104.«Қорап» жаттығуы
Өз тілектері бойынша 3 қатысушы ортаға шақырылады. 1 қатысушы аяғын 2 аяқ киім қорабына салады, ал, 2 қатысушы екі жағынан аяқтарын салып, бөлмеде жүрулері керек.
1-тапсырма, екі жағындағылар бір-бірімен ақылдаспай бөлмеде жүреді;
2-тапсырма, екі жағындағылар ақылдасып жүреді. Соңынан талқылауға сұрақтар қойылады:
-Қозғалуға ыңғайлы болды ма?
-Қай қатысушыға жылжу қиынырақ болды?
-Ортадағы ойыншы қай кезде жеңіл, сенімдірек жылжиды? Екі жағындағы қатысушылар қозғалуға көмектесе отырып бір бағытта жүргенде ме, әлде, әр қатысушы өз бағыты бойынша қозғалғанда ма?
Тренер: Ортадағы адамның жағдайында бала тұрады. Бір жағында -мектеп өз тәрбиедегі істерімен, талаптарымен, міндеттерімен, күтілетін нәтижесімен, ал екінші жағында- отбасы, тәрбиедегі өз тәсілдерімен, көзқарасымен, күтетін нәтижесімен тұрады. Бала мектеп пен ата-ананың күтетін нәтижесіне сәйкес келіп, ата-ана мен мектептің талаптарын орындауы қажет. Баланы тәрбиелеу мен оқытудың нәтижелілігі, педагогтар мен ата-ананың ынтымақтастығы мен түсіністігіне байланысты. Біз 2 топқа бөліндік, әрбір топ жеке патшалық болып есептеледі.
1. Ата-аналар патшалығы;
2. Педагогтар патшалығы.
Достарыңызбен бөлісу: |