Байланысты: Педагогикалық кәсіптің жалпы сипаттамасы
Осыған орай Еуропалық кеңес кез келген мамандарға қажетті деген бес білікті белгілеп отыр: Өзіне жауапкершілікті ала алатын, өз бетімен шешім қабылдауға шамасы келетін, демократиялық институттардың жұмыс істеп, дамуына атсалысатын саяси жəне əлеуметтік білік.
Қоғамда басқа ұлттар өкілімен, оның мəдениетімен, дінімен түсіністікте қатар өмір сүре алатын, ұлтқа, нəсілге бөле бермейтін, кемсітушіліктің бас көтеруін төзбейтін көп мəдениетті қоғамда өмір сүру білігі.
Қоғамдық өмірде жəне жұмыста қажетті тілідерді ауызша жəне жазбаша түрде меңгеру білігі. Яғни, қоғам қазір əр адамның, əр маманның бірнеше тіл білуін талап етуде.
Қоғамдық ақпараттардың пайда болуына байланысты біліктер жаңа технологияларды меңгеріп, олардың тиімді жəне тиімсіз жақтарын білу, ақпараттарға, Интернет хабарларына, жарнамаларға сыни көзқараспен қарай алу білігі.
Өмір бойы тек қана өз мамандығы бойынша ғана емес, сондай-ақ қоғамдық жəне жеке бас өмірінде де үнемі оқу, үйрену білігі.
Осы аталған біліктер қалыптасу үшін: пəнді оқытуды неғұрлым проблемаға бағытталған ету; оқытуда рефлексивті жолды, тəсілді кең қолдану; тіл үйренушілерді қойылған сұрақтарға жауап бере қана қоймай, курс бойынша өзінің жеке сұрақтарын құрай алуын қадағалау; оқушының дербес түрде оқуына жағдай тудыру; сабақтағы мұғалім мен оқушының рөліне қайта, жаңа тұрғыда қарау.
Өмір бойы оқу, үйрену, іздену сияқты қасиеттер қазіргі таңда кез келген адамның қоғамдағы икемділігін, іскерлігін қамтамасыз етеді, оның жетістіктерге қол жеткізуіне жəне əлеуметтік жағынан қорғалуына негіз болып табылады. Яғни мектепте алынған білім, білік дағдыларын өмір бойы ары қарай толықтырып, дамытуға əр оқушы өзі ынталы болуы керек.
Осыған сəйкес біздер жаңа типті мектептердегі пəн мұғалімдерінің төмендегідей жалпы педагогикалық іскерліктерді игеруін атап өту керек: педагогикалық қабілеттіліктің негізгі өзегі болып табылатын мұғалімнің балаларға деген ықыласы, оқушылармен қарым-қатынасы жəне олармен жұмыс жасауға деген қажеттілігі; оқушылардың жас ерекшеліктеріне негізделген білімді айқын, шамаға лайықтап беру жəне сөздік қабілеттілігі; жеке тұлғаның жағдайын, оның əлсіз байқалатын көңіл-күй ерекшеліктерін түсіну мен оқушының əлеміне ену бойынша педагогикалық байқағыштығы; оқушыға тікелей, эмоционалды ықпал етудегі қабілеттілігі, оларға берілген тапсырманы орындауға талап қоюдағы еріктік қабілеттілігі; əрбір оқушымен жəне оқушылар ұжымымен дұрыс өзара қатынасты орнатудағы коммуникативті қабілеттілігі.
Оқушымен кез келген сəтте сөйлесуде педагогикалық тактіні игеруі; оқушылардың өзіндік іс-əрекетін ұйымдастырудағы ұйымдастырушылық қабілеті; мұғалімнің ұстамдылық жəне өзін игеру, ізденушілік т.б. жеке тұлғалық сапаны меңгеруі; өзінің сезімі мен көңіл-күйін басқару жəне оқушылардың оқу іс-əрекетінің жағымды психологиялық жағдайы үшін тиімділікті тудыру қабілеттілігі; өзінің əрекеттерінің нəтижесін көре білудегі педагогикалық елестете алуы; өзінің іс-əрекетін, сынып ұжымының жəне жекелеген оқушы жұмысын бір мезетте байқай алатын қабілеттілігі.
Шетел тілі пəнін оқыту барысында арнайы педагогикалық қабілеттіліктер мен сапаға зейін аудару қажет.
Шетел тілін меңгерту, оқыту, оған қызықтыру көп ізденіс пен шығармашылық еңбекті қажет етеді. Негізінен сабақ үстінде белгілі дағды мен қабілет қалыптастыру арқылы танымдық қызығу пайда болады. Оқу үдерісінде əр түрлі тəсілдер қолдану арқылы сабақты жаңаша əдіс-тəсілмен өткізіледі. Сабақта оқушының қызығу ынтасының төмендеуіне төмендегідей себептер əсер етеді: ойлау үрдісінде, миына көп салмақ түсіру; сабақты бір сарынды өткізу; жазба жұмыстарын мөлшерден тыс жиі жүргізу; нашар оқитын оқушыға көп көңіл бөліп, сабақты созып жіберу.
Ағылшын тілі пəнін оқыту барысында тақырып нақтыланып, студенттерге қойылатын талаптар айқындалды. Студенттерден пəн бойынша тапсырмаларды шешу əдістемесін жоспарлауда, оны жүзеге асыруда белсенді жұмыс талап етілді, практикалық сабақ барысында іскерлік ойындар жүргізілді. Практикалық сабақ тұрғысында алған білім, дағды, іскерліктерін шыңдалады.