Педагог шебер, Педагог зерттеуші- Жоғары санат, Педагог сарапшы-
Бірінші санат, Педагог модератор- Екінші санат, Санаты жоқ-Педагог.
3
2
1
Білім беру тұжырымдамаларының жаңашылдығы туралы баяндаңыз
Қазақстан Респуликасынның білім беру саласы өз жастығына қарамастан, тереңге
тартылған тамыры бар. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін ежелгі энциклопедист-
философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар оны өз еңбектерінде дамытып,
сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім беру саласы құралып, ары қарай даму
сатысында тұр. 1990 жылдарынан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне,
ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1992 және 1999 жылдары
қабылданған «Білім туралы» заңға байланысты Республикада білім беру саласын
демократияландыру гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды
меңгеруге сай тың мәселелер қаралуда. Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030»
бағдарламасына сәйкес «Мемлекеттік білім беруді 2010 жылға дейін дамыту бағдарламасы»
бекітілді, оның негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мақұлдаған «Қазақстан
Республикасының білім беру саласын дамытудың 2015 жылға дейінгі концепциясы»
жасалды. «Ауыл жылы» жариялануына байланысты «Ауыл мектебі» мемлекеттік
бағдарламасы бекітілді. Білім беру жүйесін жетілдіруде ең басты қадам мемлекет бойынша
Бірыңғай ұлттық тест /БҰТ/ және оқытушылардың аралық аттестациясы енгізілген.
Мемлекетте жоғарғы кәсіби білімді 50 мемлекеттік ЖОО-дары қамтамасыз етуде. Ондағы
профессорлік-оқытушылық құрам 38 мың адамға сәйкес, оның ішінде 14 мыңы докторлар
мен кандидаттар. Әлемдік ЖОО-ның жетекші жүйесінің үлгісіне жақындастыру
мақсатында Қазақстанда 3 сатылы мамандарды даярлау жүйесі енгізілуде: бакалавриат-
магистратура-доктарантура /PhD/. Білім беру жүйесіндегі реформаны қалыпты шешу және
перспективті дамыту мақсатында Қазақстанның білім беру жүйелерінде Республика
бойынша оқу-әдістемелік кеңестері құрылуда, ал ЖОО-дар ішіндегі жетекшілері бойынша
30 астамы оқу-әдістемелік орталықтары қалған барлық негізгі мамандық бойынша жұмыс
істейді. Ғылым және білімді дамытуға жағдай жасау мақсатында атаулы сыйлықтар және
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтары беріледі, соның ішінде педагогика
саласында ең үздік саналатын ғылыми зерттеу жұмысына берілетін Ы.Алтынсарин
атындағы сыйлық және мемлекеттік стипендиялар бар. Білім беру саласында Қазақстанда
Халықаралық байланыстар кеңейтілуде. Жыл сайын мыңнан астам қазақстандықтар
шетелдің ЖОО-рында оқуда және ғылыми кәсіпорындарынан тәжірибе алмасуда, соның
ішінде Президенттік халықаралық «Болашақ» стипедиясы бойынша.Білім беру саласында
қайта құрудың ең басты кезеңі жалпы орта білім жүйесін ақпараттандыру. «Мектепке-
интернет» ведомость аралық бағдарламасы бойынша 1,5 мың мектеп пен 70 колледжі
Интернет жүйесіне қосылған және бұл жұмыс әлі белсенді түрде жүргізілуде.
«Қазақстанның ауылдық мектептеріне арналған қашықтық оқыту» және «Қашықтан
оқытудың спутниктік каналы» атты ұшақтық жобалар жұмыс істеуде, ол әртүрлі аймақтағы
мұғалімдер мен оқушыларды өзара жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған. Электрондық
оқулықтармен мультимедиялық оқу бағдарламалары жалпы білім беру саласындағы
жиырмадан асық пәндер бойынша жасалған. Электрондық оқу залдары мен кітапханалар
жасалуда. Қазақстан Республикасының Евразиялық аймаққа кіруі, XXI ғасырға аяқ басуы ел
Президентінің Қазақстан -2030 атты стратегиялық бағдарламасына сәйкес жаңа техника мен
технология үрдістерінің дамуы келешекте білім беру қандай бағытта өрбуі керек деген
өзекті мәселе туғызды. Тек білім беру арқылы ғана біз өткенімізді тануға, қазіргі
уақытымызда еркін бағытталуымызға және келешегімізді болжап, қалыптастырумызға
мүмкіндік аламыз. Тарихымызға көз салсақ Қазақстанның тәуелсіздік алғанына аз ғана
уақыт өтіп, енді ғана аяғына нық тұрып жатқанын байқаймыз. Ғылым мен техниканың
дамуына қарай педагогиканың да мүмкіншіліктері артты, жаңа технологиялар пайда болды,
мысалы, оқулық ресурстары жоғары, өзіне тән әдістемесіне бірге электрондық, ақпараттық
мультемедиялық технологиялар. Қазіргі кезде оқу ақпараттыныңең ауқымды кең тараған
формасының бірі /технология деп те айтамыз/-Интернет жүйесі арқылы оқу процесін
ұйымдастыру. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдісінің жаңалығы басқа
да мұғалімдердің жаңа жағдайға байланысты оқу-трбие процесін шығармашылықпен
пайымдалудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері жалпы
мұғалім қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелейді. Инновация
деген ұғым латын тілінде-жаңарту, жаңалық өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновация
деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса,
сонымен бірге ондағы идеяларды, процестерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі.
Инновациялық технологияны жаңа білім беру парадигмасын өмірде жүзеге асырудың
құралы ретінде қарастырған жөн. «Технология» деген сөз-грек тілінен алғанда «техне»-
өнер, кәсіп, ғылым, + «логос» ұғым, оқу деген түсінікті білдіреді. Яғни, өндірістік
процестерді жүргізудің тәсілдер мен мен құралдары жайындағы білімдердің жиынтығы.
Олай болса, оқу-тәрбие процесін жүргізудің тәсілдері мен құралдары жайындағы
білімдердің жиынтығын оқыту процесінің технологиясы деп атауға болады. Оқыту
технологиясы-жүйелі категория. Оның құрлымы төмендегідей болып келеді:
- оқытудың мақсаты,
- білім беруің мазмұны,
- педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы /оқыту және мотивация/, оқыту процесін
ұйымдастыру,
- оқушы,оқытушы,
- әрекетің нәтижесі /сонымен бірге кәсіптік дайындықтың деңгейі/
Оқыту технологиясы-оқыту процесін ұйымдастыру, басқару және бақылау деп түсіну
керек. Бүгінде білім беруде нәтижелі жетілдірудің құралы ретінде практикада жаңа оқыту
технологиясын кіргізуге батыл шаралар қолдану. Сондықтан Қазақстан Республикасында
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы ойлай білетін және шығармашылықпен жұмыс
істейтін қабілеті бар тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сол себептен де бүгінгі
еліміздегі білім беру жүйесі оқушылардың таным белсенділігін дамытатын оқытудың
дәстүрлі емес белсенді формалары мен әдістерін көптен енгізуді қажет етуде.
3
2
2
Педагогикалық
техниканың
маңызды
элементтері
мимикалық
реакциялардың сипаттамасын түсіндіріңіз.
Мимика–бет әлпеттің қозғалысы, адам сезімін білдірудің бір формасы, адамның ішкі
сезімін, көңіл-күйінің әр алуан сәттерін (көңілдену, қайғыру, ашулану, т.б.) білдіретін бет -
әлпеттің мәнерлі қимыл-өзгерісі.Кей жағдайда мұғалімнің Мимикасы оқушыларға оның
сөзінен гөpi қатты әсер етеді. Балалар мұғалімнің бетінен оның көңіл-күйін, қарым-
қатынасын біледі. Сондықтан педагог балаларға мимика арқылы іске қатыстыны ғана
білдіре алуы қажет.
3
2
3
Педагогикалық іс-әрекеттің нәтижесінің табысты болуы оқытушының
тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты екендігін дәлелдеңіз.
оқушыларды тәрбиелеу мен білім берудің жүйесін тиімді түрде іске асыру оқытушының
жеке тұлғасына тікелей қатысты болады. Ол ең басы болып табылатын мынандай жекелік
қасиеттерге көңіл аударады. Біріншіден, балаларды олар қандай болса солай жақсы көру.
Тіл алмайтын, тіл алғыш, түсінігі мол, түсінігі аз, жалқау және жақсы балалардың барлығын
бірдей жақсы көру керек. Балаларды жақсы көру мен оларға деген қайырымдылық көзқарас
оларға қатты сөз айтудан сақтандырады, олардың өздерін бағалауын төмендетпейді және
жеке баланың жетістігіне ғана қуанудан сақтайды. Екіншіден, балаларды түсіне білу және
олардың жағына шыға білу, олардың жұмысын мәселесн дұрыс қабылдап, түсіне білу.
Олардың көзқарастарын сыйлай білу. Балаларды түсіну – оларды өз билігімізге көндіру
емес, олардың бүгінгі күнгі өміріне сүйене отырып олардың ертеңгі өміріне дән себу.
Баланың уайымын түсіну, оның сезімін және талпынысын сезіну, бала өзін тәрбиелеу
барысында педагогпен жақтас болса тәрбие де маңызды болады. Үшіншіден, оптимист болу
керек, тәрбие берудің күшіне сену керек. Бұл жерде оқытушы қолын алдына салып баланың
өзінің түсінігі оянғанша тосып оыратын филантропикалық оптимизм туралы айтып отырған
жоқпыз, оның санасын дамытуға кірісіп кету туралы айтып отырмын. Бұл жерде педагог
баланың ішкі сезімін танып сезініп – ол арқылы оны тәрбиелеу жолдарын іздеуді айтып
отырмыз.Төртіншіден, Оқытушының бойында барлық адамдарға ұнайтын жақсы қасиеттер
болу керек, қаталдық, байсалдылық, қарапайымдылық, шынайылық, интелегенттік,
сезімталдық және өмірге құштарлық.Осындай мұғалім болуға талпыну өте маңызды. Ол –
бала мен өткен өмірдлің және қазіргі заманғы ұрпақ арасындағы рухани құндылықты
жеткізуші. Осы құндылықтар, білім, моральдық-эткалық норма балаларға таза күйінде
жеткізлмейді, ол мұғалімнің жеке тұлғалық сипатында болады, оныңбағасымен жеткізіледі.
Гуманды педагог балаларды білімге тарта отырып оларға өзінің мінезін де береді, олардың
алдында адамдықтың үлігіс ретінде көрінеді. Бала үшін білім тек қана мұғалім арқылы ғана
беріледі, оның мұғалімге деген махаббаты арқылы көрінеді, ол арқылы білімге есік ашады,
қоғамның моральдық құндылықтарын иегереді.
3
2
5
Жаңартылған оқытудың теориясы мен технологиясына талдау жасаңыз.
Жаңа бағдарлама мұғалімдерге қазіргі заманға оқыту әдістерін жеті модуль арқылы
ұсынады.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай білім беру және оқыту.
Білім берудегі басқарушы және көшбасшылық.
Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне
үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі
әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады. Біз
қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы
оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»
(СТО) бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт
тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы –
әлемнің түпкір- түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның
негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |