мүмкін, қандай мамандықтар нарық талабына сай келмеуі ықтимал деген стратегиялық
болжамға сәйкес өз қызметін реттей алмай келеді.
Қарапайым ғана бір кейсті мысал ретінде келтіре кетсем, менің жақын досымның інісі
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бір колледжді бітірді. Студент кезінде сол жігіттен
«Қазір немен айналысып жатсыңдар?» деп сұрағанымда «Бір жигули автокөлігін
құрастырып біттік» деген болатын. Қазір әлемдік нарықта Жигули емес Тойота, Хюндай,
Ниссан, Киа, Фольксваген, Мерседес, Ауди, БМВ, Митсубиси сияқты алпауыт
маркалардың үстемдікке ие екенін, біздің ел нарығына да аталған автокөлік үлгілерінің
дендеп енгенін өкінішке орай маман даярлаушы оқу орындары ескере бермейтіні өкінішті,
білсе де өз шәкірттерін сол маркаларды біліп шығуға тәрбиелеуге ұмтылмайтыны ерекше
көңіл бөлуге тұрарлық өзекті мәселе.
Жигули сынды ескі, нарықта сұранысы төмен маркаларды
жөндеуді ғана білетін маман
оқуды аяқтағаннан кейін жалақысы жоғары жұмыс таба қоймайды. Яғни, заман талабымен
қалыптасқан сұранысқа дер кезінде жауап бере алмайтын оқу жүйесінің болашағы күмән
туғызары анық. Осы сияқты мысалды өзге де салалардан көптеп келтіруге болады. Қазір
әлемдік білім беру жүйесі дуалды оқыту әдісіне жаппай көшуде. Кәсіпорындар мен оқу
орындары арасындағы тығыз әріптестік, түсіністік тандемі
нарықтағы жұмыссыздық
проблемасын барынша шешуге мол мүмкіндік берері анық.
Достарыңызбен бөлісу: