“Маған жақсы
мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің жүрегі”- деп
Ыбырай Алтынсарин атамыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі қоғамдағы мұғалімнің рөлі
шәкіртіне ғылыми негіздерінен
мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім,
ақпарат, экономика кеуістігінен шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге
тәрбиелеу керек.
◈
Ұлы ағартушы
Уильян Уорд
:
"Жай мұғалім хабарлайды, жақсы мұғалім көрсетеді, ұлы
мұғалім шабыттандырады"
, -дейді. Білім алуға құштар
жанды шабыттандыру нағыз
ұстаздың, ұлы ұстаздың ғана қолынан келетін іс. Себебі, қазіргі
жас буын
-
еліміздің келер
күнгі келбеті, болашағы. Мұғалімдік кәсіптің ежелден қалыптасқан баршамыз білеміз. Адамзат
қоғамының қай даму сатысында болмасын оның барлығын ұстаздың арқасы деп
ойлаймын.
Мұғалім
-
елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін,
жас ұрпақты
тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық. Ондай мамандық иесі әрқашан да өресі биік
болып, сөйлеген сөзінен, ойлар ойынан маржандай тізілген ілтипат пен парасаттың өрнектері,
әсемдік әлемі көрінетін,
көкірегі жақсылыққа тола, мейірімді,
білімі біліктілікке ұласқан
ізденімпаз, елжанды, адамгершілігі жоғары адам болу керек. Мұғалім қызметінің ерекшелігі
сол, көптеген мамандықтар секілді педагогтың қолында өлшеуіш
немесе басқаша айтқанда
приборлар жоқ. Оның ең басты жұмысы - оқыту мен тәрбиелеу барысында пайда болған
қарым-қатынасты басқару.
Мұғалім
көптеген нақты жағдайда қысқа уақыттың ішінде ең дұрыс
педагогикалық шешімді таба білуі тиіс, ал мұның өзі әрқашан күрделі. Түптеп келгенде, қоғам
мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалімге үйретуге ең көнгіш кезіндегі адам сеніп
тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын
қалыптастырады.
◈
Достарыңызбен бөлісу: