АҢЫЗ
Иран жұртының даңқты патшасы Һарун Рашид бір күні түс көріп, түсінде аузындағы түстері түгелдей түсіп қалады. Ерте тұрып, түс жортушыны шақыртып, түсінің мазмұнын айтады. Жорушы: «Ей, әміршім, сенің ағайын-туыстарыңның бәрі өліп, өзіңнен басқа ешкімде қалмайды екен», – дейді. Һарун Рашид: «Менің бетіме баттитып қайғы толы қаралы сөз айтуыңа жол болсын? Егер менің барлық ағайын-туғаным қырылып қалса, мен күнімді қайтіп өткізбекпін?» – деп, түс жорушының жонына жүз дүре соғуға бұйырады. Содан кейін бір түс жорушыны шақыртып алып, көрген түсін айтып, түсімді жорып бер дейді.
Бұл түс жорушы: «Ей, әміршім, барлық ағайын-туысқандарыңнан сенің өмір жасың ұзақ болады екен»- дейді. Һарун Рашид: «Жалпы, ақылдың жолы біреу-ақ, екеуінің де жоруың парқы аспан мен жердей», – деп кейінгі түс жорушыға жүз ділда беруді бұйырады.
*************************************************************
Тапсырма. 1.Көне заманнан келе жатқан аңызды түсініп оқыңыз; 2.Қандай ой түйдіңіз?
Түсіндірме сөздік
Әмірші – билік етуші, үстемдік жүргізуші адам;
Парқы – 1. бір нәрсенің екінші нәрседен айырмасы, айырмашылық, ерекшелік; 2. бір нәрсенің қадір-қасиеті, мән-жайы, жай-жапсары; 3. белгілі бір істің байыбы, пайымы;
Дүре – қылмыскерді шыбыртқы не қамшымен сабайтын ауыр жаза;
Жүз ділда – жүз теңге.
Достарыңызбен бөлісу: |