МҰхамедханов қайым – «Өзі музей, Өзі архив, Өзі мектеп»



бет1/2
Дата15.09.2017
өлшемі0,72 Mb.
#32852
  1   2




МҰХАМЕДХАНОВ ҚАЙЫМ

«ӨЗІ МУЗЕЙ, ӨЗІ АРХИВ, ӨЗІ МЕКТЕП»

Несіпбек АЙТОВ

КІРІСПЕ

Құрметті пайдаланушылар!

Қазақтың «сегіз қырлы, бір сырлы», тума талант иесі Қайым Мұхамедхановқа арналған «Абайдай артына сөз қалдырған»  атты  әдебиеттердің мазмұндалған ұсыныс тізімін назарларыңызға ұсынып отырмыз! Ұсыныс тізімнің мақсаты Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетіндегі алатын орны, шығармаларының маңыздылығын насихаттау болып табылады. Қазақ халқының ғылымы мен өнерінің дамуына үлес қосқан қазақтың біртуар азаматтарының бірі Қайым Мұхамедхановтың өмір жолын, еңбек жұмыстарын, ең бастысы өнер мен ғылымға жанашыр тұлға екендігін кейінгі ұрпаққа, жас буын өкілдеріне таныту.



Тізім  мынандай бөлімдерден тұрады :

  • Қайым Мұхамедхановтың өмір өткелдері

  • Жан–жақты талант иесі

  • Абайтанудың абызы

  • Қайым Мұхамедханов туралы айшықты ойлар

  • Қорытындылау.

Әр бөлім соңында әліпбидік тәртіппен орналасқан мазмұндалған әдебиеттер тізімі берілген.

Көрнекті ғалым Қайым Мұхамедханұлы – алаш арыстарының соңғы тұяғы, білімдарлығымен ғұламалыққа жеткен жан. Тірісінде Мұхтардай ұлы ұстазының өсиетін өмірінің өзегіне айналдырып, Абай шығармашылығын зерттеуге бүкіл ғұмырын арнаған, сол үшін 25 жылға сотталса да  түрме қабырғасы жігерін мұқалта алмаған Қайым туралы сөз ешқашан таусылмақ емес. Кемел ойлы кемеңгер ғалымның соңына қалдырған ұшан теңіз еңбектері бұл күнде қазақ әдебиетінің сарқылмас қазынасына айналды.  Қазақ халқының  рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ой-сана, пікір–тұжырымдардың  биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Ғалым, абайтанушы, жазушы, зерттеуші, аудармашы, драматург Қайым Мұхамедхановтың өмірі шындық пен әділдік үшін күреске толы, өнегелі өмір жолы болды.



Қайым Мұхамедханов туралы тереңірек білгілеріңіз келсе, ұсыныс көрсеткіште берілген әдебиеттердегі материалдарды алып пайдалануларңызға болады.

Мекен-жайымыз:

Өскемен қаласы,

Космическая көшесі, 6/2

«Шығыс Қазақстан облыстық балалар

және жасөспірімдер кітапханасы» КММ

Ақпараттық-библиографиялық орталық.
І бөлім

ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ
Қайым Мұхамедханов – қазақ әдебиетінің абайтану мектебінің негізін қалаушылардың бірі, шәкәрімтанушы және Шәкәрім шығармаларын алғашқы

насихаттаушылардың бірі, әрі жарыққа шығарушы, мұхтартанушы ғалым. Сондай-ақ, Қ. Мұхамедхановтың әдебиеттану саласындағы көптеген мақалалары қазақ әдебиетіндегі жаңа белесті айқындап, қазақ әдебиеті даму бағыттарын белгіледі. Ғалымның ғылыми еңбектерімен қатар ақындық, жазушы-драматургтық, аудармашылық таланты да ерекше көзге түседі. Сонымен, ақын, аудармашы, қазақ әдебиеті тарихы мен теориясын терең білетін ғалым, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылықтарының білгір маманы, бір сөзбен айтсақ, нағыз энциклопедист Қайым Мұхамедхановтың шығармашылық белестері туралы не білеміз? Ол үшін ең алдымен, ғалымның туып-өскен, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы айта кеткен жөн болар.



Қайым Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда қазіргі Жаңасемейде, бұрынғы «Заречная слободка» деп аталған жерде дүниеге келді. Кейін Жаңасемейдің бұл бөлігі Алаш қаласы аталғаны белгілі. Қайым Мұхамедханов бала кезінен қа­зақтың біртуар азаматтарының тәрбиесін көріп өсті. Оған себепкер болған ғалымның әкесі Мұхамедхан Сейітқұлұлы болатын. Мұхамедхан Сейітқұлұлы өз шаңырағына Алаш көсемдерінің басын жиі қосып, олардың ат басын тірейтін үлкен үйлері ретінде, кеңес құратын ордалары ретінде белгілі болған. Осындай үлкен бас қосулар танымал ақындар мен әншілердің де өз өнерлерін сынайтын, танылатын жері болған. Қазақтың халық ауыз әдебиетінің мол мұралары күні-түні жырланып, әні шырқалып жатқан қа­сиетті ортадан жас Қайымның алар тәлім-тәрбиесі де мол болды. Мұхамедхан Сейітқұлұлы­ның шаңырағында Алаш көсемдері Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Бай­тұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтан­мах­мұт Торайғыров, Мұхтар Әуезов жиі келіп, оты­рыс­тың мәнділігін арттыратын. Қайым Мұ­ха­мед­хановтың өмір жолындағы ұлтжандылық, нағыз ұлтшылдық бағыттың қалыптасуына осындай мағыналы басқосулардың да себебі болғандығын ғалым естеліктерінен білеміз.

Қайым Мұха­мед­ханов 1924-1928 жылдары Жаңасемей қала­сындағы бастауыш қазақ мектебінде оқиды. 1929-1932 жылдарда Семей қаласы колхоз жастары мектебінде білімін жалғастырады. 1936-1937 жылдары мұғалімдер даярлайтын курста оқиды. Ал 1938-1941 жылдары Семей педагогикалық институтында оқиды. Ғалымның еңбек жолы да педагогикалық оқу орнымен тығыз байланыста дамыды. Ұзақ жыл­дар (50 жылдан астам уақыт) болашақ әдебиетші мамандарды дайындауға талмай еңбек сіңірген ғалымның аға шәкірт­терінің өздері де бүгін үлкен ғалымдар мен ұстаздар қатарында. Қ. Мұ­хамедхановтан білім алған шәкірттерінің кез келгені ғалым ағаның адамгершілікке толы ақ жүрегінің лүпілін қазірге дейін сезінеді десек, артық айтқандық болмас. Себебі, Семей өңірінде әдеби өлкетану мәселесіне, оның ішінде Абайдың ақындық мектебіне байланысты ғылыми-зерттеумен айналысып жүрген кейінгі буын ғалым­дардың түгеліне дерлік Қайым Мұхамедханов салған жолмен жүруді дәстүрге айналдырған. Бұл ғалымдардың өз ғылыми тұжырымдарының жоқ­тығынан емес, қайта аға ұрпақ ретінде Қа­йым ағаның М. Әуезов үлгісімен салған ғы­лыми концепциясының дұрыстығында демекпіз. Осы орайда ғалымның қазақ әдебиеттану ғылы­мын­да­ғы іргелі мектеп болып саналатын Абай­дың ақын­дық айналасына арналған «Абай айна­ласындағы ақындар» (1950ж.) атты мо­но­графиясы, «Абайдың ақын шәкірттері» (1993-1997) деген ғылыми-зерттеулері әдебиет тарихы ғы­лымының жаңа бір беттері болып ашылды. Абай мектебінің талантты өкілдері Ақылбай, Мағауия, Тұрағұл, Кәкітай, Көкбай, Уәйіс, Әріп, Әсет және тағы басқа қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің шығар­маларының жиналып, баспаға дайындалуына және іргелі ғылыми-зерттеулердің нысанына айналуына Қайым Мұхамедхановтың тікелей ықпал еткені рас.

Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қар­саңында атқарылған ірі-ірі ғылыми-зерттеу­лер мен абайтану саласындағы тың жаңалықтар да Қайым Мұхамедханов есімімен байланысты. 1995 жылы Абай шығармаларының екі томдық академиялық жинағы текстологиялық жағынан дұрысталған нұсқасымен шығуына да ғалым аға өз үлесін қосты. Осы жылы жарыққа шыққан «Абай» энциклопедиясының редакциялық алқасын басқарған Қайым Мұхамедханов бұл басылымның да мағыналы, мәнді болуы үшін көп тер төкті. Өмірінің соңына дейін Абай мек­тебі мен абайтану мәселесіне байланысты талмай еңбектенген ғалым үшін энциклопедияның әр мақаласы маңызды болды. Мақалалардағы мәселелердің тарихилығы мен нақтылығы, Абайдың ақындық мектебінен тәжірибе алған әр ақын мен жеке тұлғалардың шығармашылық өмір жолы туралы тың деректердің сарапталып, баспаға түсуіне аса мән берген ғалым еңбегі нақтылы бағасын алды.



Абайдың мерейтойы кезінде ғалымның ұзақ жылғы еңбегі бағаланып 1996 жылы Халық­аралық Абай академиясының «Алтын медалы», Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы беріліп, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды Қайым Мұхамедхановтың ғылыми-зерттеу еңбектерінің көбі әдеби өлкетану бағытында болды. 2006 жылы АҚШ-тың Калифорния штатында ғалымның 90 жылдық құрметіне орай арнайы пошта маркасы шығарылыпты. Және «Махат» студиясынан «Алаш – Қайым Мұхамедханов» фильмі де жарық көріп, көрермендердің ерекше ықыласына ие болып отыр.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

Ақтанова, А. «Тұлға. Қазақтың қайтпас қайсар Қайымы»[Мәтін] / А. Ақтанова // Қазақ әдебиеті. – 2011. - 29 маусым (№ 30). - Б. 8.

Аннотация: Қайым Мұхамедханов жайлы өмірбаяндық дерек берілген.

Ердембеков Б. Қайым Мұхамедханұлы және Абайдың ақындық мектебі [Мәтін] / Ж. Әбубәкір // Қазақстан мектебі. - 2006. - №7-8. – Б.3-4; №9. – Б.73-76.

Аннотация: Қайым Мұхамедхановтың Абайтану ғылымына қосқан сүбелі үлесі жайлы мақала.

Жұртбай, Тұрсын. Қайым - қиямет[Мәтін] / Т. Жұртбай // Егемен Қазақстан. - 2016. - 7 қаңтар (№3). - Б. 10.

Аннотация: Аты әдебиеттің ғана емес, тәуелсіздігіміздің тарихында белгілі болған қайсар ғалым - Қайым Мұхамедханов туралы.

Қабышұлы, Ғаббас. Сегіз қырлы жан еді...[Мәтін] / Ғ. Қабышұлы // Үш қоңыр. - 2016. - 8 қаңтар (№1). - Б. 3.

Аннотация: Журналшы, әдебиетші, прозашы, ақын, сыншы, аудармашы, драматург, тарихшы ғалым Қ. Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуына байланысты.

Мұхамедханов Ғабдулқайым // Советтік Қазақстан жазушылары.- Алматы, 1987.- Б. 423.

Аннотация: Жазушы, дараматург, әдебиет зерттеушісі Қайым (Ғабдулқайым) Мұхамедхановтың қысқаша өмірбаяны берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет