Мүгедектіктің қоғамда медициналық, дәстүрлі және әлеуметтік моделдерін қабылдау


Қазақстан Республикасында мүгедектікті өмір сүру шектеулігіне сәйкес үш топқа бөледі



бет4/7
Дата06.06.2020
өлшемі131,46 Kb.
#72513
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Мүгедектіктің қоғамда медициналық, дәстүрлі және әлеуметтік моделдерін

Қазақстан Республикасында мүгедектікті өмір сүру шектеулігіне сәйкес үш топқа бөледі.


І топ мүгедектігі  ағза  қызметінің  және өмір сүру шектеулігінің ең жоғарғы дәрежесі анықталған тұлғаларға беріледі.

ІІ топ мүгедектігі ағза қызметінің және өмір сүру шектеулігінің орташа дәрежесі анықталғанда беріледі.

ІІІ топ мүгедектігі жеңіл шектеулер анықталғанда беріледі

Топтардың сандық анықтамаларының әлеуметтік рөлі мүгедектерді қорғау өлшемінің әртүрлі қажеттілік деңгейінде тұрады.

  • Топтардың сандық анықтамаларының әлеуметтік рөлі мүгедектерді қорғау өлшемінің әртүрлі қажеттілік деңгейінде тұрады.
  • Топтардың анықтамасына сәйкес мүгедектерге жеңілдіктер бекітіледі және заңды белгіленеді. Жеңілдіктер зейнетақының әртүрлі көлемімен, мүгедектіктің ауыр тобындағы мүгедектерге жоғары мөлшердегі жәрдемақымен, компенсациямен, дәрімен қамсыздандырумен және т.б. көрсетіледі.
  • Реформалық кезеңге дейін «еңбекке қабілетті» және «еңбекке қабілетсіз» деген түрлерге де бөлінген. Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік тегін көмектің көлемін, түрін және оның қаржылану көзін анықтау үшін өмір сүру шектеулігінің көріну дәрежесінен қатар мүгедектікке әкелуші себептер де маңызды орын алады.
  • Мүгедектік себептері жағдайдың тууына негізгі жауапкершілікпен кім көтеретінін көрсетеді, алайда мұны заңгерлік жауапкершілік деп атауға болмайды.
  • Әлеуметтік қорғау органдары мүгедектіктің тобын ғана емес, сонымен қатар оның себептерін де тіркейді. Мемлекеттік қайнар көздерден қаржыландыру көлемін есептеу үшін көп жағдайда негіз болатын статистикалық формаларда мүгедектер саны туралы ақпараттар мүгедектік себептері тұрғысынан келтіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет