Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Бұл сапасыз кадрлардың, өзі білім алған сала бойынша еңбек етпейтін азаматтардың



Pdf көрінісі
бет4/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Бұл сапасыз кадрлардың, өзі білім алған сала бойынша еңбек етпейтін азаматтардың 
көбеюіне жағдай жасауда. Сондай-ақ, азаматтардың арасында жоғары оқу орнын бітірмей 
еңбек ету қиын деген түсінік қалыптасып, сырттай немесе күндізгі формада білім алса да 
жаппай диплом алуға ұмтылу кең таралған. Бұл өз кезегінде білімнің емес дипломның 
культ ретінде қалыптасуына жол ашады. Екіншіден білім беру тәсілдерінің икемділігі
заман талабына сай өзгеріске ұшырап отыруы да маңызды.
Мысалы еліміздегі көп оқу орындары өз түлектерінің оқу орнын аяқтағаннан кейін 
жұмыспен қамтылуы, нарықта сұранысқа сай салалар бойынша мамандар даярлау, нарық 
заңдылығына сәйкес болашақта бес, он, он бес жылда қандай мамандықтарға сұраныс артуы 


мүмкін, қандай мамандықтар нарық талабына сай келмеуі ықтимал деген стратегиялық 
болжамға сәйкес өз қызметін реттей алмай келеді. 
Қарапайым ғана бір кейсті мысал ретінде келтіре кетсем, менің жақын досымның інісі 
Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан бір колледжді бітірді. Студент кезінде сол жігіттен 
«Қазір немен айналысып жатсыңдар?» деп сұрағанымда «Бір жигули автокөлігін 
құрастырып біттік» деген болатын. Қазір әлемдік нарықта Жигули емес Тойота, Хюндай, 
Ниссан, Киа, Фольксваген, Мерседес, Ауди, БМВ, Митсубиси сияқты алпауыт 
маркалардың үстемдікке ие екенін, біздің ел нарығына да аталған автокөлік үлгілерінің 
дендеп енгенін өкінішке орай маман даярлаушы оқу орындары ескере бермейтіні өкінішті, 
білсе де өз шәкірттерін сол маркаларды біліп шығуға тәрбиелеуге ұмтылмайтыны ерекше 
көңіл бөлуге тұрарлық өзекті мәселе.
Жигули сынды ескі, нарықта сұранысы төмен маркаларды жөндеуді ғана білетін маман 
оқуды аяқтағаннан кейін жалақысы жоғары жұмыс таба қоймайды. Яғни, заман талабымен 
қалыптасқан сұранысқа дер кезінде жауап бере алмайтын оқу жүйесінің болашағы күмән 
туғызары анық. Осы сияқты мысалды өзге де салалардан көптеп келтіруге болады. Қазір 
әлемдік білім беру жүйесі дуалды оқыту әдісіне жаппай көшуде. Кәсіпорындар мен оқу 
орындары арасындағы тығыз әріптестік, түсіністік тандемі нарықтағы жұмыссыздық 
проблемасын барынша шешуге мол мүмкіндік берері анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет