Мұғалімнің аты-жөні


Келесі көмірсулардың жіктелуі



бет2/6
Дата31.01.2022
өлшемі0,65 Mb.
#116781
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6 жарат
Сорғы-компрессорлық жабдықты диагностикалау (2), Диффузиялық, металдау, direction (4), Топ белсенділері, Топ белсенділері, Топ белсенділері, философтар, Адаптированная программа (образец)1 кл, 64-69
Келесі көмірсулардың жіктелуі

Моносахарид,дисахаридтер, полисахариттер болып жіктеледі 



Дисахаридтер - гидролиздегенде екі молекула моносахаридтерге ыдырайды. Дисахаридтерге сахароза (тағам ретінде қолданылатын қант), мальтоза, лактоза (сүт қанты) және целлюбиоза жатады. Олардың жалпы формуласы С12Н22О11. Ең көп тараған дисахарид- сахароза. 

Дисахаридтер гидролизденгенде келесі моносахаридтер түзіледі.

Сахароза +Н2О →  глюкоза + фруктоза

Лактоза +Н2О  → глюкоза + галактоза

Мальтоза+ Н2О →  глюкоза + глюкоза.

Сахароза ақ түсті, дәмі тәтті, суда жақсы еритін кристалды зат. Сахарозада бос жартылай ацетальды гидроксил топтары болмағандықтан,олтотықсыздандырылмайтын дисахарид. 


Полисахаридтер -гидролизденгенде n-молекула моносахаридтерге ыдырайтын макромолекулалар.   Маңызды өкілдері крахмал, гликоген, клетчатка, хитин.  Жалпы формуласы (С6Н10О5)n. Полисахаридтер суда ерімейді


Гликоген - адам, жануар және саңырауқұлақ денесіндегі көмірсудың қоры. Гликоген-глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер. Гликоген жасуша цитоплазмасында, бауыр мен бұлшықетте жинақталады. Егер глюкоза жетіспесе бауырдағы гликоген бүйрек үсті безінің адреналин гормоны әсерінен суда жақсы еритін глюкозаға ыдырайды.Крахмал – макромолекуласы α-глюкоза қалдығынан тұрады. Өсімдіктің қор заты. Ақ түсті аморфты ұнтақ, суық суда ерімейді, ыстық суда ісініп коллоидты   ерітінді, крахмал  клейстерін түзеді, бұл жағдайда амилоза, крахмалдың негізгі құрылымдық бөлігінің қызметін атқарып, ыстық суда ериді,   амилопектин тек қана ісінеді.

 



Муреин – бактерия жасушасының негізгі тірегін құрайтын полимер.

Тәжірибе:  1. Крахмалдың сумен суспензиясы йодтың қатысында күлгін түске айналады.Глюкоза, фруктоза,сахароза моно , дисахаридтер йод қатысында түсін өзгертпейді.  Йодтың сапалық реакиясын  оны өнімдер қоспасынан анықтауға боладыйод ерітіндісін осы өнімдрге  ұн, картоп, күрішке тамызсақ  олардың түсі күлгін түске боялады. Бұл аталған өнімдер құрамында крахмал бар екенін білдіреді.

Тәжірибе:  2.Көмірсулардың элементтік құрамын анықтау үшін, қантты жоғары температурада қыздырамыз. Сынауық қабырғасында конденсацияланатын суға және қара тұнбаға ыдырайды.Бұл тәжірибеден көмірсулардың құрамында С,Н2,О2 бар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет