Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет11/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Сауалнама жүргізу
– материал жинауда көпшілікке сауалнама сұрақтары таратылып
зерттелген мәселелер аумағында адамдардан жазбаша жауаптар алу үдерісі. 
Эмпирикалық танымда экспериментті қолданады. 
Педагогикалық зерттеудің эмпирикалық әдісіне сондай-ақ, сұрақ–жауап (интервью, 
тест); қызметтің нәтижесін зерттеу мен бағалау (тәуелсіз эксперт немесе құзырлы сот 
әдісі) және т. б. жатады.
Педагогикалық консилиум әдісі о
қушылардың тәрбиелілігін белгілі бағдарлама арқылы 
және бірыңғай белгілер арқылы талқылау, тұлғаның ерекшеліктерін бағалау, қалыптасқан 
нышандардың мүмкін болатын ауытқулардың себептерін табу немесе сонымен қатар 
басқалармен 
кемшілікті 
жеңу 
құралдарын 
бірге 
талқылауды 
қамтиды. Диагностикалық бақылау жұмыстары әдісі. 
Мұндай жұмыстар жазбаша немесе зертханалық-тәжірибелік сипатта болуы мүмкін. 
Тестілеу зерттеу әдісі ретінде және оның түрлері. 
Педагогикалық тестілеу
мақсатқа бағытталған зерттеу, қатал бақыланған жағдайда, 
арнаулы құрастырылған тапсырма түрінде беріліп, педагогикалық үдерісті объективті 
бағалауға көмектеседі. 
Іс-құжаттарды талдау және зерттеу әдісі.
Іс-құжаттарды талдау және зерттеу – 
зерттелетін үдерістер мен құбылыстар туралы нақты материалдар жинау үшін қажет. 
Педагогикалық 
тәжірибелерді 
зерттеу 
және 
жинақтау 
әдісі. 
Педагогикалық 
тәжірибелерді зерттеу және жинақтау зерттеу жұмысына құнды материалдар береді. 
Зерттеу нысаны ретінде жаппай тәжірибені алуға болады. Алдыңғы қатарлы тәжірибе 
мұғалімдердің жаңашылдығын анықтауға және қорытындылауға себеп болады. 
Ғылыми-педагогикалық танымның теориялық әдістері.
Ғылыми әдіс – ғалымдардың 
өзінің зерттеу жұмысында пайдаланатын категориялардың, құндылықтардың, реттеуші 
ұстанымдардың, білім беру модельдерінің, әрекет үлгілерінің және т.б. жүйесі. 
Ғылыми әдіс
– ғалымның назарын аударған шынайы болмысты зерттеудің құралы. 
Педагогикалық зерттеудің теориялық әдістері: үлгілеу, идеалды нысандарды құру жатады. 
Үлгілеу әдісінің ерекше маңыздылығының нәтижесінде, нақты немесе түрде ол кез келген 
зерттеуде қолданылады. 
Ғылыми зерттеу бағдарламасы. Ғылыми-педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық 
білімді қалыптастыратын танымдық әрекет түрі, оқыту, тәрбиелеу және дамудың объективті 
заңдылықтарын ашуға бағытталған үдеріс Ол объективтілігі, дәлелділігі, нақтылығы 
жағынан сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет