Мұғауина М. О «Іскери-шешендік тіл дамыту» мәтіндер жинағы Атырау, 2014 Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының кеңесінде баспаға ұсынылды



бет11/14
Дата25.12.2016
өлшемі1,86 Mb.
#5263
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Домбыра
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.

Дауылпаз
Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында - «Тәбльбасс», Қырғызда «Доолбас» деп аталады.

Жетіген
Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтсе де, баяғы қарапайым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде: өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен- деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.

Желбуаз
Желбуаз – үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады. Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі композитор Н. Тілендиев «Отырар сазы» оркестрінде қолданды.

Қыл қобыз

Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.

Сақпан
Сақпан - өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал шаруашылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл аспаптың дыбысымен қой қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту үшін де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін сүйемелдеген. Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді.

Шаң қобыз

Шаң қобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады. Аспапта жеке ән-күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.

КӨНЕ ҚАЛАЛАР

Тараз

Тараз – Талас өзені бойындағы ежелгі қала. Ұлы Жібек жолының бойында тұрған маңызды сауда орталығы деп атайды. Қолөнер өндірісі жақсы дамыған бекіністік сауда қаласы болды. Х ғасырдағы араб географы Әл-Мақдиси былай деп жазды: «Тараз - бақтары қыруар көп, халық тығыз қоныстанған, орлары, төрт қақпасы мен адамдар мекендеген қамалы бар үлкен бекіністі қала. Екінші мединада үлкен өзен, оның ар жағында шаһардың бір бөлігі, оның үстінен өтетін көпір бар. Базар ортасында мешіт үйі тұр". ХІ-ХІІ ғасырда салынып, өзіндік жоспарларымен ерекшеленген қоғамдық моншалары Тараздың даңқын алысқа жайыпты. Монша ыстық өткізгіш арналар жүйесімен жылытылған, су құбыры болды. Қабырғалары өрнекті суреттермен әшекейленді. Таразда әйгілі Қарахан кесенесі (Х-ХІғғ.) секілді ортағасырлық ескерткіш күні бүгінге дейін сақталған. Тараздың оңтүстік-батысына таман 18 км. жерде Айша-Бибі (ХІ-ХІІғғ.) және Бабаша-Қатын (Х-ХІғғ.) кесенелері сияқты ескерткіштер бар. Тараз есімі бірнеше рет өзгерді: орта ғасырларда оны Янга деп атаған, 1853 жылдары Әулие-Ата, 1936 жылы Мирзоян десе, 1938 жылы Жамбыл есімі берілген, ал 1997 жылы қаңтар айында қалаға оның ежелгі аты – Тараз қайтарылды.
Сайрам

Сайрам – Оңтүстік Қазақстан облысында. Бұл қала атының бұрынғы тарихи аты Испиджаб болған. Испиджаб – үлкен, ірі қала. Онда Рабаты және Мединасы, дүкендер, мата базары және мешіт бар. Мұнда өте құнды да өтімді тауарлар өндірілгені, оның қазақ жерінен тысқары, шет елдерге мәлім болғаны аян. Испиджаб қаласынан ақ маталар, қару, қылыш, найза, әсіресе мыс пен темір сыртқы шетел базарларына шығарылып отырған. ХІ ғасырдың екінші жартысында Испиджаб атауымен қатар басқа атау - Сайрам қолданыла бастайды. «Сайрам» атауын арабаша Мадинат ул-Боизо - «ақ қала» және Урункент - «ақ қала» деп аударып аталғаны жайлы зерттеушілер еңбегінде айтылған. Б.Аталай мен С.Мұталипов «Сайрам - ақ қала» деген атау екенін жазды.

Сарайшық

Жайық өзені бойына салынған ортағасырлық ескі қала. Орал бойындағы Сарайшық қаласын Кіші Сарайшық деп атаған, ал Үлкен Сарай қаласы Шыңғысхан елінде болыпты. ХІІІ ғасырда Сарайшық Ноғай ордасының орталығы болған,

XIV ғ. ІІ жартысында Сығанақ пен Сарайшықта күміс, мыс тиындар соғылған. 1340 жылы Қазақстан территориясында сауда орталықтары: Сарайшық, Отырар, Іле жазығындағы Екіөгіз, Қаялық, Алмалық қалалары болғаны тарихтан белгілі. 1518 жылы Бұрындық хан қыстап шығады. Ал,1523 жылы 70 жасында өлген Қасым хан осында жерленеді. Қазақ хандары Жәнібек пен Қасым ханның табыты қойылған сағаналар осы Сарайшықта.



Сауран

Сауран – ортағасырлық қала орны, Түркістан шаһарының теріскейіне таман 35 км. жерде. Тіршілік еткен уақыты –

ІХ–XVII ғғ. Түркістандық ең мықты қамалдардың бірі болған. Берік қорғаныс ғимараттары, мал, азық-түлік қоры, қамал ішінде құдықтар болуы себепті Сауран көп айлар бойы қоршауға төтеп бере алатын еді. Сауранда жерасты суару жүйесі, қоғамдық қызмет ғимараты салынды, қалада медресе болды. Сауранды бірінші рет 1867 жылы зерттеген кісі - П.И.Лерх. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы,



1967 жылы Қ.А.Ақышевтың жетекшілігімен Қазақ ССР Ғылым академиясының Жетісу археологиялық экспедициясы отряды қазба жұмыстарын жүргізді.

Ақтөбе

Ақтөбе – ортағасырлық қаланың орны, Жамбыл облысының Шу ауданында, Ақсу өзенінің сол жағалауында. Биіктігі 300 метрдей төбе, қаланың орталық қамалы мен ірілі-ұсақты мекендерінің ұзындығы 15-17 км дуалмен қоршалған. Қала орнының ауданы 36 шаршы километр. Ақтөбе қаласы үш бөлімнен тұрады - бекініс, шаһарстан мен қамал. Шаһарстан үш қатарлы қуатты бекініс үймелерімен һәм терең қазылған ормен қоршалған. Қаланың өмір сүрген уақыты V-XII ғғ. екенін қазу кезінде табылған заттар растайды. Қала орны 1947 жылы ашылды. 1980 жылы қала орны әуеден суретке түсіріліп, нәтижесінде көшелер мен үйлердің қалдықтары, суару жүйелері, құдықтары анықталды. Қазбадан табылған материалдарға қарағанда, қала тұрмысы V-XII ғғ. едәуір көркейген, әскери бекініс ретінде XIII-XIV ғғ. дейін өмір сүрген. Ақтөбе - орта ғасыр тарихының құнды ескерткіші.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет