МҰҒалімге ақпарат 



бет1/3
Дата25.08.2017
өлшемі343,61 Kb.
#26806
  1   2   3

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы:




• Пропорцияның көмегімен пайызы бойынша санды табу.

Мақсат:

Жаңа білім

• Алдыңғы тақырыпта өтілген пропорция көмегімен санның пайызын табуды еске түсіре отырып, пайызы бойынша санды табады.

Жаңа түсінік

• Пропорция және пропорцияның негізгі қасиеттерін пайдаланып, пайызы бойынша санды табуды түсінеді.

Қолданым әрекеті

• Мәтінді есептерді шығаруда пайызы бойынша санды табу қолданады.

Талдау әрекеті

• Пайызы бойынша санды табуда пропорцияның қасиетін қолданудың ерекшелігін айырып, қорытынды шығарады.

Шығармашылық әрекет

• Мәтінді есептерді шығаруда пропорцияның қасиеттерін пайдаланып пропорция шығару жолын түсінеді.

Бағамдау әрекеті

• Пропорция туралы жүйелі білім-білік дағдының қалыптасуының өмірдегі маңыздылығын бағалайды.

Сабақ құрылымы:

І.Ақпарат алмасу ( 7 мин.).

ІІ.Алғашқы бекіту ( 3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (25 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V.Бағамдау-бағалау (3 мин.)

Оқыту әдісі:




Репродуктивті, ішінара ізденушілік.

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:




• Бағыт-бағдар және нұсқау береді, қажет болғанда оқушыларға көмек береді, олардың танымдық есептерді өз бетімен орындауын қадағалайды.

Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:




• Белсенді танымдық.

Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:




• Күтілетін нәтижеге (мақсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын АА блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; ҚӘблогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ШӘблогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға қатысу.

Оқушыда дағды қалыптастыру:




• Тақырып бойынша логикасы әр түрлі есептерді шығара білу, өзін-өзі дамыту, өзінің деңгейін бағалау. Берілген мақсатқа жету, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, өз ойын сынып алдында қорғай алу.

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




Пропорция, пропорция санның пайызы.




Ақпарат көздері:




1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. /Әбілқасымова, Т.Кучер, З. Жұмағұлова. Алматы: «Мектеп» баспасы, 2010ж400-б.2. Математика. Әдістемелік нұсқау: Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. /Әбілқасымова, Т.Кучер,

З. Жұмағұлова. Алматы: Мектеп,2010. 3-9-б.

3. Алдамұратова Т.А, БайшолановаТ.С.Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылым. Алматы, Атамұра, 2011.

4.Алдамұратова Т.А., Тупаева В.И. А-40 Математика. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің6-сыныбына арналған оқулық.



5. М-29Математика жұмыс дәптері, №1: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алдамұратова Т.А., Хабылбекова А.Қ., Алешина Н.Ф., Сатемирова С.Р. 2-басылым. Алматы, Атамұра, 2011. 64-б.

Сабақты бағалау:




• Негізгі баға ҚӘ блогының тапсырмаларын орындағаны үшін, ал қосымша баға (бонус)ШӘблогы үшін беріледі.




САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

  1. Пропорция көмегімен санның пайызын табу жәнепайызы бойынша санды табу арасындағы байланыс.

  2. Пайызы бойынша сандытабуға мысалдар.

Слайдтар:

1-слайд

1- тақырыпшаПропорция көмегімен санның пайызын табу мен пайызы бойынша санды табу арасындағы байланыс.




2-слайдПропорция көмегімен санның пайызын табыңыз.

Мысықтар көрмесіне әкелінген 60 мысықтың 20 % -ы сиам мысықтары. Көрмеге неше сиам мысығы әкелінген?




3-слайдОлай болса, пропорцияның көмегімен санның пайызын табудыңалгоритмін құрыңыз.



4-слайд

Пропорцияның көмегімен санның пайызын табу үшін:

Пайызы бойынша санды табу үшін:


  1. Ізделінді санды әріппен белгілейді.(мысалы, х әріпімен)

  1. Ізделінді санды әріппен белгілейді.(мысалы, х әріпімен)

  1. Пайыз табылатын сан 100%-ды құрайтыны ескеріледі.

2) Пайызы бойынша табылатын сан 100%-ды құрайтыны ескеріледі.

  1. 1%-ға сәйкес санды табу кезінде шығатын пропорция қарастырылады

3)1%-ға сәйкес санды табу кезінде шығатын теңдікқарастырылады

  1. Шыққан пропорциядан х табылады.

4) Шыққан теңдіктенх табылады

Қорытынды:Екі тәсілдің мағынасы бірдей.



5-слайд2- тақырыпшаПайызы бойынша сандытабуға мысалдар.




6-слайд

21-ге тең сандытабайық.

Шешуі:


  1. Белгісіз санды х деп белгілейік.

  2. Ол сан, ал 21 саны құрайды.

  3. Демек,ға сәйкес пропорция құрамыз.бұдан

Жауабы:




7-слайд

Кітапханадағы 25000 кітаптың 40%-і оқулықтар. Олардың 12%-і математика оқулықтары. Кітапханадаматематика оқулықтары нешеу?

Шешуі:

1)25000------ 100%



х -------- 40%




  1. 10000----100%

у------12%

Жауабы:12000









іі. алғашқы бекіту



Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.




Пайызы бойынша сандытабу үшін әріппен нені белгілейді?


Пайызы бойынша санды табу үшін құрастырылған пропорцияның сол жақ бөлігінені береді?

Пайызы бойынша сандытабу үшін құрастырылған пропорцияның оң жақ бөлігінені береді?










Қорытынды:___________________________________________________________




ііі.құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. № 186Пайызыбойынша санды табыңыз.

_____________________________Жауабы: 1) 35; 2) 4003) 174;4) 1725) 606) 18.

2.№ 187Пайызыбойынша санды табыңыз.

____________________________Жауабы: 1) 2000; 2) 4003) 2000;4) 945) 506) 2.

3.№190Пайызыбойынша санды табыңыз.

________________________________________Жауабы: 1) 4,8кг; 2) 24кг3) 60 кг.

4. № 191Пайызыбойынша санды табыңыз.

__________________________________Жауабы: 1) 1,225 кг; 2) 5,25кг3) 26,25кг.

5.№ 192 Пайызыбойынша санды табыңыз.

__________________________________Жауабы: 1) 1,11 кг; 2) 12,95кг3) 24,05кг.
ІІ деңгей тапсырмалары

1. № 193Пайызыбойынша санды табыңыз.

_____________________________________________Жауабы: 1) 1,2кг; 2) 8,8 кг

2.№ 194 Пайызыбойынша санды табыңыз.

3. № 198 Пайызыбойынша санды табыңыз.

ІІІ деңгей тапсырмалары

1.№ 204Пайызыбойынша санды табыңыз, түсіндірмесін беріңіз.





іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

Сынып үш топқа бөлініп, келесі тапсырманы орындайды.



Мәтінді есептерде пайызыбойынша санды табу алгоритмін пайдаланып, есептерді шығарыңыз, нәтижесін дәлелде.

І топ


Теледидардың бағасы 48300 тг. Оның бағасы бірінші рет 20%-ке арзандатылды, екінші рет соңғы бағасытағы да 15%-ке арзандатылды. Теледидардың екінші рет арзандатылғаннан кейін бағасы неше теңге? Соңғы баға алғашқыдан неше пайызғаарзандады?

Шешуі:Бірінші рет

Екінші рет соңғы баға.



Пропорция құрамыз



Жауабы: 32%.

ІІ топ


Саяхатшылар межелеген 180км қашықтықтың40%-ін автомашинамен жүрді. Қалған қашықтықтың95%-ін мотоциклмен жүрді. Одан қалған жолды орман ішімен өтетін болғандықтан, жаяу жүрді. Саяхатшылар неше километр қашықтықты жаяу жүрді, бұл барлық жолдың неше пайызы?

ІІІ топ


Бұйымның бағасы бірінші айда 20%-ке қымбаттады, екінші айда соңғы бағасы 20%-ке арзандады. Бұйымның бағасы неше пайызға, қалай өзгереді.





V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

____________________________________________________________________________________________________________________________________________







VІ. үй жұмысы







1.Оқулықтағы №188;189;199.

2. Жұмысшының жалақысы алдымен 15%-ке, ал бір жылдан кейін20%-кеартты. Жұмысшы жалақысы алғашқысына қарағанда барлығы қанша процентке артты?

3. Тауардың құны алдымен 10%-ке, ал одан кейінтағы да 20%-ке арзандады. Нәтижеде тауардың құны қанша процентке арзандады?

4. Топтық жұмыс есептерін толықтырып шеш.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет