Мұғауина М. О «Іскери-шешендік тіл дамыту» мәтіндер жинағы Атырау, 2014 Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының кеңесінде баспаға ұсынылды



бет1/14
Дата25.12.2016
өлшемі1,86 Mb.
#5263
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы

Мұғауина М.О

«Іскери-шешендік тіл дамыту»

мәтіндер жинағы

Атырау, 2014

Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының кеңесінде баспаға ұсынылды. (№2 хаттама, 11.06.2014 ж.)
Құрастырушы: Мұғауина Марина Олжағалиқызы – Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау,біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының бөлім меңгерушісі, қазақ тілінің оқытушысы
Мұғауина М.О. «Іскери-шешендік тіл дамыту» мәтіндер жинағы. – Атырау, 2014. – 76 бет.

Бұл көмекші оқу құралы мемлекеттік тілді оқытатын оқушылар мен мемлекеттік тілді үйренуші барлық мемлекеттік қызметшілер мен жеке тұлғаларға арналған.

Көмекші оқу құралына би-шешендердің шешендік сөздері, қазақ халқының салт-дәстүрлері, ырым-тыйымдары, ұлттық киімдері, тағамдары, ән-күй аспаптары, ойындары, көне қалалары, ою-өрнектері, ұлттық ойындары туралы мәлімет берілген.

Берілген мәтіндер тыңдаушылар үшін түсінікті, мағынасы терең.



Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы, Мұғауина М.О., 2014


«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар?»

Н.Ә.Назарбаев
АТАДАН ЖЕТКЕН АСЫЛ СӨЗ
Шешендік сөздер – халық даналығынан туған мұра. «Өнер алды – қызыл тіл» деп сөзге үлкен мән беретін біздің халқымыз шешендерді үлкен құрмет тұтқан. Шешендер ел арасындағы қарым – қатынасты реттеуге де, қоғамдық - әлеуметтік мәселелерді шешуге де араласып отырған.


Төле би, ер Қазыбек, тілді Әйтеке

Асқар тау Қазығұрттай білімді еді

Бірі – күн, бірі – туған айдай болып

Заманға сәйкесімен келіп еді.



Төле би.

«Елінің береке – бітімін құдіреті мен қасиетін, асқар етсем деп» толғанып армандаған, қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер, Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі, «Жеті Жарғы» заңдарын жасаушылардың көрнекті өкілі, Ұлы жүздің төбе биі, жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте айбын-айбатымен жеңіске жұмылдырушы, отырықшылыққа үндеушілердің алғашқысы Төле биге осылайша баға берілген «Төле бидің тарихы» дейтін дастанда.

Төле Әлібекұлы қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданының Жайсаң жайлауында 1663- 1756 жылы дүние табалдырығын аттаған. Араб, парсы тілдерін жақсы білген. Өз елінің, өзге халықтардың әсіресе, шығыстың аңыз- әңгімелерін, қисса-дастандарын еркін меңгерген. Ән-күй, ақындық өнерді құрметтеген. 15 жасынан бастап ел билеу ісіне ынтасы ауған. Ардақты істерімен, асыл қасиеттерімен, асқан әділдігімен, кемеңгерлік ғибрат- кеңестерімен, «даналық шешімдерімен» қазақ елін көркейтуге бар қажыр- қайратын жұмсаған ғұлама заманында «Қарлығаш әулие» атанған.

* * *


Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол!

Бір елдің атасы болма,

Бар елдің данасы бол!

Бір тонның жағасы болма,

Көп қолдың ағасы бол!

Ақты ақ деп бағала,

Қараны қара деп қарала.

Өзегің талса өзен бойын жағала.

Басына іс түссе көпшілікті сағала.

Өзіңе - өзің кәміл бол.

Халқына әділ бол,

Жауыңа қатал бол!

Досыңа адал бол! – аумин, деп бата беріпті.


* * *

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы,

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы,

Қызың жақсы болса,

Жайқалып өскен құрағы

Әйелің жақсы болса,

Бірінші – иманың,

Екінші – жиғаның

Үшінші – ырысыңның тұрағы.

* * *


Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек.

Бірлікті ойлаған соң тірлік керек.

Ағайынға ала көз бола қалсаң,

Аузыңнан несібеңді біреу жемек.


ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК


Ұлттық сана мен тілінің, рухы мен арман мұратының ұшан-теңіз ұлылық қасиеттерін ересен қуат - құдіретімен көрсете білген, тәуелсіздік жолында қабырғасы қайысып еңбек еткен көрнекті мәмлегер, арыстан жүректі ер, мемлекет қайраткері – Қаз дауысты Қазыбек би. Кемеңгер би 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген, 97 жасында,яғни, 1764 жылы көз жұмған. Атақты би аумалы- төкпелі, күрделі, қилы заманда ғұмыр кешкен.

Қаз дауысты Қазыбек Жоңғария хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған. Дарынды шешенде білгірлік- біліктілік, алғырлық-тапқырлық, қаһармандық – қайраткерлік, зиялылық- саясаткерлік сияқты ұшан – теңіз табиғи рухани қасиет- қабілеттер мол болса, онда мемлекет жеңіске - жетіп, қиындықтан, құлдықтан құтылады. Мерей-мәртебесі, даму дәрежесі жоғары болады. Бұл ретте Қаз дауысты Қазыбек бидің Қазақстанның саяси – құқықтық тарихында айрықша тұлға екендігін айтуға болады.
* * *

Тату болса, ағайын жақын,

Ақылшы болса, ағайын жақын

Бауырмал болса, інің жақын,

Инабатты болса, келінің жақын.
Алдыңа тартқан адал асың,

Қимас жақын – қарындасың.

Сыбайлас болса, нағашың жақын.

Адал болса, досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын.

Өз ұрпағың – шөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын.

* * *

Алтын ұяң – Отан қымбат,



Құт берекең – атаң қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың – әкең қымбат,

Туып өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.
* * *

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын.

Дәл осындай жағдайда,

Пана болмас өз үйің.

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын.

Тентек болса ұл қиын,

Не істеріңді біле алмай,



Ашиды сонда бас миың.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет