесте бойынша білім алушылар үшін тәртіп ережелерін сақтай отырып айналысады. Білім алушылар мінез-құлық қағидаларын бұзған жағдайда, дублер-педагогтер тәрбиелік әңгіме жүргізу үшін тәртіп бұзушыларды әкімші-дублердің қарамағына беруге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |