2.Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күші
1
2
6
Тұлға дамуының негізгі заңдылықтары мен қозғаушы күшін баяндаңыз.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы
сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеғе келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның
кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі тығып, сөздік қоры молаяды. Бала
көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдык біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге
ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы - оның бойында
болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдык, сезім, моральдық-жігерлік т.б.). Мінез-
құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттілікке
айналады, дербестік пен өз мінез-құлқын билей алу қабілеттілігі артады. Осы және басқа да
өзгерістер адамның жеке тұлға ретінде даму процесін сипаттайды.
Даму – адамның сандық және сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нәтижесі. Даму
нәтижесінде адам биологиялық түр және әлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның
биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді
қамтыған тән- дене дамуынан көрінеді. Ал әлеуметтік даму оның психикалық, рухани,
интелектуал кемелденуінен байқалады.
Дамуды қозғаушы күш –
қарама-қарсылықтар тайталасы.
Қарама-қарсылықтардың
арқасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғыртулар дүниеге келеді.
Қарама-
қарсылықтар
– бұл өзара екі полярлы күштердің бір-біріне сиымсыздығынан туындайтын
диалектикалық процесс. Адам қайшылықтарды іздеп немесе ойдан шығарып, әлектенуінің
қажеті жоқ, олар қадам сайын өмірлік қажеттіктердің өзгеру салдарынан пайда болып
отырады. Табиғатынан адамның өзі де қарама-қайшылықты дүние болмысы. Қарама-
қайшылықтар
барша
адамдардың
дамуына
ықпал
жасаушы
ішкі
және
сыртқы,
жалпы
(әмбебап),
сонымен
бірге
қарапайым материалдық
және
ең жоғары
рухани
қажеттерінің
және оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы қарама-
қайшылықтар әмбебап сипатқа ие. Ішкі қарама-қайшылықтар әр адамның өз болмысына
қанағаттанбауынан туындайды.
Тұлға дамуының педагогикалық мәнін анықтау үшін біріншікезекте «тұлға» түсінігінің
мәнін,
оның «адам»,«индивид» және «даралық» түсініктерімен ара-қатынасын,байланысын
ашуымыз керек. Адам дамуында әрқашан бірбіріменбайланысты екі бағыт бар:
биологиялық және әлеуметтік.«Адам» түсінігі биологиялық мәнді білдіреді. Оған берілген
анықтамалар
өте
көп.
1)Адам(биологиялықтүсінікретінде)тіршілік иесі, өкілі, фило- және онтогенетикалық даму
өнімі.
2)Адам–адамзат қауымдастығыныңбір өкілі, құралдар мен белгілер пайдаланатын және
солар арқылы өзінің жүріс-тұрысын, мінез-құлқын және психикалық процестерін
меңгеретін,
табиғи
шектеушілік шекарасынан шыққан әлеуметтік тіршілік иесі.
3.Күнделікті тұрмыста индивид деп оның өзіне тиесіліерекшеліктері бар нақты бір адамды
айтамыз. Индивидтің ең жалпылама сипаттамалары ретінде психофизиологиялық
ұйымдасуының тұтастығы мен өзіндік ерекшелігін, қоршаған ортамен өзара әрекеттегі
тұрақтылығын, белсенділігін айтуға болады. Әр адам – индивид. Даралық қысқаша
айтқанда, бір адамды екінші адамнанайыратын ерекшелік. Даралық мінез және
темперамент, шығармашылық іс-әрекет және қабілеттеререкшелігіменкөрінеді. Абсолютті
бірдей екі адам болмайды. Яғни,әрадамдыөзіндікерекшеліктері(психикалық,әлеуметтік)
даралық ретіндеқарауымыз керек.
4.Педагогикада және психологияда тұлға және оның даму проблемасы бойынша үш бағыт
болды: биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік. Биологиялық (преформистер) бағыт
өкілдері тұлғаны тек қана табиғи өнім ретінде қарастыра отырып адамның мінез-құлқын,
жүрістұрысын туа біткен қажеттіліктер, инстинктер ықпалы деп түсіндіреді (З.Фрейд).
Адам қоғам талаптарына бағынуға және соның барысында өзінің табиғи қажеттіліктерін
үнемі
басып
отыруға
мәжбүр.
Ол өзіменөзінің осы күресін жасыруүшін «маска киеді» немесе қанағаттандырылмаған
табиғи
қажеттіліктерін басқа бір іс-әрекет түрімен алмастырады дейді. З.Фрейд адамның жүріс-
тұрысы толығымен жыныстықинстинктен (либидо) тәуелді деп есептеді.
5.Әлеуметтік бағыт өкілдері адам биологиялық тіршілік иесібола тұра өмір сүру барысында
өзі қарым-қатынасқа түскен әлеуметтік топтардың ықпалы арқылы біртіндеп әлеуметтенеді
деп есептейді. Тұлғаның даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым онда биологиялық
ерекшеліктері анық көрінеді, бірінші кезекте иемдену, бұзу, қирату, жыныстық және т.б.
инстинктер. Биоәлеуметтік бағыт өкілдері психикалық процестер (түйсік, қабылдау, ойлау
және т.б.) биологиялық негізде, ал тұлғаның бағыттылығы, қызығушылықтары,
қабілеттеріәлеуметтік
құбылыс ретінде қалыптасады деп түсіндіреді
6.Л.С. Выготскийдің анықтамасы бойынша тұлға –белгілі бір функцияларды атқару үшін
пайда болатын психикалық жүйе. Тұлғаның негізгі функциясы – қоғамдық тәжірибені
шығармашылықпен игеру және адамды қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне енгізу. Тұлға
тек іс-әрекетте, қарым-қатынаста қалыптасады, өмір сүреді және өзін-өзі көрсетеді. Адамзат
баласы адам болып туса, тұлға болыпқалыптасады. Тұлғаның мәнді сипаттамалары:
1)
дүниетанымының
мазмұны,
психологиялық
мәні;
2)
дүниетанымының,
сенімдерінің
тұтастығы;
3)
қоғамдағы
өз
орнын
сезіну
деңгейі;
4) қажеттіліктер мен қызығушылықтар сипаты және мазмұны;
7.Тұлға дамуы, процесс ретінде, индивидтің психофизиологиялық ерекшеліктерімен, оның
өзінің
белсенділігімен, ішкі қарама-қайшылықтарымен және сыртқы әлеуметтік жағдайлармен
шартталады. Оны Л.И. Божович «ішкі даму процестері мен сыртқы жағдайлардың өзінше
үйлесімі» деп атап көрсетеді. Б.Г. Ананьевтің тұжырымдауынша адам даму көптеген
факторлардың өзара әрекетімен шартталады: тұқымқуалаушылық, қоршаған орта
(әлеуметтік, табиғи), тәрбие және оның өзінің іс-әрекеті.
8.Тұқым қуалайды:орталық нерв жүйесі қасиеттері (күш, жылдамды және т.б.), бет әлпеті,
түсі, ауру түрлері және т.б.кейбір мінез сипаттарының (экстраверсия,интроверсия,
агрессивтілігі т.с.с.) тұқым қуалауы туралы бір жақты пікір жоқ.Тұлға дамуын зерттеудегі
педагогика үшін ең маңызды мәселелер –интеллектуалдық, арнайы қабілеттердің және
моралдік қасиеттердің тұқым қуалауы.Қабілетті тұлғаның жеке-психологиялық ерекшелігі,
белгілі бірісәрекетті нәтижелі орындау шарты десек, нышанды қабілетті дамытуға қажетті
потенциалдық мүмкіндіктер деуге болады. Эксперименталдық зерттеу нәтижелері қабілет
емес,
тек
нышандар
тұқым
қуалайды
деген тұжырымды дәлелдейді.
9.Интеллектуалдық қабілеттердің тұқымқуалауы туралы мәселе көп сұрақтар туғызады.
Көптеген ғалымдар адамның интеллект деңгейі оның шыққан тегінен тәуелді емес дейді.
Дегенментұқымқуалаушылықтың адамның интеллектуалдық дамуынакері әсерін тигізуі
мүмкін
екендігін мойындау қажет. Мысалы, нашақорлардың, маскүнемдердің миларындағы
өзгерістер, тұқым қуалайтын кейбір психикалық аурулар баланың интеллектуалдық
дамуына кері әсерлерін тигізеді.Арнайы нышандардың тұқым қуалайтыны бүгінгі күні
күмән келтірмейтін мәселе. Арнайы нышандарға жататындар: математикалық,музыкалық,
спорттық және т.б.
1
2
7
Тәрбие мен дамудың өзара байланысын дәлелдеңіз.
Нәсілдік пен қоршаған орта ықпалдары тәрбиемен қажетті бағдарға келтіріледі. Тәрбие —
табиғаттан болған кемшіліктер мен ортаның зиянды әсерлерін «жөндейтін» — басты күш.
Осы тәрбиеге ғана байланысты қоғамға толыққанды тұлға келеді. Тәрбиенің тиімділігі оның
мақсат бағдарлы, жүйелі болуымен бірге кәсіби маманданған басшылықтан. Тәрбиенің
нәтижелілігі оның адам санасына негізделіп, және сол адамның өзінің қатысуын талап
етуінде. Ал онымен бір уақыттағы нәсілдік және орта ықпалы ырықсыз, санадан тыс жүріп
жатады. Осы жәйттөрге орай адамның қалыптасуындағы тәрбиенің рөлі, орны,
мүмкіндіктері айқындалады. Тәрбие күші (тиімділігі) әр түрлі бағаланады, бұл бағалардың
шектері өте кең. Қолайсыз нәсілдік нөмесе қоршаған ортаның келеңсіз ықпалы басым
болса, тәрбие нәтижесі мәнсіз, тіпті жоқтың қасы. Ал қолайлы жағдайларда — адам
табиғатын өзгертіп, оны керекті бағытта қалыптастыруда бірегей де ең күшті құрал —
тәрбие. «Бәрі тәрбиенің қолында» деп жар салған педагогикалық төория өзін ақтамады.
Тәрбиемен, әлбетте, көп нәрсеге жөту мүмкін, бірақ адамды толығымен өзгертуге оның
күші жетпейді. Адам-дар тағдырында тәрбиенің әрқилы үлесі бар: көзге көрінбейтін
әсердөн ең жоғары мүмкіндіктерді дамытуға дейін. Орынды ұйымдастырылған тәрбиенің
маңызды
міндеттерінің бірі — қабілеттері мен табиғи мүмкіндіктеріне сәйкес адамды дамыту және
оның бейімділігі мен дарынын ашып, айқындау. Табиғаттан берілген нышандарға арқа
сүйеген жағдайда ғана тәрбие қажет болған сапалардың дамуын қамтамасыз ете алады. Егер
табиғи ерекшөліктөр ескерілмесе, тәрбие нәтижесін күту — босқа кеткен еңбек. Бұған
жарқын мысалдар бар. Зерттеуші Н.И.Ладыгина-Котс өз сәбиімен бірге маймылдың
баласын қоса тәрбиелеуді жоспарлапты. Тамақ, режим, күтім, ойындар және тағы басқалар,
яғни өмірлік шарттар екеуіне де бірдей болған. Маймыл баласы сәбиге болған
жағдайлардың бәрінде теңдей жасаса да, адамға тән болған бірде-бір психикалық сапаны
меңгере алмаған. Адам дамуына ықпал жасай отырып, тәрбие сол дамудың өзіне тәуөлді
келеді, сонымен бірге дамудың әр деңгейінөн жаңа бастаулар алып отырады. Осыдан даму
мен тәрбиенің күрделі диалектикалық өзара қатынасы көрінеді. Тәрбиенің тиімділігі
баланың тәрбие ықпалдарын қабылдауға деген дайындық деңгөйінен байқалады.
Адамдар тәрбие ықпалына теңдей түсе бермөйді. Әрқилы адамдар, әртүрлі жағдайлардағы
тәрбиелік ықпалдар күшін әртүрлі қабылдайды. Тәрбиеге икемдік әр балада әрқилы: кей
балалар жылдам әрі көп еңбектенбей-ақ тәрбие жолына түседі, ал екінші бір балаларды
көзделген мақсатта тәрбиелеу көп еңбек сарп етуді қажет қылады. Тәрбиелеушілер
тарапынан болатын сыртқы күштерге, яғни тәрбиеге қарсылық — соңғы нәтижеден күні
ілгері дерек береді. Сондықтан, тәрбие үдерісіндегі нақты жағдайлар мен адамдар
арасындағы
қарым-қатынас
үлкен
маңызға
ие.
Тәрбиелік ықпал күші бірнеше шарттар мен жағдайларға тәуелді. Танымал педагогжәне
психолог Л.С.Выготский (1896-1934) тәрбие мақсаттары мен әдістері тек қана баланың
дамып жетілген деңгейіне сәйкес болып қоймастан, баланың енді жеті-сетін, «өң жақын
даму» аймағына да сәйкес болу заңдылығын ашты. Мұндай деңгей екеу: 1) нақты даму
аймағы, 2) жетілуі қажет даму аймағы. Бұл деңгейлерді келесідей белгілеріне қарай анықтау
мүмкін. Бірінші деңгейде бала тапсырманы өз бетінше орындайды, ал екінші деңгейде оны
өз бетінше атқара алмайды, сондықтан оған ересектердің жәрдемі қажет. Жақсы тәрбие —
бұл даму алдынан жүретін тәрбие. Тәрбиенің міндеті алдымен «жақындатылған даму
өрісін» түзіп, оны кейін «нақты даму алаңына» ауыстыру. Әрдайым тұлғаны
қалыптастыратын дамуды өз жетегіне алған — тәрбие. Мұндай тәрбие әлі пісіп жетілмеген,
бірақ тіктелу шағына түскен үдерістерге бағытталады. Балалардың мейлі тән-денелік, мейлі
ақыл да-муы болсын, ешқайсын да шектен тыс асықтыруға, олардың іс-әрекетін
ойластырмай, көлем жағынан көбейтуге және күрделендіруге болмайды. Зерттеулердің
көрсеткеніндей, жас балалардың көбі алты жастан жүйелі оқуға қатысуына болады. Бірақ,
бұл жаста бастаған оқу сабақтары ерекше ұйымдастыру, қажетті қозғалыс, дем алу,
тамақтану
жағдайларын
қамтамасыз
етуді
талап
етеді.
Сонымен.адам дамуы тәрбиеге негізделеді. Ол табиғат және қоршаған орта толтыра алмаған
кемшіліктерді түзейтін басты күш. Тәрбиенің ықпалды болуы оның мақсат
бағдарлылығына, жүйелілігіне, маманданған басшылығынатәуелді. Бірақ, тәрбие
мүмкіндіктері кейбір жағдайларда шектеулі болады.
1
2
8
Педагогтың тұлғасы және оның кәсіби құзыреттілігін көрсетіңіз.
Қазіргі замандағы жағдайлардағы кәсібиліктің өсуі маман құзыреттілігінің кәсібилік
мәселесін ерекше қарастырады. Кәсіби құзыреттілікке- тұлға маманның интегративті
сапалар, білім, шеберліктер және дағдылар жүйесін, типтік міндеттерді шешу амалдарын
талдау жатады. Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру тұлғаның әртүрлі қасиеттерінен, оның
негізгі қайнар көзі оқу және субъективті тәжірибесі болып табылады. Кәсіби құзыреттілік
үнемі ұмтылысты жетілдіруді сипаттайды. Құзыреттіліктің психологиялық негізі өз
біліктілігін көтеру, кәсіби дамытуды дайындауды қажет етеді. Педагогикалық кәсіп бір
уақытта басқарушы және өзгеруші болып табылады. Тұлға дамуын басқару үшін құзыретті
болуы
қажет.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің түсінігі педагогикалық қызметті жүзеге асыруға
дайындықты және оның кәсіби сипаттамасын көрсетеді. Педагогтың дайындығының
мазмұны қандай да бір мамандық бойынша –педагог құзыреттілігінің нормативті моделі,
кәсіби білім, шеберліктер мен дағдылар құрамын бейнелейді. Құзыреттілік сипаттамасы-
бұл
теоретикалық
және
тәжірибелік
деңгейде
талаптарды
жалпылау.
Психологиялық- педагогикалық білім оқу бағдарламасымен анықталады. Психологиялық-
педагогикалық
дайындық
әдіснамалық
негіз
жайлы
білім
және
педагогика
категорияларынан тұрады, тұлға дамуы мен әлеуметтану заңдылықтарын; тәрбие мен
оқытудың технологиялары, мақсаттары, мәні; балалар, жасөспірімдердің анатомиялық-
физиологиялық және психикалық даму заңдарын да көрсетеді. Ол мұғалім –тәрбиелеуші
ойлауына негізделген. Психологиялық-педагогикалық және арнайы (пән бойынша) білім-
қажетті, алайда кәсіби құзыреттіліктің жеткілікті жағдайы емес. Теоретикалық-практикалық
және әдіснамалық білім, интеллектуалдық және практикалық шеберліктер мен дағдылардың
алдын-алу болып табылады. Педагогикалық шеберлік- бұл теоретикалық білімге
негізделген
әрекеттер
жиынтығы.
Педагогикалық шеберліктердің мәні ішкі құрылымды түсінуді қажет етеді, яғни
әрекеттердің бір-бірімен шарттасқан байланысы деп түсіну қажет. Бұл өз кезегінде
педагогикалық шеберліктер мен практикалық мақсатта мүмкіндіктерді ашады. Мысалы:
«әңгімелесуді өткізу» шеберлігі бөліктерге бөлінуі мүмкін: тақырыпты анықтау,
қызығушылықтарды адекватты бейнелеу, оқушылардың қажеттіліктерін анықтау,
тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу амалдарын және
әдістерін, түрлерін таңдау және т.б. Тура осы сияқты басқа да шеберліктерді анықтауға
болады.
Педагогтың
әлеуметтік-психологиялық
бағыттарының
маңызды
сипаттамасы
педагогикалық центрация болып табылады. Центарция- бұл педагогтың педагогикалық
процесстегі әртүрлі жағын көрсететін бағыты. Центрацияның 6 типі бөлініп көрсетіледі:
конформды- әріптестерінің ойлары, қызығушылықтарына центарциясы; эгоценрлік-өзінің
«Мен» қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына центрация, әдістемелік немесе танымдық
центрация. Оқыту әдістері мен амалдыран, мазмұнына назар аудару, администрация
талаптарына
центрация.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің түрлері. Маман кәсібилігі нақты бір кәсіпке
байланысты, кәсіби құзыреттілік түсінігі арқылы сипатталады. Құзыреттілік – адам
қабілеттілігі мен шеберліктері арқылы белгілі бір еңбек функцияларына ие болады. Кәсіби
еңбекті орындау жайлы айтқанда, оның жоғарғы деңгейде жүзеге асуы жайлы
айтылады.Құзыреттілік- кәсіп талаптарына сәйкес дара сипаттама. Құзыреттілік жайлы
адам еңбегінің нәтижелері жайлы айтуға болады. Кәсіби құзыреттілік педагогтың
субъективті факторы болып табылады. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі түсінігі мұғалімнің
жеке мүмкіндіктерін көрсетеді. Осылайша, педагог құзыреттілігі педагогикалық қызметтің
теоретикалық және практикалық дайындығын жүзеге асырады. Кәсіби құзыреттіліктің
әртүрлі классификациялары бар. Жоғарыда аталған классификациядан басқа арнайы-
педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, педагогтың ауто психологиялық
және дифференциалды- психологиялық құзыреттілік, сол сияқты кәсіби құзыреттіліктің 4
түрі бар: 1. Арнайы құзыреттілік, 2. Әлеуметтік құзыреттілік, 3. Тұлғалық құзыреттілік, 4.
Дара құзыреттілік.
Педагогтың арнайы құзыреттілігі деп кәсіби қызметті жеткілікті деңгейде жоғары деңгейде
игеру, кәсіби дамуды жобалау. Әлеуметтік дағдылар біріккен кәсіби қызметке ие болу
(топтық, кооперативті), сол сияқты кәсіби қарым-қатынас амалдарынқабылдау. Әлеуметтік
дағдылар адамдарға қоғамдық өмір ережелерін және нормалар арқылы орындайды.
Педагогтың әлеуметтік құзыреттілігі өз кәсіби еңбегінің нәтижесін қабылдау.
Педагогтың тұлғалық құзыреттілігі –бұл тұлғалық өзін-өзі дамыту амалдарын игеру.
Педагогтың даралық құзыреттілігі- бұл кәсіп негізінде даралықты өзін-өзі жүзеге асыру
амалдарын игеру. Сол сияқты мамандардың дара құзыреттілігі дара өзін-өзі сақтау
қабілеттілігі, өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра алу. Әртүрлі зерттеулер бойынша кәсіби
құзыреттілігі бойынша келесі блоктар бөлінеді:
Арнайы білімдерге қатысты құзыреттілік (арнайы немесе арнайы – педагогикалық және
әдістемелік)
— Әлеуметтік әсерлермен байланысты құзыреттілік (әлеуметтік құрамына,
әлеуметтік-психологиялық құзыреттілік)
— Өзін-өзі тану аймағындағы құзыреттілік және басқа адамдардың дара
ерекшеліктерін түсіну. (дара немесе дифференциалды- психологиялық құзыреттілік)
— Тұлғалық өсу және өзін-өзі жетілдіру қабілеттілігі (тұлғалық немесе
аутопсихологиялық құзыреттілік).
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі жайлы оның еңбек процессі және еңбек нәтижесі бойынша
талдауға
болады.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің еңбегі- мұғалім еңбегі, бұл жерде педагогикалық
қызмет, педагогикалық қарым-қатынас, мұғалім тұлғасын жүзеге асыру. Педагог қызметі,
педагог қарым-қатынас және мұғалім тұлғасын өзін-өзі жүзеге асыру мұғалімнің еңбек
процессін сипаттайды.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің компоненттері. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі
маманның тұлғасының педагогика аймағында және психологияда да ғылыми-теоертикалық
білім жүйесін енгізеді. Педагогтың кәсіби құзыреттілігі – бұл көпфакторлы құбылыс, оған
мұғалімнің теоертикалық білімі және нақты педагогикалық жағдайға қолданылатын
амалдар жүйесі, педагогтың құндылық бағдары, сол сияқты оның мәдениетінің интегративті
көрсеткіштері кіреді (қарым-қатынас стилі, сөйлеу, өз қызметіне қатынасы және т.б.).
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің келесі компоненттерін бөліп қараймыз: мотивациялық-
еріктік, функционалды, коммуникативті және рефлексивті.
Мотивациялық-еріктік компонент: мотивтер, мақсат, қажеттіліктер, құндылық- бағдарлар,
тұлғаның кәсіптегі шығармашылығын стимулдау жатады. Функционалды (лат- орындау)
компонент білім түрінде көрінеді, педагогикалық қызмет амалдары түрінде көрініс табады.
Коммуникативті (лат. байланыстымын, қарым-қатынас жасаймын) компонент анық және
нақты өз ойларын айту, сендіру, аргументациялау, талдау, рационалды эәне эмоционалды
ақпаратты беру, тұлғааралық байланысты құру, өз әрекеттерін келістіру, ұйымдастыру және
диалогты қолдау жатады.
Рефлексивті (ерте лат.- өткенге қарау) компонент саналы түрде өз қызметінің нәтижесін
және өзінің даму деңгейін, тұлғалық жетістіктерін бақылау. Өз бойында креативтілікті,
инициативтілікті, өзін-өзі талдауға бейімділікті қалыптастыру. Рефлексивті компонент
тұлғалық жетістіктерді реттеу, адамдармен қарым-қатынаста тұлғалық мәнді іздеу, өзін-өзі
басқару, кәсіби өсу, шеберліктерді жетілдіру болып табылады.
Шетелдік кәсіби педагогикада құзыреттілікті анықтауда өз бетінше және жауапты әрекет
етуге назар аударады. А.Шелтен кәсіби құзыреттіліктің негізгі компоненттерін бөлу болып
табылады:
— Әлеуметтік құзыреттілік- топпен қызмет жасау; өз еңбегі бойынша жауапкершілікті
қабылдау, кәсіби оқу амалдарын игеру;
— Арнайы құзыреттілік-өз бетінші нақты қызмет түрін орындауға дайындау, типтік
кәсіби міндеттерді шешу және өз еңбегінің нәтижесін бағалау, мамандық бойынша білім
шеберліктерді өз бетінше шешу;
— Индивидуалды құзыреттілік-үнемі біліктілігін арттыруға дайындық және өзінің
кәсіби еңбегін жүзеге асыру, кәсіби рефлексияға қабілеттілік, кәсіби дағдарыстарды жеңу
және кәсіби деформацияларды жеңу.
Кәсібилік тұлғаның жүйелік қасиеті ретінде. Кәсіпкер- адамның тұлғасы өте ұзақ
теоертикалық оқу және практикалық қасиеттеріне бейімдеу. Психологиялық әдебиеттерде
тұлғаның кәсіби қасиеттеріне бірнеше көзқарастар бар. Мысалы, Э.Ф.Зеер кәсіпкер
тұлғасында 4 құрылымды бөліп көрсетеді. 1. Кәсіби-маңызды психофизиологиялық қасиет
(нейротизм, экстраверттілік, реактивтілік және т.б.). 2. Кәсіби-маңызды сапалар құрылымы.
3. Кәсіби құзыреттілік құрылымы. 4. Кәсіби бағыт құрылымы.
Кәсібилікті білім, шеберліктер деңгейінің жоғарылығы деп қана емес, психиканың
ұйымдастырудың жүйесі ретінде де қарастыру қажет.
Кәсібилікті «кәсіби-бағдарланған» тұлға құрылымымен байланысын қарастыра отырып,
кәсіби тәжірибе, кәсіби құзыреттілік және кәсіби жарамдылық негізі болатынын көреміз.
Кәсібиліктің даму деңгейінің келесі кезеңдерін бөлуге болады:
а) кәсібилікке дейінгі, адам жұмыс жасайды, алайда кәсібиліктің нағыз деңгейіне жетпеген,
оның нәтижелігі жоғары емес.
б) кәсібиліктің нағыз кезеңі, адам кәсіпкер болады, жоғарғы нәтижелер көрсетеді, бұл кезең
фазалардың ауысуымен байланысты.
в) суперкәсібилік кезеңі немесе шеберлік кезеңі- кәсіби жетістікке жетудегі шыңына
жақындау.
г)өз-өзін реттеу қабілеттілігі және стресске тұрақтылық;
д) кәсіби біріккен әрекет ерекшеліктері. Нәтижелік критериінің негізінде қосымша
көрсеткіштерді қолдану мүмкін. Адамның кәсібилік процессінде белсенді рөлін есепке ала
отырып, О.П. Паваренков бөлген 3 жалпылау критерийлеріне сүйенеді:
1.
Кәсіби өнімділік критерийі адам кәсібилігінің деңгейін және оның әлеуметтік-кәсіби
талаптарға сәйкестігін сипаттайды. Бұл критерий нәтижеліктің объективтік
көрсеткіштерін сипаттайды.
2.
Кәсіби біртектілік критерийі адамның кәсіптегі маңыздылығын және кәсіби қызметке
деген қанағаттанушылығын және өзінің дара өсуін сипаттайды. Ол субъективті
көрсеткіштер негізінде бағаланады. Адамның кәсіппен біртектенуі кәсіби Мен-
тұжырымдамасы жолымен жүреді. Кәсіби «Мен-тұжрымдамасы» кәсіби ұйым, кәсіби
мәдениет, сол сияқты кәсіби норма, ереже, дәстүр негізінде жүзеге асады.
3.
Кәсіби ересектік критерийі, адамның өзіндік кәсіби мүмкіндігін және қажеттіліктерін
кәсіби талаптарын жатқызамыз. Мұнда кәсіби өзін-өзі бағалау операционалды –
қызметтік және тұлғалық аспектті бөліп қарайды. Біріншісі өзін субъект қызметінің
бағасымен байланысты және ол кәсіби шеберліктер деңгейінде көрінеді (шеберліктер
мен дағдыларды қалыптастыру). Екінші аспект өзінің тұлғалық сапаларын бағалауда
көрініс табады.
Кәсібилік, жүйелік бағыттар жағынан қарауға, статистикалық емес, динамикалық болуы
қажет.
Нақты зерттеулердің көрсетуінше, кәсібиліктің құрылымдығы өзгерістер болады. Бұл
процесс уақыт аралығындағы байланысты қосады. Кәсіби қызмет сипаттамасының
тұрақсыздығымен ерекшеленеді. Ксәібиліктің дамуының интенсивтілік даму фазасы.
Қызмет
дағдыларын
қалыптастыруға
қарай
жаңа
элементтерді
қосады.
Педагогикалық шеберлік- бұл оқытушылардың кәсіби қызметінің жоғарғы деңгейі. Ол
сырттай
табысты
шығармашылық
шешімдер
арқылы
көрінеді.
Оның нақты сыртқы көрсеткіштері болып: орындаудың жоғарғы деңгейі, оқытушылардың
жұмыс
сапасын,
оқыту
нәтижесінің
жетістіктері
жатады.
Ішкі педагогикалық шеберлікке- білім, дағды, шеберліктер, психикалық процесстер, тұлға
қасиеттерінің педагогикалық және ұйымдастырушылық қабілеттер, темперамент
көрсеткіштері психикалық процесстер ерекшеліктері, психологиялық дайындық жүйесі
жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |