Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз


Бұл білім беру жүйесінің, ел азаматтарының білім сапасына кері әсер ететін өте маңызды



Pdf көрінісі
бет6/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Бұл білім беру жүйесінің, ел азаматтарының білім сапасына кері әсер ететін өте маңызды 
фактор. Алтыншыдан әр түрлі деңгейдегі білім беру жүйесінің (орта білім, жоғары білім) 
өзара үйлесімділігі маңызды. Өйткені бұл кешенді дамытылатын мәселе. Жақында естіген 
бір диалогты осы жерде жаза кетейін. Бір университеттің ұстазы мектепте сабақ беретін 
ұстазға «Бізге түскен түлектеріңнің білімі нашар екен. Қалай сабақ бергенсіңдер?» десе 
мектеп ұстазы «Өйткені оларға сендерде білім алған мұғалімдер сабақ беріп жүр ғой» деп 
жауап қатқан екен.
Қорытындылай келген үздіксіз білім беру жүйесі заман талабына сай келетін маңызды 
бастама. Бірақ оны толыққанды жүзеге асыру жолында әлі күнге шешімін күткен мәселелер 
бар. Осы мәселелерді кешенді түрде, кезең-кезеңмен іске асырған кезде елдегі білім жүйесі 
де өркендей түсері анық. 



Педагогтың сөйлеу мәдениетін сипаттаңыз. 
Біз күнделікті өмірде жазғаннан гөрі, ауызша көп сөйлейміз. Соның ішінде мұғалімнің 
сөйлеу тілінің сапасына сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы кіреді. Дүние есігін 
ашқан жас бала сөз сөйлеуді, тыңдауды үлкендерден үйренеді. Балаға, оқушыға сөйлеп 
үйренуде қоршаған орта, яғни мұғалімдер, қоғамдық орындар, мектеп, балабақша, т.б. 
тікелей әсер етеді. 
Ауызша сөйлеудегі дағдыланудың ең қажет сатысы – сөз. Сөйлеу тілі арқылы мұғалім 
оқушыға білім нәрін құйып немесе түрлі сөздермен оқушылардың санасын қалыптастыруға, 
таным деңгейін арттыруға, тіл арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйретеді. 
Сөйлеу тілінсіз мұғалім – мұғалім емес. Сондықтан да мұғалімдер үшін сөйлеу тілінің 
ерекшеліктері, маңызы өте зор болып саналады. Адамға ауа қандай қажет болса, мұғалімдер 
үшін де сөйлеу тілі сондай қажет. Дей тұрғанмен, әр мұғалімнің өзіндік тіл ерекшеліктері, 
дауыс ырғағы, тәжірибесі, мимикалық іс-әрекеті де әртүрлі. 
Мұғалімнің сөйлеу тілінің негіздері – ауызша сөйлеу мен жазбаша тіл. Сонымен қатар 
дауыс ырғағы, үні, дауыс күші, интонация, сөздердің дұрыс байланысып, сөйлемнің дұрыс 
құрастырылуы, анық естілуі, дұрыс сөйлеу, тіл тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлігі, ой 
тиянақтылығы жатады. Бұлардың қатарына мұғалімнің дикциясын, яғни дұрыс дыбыстап 
айтуын да жатқызамыз. Мұның барлығы да сөйлеу тілінің негізгі элементтері әрі сабақтың 
сапасын арттырушы қасиеттері болып табылады. 
Кез-келген мұғалімнің сөйлеу тілінің деңгейі жоғары болуы үшін алдымен педагогтік әдеп 
пен ұстаздық шеберлік қажет. Болған немесе болатын оқиға, пікір-талас, ой 
қорытындысына байланысты мұғалімнің сөйлеу тілі де біркелкі, біржақты емес, әр қырлы 
болып отырады. Болашақ мұғалім оқу орнында жүргенде-ақ өзінің бойында ұстазға тән 
қасиеттерді қалыптастыра бастау керек. 
Оқушылар қазіргі жаһандану заманында ғылым мен техника, қоғамның үздіксіз дамуын 
назардан тыс қалдырмайды, ал әрбір жаңалыққа құштар мұғалім сыныптағы ахуалға, тосын 
жағдайларға тез арада бейімделіп, шешімін тауып, әділ бағалап отыруы тиіс. 
Дикциясы жақсы мұғалімді оқушылар да асқан қызығушылықпен тыңдайды. Мұндай сабақ 
қызықты өтеді. Сондай-ақ сабақты қызықты өткізіп қана қоймай, мұғалім мен оқушы 


арасындағы тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді, яғни дикция – мұғалім 
мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты тығыз орнатудың сатысы. Дикцияның түрлері өте 
көп. Өте жақсы дикция деп үні жағымды, орфоэпиялық заңдылықты білетін, сөзі анық, 
интонация, екпін, т.б. кідірістерде мәнерлеп оқып, байыпты, қалыпты сөйлеуді айтамыз. 
Мысалы, сабақ барысында да бір сөзді 25 балаға айтқызсақ, сол сөздің 25 түрлі айтылғанын 
естиміз. Сонымен қатар бір адам бір сөйлемді әртүрлі естіп, дауысын, үнін, интонациясын, 
т.б. өзгертіп, сан құбылтып айта алады. Мұғалім сабақ түсіндіргенде, ойын жеткізгенде, 
әртіс сияқты мың құбылып, шамасы келгенше, оқушының зердесіне құюға тырысады. 
Мұғалім үшін тағы бірден-бір қажет нәрсе – интонация. Өйткені әр жағдаятқа келгенде, 
бірқалыпты сөйлей бермей, оқу, оқыту, жағдайында құбылта, келтіре, ұқсата сөйлеу керек. 
Ешбір заңдылықты сақтамай, бірқалыпты сөйлеп өткізген сабақ оқушының 
қызығушылығын төмендетеді, сабақты толық түсінуіне де кедергі келтіреді. 
Мұғалім аузыекі сөйлеп қана қоймай, дауыс ырғағы мен дикциясы арқылы оқушы санасына 
әсер етіп, «тағы қандай қызықты дүниелер айтады екен» деген ой туғызып, сабақты одан әрі 
жандандыра түсуге ықпал етуі тиіс. 
Сухомлинский «Тәрбие өнері дегеніміз – ең алдымен, сөйлей білу, адам жүрегіне жол таба 
білу өнері. Мұғалім сөзі – шәкірт жүрегіне жол табуда теңдесі жоқ құрал» деген. Бұл сөзде 
расында да үлкен шындық бар. Өйткені сабақ мұғалімнің сәлемдесуімен басталып, 
қоштасуымен аяқталады. Демек, сыныптағы негізгі тұлға – мұғалім. Сондықтан да сыныпта 
оқушының сөйлеу тілін қадағалаумен бірге, мұғалім өзінің тіліне де ерекше мән беруі 
керек.Дұрыс сөйлеген мұғалім әрқашан да оқушыларына үлгі болады. Әр оқушы тәрбиені, 
тәртіпті, үлгіні өз ұстазынан алуға ұмтылады, соған ұқсағысы келеді. 



Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіндегі орнын көрсетіңіз. 
Жалпы педагогика — адам тәрбиесі заңдылықтарын зерттеп, барша типтегі тәрбиелік 
мекемелердегі оқу-тәрбие процесінің жалпы негіздерін теориялық тұрғыдан қарастыратын 
іргелі ғылыми пән. жалпы педагогика төрт бөлімнен тұрады. 1) оқу-тәрбие процесінің 
негіздері; 2)дидактика (оқу теориясы); 3) тәрбие теориясы; 4) мектептану. Жас кезеңдер 
педагогикасыпедагогиканың мектепке дейінгі және мектептік жүйелерін өз алдына бөліктеп 
қарастырады. Олар өсіп келе жатқан әулеттің белгілі жас тобына байланысты оқу-тәрбие іс-
әрекеттері ерекшеліктерін бейнелейтін тәрбие заңдылықтарын зерттейді. Мектепке дейінгі 
педагогика — отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектепжасына дейінгі балалар 
тәрбиесін зерттейді Мектеп педагогикасы мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу мен 
оқытудық мақсаттары мен міндеттерін, әдістері мен принциптерін, формаларын, мазмұнын 
және 
нәтижесін 
айкындайды. 
Мектеп 
педагогикасы төрт 
бөлімнен 
тұрады. 
Олар:1.Педагогиканың жалпы негіздері 2. Тәрбие теориясы.3. Дидактика.4. Мектептану 
(басқару теориясы).Дидактика — педагогиканың негізгі тарауларының бірі. Дидактика 
оқытудың заңдылықтарын қарастырады. Сондықтан ол "Нені оқыту керек?", "Қалай оқыту 
керек?", "Не үшін оқыту керек?" деген сұрақтарға жауап береді. Жалпы дидактиканың 
негізгі міндеттері оқыту процесінің заңдылықтарын ашу, білім берудің мазмұнын анықтау, 
оқытудық тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын іздестіру, жастардың таным 
ынтасы мен қабілетін дамыту, дуниеге көзқарасты қалыптастыру, олардың өмір 
тәжірибесіне 
дайындалу 
тәжіриберін 
зерттеп, 
шешу. 
Педагогика өзінің атауын гректің баланы жетектеуші деген сөзінен алған. Ең 
алғашқысында бұл сөз құл қожаның баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, 
кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие- қоғамның кейінгі 
ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір 
келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ен алдымен өткен ұрпақтардың жинаған 


әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Өсіп келе жатқан балалардың әлеуметтік 
тәжірибені игеруі үшін – делдал- ұстаз, мұғалім керек. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, 
белгілі бір ақиқат саласындағы білімдерді жүйеге келтіреді. Пән- бұл нақтылы ақиқаттың 
мәнің құрайтын негізі. Педагогика қоғамның тәрбиелік қызметін жүзеге асырумен 
байланысты ғылым. Демек, педагогикалық іс-әрекет обьективтік шындықтың барлық 
жақтары, 
педагогиканың 
нысанасы 
болады. 
Педагогика пәні- индивидтің өткен ұрпақтарының әлеуметтік тәжірибені меңгеруі оқу және 
оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық процесс болып табылады, тұлғаның 
қалыптасуы 
олардың 
белсенді 
қайта 
өзгерткіш 
әрекетіне 
байланысты. 
Педагогика ғылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жасерекшелік педагогикасы, 
мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогикамен білім берудің тарихы, 
салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер 
әдістемесі және әлеуметтік педагогика жатады. Жалпы педагогика педагогикалық процес 
пен білім берудің заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелік педагогика анатомиялық және 
физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес 
педагогикалық 
процес 
пен 
білім 
берудің 
ерекшелігін 
зерттейді. 
Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика 
құрайды, онда жалпы – бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет 
әдістері, 
ал 
жеке 
ерекшелік 
берілетін 
сабақ 
пәнінің 
мазмұны. 
1. Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық 
процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді 
жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни 
практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы 
саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Педагогика адам 
туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, пән педагогикалық мақсаттылық және 
тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пын. 
2. Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни ілімдерде, 
саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп 
шыгуы белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика 
ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ ХІХ-ХХ ғасырлардағы зерттеулер 
педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. 
Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам 
психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика- тұлғанын дамуын басқаруды 
зерттейді.Ойлаудың іс-әрекетті мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық білімдерсіз мүмкін 
емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін 
болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге 
педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, 
жұптық 
салыстыру 
және 
тағы 
басқалар) 
пайдаланады. 
"Методология” грек тілінен аударғанда "әдіс туралы” ғылым деген мағынаны білдіреді. 
"Метод” "әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни 
методология мағынасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан 
методология- зерттеу процесі туралы ілім ретінде де түсіндіріледі. Бұл ілім жалпы 
методология, ғылыми ұғысның, теориялық негізі, ретінде дамуы мүмкін. Сонда бұл 
нақтылы философиялық жүйемен байланысты. Ғылыми методологияны жетілдірудің 
бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің 
ерекшелік сипатына, оның нақтылы ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және 
методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдіс дегеніміз мазмұнның 
қозғалысы, құбылыстың мәнің ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс 
жасалмайтындығын баса көрсетті. 



Педагогикалық әдіснаманың деңгейлерін тізбектеңіз. 


Педагогика әдіснамасы – педагогикалық шындықты бейнелейтін педагогика теориясы мен 
құрылымы жөніндегі білімдер жүйесі, принциптері және білімдерді алудың тәсілдері, осы 
білімдерді алудағы және бағдарламаларды, логикасы мен әдістерін негіздеудегі, арнай 
педагогикалық 
зерттеулер 
сапасын 
бағалаудағы 
іс-әрекет 
жүйесі. 
Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастырудың әдіснамалық талаптары, педагогикалық 
құбылыстардың ішкі заңдылықтары мен қозғаушы күштері бірқатар ғалымдардың 
еңбектерінде дәлелденген: Ю.К.Бабанский, С.А.Баранов, М.А.Данилов, В.И.Журавлев, 
Н.В.Кузьмина, 
М.Н.Скаткин, 
И.Т.Огородников, 
т.б. 
Әдіснаманың 
деңгейлері: 
Бірінші 
деңгей 
– 
философиялық 
ілімдер. 
Екінші деңгей – жалпы ғылымдық әдіснама (жүйелік, іс-әрекеттік тұрғыдан қарау, ғылыми 
зерттеулердің түрлі типтерінің сипаттамасы: зерттеудің болжамы, объектісі, пәні, мақсаты, 
міндеттері, 
т.б.). 
Үшінші деңгей – нақты ғылымдық әдіснама, яғни белгілі бір арнайы ғылыми пәнде 
қолданылатын әдістердің, принциптердің жиынтығы. Мысалы, педагогиканың өзінің 
әдіснамасы 
бар, 
т.б. 
Ғылыми-зерттеу 
жұмысының 
түрлері: 

конспект; 

реферат; 

курстық 
жұмыс; 

дипломдық 
жұмыс; 

ғылыми 
баяндама, 
т.б. 
2. Ғылыми зерттеу әдістерінің мәні және жіктелуі: педагогикалық бақылау, эксперименттік 
бағалау әдістері, модельдеу әдістері, сауалнама, анкета, әлеуметтік әдістер. 
Зерттеу әдістері – объективті дүние құбылыстарының заңдылықты байланыстарын ашуға, 
ақиқатты танып-білуге көмектесетін зерттеу міндеттерін шешу амалдары, тәсілдері. 
Зерттеу 
әдістері: 
- эмпирикалық әдістер: бақылау, эксперименттік бағалау, сауалнама, сұхбат (интервью), 
анкета, 
іс-тәжірибелерді 
зерттеу, 
құжаттарды 
зерделеу; 
- теориялық әдістер: модельдеу әдісі, әдебиет көздерін зерттеу, статистикалық әдістер. 
Педагогика ғылымында педагогикалық зерттеу әдістерінің жүйесінің көлемі кең. Таным 
процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. 
Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар 
барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, анализ және синтез, 
эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дедукция; бұлардың 
әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми 
танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді. 
Кез келген ғылымның даму жетістігі оның әдіснамасы мен теориясының деңгейімен 
анықталады. Ғылыми-зерттеу жұмысында әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен 
тығыз байланысты. Әдіснама «грек тілінен аударғанда «әдіс туралы ғылым» деген 
мағынаны береді. 
Сондықтан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет