Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



Pdf көрінісі
бет50/68
Дата20.10.2023
өлшемі3,63 Mb.
#186945
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
Байланысты:
Публикация на каз

«...баланың сөйлемей қалуы көбінесе 
дәрігерлердің кінәсінен десем, дәрігерлер 
кейде маған ренжиді. Балалар мүгедектіктен 
қорлық көреді. Неге? Себебі жүкті әйел... 
әлеуметтік көмекке жүгінген жоқ, ол қандай да 
бір білім беру мекемелеріне барған жоқ, бірақ 
ол дәрігерге келді. Жүктіліктің ерте кезеңінің 
өзінде дәрігерлер баланың дамуын анықтауы 
тиіс, баланың ауруларын анықтауы, ананың 
сырқат тарихын зерттеуі тиіс. Дәрігерлер 
болашақ анамен профилактикалық шара-
лар жүргізуі тиіс. Әрі қарай жүрейік... Қазіргі 
уақытта ана денсаулығын қорғаудың жай-
күйі қандай? Егер олар әйелдің өзі босана 
алмайтынын көрсе, кесарь тілігін жасауы 
тиіс. Қазір бұл оңай. Осындай дәрігерлер 
бала тұншығып жатқанда толғақ шақыртады, 
олар бала босану каналы арқылы өтіп келе 
жатқанда гематомамен туғызады, осыдан 
кейін бала асфиксиямен, мойнына кіндігі 
оралып, көкпеңбек болып туады. Егер бала 
босану кезінде гематома алса, мұның сал-
дары психикалық ауытқулар немесе цере-
бралды сал ауруы болуы мүмкін. Егер бала 
құйрығымен жатса, онда ол құйрық жағымен 
туылады. Бұл жағдайда дәрігерлер не істейді? 
Тиісті басқа да босандыру әдістері болғанына 
қарамастан, олар оны анасынан суырып ала-
ды және бұл балада патология пайда бола-
ды... Осылайша дәрігерлер оған өмір сыйлай-
ды... Бала мүгедек болып қалады». (Директор; 
ИН3)
Бұл дәйексөз респонденттің түңілісін білдіреді, 
себебі медициналық мекеме босануға байла-
нысты мүгедектік оққиғаларын болдырмау үшін 
көмек бере алар еді. Бұл баланың әлеуметтік 
интеграциясына көмек бере алатын, атап 
айтқанда жалпы мүгедектік жағдайларын азай-
ту арқылы нақты саланы жетілдіруді білдіреді.
Медициналық жүйенің жұмысына қатысты 
көпшілік теріс ескертпелерге қарамастан, 
кейбір респонденттер оның табыстарын да 
атап көрсетті. Акушер-гинеколог, мысалы, жүкті 
әйелдер өтетін скрининг типтерін талқылады. 
Респондент баланың туа біткен аномалиясын 
анықтағаннан кейін, консилиум ата-анаға жан-
жақты кеңес беру үшін оқиғаға баға беретінін 
атап көрсетті: 
«Дәрігерлер консилиумы кез келген ано-
малия анықталған жағдайда өткізіледі. Мен 
консилиумға тұрақты қатысамын, себебі ол 
біздің бөлімшеде өткізіледі, сонымен қатар 
аномалияны анықтаған ультрадыбыстық 
зерттеу бойынша маман қатысады және 
міндетті түрде генетик және қажет болғанда, 
ауытқулар анықталған саланың мама-
ны қатысады. Мысалы, жүйке жүйесінің 
ауытқулары анықталды делік, біз неонаталь-
ды нейрохирургті шақыртамыз, егер асқазан-
ішек жүйесінің аномалиясы анықталса, біз 
неонатальды хирургты шақыртамыз. Қандай 
да бір аномалия анықталған жағдайда, біз, 
шүбәсіз осы саланың маманын шақырамыз. 
Бұл мәселе бірлесіп қаралады (бұл емделетін 
сырқат па, әлде жоқ па, осындай балалардың 
өлім деңгейін ескере отырып, біз көмек бере 
аламыз ба). Біз осыдан кейін баланың анасы-
мен, оның туғандарымен жағдайды түсіндіріп, 
әңгімелесеміз». (Медицина қызметкері; ИН5)
Туа біткен аномалияларды ерте анықтау 
медициналық қызмет көрсету жағдайды 
жақсарта алатын басты саланың бірі болып та-
былады. Мамандарды алдын ала іс-қимылдар 
жоспарын қабылдауға тарту ата-аналардың 
мүгедектігі бар баламен қалай қарым-қатынас 
жасау керектігіне даяр болуына және түсіне 
алуына көмек бере алады. Емханадағы дәрігер 
диагнозды отбасымен бірге талқылаудың 
маңыздылығын атап көрсетті:
«[Аномалия анықталған соң] біз түсіндіру 
жұмыстарын жүргіземіз, сосын оны әрі қарай 
әңгімелесу жүргізетін генетикке жібереміз. 
Сонымен қатар біз әйелдің күйеуімен, ата-
анасымен талқылау жүргіземіз және көптеген 
адамдар жауапкершілікті түсінеді. Сондықтан 
да біз жүктіліктің ерте мерзімінде диагности-
ка жасауды ұсынамыз ... біз психологиялық-
эмоционалдық қолдау көрсетеміз, себебі 
73


әрбір әйел күшті стресс жағдайында бо-
лады ... біз оларды әңгімелесу жүргізетін 
психологтарға жібереміз». (Дәрігер; ИН14)
Респондент, мүгедектігі бар баланың анасы 
және оның отбасы қабылданатын шешімнің 
жауаптылығын жете түсінуі керек деп санайды. 
Медициналық мекеме қабылданатын шешімнің 
медициналық салдарлары және психологиялық 
салдарлары туралы әйелге және оның отбасына 
хабарлай отырып, осы процесте маңызды рөл 
атқара алады. Бұл қызметтердің тиімділігі ата-
анаға байланысты. Осы тұрғыдан қарағанда 
неонаталдық күтім қажеттілігі туралы ата-
аналарға хабар беру басты рөл атқара алады.
Денсаулық сақтау қызметтерін бағалау 
мақсатында қиындықтарды анықтау осы 
саладағы әлеуметтік интеграцияны қалай 
ынталандыруға болатытын көрсетеді. 
Денсаулық сақтауды талқылау қорытындылары 
бойынша мынадай кедергілер анықталды.
1. Бала туылғанға дейін оның болашақ әлеуметтік 
интеграциясына ана денсаулығын қорғау арқылы 
қолдау көрсетіле алады. Босанғанға дейінгі және 
босанғаннан кейінгі тексерулерді жүргізу бала 
денсаулығына қатысты қиындықтарды және 
мүгедектікті ерте кезеңде анықтауға және ата-
аналарға өздерінің балаларының болашағын 
жоспарлауға көмек береді.
2. Медицина қызметкеріне мүгедектікті ерте 
жастан анықтау үшін қосымша оқу қажет бола-
ды. Ерте диагностика уақытында емделуге және 
тиісті емделу тәсілдерін немесе оңалту жоспа-
рын белгілеуге көмектеседі, алайда медицина 
қызметкерлерінің мұндай жоспарларды әзірлеу 
және түсіндіру үшін тиісті құзыреттері болуы тиіс. 
3. Мүгедектігі бар баланың мүгедектік деңгейін 
төмендету үшін немесе мүгедектікпен қалай 
күресу керектігі туралы білімнің жоқтығы бала 
денсаулығына нұқсан келтіруі мүмкін. Ата-аналар 
балаға диагноз қойылғаннан кейін оларды емдеу 
үшін қолданатын әр қадам туралы нақты хабар-
дар болуы тиіс. Медицина қызметкерінің тиісті 
ақпарат беру үшін мүгедектік жағдайына бай-
ланысты ғана емес, сонымен бірге мүгедектігі 
бар балаға көмек көрсету үшін әлеуметтік қорғау 
жүйесі туралы жеткілікті білімі болуы тиіс.
4. Ата-аналар өз балсының мүгедектігін емдеу-
де басты рөл атқарады. Олар күтім жасау және 
оңалту орталықтары олардың үйде жасаған ша-
раларына қосымша қашан көмек бере алады 
деп күтіп отыра алмайды. Баланың кейінгі өмір 
кезеңінде қолданатын қажетті қозғалыс және 
когнитивтік дағдыларды дамытуы үшін үйде күтім 
жасау қажеттіліктері туралы ата-аналар хабар-
дар болуы тиіс. 
5. Медициналық қызмет жасау форматтарының 
әртүрлілігі ата-аналардың өз балаларын емдеу 
жолдарын тұрақты іздестіруіне ынталандыра 
алады. Тек қана интернаттық мекеме арқылы не-
месе күндізгі күтім жасау орталықтары арқылы 
қызмет көрсеткеннен гөрі, мысалы, үйге барып 
көмек көрсету медициналық және әлеуметтік 
көмек режимін қолдауға көмектесуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет