МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы:
• Пропорцияның көмегімен санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ.
Мақсат:
Жаңа білім
• Пропорцияның көмегімен санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды біледі.
Жаңа түсінік
• Пропорцияның көмегімен санның пайызын және пайызы бойынша санды табуға мысалдар келтіреді.
Қолданым әрекеті
• Пропорцияның қасиеттерін пайдаланып мәтінді есептер шығарады.
Талдау әрекеті
• Мәтін есептердепропорция құру жағдайын талдайды.
Шығармашылық әрекет
• Пропорцияқұру және оны есептеу жолдарының өмірмен байланысын түйіндейді.
Бағамдау әрекеті
•Пропорция туралы жүйелі білім-білік дағдының қалыптасуының өмірдегі маңыздылығын бағалайды.
Сабақ құрылымы:
І.Құзырлылық қалыптастыру (35мин.).
ІІ.Шығармашылық қалыптастыру ( 5 мин.).
ІІІ.Бағамдау-бағалау (3-5 мин.)
Оқыту әдісі:
Репродуктивті, ішінара ізденушілік.
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
• Бағыт-бағдар және нұсқау береді, қажет болғанда оқушыларға көмек береді, олардың танымдық есептерді өз бетімен орындауын қадағалайды.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:
• Белсенді танымдық.
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:
• Күтілетін нәтижеге (мақсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын А блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; ҚӘ блогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау; ШӘ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға қатысу.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
• Тақырып бойынша логикасы әр түрлі есептерді шығара білу, өзін-өзі дамыту, өзінің деңгейін бағалау. Берілген мақсатқа жету, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, өз ойын сынып алдында қорғай алу.
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
• Пропорция, пропорция санның пайызы.
Ақпарат көздері:
1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. /Әбілқасымова, Т.Кучер, З. Жұмағұлова. Алматы: «Мектеп» баспасы,
2. Математика. Әдістемелік нұсқау: Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. /Әбілқасымова, Т.Кучер,
З. Жұмағұлова. Алматы: Мектеп,2010ж. 3-9-б.
3. Алдамұратова Т.А, БайшолановаТ.С.Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылым.- Алматы, Атамұра, 2011ж.
4.Алдамұратова Т.А., Тупаева В.И. А-40 Математика. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің6-сыныбына арналған оқулық.
5. М-29Математика жұмыс дәптері, №1: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алдамұратова Т.А., Хабылбекова А.Қ., Алешина Н.Ф., Сатемирова С.Р. 2-басылым. Алматы, Атамұра, 2011. 64-б.
Сабақты бағалау:
• Негізгі баға ҚӘ блогының тапсырмаларын орындағаны үшін, ал қосымша баға (бонус)ШӘблогы үшін беріледі.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і.құзырлылық қалыптастыру
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
50 дана шпалды майлауға 480г қара май (смола)кетеді. 180 дана шпалды майлауға қанша қара май қажет?Жауабы:1728 С.
Күріш құрамында 75% крахмал бар, ал арпа құрамындағы крахмал 60%. 5 кг күріштегі крахмалға тең крахмал алу үшін қанша арпа алу керек?Жауабы: 6,25
3.Заттың бағасы алдымен 10%-ке қымбаттады, ал соңынан10%-ке арзандады. Тауар бағасы қалай өзгереді?Жауабы: 1%-ке арзандады.
4.Куртка 1500 тг теңге тұрады. Егер оның бағасы 20%-ке арзандаса, онда ол қанша теңге тұрады?Жауабы: 1200.
5. Концентрациясы 12% тұзды су ерітіндісінде 48г тұз бар. Осы ерітіндідегі су неше грамм?Жауабы: 352 г.
ІІ деңгей тапсырмалары
Пропорцияның қасиеттерін пайдаланып есептеп шығар.
6 .Қорапта 20 печенье бар, оның массасы 300 г. 450г-да неше печенье бар?Жауабы: 30
7. Құйманың 80%-і алюминий, қалғаны мыс. Құймадағы алюминий мыстан 300 г артық. Құйманың массасы қанша?Жауабы: 500г.
8. Құйма құрамында 53% алтын және 47% күміс бар. 1200 г құймада неше грамм алтын немесе күміс бар?Жауабы:636 г(алтын)564 г(күміс)
ІІІ деңгей тапсырмалары
Берілген мәселе есепке пропорция құрып шығар.
9. Тігін фабрикасы киімнің алғашқы бағасын 5%-ке қымбаттатты да, жыл соңында 20%-ке арзандатып, 8400 теңгеге сатты. Киімнің қымбаттатқанға дейінгі алғашқы бағасы неше теңге?Жауабы: 10000 теңге.
Топтық жұмыс.Пропорцияқұрыңдаржәне оны есептеу жолдарының түсіндірмесін беріңдер.І топ
1. Бөлшектер екі станокта өңделеді. Бірінші станоктың жұмыс өнімділігі екінші станоктың жұмыс өнімділігінен 40%-ке артық. Бірінші станокта 6 сағ, екінші станокта 8 сағ жұмыс жасалып, барлығы820 бөлшек дайындалды. Станоктың әрқайсысы неше бөлшек дайындады?
Нұсқау: І-нің өнімін х десекІІ-нің өнімі болады.
ІІ топ
1. Балмұздақтың60%-і су,19%-і сары май, қалғаны қант.2,5 кг балмұздақ дайындау үшін неше грамм қант керек?ІІІ топ
1. Көйлек тігу үшін метрі 820 теңгеден2,6 м мата сатып алынды. Көйлектің басқа да қажет заттары 318 тг. Оның тігу бағасы3400тг. Осы көйлекті 30% пайдамен сату үшін, оның бағасын неше теңгеге бағалау керек?Нұсқау: 30% пайдамен сату үшін өзіндік құнның (100%-ға30% қосып) 130%-ын табу керек.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
|
Орман алқабының 40%-ынқайың ағаш иеленеді. Қалған бөлігін қарағай мен шырша иеленеді де,олардың аудандарының қатынасы 2:3-ке тең. Қарағай шыршадан54 га аз алаңиеленетін болса орман алқабының ауданын тап.
Топтық жұмыстың есептері.
|
№ 29сабақ
Тақырыбы:
|
|
• Диаграммаларды салуда пропорцияны қолдану.
|
Мақсат:
|
|
Жаңа білім
|
• Пропорцияны пайдалана отырып, дөңгелек диаграмманы салуды біледі, алгоритм бойынша тұжырымдайды.
|
|
Жаңа түсінік
|
• Дөңгелек диаграмма -шамаларды көрнектітүрде салыстыру екенін түсінеді.
|
|
Қолданым әрекеті
|
• Дөңгелек диаграмма салу үшін, тиімді әдістерінің бірі пропорцияны қолданады.
|
|
Талдау әрекеті
|
• Дөңгелек диаграммасы сәйкес сектордың бұрыштары арқылы есептелінетінін талдайды.
|
|
Шығармашылық әрекет
|
• Дөңгелек диаграмма құруда пропорцияны қайта қарайды.
|
|
Бағамдау әрекеті
|
• Пропорция арқылы құрылған диаграммалар жүйелі білім-білік дағдының қалыптасуының өмірдегімаңыздылығын бағалайды.
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І.Ақпарат алмасу. ( 12 мин.).
ІІ.Алғашқы бекіту. (3мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (20 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).
V.Бағамдау-бағалау (3 мин.).
|
Оқыту әдісі:
|
|
Репродуктивті, ішінара ізденушілік.
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
• Бағыт-бағдар және нұсқау береді, қажет болғанда оқушыларға көмек береді, олардың танымдық есептерді өз бетімен орындауын қадағалайды.
|
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы:
|
|
• Белсенді танымдық.
|
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру:
|
|
• Күтілетін нәтижеге (мақсатқа) қол жеткізу үшін жоспар бойынша оқулық материалын АА блогындағы слайдтарды пайдаланып меңгеру; ҚӘблогы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау;ШӘ блогында топтық жұмыс істеп, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға қатысу.
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
• Тақырып бойынша логикасы әр түрлі есептерді шығара білу, өзін-өзі дамыту, өзінің деңгейін бағалау. Берілген мақсатқа жету, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, өз ойын сынып алдында қорғай алу.
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
• Пропорция, дөңгелек диаграммасы.
|
Ақпарат көздері:
|
|
1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. /Әбілқасымова, Т.Кучер, З. Жұмағұлова. Алматы: «Мектеп» баспасы
2. Математика. Әдістемелік нұсқау: Жалпы білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. /Әбілқасымова, Т.Кучер, З. Жұмағұлова.
3. Алдамұратова Т.А, БайшолановаТ.С.Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. 3-басылым. Алматы, Атамұра
4.Алдамұратова Т.А., Тупаева В.И. А-40 Математика. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің6-сыныбына арналған оқулық. 2-басылым.- Алматы, Атамұра, 2011. 144-б.
5. М-29Математика жұмыс дәптері, №1: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алдамұратова Т.А., Хабылбекова А.Қ., Алешина Н.Ф., Сатемирова С.Р. 2-басылым. Алматы, Атамұра, 2011. 64-б.
|
Сабақты бағалау:
|
|
• Негізгі баға ҚӘблогының тапсырмаларын орындағаны үшін, ал қосымша баға (бонус)ШӘблогы үшін беріледі.
|
Еске түсіру.
Диаграмма және олардың түрлері
Дөңгелек және дөңгелек диаграммасы.
Тақырып жоспары:
Пропорция арқылы дөңгелек диаграмма құру алгоритмі.
Пропорция арқылы дөңгелек диаграмма салуға мысалдар:
Слайдтар:
1 -слайд
Диаграмма – депкестедегімәліметтердіграфиктіктүрдеұсынудыайтады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |