Бірінші бөлім ағымдағы жағдайды талдауға арналса, екінші бөлім осы саланың проблемаларын айқындауға арналған, ал үшінші бөлімде халықаралық тәжірибе туралы жазылған. Төртінші бөлім негізгі қағидаттар мен тәсілдерді зерделеуден тұрса, бесінші бөлім үздіксіз білім беруді дамыту үрдістері мен пайымына арналған. Сәйкесінше алтыншы бөлімде осы тұжырымдаманы жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер баяндалса, жетінші, яғни қорытынды бөлім тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын қамтыған. Қазақстанда үздіксіз білім беру жүйесінің бірнеше принципі бар. Олардың ішінде барлық
категориядағы ел азаматтарына олардың жасына, жынысына қарамастан білім алудың
барынша қолжетімді болуы, әр түрлі деңгейдегі білім беру салаларының бір-бірімен
жалғасқан түрде әзірленуі, азаматтардың қажеттіліктеріне сай қашықтықтан білім алу,
онлайн дәрістер т.б. қамтамасыз ету, білм беру мекемелеріндегі оқу бағдарламаларының
заманауи еңбек нарығының сұранысына, әлемдік стандарттарға сай келуі сияқты
басымдықтар бар.
Қазіргі таңда интернет-комминикация құралдарының өркендеуімен түрлі білім беру платформалары да пайда болуда. Қазірдің өзінде дәстүрлі емес, яғни қашықтықтан өзі тұратын мемлекетіне қарамастан интернет арқылы түрлі оқу орындарында, онлайн мектептерде қосымша білім алып, арнайы дипломға қол жеткізетін мүмкіндік берілген. Бұл қазақстандық білім беру жүйесіне өз ықпалын тигізбей қоймайды. Тіпті қазіргі коронавирус пандемиясы кезінде адамдардың үйде жұмыс істеуі, бос уақыттың пайда болуы сияқты факторлар әлемдік деңгейде қашықтан білім алу, әр түрлі дағдыларға машықтану сынды тәсілдердің дамытуда. Отандық білім беру жүйесі де осы көштен қалыспай өз қызметін заман талабына сай бейімдеуге күш салғаны жөн. Қазақстанда білім беру жүйесінде шешімін толық таппаған өзекті мәселелер жетерлік. Бұл
сарапшылар тарапынан да жиі көтеріліп, айтылып келеді. Біз де осы мақала аясында келесі
бірқатар өзекті мәселелерге тоқтала кеткенді жөн көрдік. Біріншіден ел азаматтары
арасында дипломның емес білімнің культін қалыптастыру қажет. Қазір мектеп бітірген көп
жасты қандай мамандықтың болашағы жарқы екендігі емес, қандай мамандық бойынша
мемлекеттік грантты ұтып алуға болатыны, диплом алып шығуға мүмкіндік беретін сала
қызықтырады.