45.Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.
46.Мен саған сенемін
Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір- бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін …» өйткені сен жақсы адамсың.
47.«Сиқырлы сөздер» ойыны
Мұғалім кез-келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші » Ізеттілік туралы ертегі тыңдау №302007 МП
48.«Жағдайлы волейбол» ойыны
Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады, сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады, бұрыс жауапқа қағып алмайды.
49.«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.
50. «Есімдер» жатығуы
Мақсаты: тренинг қатысушыларды бір-бірімен таныстыру, жағымды қарым-қатынастықты туғызу.
Уақыты: 5 мин
Нұсқау: Қатысушылар өз есімдерін айтады және өзін бейнелейтін 3 сын есім айтады.
Талдау: Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер?
Психологиялық тренингтер
51.«Шеңбер бойынша сөз тізбегі» ойыны тренингке қатысушылардың сөздік мағыналы ойлауын, топтық қатынасын, сөйлеу мәнерін дамытуға ықпал етеді.
Ойынның ережесі: Қандай да бір қарапайым сөйлем таңдап, қатысушылар сол сөйлемді түрлі дауыс ырғағымен жалғастырулары қажет. Мысалы “Біз - құзыретті, кәсіби білімді маманбыз”. Енді оң жақтағы ойыншыдан бастап осы сөйлемді кезекпен айтамыз. Ойынның әр қатысушысы сөйлемді жаңа интонациямен айтуы тиіс (сұраулы, қуанышты, таңқалушы, немқұрайлы және т.б). Егер қатысушы жаңа дауысқа сала алмай айтылғанда қайталаса, ойынан шығарылады. Осылайша, ойын бірнеше рет ойналады. Басқа адамның интоннациясын қайталауға болмайды.
52.«Комплимент» жаттығуы
Жаттығудың тапсырмасы – қатысушылардың бірін-бірі түсінісуі арқылы эмпатия деңгейін көтеру, тіл табыса алу қасиетін, бірі-бірін толық тануын дамыту. Тренингке қатысушылар шеңбер бойымен орналасады. Кез - келген қатысушы жағымды комплимент айтады. Ал қалғандары ол кімге арналғанын табады. Комплимент алған қатысушы ойынды әрі қарай жалғастырады. Барлығы түгелдей жағымды эмоция алмайынша ойын аяқталмайды.
Осы жаттығу тренингке қатысушылардың қаншалықты қызығушылықпен тапсырмаларды орындағандарын дәлелдеді.
Тренинг аяқталғаннан кейін қортынды ширингте «Тренинг саған не берді?» деген сұраққа қатысушылар өздерінің ойларын ортаға салды.
Осыдан тренинг нәтижесінде бірлескен іс-әрекет қарым-қатынас қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен қатар тұлғаның дамуы мен өзгеруіне тікелей ықпал етеді.
53.«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» жаттығуы
Ойын ережесі: Шеңберде қатысушылар өздеріне жағымсыз деген қасиеттерін атайды. Олардың тізімі тақтаға жазылады. Осылайша жағымсыз қасиеттер тізімі құрылды (жалқаулық, асығыстық, артық сөйлеу және т.б.). Топтың міндеті осы жағымсыз қасиеттерді қайта қарап, оның тиімді және жағымды жақтарын табу мен оны жағымсыз қабылдау себептерін анықтау болып табылады. Ал жағымды сипаттама жасап, сол қасиетті қорғап алған қатысушы оны өзіне алады.
Жоғарыдағы жаттығудан кейін эмоциялық қысымды шығару үшін
54.«Жағымсыз эмоциялық күйді шығару» арт-терапиялық тапсырма орындалды.
Тапсырма ережесі: Қатысушыларға А4 және А1/4 қағаз беріледі. Олар А1/4 қағазға жағымсыз көңіл күйін түсіреді. Сол қағазды үлкеннің үстіне жапсырып өзінің қалауы бойынша суретті жалғастырады. Кішкентай қағазды жапсырар алдында мына сөздерді айту маңызды «Өмірді ашық, жарық, көңілді жағдайлар өте көп». Сурет қатысушының қалауы бойынша, өзі қалай өзгергерткісі келгенше салынады, боялады.
Тапсырманы қорытындылау үшін талқылау сұрақтары берілді:
- Суретте ненің бейнесі салынған?
- Осы суретті салғанда қандай сезімде болдыңыз?
- Бұл сурет сізге нені көруге әсер етті? т.б.
55. «Әрекет» жаттығуы
Ойын ережесі: Қатысушыларға келесі тапсырмалар берілді. Олар жылдам жауап қайтарулары тиіс:
Қандай жағдайда үстелде тамақ жеуге, ал үстелде отыруға болады……
Астроном айға телескоппен қарап тұр, ал егер оған айдан біреу қарап тұрса ше?
Еден мен төбені аударыңыз……
Картинаны аяғынан басына төңкеріңіз……
Кеме мен балықтың ауада ұшып жүргенін елестетіңіз……
«Қане танысайық!» жаттығуы
Нұсқау: Әр қатысушы 30 секунд ішінде өзін-өзі таныстырады. Бұл жерде өзінің есімін, өмірінің қызықты жайларына тоқталуға болады.
– Біз бір – бірімізбен таныстық. Енді өзімізді өзіміз білеміз бе?
«Өзіндік таным»
Нұсқау: Әр қатысушыға карточкалар таратылып беріледі. Ондағы «Мен» дегенді ары қарай жалғастырады.
Мен ..........................
Мен ..........................
Мен ..........................
Мен ..........................
Мен ..........................
Мен ..........................
Мен ..........................
Мен туралы басқалар не деп ойлайды? ..........................................................
56.«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы
Нұсқау: Ойыншылардың ішінен бір жүргізуші таңдалынады. Ол барлық ойыншыларда кездесетін бір затты байқап, команда береді. «Кімнің киімінде қалтасы бар, солар орын ауыстырсын». Сол кезде осы команданың қатысы бар ойыншылар жылдам орындарын ауыстыруы керек, ал олар ауысып жатқанда жүргізуші бос орындыққа отырып қалу керек. Қай қатысушы орынсыз қалса, сол келесі жүргізуші болып ойынды жалғастырады.
Әрбір ұстаз кез-келген жағдайлардан, педагогикалық әрекеттен өзінің шеберлігімен жол тауып шыға білу керек емес пе?
Олай болса, біздің қазіргі ойын жаттығуымыз сіздердің шеберліктеріңізді, өздеріңізді терең тануға, сондай-ақ өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін тануға көмектеседі.
57«Менің есімім» атты жаттығу
Жаттығу танысу үшін жасалынады- әркім кезекпен өз атын атап, есімінің бас әріпінен басталатын сөз айтады. Мысалы: Сандуғаш сникерс, Әсел әлем т.б.
58.«Карусель» жаттығуы
Ішкі және сыртқы шеңбер құрып бір шеңбер айнала отырып бірі-бірін қысқаша таныстырады.
59.«Менің сүйікті ісім» жаттығуы
Әркім өздерінің істейтін сүйікті істерін айта отырып, бір-бірімен топтасады.
60.«Айна» жаттығуы
Ортаға екі адам шығады. Жұптағылар бір- біріне қарсы тұрып, екеуінің бірі уақытша айна болады, яғни өз жұптасының барлық қимылын қайталайды. Содан кейін жұптағылар рөлдерін өзара ауыстырады. Олардың бірі орындаушы, ал екіншісі оның айнадағы бейнесі. Топтың басқа қатысушылары көрермендер, олар жұптың ойынын бақылайды және айна рөлін ойнаушының шеберлігіне баға береді. Осылайша жұптар кезекпен ауысады, топ алдына барлық қатысушылар шығып жаттығады.
61.«Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!» жаттығуы
Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір- бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.
62«Сүйікті адамыңызға тілегенді – өзгелерге тіле!» жаттығуы
Бұл ойсергек алдыңғыға ұқсас. Мұнда тыңдаушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдына елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін тыңдаушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту керек.
63.«Атомдар мен молекулалар» жаттығуы
Жүргізуші «атомдар» деген кезде ойыншылар жеке дара жүреді де
«молекулалар, бесеуден» немесе «молекулалар, үшеуден» деген кезде, бес
немесе үш адамнан тез арада топтасады. Кім топқа қосыла алмай қалса,
айып төлейді: өз өнерін көрсетеді немесе көпшіліктің тілегін орындайды.
64.«Қызықты сұрақ» жаттығуы
Сыныпқа тақырыпты ашатын, бірақ жауабы қиындау сұрақ қойылады.
Тапқан оқушыны мадақтап, ешкім таппаса, жауабын мұғалімнің өзі айта
отырып, сабақтың тақырыбын айтады. Сұрақтар: Неліктен? Ол кім, бұл не?
сипатында болып келеді.
65.«Еден-төбе-мұрын» жаттығуы
Жүргізуші сұқ саусағымен біресе төбені, біресе еденді, біресе мұрнын көрсетеді және «төбе», «еден», «мұрын» деп айтып тұрады. Жүргізуші кейде айтқан сөзі мен қимылын керісінше жасап, қатысушыларды жаңылыстыруға тырысады. Кім қателессе, орнына отырады. Соңында қалған үш адам жеңімпаз деп танылады.
66.«Мен таптым» жаттығуы
Қатысушылар дөңгелене отырып, кезекпен бірден жетіге дейін санайды.
Жеті санын айтатын адам «Жеті» деудің орнына, орнынан тұрып, «Мен таптым» деп айтуы керек. Кім жаңылысса, сол ойыннан шығады.
67.«Белгісіз басшы»жаттығуы. Бір қатысушы сыртқа шығарылып, сол кезде басқалары іштерінен біреуін басшы етіп сайлайды. Басшының міндеті сырттан келген адамға білдірмей, бір қимыл көрсетуі керек, қалғандары сол қимылды бірдей қайталауы керек. Сырттан келген адам кімнің басқарып тұрғанын табу керек. Егер тапса, немесе бірнеше қимыл ауысқанға дейін таба алмаса, басқа адаммен ауысады.
68.«Дирижер» жаттығуы
Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Кім тез қайталай алмаса, сол ойыннан шығады. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.
69,«Жыланша» жаттығуы
Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап, келесі адамның кезекпен қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесісі ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір-біріне тілек айтып болғанша жалғасып кете береді.
70.«Жер сілкіну» жаттығуы
Оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның туылған айы қандай, мінез - құлқына қарай байланыстыру. Сонан кейін жыл жүйесі бойынша орындарын ауыстыру ұсынылады. Қайтадан оң жақта отыратын көршіге қарап, ол адамның айы неге сондай екенін түсіндіреді
Үш адамнан ұстасып үй соғады, ортасында бір адам тұрады, 1-қимылдайды адамдар десе ішіндегі адамдар жүгіріп, келесі үйдің ішіне кіріп кетеді. 2- қимылдайды - қимылдайды үйлер қимылдайды десек үйлер жүгіріп барып тұрған адамды қоршайды, 3- жер сілкінді десек үйлер қолын түсіріп, басқа үйлермен үй соғады. Кезек - кезек ауысып тұрады.
71.«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» жаттығуы
Қажетті заттар: түрлі –түсті қағаздан жасалған фигуралар, маркер.
1а) Интерпритация
Қызыл қуанышты көңіл-күй
Алқызыл-ұнамды көңіл-күй
Сары-жағымды көңіл-күй
Көк- суық көңіл-күй
Қоңыр-қиналған қиналған көңіл-күй
Күлгін-алаңдаушы көңіл-күй
Қара-күш қуаттың төмендеуі
Ақ –анықталмаған көңіл-күй.
2а) Әр қатысушы өзіне ұнаған түрлі түсті фигураның біреуін таңдайды.
Қағаздың артына сол түске байланысты жазылған интерпритацияны оқиды. Мысалы: Алмас қызыл түсті таңдаса, онда Алмастың көңіл-күйі өте қуанышты күйде екенін білуге болады.
72.«Әнмен бой сергіту» жаттығуы
Жүргізуші танымал 3-4 ән аты жазылған қағаз таратады. (Әр әнге сондай қағаз саны тең келеді) Қатысушылар өзіне тиген ән әуенін жүріп ыңылдап салады. Ойынның міндеті өзі сияқты ән әуенін салып тұрған адамды іздеп тауып, қосылуы түптеп келгенде осындай үш, не төрт топ құралады. Мысалы: Азамат бригаданың әуенін салып тұрса Хадиша өз әуенін естіп Азаматпен бір топты құрайды.
73.«Мимикалық ситуация» жаттығуы
Қатысушылар үш топқа бөлінгеннен кейін олардың топ басшылары ортаға шығып карточканы таңдайды. Онда «Махаббат», «Бұзықтық», «Қызығушылық», тақырыптар берілген. Әр топ өз тақырыптарына байланысты мимика, панто-мимикалық ситуация құрайды. Қалған екі команда олардың басты тақырыбын табады.
74«Ақ тілек» жаттығуы
Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады.
Қатысушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды.
75.«Менің көңіл-күйім» жаттығуы
Мақсаты: Адамның бет әлпеті арқылы оның ойын, сезімін айыра білуге үйрету. Сезімнің сыртқы көріністерін көрсете білу. Топта эмоциялық жайлылық қалыптастыру.
Сәлемдесу. «Өз күлкіңді шеңбермен көршіңе сыйла» жаттығуы. Шеңберде тұрып, «Мен саған өз күлкімді сыйлаймын, ал сен көршіңе сыйла» деп жалғастыру.
Әңгімелесу. «Көңіл-күй деген не?» Адамдарда қандай көңіл-күй болады? Көңіл - күйге не әсер етеді? Басқа адамның көңіл-күйін қалай анықтауға болады? Көңіл-күй құжатын ойлап табу.
«Көңіл-күйіңді ауа-райына теңеп, суретін сал.» Өз эмоциясын сурет арқылы көрсете білуге үйрету.
Оқушылар өз көңіл-күйін ауа - райына теңеп суретін салады.
Ойын. Көңіл- күйім қандай тап?
Бір оқушы ортаға шығып, көңіл-күйді эмоция арқылы көрсетеді, қалған балалар табу қажет.
Пікірлесу. Өз көңіл-күйіңді қалай өзгертуге болады? Қандай көңіл-күйде болғың келеді? Қандай көңіл-күй ұнайды?
76.«Мен және басқалар»кешенді жаттығу
Мақсаты: Қарым-қатынасқа түсе білуге үйрету
1 жаттығу «Сәлеметсіңдер ме?»
Мақсаты: эмоционалдық қарым-қатынас және эмоционалдық комфорт орнату.
Балаларға 3 түрлі әдіспен амандасу ұсынылады:
Қол алысу;
Мұрындарын түйістіру арқылы;
Құшақтасу;
Қазір біз бір-бірімізбен амандасамыз, бірақ амандасу әртүлі. Бірінші бір- бірімізбен қол алысайықшы. Ал енді мұрнымызбен амандасамыз. Соңында бір-бірімізбен құшақтасамыз.
2.Әңгіме «Мені қоршаған адамдар»: адамға жалғыз болу оңай ма? Достар не үшін қажет? Бірлесе не істеуге болады?
Пікіралысу.
2- жаттығу «Жалғыз аяқ жол». Тыңдаушылар шеңберде тұрып, музыкамен қимыл жасауды бастайды.
«Төбе» деген бұйрық бойынша барлық тыңдаушылар шеңбер ортасына қарай қолдарын көтереді, ал «шұңқыр» деген бұйрық бойынша қолдарын бастарына қойып, шеңбер ортасына қарай жиналып отыра қалады. «Жалғыз аяқ жол» деген бұйрық бойынша, бірінің артына бірі тұрып, қолдарын алдында тұрған адамның иығына қойып, музыка ырғағымен жүреді.
Пікіралысу.
4 жаттығу«Кішкентай суретші»
Мақсаты: Қоршаған адамдарға назар аудара білуін дамыту.
Қатысушылардың біреуі «суретші». Ол бір тыңдаушыны «натура» ретінде біреуін таңдап, теріс қарап «сурет салуды бастайды» (сөзбен портретін сипаттайды) Қалғандары бұл кім екенін шешулері қажет.
Жаттығуды талқылау.
77.«Мен қарым-қатынас жасаймын!» жаттығуы
Мақсаты: Тыңдаушылардың қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі маңызын түсінуге және бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту.
Сәлемдесу. Жаттығу «Көңіл-күймен бөліс» басқаның көңіл-күйін сезіне білуін дамыту.
Қатысушылар қолдарын ұстап, шеңбер жасап тұрады. Қоңырау шылдырлағаннан соң әркім өз көңіл-күйі туралы әсерлеп айтады, қалғандары бұл көңіл-күйді сезінуге тырысады.
Әңгіме «Қарым-қатынас деген не?»: Адамдар не үшін қарым-қатынас жасайды? Әр уақытта қарым-қатынас жасағың келе ме? Қалай қарым-қатынас жасауға болады? Қарым-қатынас жасағанда, қандай жағдаяттарды айта аласың?
«Құшақтасу» жаттығуы
78.Мақсаты: топты эмоционалдық біріктіру, эмоционалдық қатынас орнату.
Қатысушылардың біріншісі біреуін құшақтайды, екіншісі ол екеуін, үшіншісі ол үшеуін солай жалғаса береді, соңында үлкен құшақтасқан- шар пайда болады. Микротоп арасындағы пікірлесу жаттығуы.
«Өз қуанышың мен, сәтсіздігің жайлы бөліс» вербалді, вербальді емес сезіммен бөлісу әдістері арқылы коммуникативтік дағдыны қалыптастыру.
Қатысушылар үш-үштен бөлініп, топта өткен жұмада болған қуанышты жағдай туралы әңгімелеп айтады, сосын, мимика және жестпен ең ренішті уақиғаны көрсетеді. Пікіралысу.
79.«Адамдар не үшін дауласады?» жаттығуы
Мақсаты: Коммуникативтік дағдыны қалыптастыру, нәтижелі қатынас жасай білуді таңдай білу, басқаның сезімімен санаса білуге және коммуникация процесін әсерлі құруын дамыту.
1.Сәлемдесу. 2. Пікірлесу. «Адамдар не үшін ұрысады?.»
-Дау-дамай қайдан туындайды? Адамдар не үшін дауласады? Татуласу үшін
не істеу қажет?
«Дауласу». Психологиялық дискомфортты, агрессияны, төмендету, басқаның позициясын ескеруге дағдыландыру.Тыңдаушылар екі-екіге бөлініп, арқаларын түйістіріп, қолдарын айқастырып, бір-біріне ренжулі адамдар сияқты аяқтарын басады. Сосын бір-біріне қарап, татуласуға көңіл білдіреді (қолынан ұстап, құшақтауға болады)
«Бояулар» өз көңіл-күйін көрсетіп, басқаның жай-күйін сезіне білуін дамыту. Белгілі бір көңіл-күйге қандай түс сәйкес келетіндігін шешу. (мыс қызыл түс қандай көңіл-күйді білдіреді?, осылай әрбір түске қатысты көңіл күйді белгілеп алу) Сатушы мен сатып алушыны таңдап алып, қалғандары бояу болады. Әрбір тыңдаушы бір түсті таңдап, осы түске қатысты көңіл-күйді бейнелейді. Сатып алушы келіп, бояу-тыңдаушылар арасынан, өз көңіл- күйі бойынша өз бояуын таңдайды. Егер сатып алушы таба шеше алмаса, ол бояу болады.
«Шырмалу» топтық бірлестікті сақтауға тыңдаушыларды белсендідендіру. Санамақ арқылы басқарушыны таңдау. Ол аудиториядан шығады, қалғандары қолдарын ұстасып, шеңбер жасайды. Қолдарын босатпай шырмауық сияқты шырмалады, ал басқарушы қолдарын үзбей шешуі қажет.
80.«Мен бақыттымын!» жаттығуы
«Көңіл-күйіңмен бөліс» Қатысушылар дөңгеленіп, қолдарын ұстасып тұрады. Қоңырау шылдырлағанда, әркім өз көңіл-күйі жайлы айтады, қалғандары сезінуге тырысады.
«Күн шуағындағы менің сезімдерім» Өзін өзі-тану, өзін-өзі зерттеу. Қатысушыларға Күн салынған қағаздар таратылады. Күннің ортасына дәл қазіргі уақытта сезінгісі келетін қандай да бір сезімі жайлы суретін салу немесе сипаттау. Әрбір шуаққа бұл сезімді алу үшін не айтқысы немесе не істегісі келетіндігінің барлығын жазуға болады.
«Күн шуағындағы менің портретім». Өзін-өзі бағалауын, сенімділігін арттыру. Тыңдаушыларға Күннің суреті таратылады, тыңдаушылар күннің әрбір шуағына өз суреттерін салады.
«Маған өте қажет...» Өзіне деген сенімділікті арттыру, өзінтану. Тыңдаушыларға ұшатын шары бар аюдың суреті таратылады. Тыңдаушылар осындай шарды ұшырса, тілегі орындалатындығын елестете отырып, әрбір шарға тілектер жазады.
Мен тілеймін, менде....болғанын.
Мен тілеймін, мағат қажетті .....болғанын.
Мен тілеймін,
Мен.......барғанымды. Мен тілеймін....
Өз сезімің бойынша «бақыт» деген не екенін сипаттап, суретін салу
81.«Сәлемдесу рәсімі» жаттығуы
Басқарушы. Менің қолымда оралған жіп. Мен бүгін сендердің көңіл-күйлерің қандай, қандай көңіл-күймен келдіңдерді білгім келіп тұр. Бірінші мен өзім туралы айтамын, сосын жіптің бір ұшын саусағыма байлап, көршіме ұсынамын, ол өзі туралы айтып, көршісіне береді. Жаттығу осылай жалғаса береді.
82.«Мен жақсы көремін...» жаттығуы
Басқарушыдан бастап «Мен ...жақсы көремін» (нені жақсы көретіндігі туралы айтып) деген фразаны аяқтап, шеңбер бойымен жіпті жібереді. Соңынан барлығына жіпті қозғап көргенде қалай созылатынын сезіну ұсынылады, бәрі бір жіпке байланысты сияқты.
83. «Түймедақ» жаттығуы
Әрбір тыңдаушы түрлі - түсті қағаздан жасалған дөңгелектерді алып, өз атын, туған күнін, не істегенді ұнататынын жазады. Сосын барлық дөңгелекшелерді ватманға жапсырады. Басқарушы: «Бұл дөңгелектер неге ұқсайды, адамдарға байланысты ақпараттар жеткілікті ме? Осындай жолмен сабаққа қатысушы әрбір адам жайлы ақпарат көз алдымызда тұрады.
84.«Бір затқа дейін қолыңды тигіз» жаттығуы
Басқарушы. Біз бүгін бір-бірімізбен жақынырақ таныстық, ал енді кім қандай киім кигенін және ол қандай түсті екенін мұқият қарап алыңдар. Мен «бір затқа қолыңды тигіз» дегенде, сендер көршіңе немесе басқа қатысушыға қолыңды тигізуің қажет.
Мыс. «Көк түске қолыңды тигіз!» Бастаймыз!
Тақтада сұрақтар тізімі
жазылып тұрады:
• Сенің жасың нешеде?
• Сенің мекен-жайың қандай?
• Сенің сүйікті фильмің, мультфильмің?
• Сүйікті асың?
•Сүйікті ойыншығың?
• Саған не істеген ұнайды?
• Саған не істеген ұнамайды?
Басқарушы допты лақтырып, қатысушыларға тақтада жазылған бір сұрақты береді. Ол жауап беріп, басқаға келесі сұрақты қояды.
Басқарушы барлық қатысушыларға допты бергенін және 2-3 сұрақтан қойылғанын қадағалап тұрады.
85.Қазір менің ішкі жан-дүнием қандай? «Ұлпалар» жаттығуы
Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күйдегі ұлпалардың суреті салынған фигуралар таратылады. (көңілді, көңілсіз, ашулы т.б.) осылардың арасынан таңдап алып, өз көңіл- күйіне ұқсатып, ұлпаны бояу тапсырылады.
86.«Акула - күш беруші » жаттығуы
Еденге бірнеше «аралдар» сызылады. Басқарушы барлық қатысушыларға нұсқау береді. Сендер қазір барлықтарың балықтар боласыңдар. Сендер бөлмеде яғни, өзенде жүзесіңдер, ойнайсыңдар, көңілденесіңдер. Ал, мен «Акула!»-деп айғайлағанда, аман қалу үшін аралға секіріп шығасыңдар. Ал мен «акула кетті!» дегенде көңілденіп, жүзуді қайта бастайсыңдар. Акула әрбір келіп-кеткен сайын бір аралды алып тастау қажет. Ойынның соңында тек қана бір арал қалады , бірақ қатысушы балықтар неғұрлым көп сақталып қалуы тиіс.
87.«Көңіл- күйімді тап»жаттығу
Қатысушыларға әртүрлі көңіл-күй мен эмоциядағы суреттер таратылады. Қатысушы тез арада сұраққа жауап беруі тиіс: «Бұл қандай эмоция және көңіл-күй, адамдарда мұндай көңіл-күй қайдан болады? Сенде осындай көңіл-күй болды ма?» Осындай көңіл-күйді пантомимо арқылы көрсету, біреу көрсетеді, қалғандары қайталайды. Нақты, анық көрсетуге тырысу қажет (қимылды, мимиканы, белгілі бір сөзді қолдана отырып). Топтың қалған мүшелерінің міндеттері –бұл эмоцияны табу, басқа адамның уайымын сезіне білу, оны көре білу және шеше білу.
Достарыңызбен бөлісу: |