Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Ата-бабаларымыз тал бесіктен жер бесікке дейін ілім алуды кейінгі ұрпаққа өсиет



Pdf көрінісі
бет2/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Ата-бабаларымыз тал бесіктен жер бесікке дейін ілім алуды кейінгі ұрпаққа өсиет 
еткен. Бұл тәмсілдің астары терең. Өйткені адам баласы үнемі өзін-өзі жетілдіріп, 
дамып отыруы қажет. Адам үнемі аға ұмтылмаса, бір орында тұралап қалған кезде 
тоқырау, деградацияға түсу басталады. Әр кезеңнің өзіне тән, әр адамның өмірлік 
құндылықтарына, миссиясына, мақсат-мұратына сәйкес даму, жетілу процесі болады. 
Мұны қазіргі тілмен «үздіксіз білім беру процесі» деп те атап жүрміз. Бұл ретте бүгінгі 
мақаламызда еліміздегі үздіксіз білім беру процесінің жүзеге асырылуы және оның 
өзекті мәселелері жайлы қысқаша баяндайтын боламыз
Ағылшын тілінде lifelong 
learning деп аталатын үздіксіз білім беру жүйесі әлемдік тәжірибеде көптен қалыптасқан 
жүйе және оның мазмұны жалпы қазақстандық аудиторияға да таңсық емес. Үздіксіз білім 
беру соңғы жылдары отандық педагогиканың негізгі бағытына айналғаны жасырын емес. 
Мұның негізгі кезеңі балабақшадан басталып, одан кейін орта мектепте, мектептен кейін 
колледж немесе жоғары оқу орнында жалғасады. Жоғары оқу орнынан кейін магистратура 
және одан кейін докторантура мен аспирантура, ал оны бітіргеннен кейін түрлі салаларда 
қалыптасқан біліктілікті арттыру курстары немес қайта даярлау дәрістері болып жалғаса 
береді.

ҚР «Білім туралы» (27. 07. 2007 ж, № 319) Заңының 12-бабында «Қазақстан 
Республикасындағы білім беру жүйесі жалпы білім беретін оқу және білім беру 
бағдарламаларының үздіксіздігі және сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім 
беру деңгейлерін: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды; бастауыш білім беруді; негізгі 
орта білім беруді; орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік 
білім беруді); орта білімнен кейінгі білім беруді; жоғары білім беруді; жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім беруді қамтиды, – деп жазылған.


Шынында да білім беру саласының үздіксіз және бір-бірімен жалғасқан, тізбектелген түрде, 
сондай-ақ заманауи жетістіктерді ескере отырып өркендегені жөн. Яғни, үнемі жетілу 
үстіндегі және өз саласындағы соңғы жаңашылдықты бойына сіңірген азаматтан білікті әрі 
заман талабына жауап беретін маман шығады. Күні кеше, яғни 2021 жылғы 8 шілдеде 
«Өмір бойы оқу (үздіксіз білім беру) тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің № 471 қаулысы жарияланды. Тұжырымдама жалпы 7 бөлімнен 
тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет