зерттеулердің бағдарламаларын, логикасын және әдістерін, сапасын бағалау туралы
білімдерді алу бағытындағы әрекет жүйесі деп тұжырымдайды.
Педагогика әдіснамасы кең мағынада теория, оның пәні зерттеудің жалпы ғылымилық
және арнайы әдістерін біріктіретін және тар мағынада – жаңа ғылыми-педагогикалық
ақпарат алу, оны талдау мен түсіндірудің әдістері туралы білімдер жүйесі.
Педагогтің әдіснамалық мәдениетінің құрамы мыналарды қамтиды: әдіснамалық рефлексия
(өзінің ғылыми қызметін талдау қабілеті), ғылыми негіздеуге қабілеті, сыни талқылауға
және нақты тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен
әдістерін шығармашылықпен пайдалануға қабілеттілік.
Педагогтың әдіснамалық мәдениетінің мазмұнына мына білімдер енеді:
педагогикалық
білім
құрылымы
мен
әрекеттері
туралы
білім;
жалпы ғылымдық мазмұндағы ағымдағы, негізгі, іргелі педагогикалық теориялар,
тұжырымдамалар,
болжамдар;
педагогикалық
зерттеулердің
әдістері
мен
логикасы
туралы
білім;
тәжірибені жетілдіру үшін алған білімді пайдалану әдістері туралы білім.
Достарыңызбен бөлісу: