Мұғауина М. О «Іскери-шешендік тіл дамыту» мәтіндер жинағы Атырау, 2014 Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының кеңесінде баспаға ұсынылды



бет10/14
Дата25.12.2016
өлшемі1,86 Mb.
#5263
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Шапан

Қалыңдықтың сырт киімі. Асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді.
Кимешек

Егде әйелдер киетін бас киім. Көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сәндік үшін күндік сияқты ақ мата оралады.



Тақия
Биіктігі 10-15 см. мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, қыздар киетін үкілі тақия. Жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі.


ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ

Асылған ет (бесбармақ)

Қазақ халқының басты тағамы қой немесе сиыр, жылқы еті болсын су құйылған қазанға салынып пісіріледі. Піскен еттің майлы сорпасына, алдын ала жұқа жайылып қойылған қамыр салынады. Дайын болған қамыр табаққа түсіріліп, кесектеп туралған ет салынып, үстіне тұздық құйылады. Малдың басы, жамбасы сыйлы қонақтарға, ортан жілік жасы үлкен кісіге, құдаға, асық жілік құдағиға, төс күйеуге, келінге, бүйрек, құлақ балаларға тартылады.

Қазы

Қазы майының қалыңдығына байланысты кере қазы, дөңбек қазы, шынтақ қазы, бұлт қазы деп бөлінеді. Ішекке сыймағанын телшік деп атайды. Қазыны көбіне қысқа сақтайды. Қазы сүрленген сайын дәмді болады.

Ірімшік

Сүтті ұйытып, суалғанша қайнатады. Қайнауы жеткен ірімшік қызыл сары түске айналады. Содан кейін оны сүзіп, дорбаға салып, желге, күнге қойып кептіреді.

Жент

Қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын өте дәмді тағам. Негізі сөктен жасалады. Сөк жармаланғаннан кейін сары май, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынып араластырылады. Содан кейін ыдысқа салынып, беті тегістеліп, салқын жерге шығарылып қойылады. Шай дастарқанның сәні.

Қымыз

Бие сүтінен ашытып дайындайтын ең қадірлі сусынның бірі. Қымыздың емдік, шипалық қасиеті өте жоғары. Әсіресе туберкулез ауруына шипалы.

Бауырсақ

Ашыған қамырдан оқтаумен 1-1,5 см. қалыңдықта жайылып, көлемі бірдей етіп кесіледі де қыздырылған майға қуырылып дайындалады.

Құрт

Сабада жиналып пісілген іркітті, майы алынғаннан кейін, үлкен қазанға құйып қайната береді. Әбден қоюланған құртты қапқа құйып суынан тағы құрғатады. Бұдан кейін қолмен, белгілі бір қалыпқа келтіріп, қолмен сықпалап өреге жайып кептіреді. құрт жақсы ас, оны әр түрлі тамаққа қосады.

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӘН- КҮЙ АСПАПТАРЫ

Адырна
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты-үсті терімен қапталады. Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды.

Аса таяқ

Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет