Педагогика саласындағы зерттеулер деп педагогика үдерісінің
заңдылықтары, оның
құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның
мазмұны,
ұстанымдары, әдістері және тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағытталған
ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикалық зерттеудің іргелі,
қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер
педагогикалық үдерістің
заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық
тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды.
Қолданбалы зерттеулер оқыту,
тәрбиелеу әдістері, білім мазмұны, оқытушыларды
дайындау мәселелерімен байланысты теориялық және тәжірибелік
жеке міндеттерді
шешеді.
Көптеген жағдайларда қолданбалы зерттеулер іргелі зерттеулерді жалғастырады.
Зерттеу қасиеттерінің теориялық және тәжірибелік бағытталған сипатында төрт жеке фасет
ерекшеленеді:
1) зерттеу міндеттері — ғылыми қызметкерлердің, ғалым-педагогтердің өздерінің
алдына
қоятын мақсаттары, жан-жақты жоспарланған нәтижелерге бағытталып жүргізетін
жұмысы сипатталады.
2) зерттеу нәтижелері – ғылыми іс-әрекет нәтижесінде алынған өнім, білім түрлерін
көрсетеді.
3) зерттеу нәтижелерін пайдаланушы ұйымның мекен-жайы – ғылыми және
тәжірибелік іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді
пайдалануға қызығушылық
тудыратын ұйым мен ортаны анықтайды.
4) құжат түрлері – ғылыми-педагогикалық зерттеу нәтижелері берілген жарияланым
типтерін сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: