Мұғалім:Жарайды, келесі пікірді тыңдайық
2-оқушы: Ал, мен әнші болуды армандаймын. Егер болашақта «жұлдыз» болсам, есімім халық аузында болады. Жүрген жерімде құрмет, қошемет! Атақ-даңқың жер жаһанға тараса, меніңше өмірдің мәні де осында. Мұғалім: Түсінікті... 3-оқушы ( қолын көтеріп) Ал, меніңше өмірдің мәні-билікте. Қолында билігі бар адамның сөзі де өтімді, ісі де өнімді. Билік-сиқырлы таяқша сияқты, сілтеп қалсаң, айтқаның орындалады. Мұғалім: Жания! Сен үндемей отырсың ғой. Сені де тыңдайық. Жания : Өмірдің мәні-жақсылық істеуде деп ойлаймын. Тек жақсылық қана адамға әрқашан қуаныш әкеледі. Бар ғұмырын тек жақсылық істеумен өткізгендер ғана, рақат өмір сүретін сияқты. Тек жақсылық істейтіндердің ғана әрқашанда жүздері жарқын, көңілдері шат болмақ. Біз барлығымыз бір-бірімізге махаббат, жылы сезім сыйлауымыз керек. (Барлығы күледі)Жания: Мұғалім, кешіріңіз, мені мына сыныпта ешкім түсінбейді,-деп шығып кетеді. Мұғалім: Балалар! Жанияны бекер, босқа ренжіттіңдер ғой. Бұларың не? Ал, шынына келсек, Жанияның сөзі нағыз ақыл болды, сендер құлақ салмадыңдар. Ақыл адамға мәнді өмір сүру үшін берілген, балалар. Ойланыңдар! (Мұғалім шығып кетеді. Қоңырау, оқушылар сахнадан кетеді.) Сахнаға Жанияның әкесі және анасы шығады. Соңдарынан Жания келеді.Әкесі: (газет оқып отыр) Жания балам, бүгін ерте келдің ғой? Не болып қалды? Жания : Әке! Мен жаңа мектепке барғым келмейді. Дискуссия жүріп жатқанда, мен өз пікірімді айтқанда, барлығы күлді. Сыныптастарым мені түсінбейді.