Мұғауина М. О «Іскери-шешендік тіл дамыту» мәтіндер жинағы Атырау, 2014 Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының кеңесінде баспаға ұсынылды



бет6/14
Дата25.12.2016
өлшемі1,86 Mb.
#5263
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

ЖЕТІ ЖАРҒЫ
Тәуке хан тұсында (1680-1718) атақты «Жеті Жарғы» дүниеге келген.

Тәуке хан қырық атадан үздік шыққан 40 биді таңдап, солармен ақылдасып, қорытындысында «Жеті Жарғыны» жүйелеген. Солардың ішінде шыққан қара судан қалқыған, таңдайынан жарылған әйгілі билер Үйсін Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке ел есінде сақталған. Және де осынау қасиетті іске Тобықты Әнет, Жағалбайлы Шеген би, Шақшаұлы Жәнібек, Есет, Қырғыз елінен Қоқым би, Қара Шыбын би, Қарақалпақтан Сасық би арқылы сол елді басқарып отырған. Тарих сахнасына Билер кеңесін әкелді.



Әз Тәукенің заңдары.
1-жарғы. Көтеріліс жасап, бүлік шығарған кісілерге өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы мемлекеттің бүтіндігі талабынан туды).

2-жарғы. Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы халықтың орта мүддесі – елдің бүтіндігін қорғаған біртұтас қоғамдық сананың жемісі).

3-жарғы. Мемлекет ішінде жазықсыз кісі өлтіргендер өлім жазасына бұйырылсын. (Бұл жарғы да жабайылықтың төменгі сатысына тән кісі өлтірушілікке тыйым салған және мәдениеттіліктің белгісі ретінде танылуға тиіс өте елеулі жаңалық).

4-жарғы. Өзге біреудің әйелін зинақорлық жасап, ақ некені бұзушыларға өлім жазасы бұйырылсын. (Бұл жарғы да шаңырақтың бірлігін қамтамасыз еткен, неке парызына адалдықты талап еткен маңызы зор жаңалық).

5-жарғы. Өреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге өлім жазасы бұйырылсын. (Ол кезде «Ер қанаты – ат» елдің, мемлекеттің соғыс күші ретінде бағаланады).

6-жарғы. Төбелесте мертігудің түріне қарай төмендегіше мүліктей құн төленсін:

А) Біреудің көзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса, қыздың қалыңын береді.

Б) Төрт мүшесінің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді.

7-жарғы. Ұрлаған жылқы өзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып төлеттірілсін.

Қасым хан (1511-1523) мен Есім ханның (1598- 1645) ережелері, билік – кесімдері негізінде жасалған. Мінсіз, кіршіксіз қанатты сөздер баршамызға аян.


ӘЛЕУМЕТТІК–ТҰРМЫСТЫҚ ШЕШЕНДІК
Әлеуметтік-тұрмыстық шешендікке бүгінде мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында, қабір басында айтылатын сөздер жатады. Оның түрлері: бата беру, көңіл сұрау, көңіл айту, естірту, азалы, қаралы жиындарда жан тебірентер қоштасу, түрлі мүшелтойға, мерейтойларға қатысты құттықтаулар.

Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздердің әулеттің, отбасының ауқымындағы жиын тойларда да әсері мол. Бүгінде түрлі құттықтауларда да шешендіктің асып төгілетін сөз үлгілерін қолдану – ұлттық шешендік дәстүрдің жалғастығының куәсі.


Бата беру – жақсылыққа жол ашады, ырыс-ынтымаққа шақырады.

Бата дегеніміз не?

Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», - деп айтып кеткен ғой. Бата беру - адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.

Ата-бабаларымыздың өсиетнамасы-ақ батаның шығу тарихы әлі терең зерттелген жоқ. Алайда бірқатар тіл мамандары: «Бата – арабтың «фатеке» деген сөзінің қазақша айтылу түрі», - дейді. Яғни, бата – фатекенің мағынасы: алғыс айту, ақ ниет, ақ тілек білдіру. Ақ бата – ұлтымыз үшін теңдесі жоқ асыл сөз. Ал сөз – бүкіл адамзат тарихындағы құдіретті күш. Өзінің адал жаны, бүкіл рухы, өткен тарихы сөзге тығыз байланысты қазақ халқы ақ батаның ізгі сөздеріне сүттей ұйып, оның құдіретті күшіне шексіз сенеді. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Аллаһ Тағалаға жол іздеп, оны Жаратқан Иеміздің рұқсатымен бастау үшін әуелі ниетін түзеп, бүкіл ойын, тілегін шар болаттай сығымдап, сөз арқылы бір арнаға құйып, Раббымыздан «Ісімді оңғара көр»,-деп сұрайды, басқаға тілек айтып, бата бергенде де оның қабыл болуын Аллаһ Тағаладан тілейді. Олай болса, тілек айту, бата беру – Аллаһ Тағалаға жол іздеудің, онымен байланысудың Ғаламдық күш-құралы, дүниетанымымыздың ұлттық бір жүйесі. Ақ бата – қазақ халқы үшін – Ой, Ниет, Тілек, Істің жиынтығы, барлық наным-сенімнің бірлігі. Сол себепті, қазақ халқы көне – көк түрік заманынан қазірге дейін өзінің барлық ізгі істерін ақ тілекке толы ақ батамен бастап келеді, келешекте де әр қадамын ақ батамен аттайтын болады.



Бата – негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Қазақ баталары соның үлгісінде айтылатын бір түрі. Батаның қысқасы да, ұзыны да болады. Түрлері де әртүрлі. Мұның бәрі бата берушінің шешендігіне, ақыл-ой, парасатының дәрежесіне тығыз байланысты. Егерде сөздері асыл болса, ол ақ ниетпен айтылса, қысқа батаның да, ұзын батаның да қадір-қасиеті, құдіретті күші бірдей. Тек оның қабыл болу – болмауы жалғыз ғана Аллаһ Тағалаға аян

Батаның негізгі түрлері: Ақ бата; Теріс (қарғыс) бата; Серттесу батасы (баталасу).

Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан өсиетнама, Аллаһ Тағаладан мейірім-шапағат сұрау, қазақтың қасиетті тұмары. Ақ батаның негізгі мақсаты – ағайынның бір-біріне деген мейірім-шапағатын, сүйіспеншілігін білдіру, бірін-бірі ынтымақ-ырысқа, береке –бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу, келешекте жүзеге асырылатын мақсат, мүдделерді белгілеу. Соған сәйкес, ақ бата көбінесе мынандай жағдайларға байланысты беріледі: жаңа туған нәрестеге, өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен бір істі қолға алушыларға, жорық-шеруге аттанушы сарбаз-сардарларға, түрлі жақсылықтарға арнап жасалынған тойларға, аруақтарға арналған асқа, жауын тілеген тасаттыққа, жиналған егінге, садақа, құрбандыққа, қонақасыға, күздік, соғымға сойылған малға, сойылған соғым басына, қонақасыға, Наурызға (Наурыз бата), Жаңа жылға, мүшел жасқа, дастарқанға, Ораза ұстағандарға (Жарапазан бата).

Теріс бата – қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Мұндай батаны әке-шешесі сенімін ақтамай, үлкен ұятқа қалдырып, әулетін, ата-тегін масқаралаған, өздеріне қолы, тілі тиген, дінін, тілін, Отанын сатқан, жауыздық, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып тұрып берген. Батаның бұл түрі ел ішінде өте сирек қолданылады. Теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалып келген. Ата-анасының теріс батасын алғандарды халық жек көрген, оларға сенім артпаған, қонаққа шақырмаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұртты жинап, Аллаһ Тағаладан теріс батаны өзгерту сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса, ата-анасы: «Теріс батамды қайтып алдым», - деп айтқан. Адамдар қаншама ашуланып, қорланып, намыстанса да теріс бата беруге асықпағаны, теріс бата беруден сақ болғаны, теріс батаға мән бермей, айтып қалудан бойын аулақ ұстағаны абзал. Өйткені, «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады».

Серттесу батасы (Баталасу) – құдалықта, серт пен уәдеде, елшілікте, ел арасындағы маңызды үлкен шараларда жасалатын жол. Ол – хан, ақсақалдар, билер алдында, аруақ орнында да жасалып, қол алысылып орындалатын ғұрып. Оны бұзу, яғни, «бата бұзу» - қарғыспен тең. Қазақ баталасуды – елдіктің, тектіліктің, азаматтық қасиеттің белгісі деп таниды. Этнограф – жазушы Сейіт Кенжеахметұлы баталасуға байланысты мынандай бір оқиғаны айтады: «Шақшақ қайтыс болғанда (ХVII ғасыр) оның жас әйелі Сомалтынды жақын қайнысы Әйдеркеге қосады. Осы Сомалтынның Шақшақтан туған жас баласы Есназар мен Әйдеркеден туған Жылқыайдар екеуі енелес. Екі бала бірге өсіп, ер жеткеннен кейін елдің басты адамдары жиналып: «Сомалтын қасиетті, өнегелі ана болды. Бұдан былай одан туған Есназар мен Жылқыайдар бір ананың баласы болғандықтан, қанша ата өтсе де, бір-бірінен қыз алыспасын, өмір бойы туыс болып саналсын», - деп, қол жайып, аруақ атын айтып, баталасыпты. Міне, сол бата арада 400 жылдай уақыт өтіп, арасы 12 атаға толса да, әлі бұзылған жоқ».

Батаны кімдер береді?

Бата көбінесе жастарға беріледі. Бата беретіндер: көпті көрген құрметті ақсақалдар мен кемеңгерлер, дуалы ауызды билер, атақты адамдар, өз ісінің хас шеберлері. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Халқымызда батырларға, билерге ардақты аналардың да бата берген кезі көп. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батаның өз қисыны бар. Оның айтылатын да, айтылмайтын да жерлері болады. Және де қуаныш пен тойдың ретіне қарай соған лайықты бата беріледі. Қазақта ұлы үйленгенде атасы, ол болмаса, сол әулеттің үлкені, әкесі бата беруге тиіс. Той иелерінің қалауымен екі жасқа бата беруді басқа да үлкен кісілерден сұрауға болады.

Қазақта: «Өз ісінің шеберінен бата алса, соған тартып, батасын алған жас та шебер болады», - деген сенім бар. Бұл орайда Х.Досмұхамедұлы былай дейді:

«... Қазақ қауымы арасында өз ісінің шын шебері, мәселен, би, ақын, зергер т.с.с. табиғат сыйлаған дарын-өнерін басқа біреуге ақ батасы арқылы мирас етіп қалдыра алады деген сенім кең таралған. Сондықтан да осындай атаққа немесе өнерге ыңғайлы, икемі барлар сол саланың атақты өкіліне аттанады және қайтсе де оның көңілін тауып, ақ батасын алуға тырысады. Қазақ арасындағы белгілі бір би, атақты ақын, аруақты бақсы не зергер пәленшеге, түгеншеге өзінің ақ батасын беріп, ақыл-өсиетін айтыпты, сонан соң ол да би, ақын, бақсы не зергер болыпты, дегендей аңыз-әңгімелер орасан көп. Бұл – батаның бір түрі.

Батаның тағы бір түрі – ас-дәмге ризашылығын білдіріп, рахметін айту. Әрбір қонақ өзіне арналып сойылатын қойға батасын беріп және әр дастарқаннан кейін үй иесіне рахметін білдіріп отыруы шарт... Әдетте, батаны қонақтардың ішіндегі ең жасы үлкені береді және ол көбінесе өлең түрінде болып келеді...»

Х.Досмұхамедұлы. Аламан. Алматы, «Ана тілі», 1991, 21 бет.

Ел есіндегі баталар

Халық арасында ғасырлар бойы сақталып келе жатқан да атақты баталар бар. Ол оның тәлім-тәрбиелік маңызының, өлең болып өрілу шеберлігінің өте жоғарылығынан, көркемдігінен екені мәлім. Солардың ішінде Төле бидің Қойгелді батырға берген батасын, Анасының Райымбек батырға берген батасын, Шәукенің Бөлтірік шешенге берген батасын, Соқыр Абыздың Жәнібек батырға берген батасын, Қарасай батырдың балаларына берген батасын, Бауыржан Момышұлының батасын, Кененнің келіндеріне берген батасын халық жыр қылып айтады. Негізінен, Қарасай батыр балаларына ақ батасын өсиетімен қоса айтып, қалдырған.


Қарасай батырдың батасы

- Жақсы қыз-жағадағы құндыз, жақсы ұл – көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алыңдар. Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы, көпке салса – дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Алдымен еліңнің, жеріңнің қамын ойлаңдар, сөзіме терең бойлаңдар. Елемеген ауру жаман, ескермеген жау жаман, еліріп кеткен дау жаман. Қара қылды қақ жаратын, елінің ығын табатын, көпті ұйытатын әділ биді қастарыңа алыңдар!

Биік төбеге шықсаң – көзің ашылады,

Жақсымен жолдас болсаң – көңілің ашылады.

Ақылды бимен болсаң – дауың басылады,

Хас батырмен бірге жүрсең – жауыңды қашырады.

Құтты адаммен қоңсы қонсаң – аруағыңды асырады.

Арың жақсы болса – сөзің елде тұрады.

Балаң жақсы болса – елінің асыл шырағы.

Қызың жақсы болса - өрісті болар тұрағы.

Жақсы жан ешкімді жатырқамайды.

Жан жолдасың ешуақытта алдамайды.

Әңгүдік жаман ғана сөзіңді тыңдамайды.

Арғымақ аттың баласы аз оттап, көп жусайды.

Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды.

Жала сөз тірідей қаралайды,

Жақсы сөз дем берер,

Күш-қуат, ән берер.

Болат қайнауда шынығады, ер ат үстінде көп жүріп,

Ел үшін аз тынығады.

Бұл айтқанымның көбісі – бұрынғы өткен атам қазақтан қалған асыл сөз. Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын! Батам қабыл болсын! Жортқанда жолдарың болсын! Әумин!

Қазақта дәмге, тойға арналған баталардан басқа, берілген сыйды алғаннан кейін де айтылатын бата, сақтық батасы дейтін де баталар кездеседі. Осы баталардың ішінде ел есінде көптен бері сақталып келе жатқан сақтық батасының, той батасының түрлері аз емес.


Сақтық батасы

Уа, құдайым, тілегімді қабыл ет,

Иманымды кәміл ет!

Тозақта жанған оттан сақта,

Қаңғырып тиген оқтан сақта.

Парақор соттан сақта,

Кірлі сумен жуыстан сақта,

Ынтымақсыз туыстан сақта,

Қара жүрек бақылдан сақта.

Көк айыл қатыннан сақта.

Кеудесін керген келіннен сақта.

Мезгілсіз келген өлімнен сақта.

Ұятсыз қызыңнан сақта.

Түнеріп атқан таңнан сақта,

Жаңбырсыз болған жазыңнан сақта.

Қарсыз мұздақ қысыңнан сақта.

Жастарында әдеп жоқ,

Құр айғай, шуыңнан сақта.

Алдыңнан бақытың ашылсын,

Қызыр Ілияс барлық пәлені қашырсын.

Аллаһу акбар!

Қазақтың батасы көбінесе өлең түрінде өріліп, ол: «А, құдайым оңдасын, Желеп-жебеп қолдасын», «Уа, Жаратқан Ием құдірет, Тілегімді қабыл ет», «Ақ батамды берейін, Арта берсін мерейің», - деген сөздермен басталып, сөз түріндегі баталар: «Батыр бол», «Бай бол», «Бақытты бол», «Ақ сақалды, сары тісті (түсті деп те айтады) қария бол», «Қосағыңмен қоса ағар», «Үбірлі-шүбірлі бол», «Алла Тағала пәле-жаладан сақтасын», - деген ақ тілекпен де аяқталады. Дастарқанға бата бергенде оны «Дастарқаның мол болсын, абыройың зор болсын!», «Бақ берсін, бас берсін, өміріңе ұзақ жас берсін!», «Дастарқаның берекелі болсын, өмірлерің мерекелі болсын!», - деп те қайыратындар бар.

Бата берілген кезде жиналған жұрт та қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!», - деп айтып, тыныштық сақтауға, бір-бірімен сөйлеспеуге, ыржалақтап күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті.

Кейінгі кезде Мұзафар Әлімбаев, Фариза Оңғарсынова, Тұтқабай Иманбеков, Сейфолла Оспанов, Оразақын Асқар, Сейсен Мұқтарұлы тәрізді ақын-жазушыларымыз асқа, тойға, әртүрлі қуанышқа, жас келін, ұл-қызға арналған баталар жазып, оны халық жаттап алып, қуаныш-қызықтарында айтып жүр.




Жас жұбайларға бата (Фариза Оңғарсынова)

Сезімнің пәктігін берсін,

Көңілдің ақтығын берсін,

Жылулы отбастарыңа

Сәбидің шаттық үнін берсін!

Пейілдерің тарылмасын,

Есіктерің жабылмасын,

Шаршап-шалдыққандар

Төрлеріңде дамылдасын!

Көлденең кеселден,

Күңкіл өсектен сақтасын,

Дау-жанжалдан сақтасын,

Достан көңіл қалғаннан сақтасын!

Шайтанның азғыруынан,

Елдің жазғыруынан сақтасын,

Асып-тасқаннан сақтасын,

Алшаң басқаннан сақтасын!

Отауларың елге сән болсын,

Өмірлерің бал болсын,

Бибі Фатима анамыздың аруағы

Өздеріңе жар болсын!

Әумин!


Адалдық, ақ ниет, ақ тілек, ақ бата өміріміздің мәні мен сәні болсын, ағайын!
ҰЛЫ ӨЛМЕГЕН РУДА ЖОҚ
Шоқанның өлімін естірту

Шоқан шетте жүргенде Тезек төренің қызын алады екен. Шоқан ауырып жүргенде:



  • Еліңнің жақсы, білікті адамдары кім? – деп Тезек төре сұрайды екен.

  • Елімнің жақсы адамдары – Сасықтың Тоқсанбайы, Жандос баласы Келдібек, Зілғараның Әлібегі, - дейді екен Шоқан.

Осы айтқандарын Тезек жазып алып отырыпты да, Шоқан қайтыс болған соң: «Шыңғыс хандарыңның сүйікті ұлы Шоқан қайтыс болды. Хандарыңа қалай естіртесіңдер, өздерің біліңдер», - деп хат жазған екен. Мұны естіген соң қасына он бес шақты адам ертіп Келдібек Шыңғысқа келіпті, үйіне түсіп, әңгімеге айналдырып отырып, ханға сұрақ қойыпты.

  • Хан, жанды да не қымбат? – депті Келдібек.

  • Жанды да адам қымбат, - депті Шыңғыс.

  • Жансыз да не қымбат?

  • Жансызда гауһар қымбат.

  • Гауһар тас пен адамның қайсысы қымбат?

  • Әрине, адам қымбат, - дейді де Шыңғыс басын көтеріп алып, - япырай, мұнда мал басы аман еді, мына сұрағың қалай шығып барады, Шоқанжаным жолда жүр еді, бір хабар болды ма? – дей беріпті.

  • Хан ием, дұрыс айттың гауһар тас қымбат, жеті қабат жер астынан, су астынан жуылып шыққан зат қой, сол асыл тасты бір адам тауып шыға бергенде, тас иесі шығып: «Тас менікі!» - деп жармасыпты, сол тас қайсысынікі болуы керек? – депті.

  • Әрине иесінікі болуы керек, - депті Шыңғыс.

Сонда Келдібек отырып:

Ұлы өлмеген руда жоқ,

Қызы өлмеген Қырымда жоқ.

Қатыны өлмеген халықта жоқ.

Ағасы өлмеген аймақта жоқ

Інісі өлмеген елде жоқ,

Әкесі өлмеген әлемде жоқ.

Шешесі өлмеген пенде жоқ,

Аққу ұшып көлге кетті,

Дуадақ ұшып шөлге кетті.

Құдай сізге гауһар тас беріп еді,

Оны иесі өзі әкетті.

Шоқан деген баламыз

Бәріміз баратын жерге кетті, - деп естіртіпті. Шыңғыс жылап отырғанда, Әлібек қасына келіп: - Әй, Шыңғыс! Мұңсыз жалғыз Құдай, жеті ұлыңның бірін бермейтін Құдай болайын деп пе едің, бас өксігіңді, сүрт көзіңді, көтер басыңды, - деген екен.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет