Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет14/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

III. Қорытынды
Қорытындылай келе, құзіретті мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі 
қасиеттерді кіргізуге болады: ғылыми ой-өрісінің тереңдігі, интеллектуалдық белсенділігі, 
техникалық жоғары деңгейде сауатты болуы, өздігінен білім алуға ынталылығы, 
педагогикадағы жаңашыл идеяларды түсінуі және қабылдауы, пегогикалық еңбекке 
қызығушылығы, кәсіби еңбекті сүйе білуі,талап қоя білушілігі, оқушыларға деген 
сүйіспеншілігі, педагогикалық процесті жүйелі жүргізе алуы, психологиялық-педагогикалық 
сезгіштігі 
және 
бақылағыштығы, 
педагогикалық 
құбылыстарға 
талдау 
жасай 
алуы,педагогикалык ойлаудың қалыптасуы, қарым-қатынас жасай алуы, ұжымшылдығы, 
шығармашылығы, байқағыштығы, ілтипаттылығы,сенім, әділдік, төзім және сабыр сақтау, 
ұстамдылығы, сыртқы бейнесінің үйлесімділігі. Аталған қасиеттер бойынан табылған мұғалім 
сабақты қызықты, тартымды өткізеді, оқушы белсенділігін арттырады, проблемалық 
сұрақтарды шығармашылықпен шешеді, оқу еңбегін түрлендіріп өткізеді, оқушылардың ойлау 
қабілеттерін жетілдіреді, өз білімдерін тексеруге дағдыландырады, сабақта ойларын дамытуға, 
өз ісіне талдау жасай алуға мүмкіндік туғызады, жаңа технологиялардың тиімді жолдарын 
қолданады, оқушылардың білім сапасын жүйелі түрде жоғары деңгейге көтереді, берілген 
материалдарды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылар арасында талқылауға үлкен 
мүмкіндіктер туғызады. Константин Дмитриевич Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін 
үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқан кезде оның мұғалімдігі де 
жойылады» деген нақыл сөздерін өз кәсіби қызметіме ұран қылып, өз білімімді көтеру 
мақсатында осы мүмкіндіктерді пайдаланып, әрқашан біліктілік көтеру курстарында оқимын. 
Оның ішінде ең мазмұнды әрі маңызды біліктілік көтеру курстарына тоқталып өтсем, 
Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу қазақ тілінде жүретін 
«орыс тілі» пәні бойынша біліктілік курсын біріншілер қатарында аяқтадым. Курс барысында 
алған білімімді мектепте оқушыларға білім беру барысында қолданып жатырмын. Қазақстан 
Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың «Педагогикалық қоғамдастықтағы 
мұғалімнің көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын 
аяқтадым. Қазіргі уақытта бұл курста алған біліміммен өз әріптестеріммен бөлісу мақсатында 
мектепішілік қоғамдастық құрамында жұмыс жүргізіп жатырмын. Сабақ беру үдерісінде 
мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу 
тиімділігін арттыру, жекелей, жұппен, топпен жұмыс жүргізу, ойлау қабілетін дамытатын 
жаттығулар беру, қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру, оқушылардың теориялық-
практикалық сауаттылығын арттыру.Сабақтың үш кезеңінде оқушылардың проблеманы шешу 
құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі және коммуникативтік құзіреттіліктерін дамыту 
мақсатында әр түрлі стратегиялардың тиімді қолдануына ерекше мән беремін. Алынған өзекті 
тақырыпты басшылыққа ала отырып және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе, өзін-өзі 
бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары, жан-жақты тұлға қалыптастыра отырып, 
білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт бере отырып, оқушы 
құзырлылығын дамытамын. Менің кәсіби қызметімде ұстанатын қағидам - «Сапалы білім 
құзіретті мұғалім қолында, себебі мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі –нәтижелі білім берудің 
негізі». 



Педагогтың үздіксіз білім алу жолдарына мысал келтіріңіз. 
Үздіксіз, ашық білім беруге ауысу –қазіргі білім бердің дамуындағы жетекші білім берудің 
дүниежүзілік тенденциялардың бірі . Қазіргі кездегі орта білім берудің дамуындағы негізі 


тенденциялар.Негізгі ұғымдар білім беру,беру парадигмасы, жаһандық білім беру, 
дүниежүзілік 
білім 
беру 
кеңістігі, 
білім 
берудің 
дамуындағы 
тенденциялар.
Үздіксіз білім беру,тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығы, үздіксіз білім беру жүйесі. 
Тұлғаның үздіксіз білім алуда: Білім ,білік ,дағды және танымдық іс-әрекет – жеке 
тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығының негізгі шарты ретінде: мотивациялық, 
когнитивтік, іс-әрекеттік компоненттері. 
Педагогтың кәсіби іс-әрекетіндегі үздіксіз білім берудің мәні. Педагогтың кәсіби іс-
әрекетіндегі үздіксіз білім алудың мәні және тұлғаның үздіксіз білім алуға даярлығын 
қалыптастырудағы оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісінің мүмкіндіктері. 
Үздіксіз білім алуға даярлығын қалыптастыру үдерісіндегі оқушының тұлғалық станами. 
Үздіксіз білім алу тұлғаның кәсіби сұранысқа ие болу және болашақ маманды 
дайындаудағы құзыреттілік тұрғыда оқытуды іске асыру факторы ретінде. 
Педагогикалық мамандықтың пайда болуы және қалыптасуы. Педагогикалық мамандықтың 
өзгешелігі. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы – мұғалім тұлғасының моделі ретінде. 
Білім беру деңгейлері бойынша педагог қызметінің квалификациялық сипаттамасы. 
Педагогикалық іс-әрекеттің кәсіби стандарты педагогтың білімі, білігі, іскерлігі және 
тұлғалық қасиеттеріне қойылатын минималды талаптар жүйесі ретінде. 
Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарында анықталған қазіргі заман 
мұғаліміне қойылатын кәсіби талаптар және оның құқықтары мен міндеттері. Кәсіби-
педагогикалық білім берудің үздіксіздігі – қазіргі заман мұғалімін дайындаудың негізгі 
талабы 
ретінде 
Қазақстан 
Республикасындағы 
педагогикалық 
білім 
беруді 
модернизациялау. 
Мұғалім іс-әркетінің обьектісі – педагогикалық үдеріс. Педагогикалық үдерісті басқарудағы 
мұғалім іс-әрекетінің функционалды түрлері. Педагогикалық іс-әрекеттің функциялары. 
Мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іскерліктері. 
Қазақстан педагогикасының кадрлары: қазіргі уақыттағы жағдайы мен мәселелері. 
«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту 
мемлекеттік бағдарламасы» жаңа формациялы мұғалімді дайындау туралы. 
Үздіксіз педагогикалық білім беру – мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуындағы және өзін-өзі 
іске асырудағы жетістігінің шарты. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесі: кәсіби 
дайындыққа дейінгі дайындық – базалық кәсіби білім – кәсіби тұрғыда жетілдіру – жоғары 
оқу орнынан кейінгі кәсіби білім. Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі мұғалімнің 
көпдеңгейлі дайындалуы. Қазіргі уақытта педагогикалық еңбекте мұғалімнің кәсіби өсуінің 
түрлері. Оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісіндегі үздіксіз педагогикалық білім беруде 
оқушы даярлығын қалыптастыру факторлары мен жағдайлары. 
Педагогтың қоғамда алатын орнының маңыздылығын жеткізу. Өзінің мамандығына деген 
жауапкершілікті күшейту. Мұғалімге деген түзу көзқарасын қалыптастыру. 
Педагогтың жеке басының жағымды жақтарын өз бойына сіңіру. Педагогқа қойылатын 
талаптарды ең алдымен өзіне қоюын үйрету. 
Педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицияларының нақты болуы педагогикалық 
мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру 


міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын дамытумен 
байланысты. Көп жылдар бойы педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушы саналды. Ал, 
мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде көрінеді. 
Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған 
ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол 
бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан 
– педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы 
көрінеді. 
Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, 
әрекеті көрініс береді. 
Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, 
бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда 
педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген 
мотивациялық-бағалы 
қатынас 
қалыптасады. 
Педагогикалық 
іс-әрекетке 
деген 
мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді. 
Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияны да анықтайды. Педагогтың кәсіби 
позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке 
тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді. 
Л.Б.Ительсон педагогикалық позицияларға мынадай сипаттама береді. Педагог: 
Егер ол талап, норма, көзқараспен т.б. ғана шектелсе, онда ол – ақпаратшы. 
Егер ол бала жанын түсінуге ұмтылса, онда ол – жолдас. 
Егер ол тәрбиеленушілердің санасына норма мен бағалы құндылықтарды күштеп игертсе, 
онда ол – диктатор. 
Егер ол тәрбиеленушінің алдында төмендеп, одан қандай болу керектігін сұраса, онда ол – 
сұраушы. 
Егер ол тәрбиеленушіні мақсат, идеялармен, перспективалармен қызықтырса, онда ол –
шабыттандырушы. 
Бұл позициялардың әрқайсысы тәрбиешінің жеке тұлғасына байланысты 
жағымды және жағымсыз әсер беруі мүмкін. 
Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-
әрекетке кәсіби 
даярлық ретінде 
анықталады. 
Оның 
құрамында 
бір 
жағынан 
психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-
теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады. 
Кәсіби 
даярлық 
мазмұны 
педагогикалық 
білім 
беру 
мақсаты 
ретінде профессиограммада беріледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-
әрекеті көрсетіледі. 
Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын құрастырудың бай тәжірибесі жинақталған. 
Бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра алатын үш кешенді атап көрсетуге 
болады:жалпы азаматтық сапа, мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар, мамандық 
немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды.Психологтар профессиограмманы 
құрғанда педагогикалық қабілеттерге тоқталуды ұсынады. В.А.Крутецкий дидактикалық, 


академиялық, коммуникативті қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді 
бөле алу қабіліттілігін көрсетеді. 
А.И.Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, құрылымдық, 
перцептивті, экспрессивті, коммуникативті, ұйымдастырушылықты көрсетеді. Сонымен 
қатар ол мұғалімнің жеке басының психологиялық құрылымында жалпы адамзаттық 
сапаны, адамгершілік-психологиялық, әлеуметтік-перцептивті, дара психологиялық 
ерекшеліктер және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бөледі. Практикалық 
іскерліктер мен дағдыларға: жалпы педагогикалық (ақпараттық, мобилизациялық, 
дамытушы, бағдарлаушы), жалпы еңбек (құрылымдық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік), 
коммуникативті (әр түрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас),өздігінен білім алу (білімді 
жүйелеу және қорытындылау, оларды педагогикалық есептерді шешуде, жаңа ақпарат
қабылдағанда қолдана алу). Мұғалімнің профессиограммасында оның жеке басының 
бағыттылығы маңызды орын алады. Оның бағыттылығының сипаттамасына: әлеуметтік-
адамгершілік, кәсіби-педагогикалық, танымдық бағыттылығы жатады. Педагогикалық 
бағыттылық негізі мұғалім мамандығына қызығушылық болып табылады. Оның өзі балаға, 
ата-анаға, педагогикалық іс-әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық 
атағының педагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы, ол педагогикалық іске деген 
қабілеттілік. 
Педагогикалық атақ болашақ педагогтың теориялық және практикалық тәжірибесінің 
толықтырылу және педагогикалық қабілетін өзін-өзі бағалау процесінде қалыптасады. 
Педагогикалық атақ негізіне балаларға деген сүйіспеншілік жатады. Бұл сапа мұғалімнің 
кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайды. 
Осындай сапалар ішінен педагогикалық борыш пен жауапкершілікті атап кетуге болады. 
Педагогикалық борышты біле отырып, мұғалім балаларға, ересектерге көмек жасай отырып, 
өз-өзіне жауап береді, педагогикалық мораль кодексіне сүйенеді. 
Педагогикалық борыштың жоғары түрде көрінуі мұғалімнің арнаулы маман иесі екені 
белгілі болады. Еңбекке деген мотивациялық-бағалы қатынасы көрінеді бұл сапада. Мысал 
ретінде А.С.Макаренко мен В.А.Сухомлинский өмірі мен шығармашылығын жатқызуға 
болады. 
Мұғалімнің әріптестерімен, ата-аналармен, балалармен өзара қатынастары педагогикалық 
такт мәнін түсіндіруге тырысады. Педагогикалық такт көбінесе педгогтың жеке бас 
сапаларынан көрінеді, атап айтқанда, мәдениетіне, еркінен, азаматтық позициясы мен 
кәсіби шеберлігінен. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс қарым-қатынастың негізі 
болып табылады. Педагогикалық такт, әсіресе, педагогтың бақылау-бағалы әрекетінен 
көрінеді, ал оның өзіне ерекше зейінділік пен шындық қажет. 
Педагогикалық шындық мұғалімнің объективтілігін, адамгершілік тәрбиесінің деңгейін 
өлшейтін сапа. 
Педагогтың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын жеке бас сапасы 
оның беделінен көрінеді. 
Жеке тұлғаның танымдық бағыттылығының деңгейінің негізі рухани қажеттіліктер мен 
қызығушылықта. 
Жеке тұлғаның рухани және мәдени қажеттіліктері білімге деген қажеттіліктен туады. 
Педагогикалық өзіндік білім алудың үздіксіздігі – кәсіби дамудың қажетті жағдайы. 
Танымдық қызығушылықтың негізгі факторларының бірі – өз пәніне деген қызығушылық. 
Қазіргі мұғалім ғылымның әр түрлі саласынан хабардар болу керек, ол өз пәнін жақсы біліп, 


әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін білуі керек. 
Сонымен қатар жаңа зерттеулерді, жаңалықтарды, болжамдарды біліп, ғылымның жақын 
және алыс перспективаларын білуі керек. 
Мұғалімнің танымдық бағыттылығының бірі ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениеті. 
Оның негізгі көрінісі – ол диалектикалық бірлікте. Ол кез келген педагогикалық 
құбылыстың 
қарама-қайшылықтарынан 
тұрады. 
Педагогикалық 
құбылыстарға 
диалектикалық көзқарас мұғалімге оны процесс ретінде қабылдауға көмектесіп, жаңа мен 
ескінің күресі негізінде үздіксіз даму болады. 



Педагогиканы басқа ғылымдармен байланыстырыңыз. 
Көптеген тәлім, тәрбиелік сұрақтарды шешуде пәнаралық байланыстар мен педагогиканың 
баска ғылымдармен сабақтастығын білу қажет болып жатады. Осыдан, педагогиканың 
теориялық ойластыру үдерісінде әдіснамалық бастау алдымен философияға беріледі. 
Философиялық тұжырымдар әрқандай ұғым негізі ретінде қызмет етеді. Философия 
тарапынан ұсынылатын теориялық таным принциптері заңдар жалпылығының арқасында 
жанама түрде оқу-үйретім, танымдық іс-әрекет заңдылықтарын, олардың тетіктерін ұтымды 
пайдалануға мүмкіндік береді. Философияның әдіснамалық талаптарына сәйкес 
педагогиканың категориялық және ұғымдық қоры жинақталып, жетіле түседі. 
Аса тығыз байланыс педагогика мен психология арасында орныққан. Бұл байланыс 
зерттеулер нысаны деңгейінде өз көрінісін ежелден тапқан, ол адам психологиясы, өз 
ішінде тұлғаның кемелдену заңдылықтарын қамтыған психологиялық үдерістер. Ал 
педагогика тұлға қалыптасуы мен дамуын басқару заңдылыктарын зерттейді. Адам 
тәрбиелілігі, біліктілігі – бұл адам психикасының (көңіл-күй – еріктік және ақыл-ес 
сапаларының да) белгілі мақсат бағдарында өрістеп, нәтижеге келуі. Психология 
педагогикаға психика дамуын басқарудың әдіснамасын да (мысалы, іс-әрекет принципі) дәл 
нақтылап ұсынады. Педагогикалық деректерді ашу, сипаттау, түсіндіру, жүйелеу үшін де 
психологиялық зерттеу әдістері пайдаланылады. Педагогика мен психолоғияның табиғи 
тығыз байланысты болатынының жарқын дәлелі аралық пәндерден көрінеді: педагогикалық 
және жас ерекшеліктері психологиясы, кәсіби пвдагогикалық іс-қызмет психологиясы, 
педагогикалық жүйелерді басқару психологиясы және т.б. Педагогиканың қай саласы 
болмасын, өз зерттеулерінде өзіне сәйкес психологиялық білімдер қорына арқа сүйейді. 
Педагогика физиологиямен тығыз байланыста. Балалардың тән-дене және психикалық даму 
тетіктерін түсіну үшін бүкіл ағзаның, оның жеке бөліктері мен қызметтік жүйелерінің 
тіршілік заңдылықтарын жете білген жөн. Жоғары жүйке қызметтерінің орындалу 
заңдылықтарын білуден педагогика дамытушы оқу-үйретім технологиясын құрастыруға, 
тұлғаның тиімді дамуын қамтамасыз етуші құрал-жабдықтарды пайымдауға мүмкіндік 
алады. 
Педагогиканың әлеуметтанумен (социология) қызметтік байланысы көптеген ғылыми 
жетістіктердің көзін ашады. Олар – тәлім, тәрбиенің қоғамдық негіздері, тұлғаның 
әлеуметтену зандылықтары жөнінде жалпы теориялық түсініктер беру, отбасы тәлімі және 
тәрбиесі мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу. Келесідей әлеуметтану 
салалары: отбасы социологиясы, тәлім социологиясы, тәрбие социологиясы, шәкірт-студент 
жастар социологиясы және т.б. педагогика ғылымының сыбайлас салалармен тікелей 
сабақтас келеді. Тәрбие және оқу-үйретім үдерістерін зерттеуде педагогикаға информатика 
мен кибернетика жаңа қосымша мүмкіндіктер ашып беруде. Бұл ғылым көздерін пайдалана 
отырып, педагогика оқу-білім игеру үдерістерінің жаңа формаларын ашады (мысалы, 
қашықтан оқыту), тәрбие және оқу-үйретім іс-әрекетін басқарудың тәсілдері мен тетіктерін 
жетілдіреді. 


Педагогика 
ғылымының 
мына 
ғылымдармен 
байланысты: 
Философия – бұл адамды күш идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді. 
● Психология – адамның мінез-құлқын қалай тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін 
іздестіреді. 
● 
Адам 
физиологиясы 
– 
бала 
организміндегі 
жоғары 
Нерв қызметі, тыныс алу, қан және жүрек тамыр жүйесін физиологиялық ерекшеліктерін 
қарастырады. 
● Мектеп гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы 
ғылым. 
● Әлеуметтану – жас ұрпақты дамыту, тәрбиелеу және қалыптастыру проблемаларын 
зерттеу барысында педагогика ғылымы әлеуметтік ортамен тәрбие жайындағы мәліметтерді 
әлеуметтану 
ғылымы 
негізінен 
қарастырып, 
шешім 
қабылдайды. 
● Этнография – белгілі бір халықтың экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін 
тұрмысының 
зерттейді. 
● Археология – өткен ғасырындағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-ғұрып, 
мәдениетін, 
тарихын 
зерттейді. 
Сондай-ақ, педагогика ғылымы медицина, экология, экономика, әдебиет, тарих және т.б. 
ғылымдармен 
тығыз 
байланысты. 
Адам жөніндегі ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың орны оны басқа ғылымдармен 
байланыстыра қарастырғанда ғана айқындалуы мүмкін. Өзінің ұзаққа созылған тарихында 
педагогика көптеген ғылымдармен тығыз байланыста болып, өз дамуы мен кемелденуінде 
олардың әрқилы ықпал-әсеріне ұшырап отырды. Бұл ұштастықтардың кейбірі тарих 
тұңғиығынан жалғасып келе жатса, енді біреулері-кейінгі, жақын дәуірлерде пайда болды. 
Педагогиканың алғашқы байланыс түзген білім салалары-философия мен психология. Бұл 
ғылыми «одақ» қазіргі күнде де педагогикалық теория мен практиканың кең, өрістеп 
дамуының алғы шарты. 



Педагогиканың әдіснамасы ұғымын тұжырымдаңыз. 
Әдіснама («методология» ‒ грек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет