Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет18/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

ПЕДАГОГИКА 
ӘДІСНАМАСЫ 


қызметті атқарады, себебі дәл осы кезеңде зерттеудің қағидалық бағыты анықталады, оның 
стратегиясы, оның субъектісі мен пәнін анықтаудың әдістері қарастырылады;
нақты ғылымилық әдіснама
– педагогика ғылымына сай келетін зерттеу әдістері, 
зерттеу қағидасы мен рәсімдерінің жиынтығынан тұрады. Ол реттеуші қызметті атқара 
отырып, бір-бірімен нақты зерттеулердің ерекшеліктеріне сәйкес педагогика әдістері мен 
аралас ғылымдарға қажетті жиынтықты құруға мүмкіндік бере отырып, педагогикалық 
зерттеу үдерісі барысында бір мәнді түсінуге қажетті психология, әлеуметтану және т.б. 
ғылымдардың және педагогиканың ұғымдық-түсініктік аппараттың бірегейлігін қамтамасыз 
етеді, демек, нақты ғылым саласындағы теориялық концепцияларды туындатады;
зерттеу әдістемесі және техникасы
(
технологиялық)
,яғни, бір сипатты және 
шынайы эмпирикалық материал жинап, оны алғашқы талдау үшін қажетті болатын 
процедуралар жиынтығы. Оның басты функциясы – инструменталды немесе 
инструменталды технологиялық. Бұл әрдайым нақты көрінетін нормативті сипаты бар, яғни 
тиісті формадағы жоғары мамандандырылған әдіснамалық білімнің деңгейі болып 
табылады. Аталған деңгейдің қызметтерінің дұрыс жүзеге асырылуынан көп деңгейде жеке 
педагогикалық зерттеулердің нәтижесі мен жалпы, барлық педагогикалық ғылымның 
нәтижелерінің қалыптасуы мұқтаж болады. 
Сондай-ақ, ғылыми айналымда төмендегідей педагогиканың әдіснамалық деңгейлері 
де қабылданған:
1-деңгей 
гносеологиялық, 
педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді саралауда 
жалпы ғылыми бағыттарды дұрыс құру мүмкіндігін береді; 
2-деңгей 
көзқарастық,
білім алушының жеке тұлғасының қалыптасу және даму 
факторын, білім беруді, оқыту мен тәрбиелеуді және педагогикалық іс-әрекетті қоғамдық 
құбылыс ретінде қарастырады; 
3-деңгей 
ғылыми-мазмұндық,
педагогика ғылымының заңдарын, заңдылықтарын, 
білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу теориясы мен әдістемесін дұрыс құруға 
көмектеседі. 
4-деңгей 
логико-гносеологиялық,
педагогика пәнін, объектісін, категориясын дұрыс анықтау 
мен дамытуға мүмкіндік береді; педагогикалық теория мен педагогикалық практиканың 
өзара байланысын анықтайды, педагогиканың басқа ғылым салаларымен байланысын, 
фундаментальды және қолданбалы зерттеудің ережелерін қалыптастыруға көмектеседі
педагогиканың дамуын болжайды. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет