Мұғауина М. О «Іскери-шешендік тіл дамыту» мәтіндер жинағы Атырау, 2014 Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының кеңесінде баспаға ұсынылды



бет9/14
Дата25.12.2016
өлшемі1,86 Mb.
#5263
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тоқымқағар
Жас адам жолға шыққанда жасалатын дәстүрлі бас қосу. Арнаулы мал сойылып, сыйлы мүшелер салынып ет асылып, кең дастархан жасалады, ойын-сауық, өлең, жыр айтылады. Бұл – сапарға шыққан жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін деген жақсы тілек білдірудің белгісі.

Шашу
Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын өте сұлу да салтанатты дәстүр. Келін түскенде, жақсылық күндерде, алыс сапардан жолаушы келгенде, құда келгенде тағы басқа зор қуанышты күндерде әйелдер құрт, кәмпиттен, күміс теңгеден шашу шашады. Шашылған шашудан тойға қатысушылар теріп алып, ырым қылып балаларына апарып береді. Шашуды әйелдер ғана шашады.

Ат мінгізіп, шапан жабу

Құрметті қонаққа, ақынға, батырға, палуанға және сол сияқты елге еңбек сіңірген ардақты, айтулы азаматтарға ат мінгізіп, шапан жабу қазақ халқының ертеден келе жатқан аса лайықты, жарасымды ата салты, яғни бұл «батыр», «ақын», «палуан» деген құрметті атақтардан кейінгі берілетін құрметтеу, сый-сияпат, марапат, мадақ белгісінің айғағы, ең жоғары құрметі ретінде беріледі. Ат мінгізу, шапан жабу салты салты қазіргі күнде де жарасымды жалғасын тауып келеді.


КИІЗ ҮЙ ТУРАЛЫ

Киіз үй

Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын өте қолайлы және төзімді, жиналмалы баспанасы.Ол тез құрылып, тез жиналады. Қыста жылы, ал жазда салқын болады. Киіз үйдің негізгі қаңқасын – киіз үйдің сүйегі деп атайды. Олар: кереге, уық, шаңырақ, есік немесе сықырлауық. Бұл сүйектері көлеңкеде кептірілген талдан, жіңішке қайыңнан немесе теректен жасалады.

Кереге
Киіз үйді тігу оңай емес. Алдымен керегені жаяды. Керегенің биіктігі 2 метрдей болады. Керегенің әр бөлігін – қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді.Негізгі сүйегі иілуге жұмсақ ағаш пен талдан жасалынады. Киіз үй төрт, алты, сегіз, он екі қанатты болады. Ал, хан ордасының қанат саны отызға дейін жеткен. Осыдан кейін шаңырақты көтереді.

Шаңырақ

Шаңырақ – киіз үйдің ең жоғарғы сүйегі, дөңгелек шеңбер етіп иілген.



Ада­­лбақан – киіз үй тіккенде сүйегі ауыр шаңырақты биікке көтеретін ұшы аша ағаш.

Табалдырық – екі босағадағы таяныш ағаштардың төменгі бастарын бір-бірімен жалғастыратын тақтайша. Керегенің жоғарғы бастарын біріктіріп тұрады.

Уық
Шаңырақты көтергеннен кейін уықтарды шаншыған. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау болып келеді және сол жерді тесіп бау өткізеді, оны «уық бау» деп атайды. Осы бау арқылы уық пен кереге басын біріктіріп байлайды.

Босаға, сықырлауық

Шаңырақтан кейінгі ерекше қастерленетін бөлшегі – босаға. Ол табалдырық пен маңдайшадан тұрады. Ал, есіктің екі жақтау ағашын «таяныш» дейді. Оған сықырлауық орнатылады.Сықырлауық – киіз үйдің өте әшекейленіп жасалатын сәнді есігі. Бұл ортасынан ашылып-жабылатын жарма есіктерге ұқсас. Ол екі таянышқа ілмек арқылы ұстасады, ашып-жапқанда сықырлап тұрады, сондықтан оны сықырлауық деп атайды.
Киіз
Осыдан кейін үйдің киізін жабады. Киіздің төрт түрі бар. Олар: туырлық, үзік, түндік, киіз есік. Алдымен туырлықты керегеге керіп, ұзын баулары арқылы уыққа бекімдеп байлайды. Сонан соң бақанның көмегімен үзік пен түндікті жабады. Үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты қамтиды. Атауына сай олар үзік-үзік киізден құралады.

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ

Бәйге
Бәйге жарысының бірнеше түрі бар. Олар: тай жарыс, құнан жарыс, топ бәйге, аламан бәйге. Бәйге жарысы жазық жерлерде өткізіле береді. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.

Көкпар
Атқа мінген топ жігіттердің қатысуымен өтетін жарыс. Белгіленген межеден 50-60 адымдай жерге көкпар тасталынады. Көкпар тартуға бауыздалған лақ немесе серке беріледі. Жерде жатқан көкпарға бірінші жеткен шабандоз көкпарды іліп алып қашады, қалған көкпаршылар қуып жетіп, тартып алуға әрекеттенеді. Кім бұрын көкпарды көмбеге әкелсе, сол жеңімпаз атанып, көкпарды өзіне қалдырады.

Атқа мінгізу

4-5 жасқа келген ұл баланы атқа мінгізу рәсімі. Алдымен ағаштан ашамай-ер жасалады. Ашамай-ердің алды-арты биік сүйеніші болған. Жуас құнанды ерттеп, баланы мінгізіп, тізгінді бала ұстағаннан соң бір адам құнанды жетектеп жүреді. Әйелдер шашу шашқан. Үлкендер бата беріп, той жасалған.



Итеріспек
Күш сынасу ойыны. Үлкен, кең шеңбер сызылады. Шеңбер неғұрлым кең болса, ойын қызығы арта түседі. Басты ойыншы ортадағы қарсыластарын шеңберден итеріп шығаруы қажет. Кімнің күші басым сол жеңімпаз. Итеріспек бір аяқта тұрып күш сынасатын ойын, екінші аяғың жерге тиіп кетсе, жеңілгенің.

Қызыл қоңыз

Қызыл қоңыз немесе ел қайда көшеді? Ертеректегі қазақтың сүйікті ойыны болған. Балалардың топталып ойнайтын ойыны. Алақандағы қызыл қоңыз білектің бойымен алған бағытымен жорғалайды, екінші баланың қоңызы басқа бағытты таңдайды. Осы арқылы балалардың «Көш қай бағытқа көшеді?» дауы басталады. Ауыл көшкен сәтте дұрыс шешімін тапқан жеңімпаз анықталады

Домалақ-ағаш
Тереңдігі 10-20 см шұңқыр қазылады. Қасында қолында таяғы бар қорғаушы бала, екіншісі домалақ-ағашты шұңқырға қарай беттей қуғыштайды. Қорғаушы оны шұңқырға түсуден қорғайды. Кішкене шар шұңқырға түскенше ойын жалғасы береді. Ойыншылар кезек алмасып ойнайды.
Жаяу тартыс

Екі ойыншы бір-біріне арқасымен тұрады. Иықтарына жіп іліп оны қолтық астына өткізіп жіберуі тиіс. Жіптің шеті байланған, ортасынан түйілген. Белгі берілісімен ойыншылар бір-бірін бір мезгілде өз бағыттарына қарай тарта бастайды. Күші басым ойыншы елсіз қарсыласын өзіне тарта бастайды. Белгіленген межеден өткізіп тартып алса сол ойын жекімпазы!




ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ

Қазақтың ұлттық киімдері – қазақ халқының қол өнері, көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына.

Ерте заманнан бүгінгі күнге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Олардың кейбіреулерін ескінің көзі – қарттар күнделікті киіп жүрсе, енді біреулерін қыз ұзату, келін түсіру, Наурыз, т.б. тойларға, ойын-сауыққа пайдаланады (мысалы – қалыңдыққа сәукеле кигізу). Қазақтың ұлттық киімдерінің көпшілігі театрдың арнаулы тапсырысы бойынша да тігіліп жүр. Солардың неғұрлым көп тараған түрлерінің бірі – айырқалпақ.



 Айыр қалпақ

Аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған. Қазір оны құрметті адамдарға сыйлайды.

Сәукеле

Ұзатылатын қыз - қалыңдық киетін ғұрыптық киім. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.

Ішік

Сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілген қысқы сырт киім.

Кебіс мәсі

Мәсі – жұмсақ былғарыдан, ешкі терісінен өңделіп, қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін, мәсінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.

Жарғақ шалбар

Иленіп, өңделген теріден тігіледі. Қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынады. Бұл сәнді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет