Тапсырма
Мәселені анықтап, ПОПС формуласын толтырыңыз. 1. Менің ойымша...
2. Себебі, мен оны былай түсіндіремін...
3. Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын... 4. Осыған байланысты, мен мынадай шешімге келдім...
Дескриптор Білім алушы
-мәселені анықтайды;
-өз ойын формулаға салып жазады.
22
1-тапсырма
Төмендегі сұрақтарға шығарма желісі бойынша жауап беріңіз.
1.«Менің Дағыстаным» әңгімесіндегі тасты қақ жарып өсіп тұрған тікенек бұтаның арасындағы ұяшық арқылы суретші нені айтқысы келгенін көрсетіңіз?
А) Суретшінің ауылдағы жастық шағын В) Суретшінің теңдессіз сурет салу өнерін С) Суретшінің қазіргі керемет жағдайын D) Суретшінің туған жерге сағынышын
2. Автордың негізгі идеясын танытуда ерекше орын алатын символизмді табыңыз. А) Тікенек бұтадағы ұяшық
В) Әшекейлеп жасалған күміс құмыра С) Тау төбесін басқан қалың тұман
D) Аңыз бойынша салынған сурет 3. Жазушы суретшіден нені сұрады?
А) Өткен шақты қайтарса, не істейтіндігін сұрады. В) Қай тілде сөйлесіп, түсініскендерін сұрады.
С) Елге неге қайтқысы келмейтіндігін сұрады.
D) Суреттерін өзіне қымбат болса да, сатуды сұрады.
Дескриптор Білім алушы
- ұяшық арқылы суретші нені айтқысы келгенін көрсетеді; - автордың негізгі идеясын танытуда ерекше орын алатын
символизмді табады;
- жазушының сұрағын анықтайды.
2-тапсырма
Берілген үзінді бойынша ой-пікіріңізге көркемдегіш құралдарды пайдаланып, дәлелдер келтіріп жазыңыз.
«...Ұлының өлгенін жаңа естігендей боп, бетін қара орамалмен жауып ала қойды суретшінің шешесі. Үйдің шатырын тарсылдатып, далада жаңбыр жауып тұр. Біз Аварияда тұрамыз. Ал жердің екінші жағында, Парижде, Дағыстанның адасқан ұлы да, мүмкін, жаңбырға құлқ салып отырған шығар тап осы сәтте. Біраз үндемей отырғаннан кейін суретшінің шешесі айтты:
- Сен қателестің, Расул, менің ұлым өзім үйреткен, авар анасы үйреткен тілді ұмытуға тиісті емес...»
Достарыңызбен бөлісу: