Мұханбетжанова Ә. Молдағалиев Б. Ерниязов О



бет4/5
Дата23.10.2019
өлшемі0,62 Mb.
#50526
1   2   3   4   5
Байланысты:
didaktika


Бақылау сұрақтары

  1. Оқыту әдісі дегеніміз не?

  2. Әдіс құрылымынан қандай құрамдық бөліктерді бөліп көрсетуге болады?Әдістерді жіктеудің мәнін ашып көрсет

  3. Оқыту функциялары қандай функцияларды орындайды?

  4. Әңгіме әдісінің мазмұнын ашып көрсет.

  5. Танымдық іс-әрекеттің типіне қарай оқыту әдістерін классификацияла.

  6. 5.Ауызша баяндау әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  7. 6.Оқытудың көрнекілік әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  8. Оқытудың практикалық әдістері дегеніміз не, және оған қандай әдістер кіреді?

  9. 8.Оқытудың бағдарламаланған /программаланған/ әдістері дегенді қалай түсінесің?


Әдебиеттер:

1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. -368 бет.

2.Ильин Е. Рождение урока. М., 1986.

3.Педагогика ./Курс лекций. А., 2003.

4.Подласый И.П. Как подготовить эффективный урок. Киев. 1989.

5.Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.

6.Подласый И.П. Педагогика. М., 2003.

7.Поташник М.М. Как развивать педагогическое творчество. М., 1987.

8.Коменский Я.А. Ұлы дидактика. Алматы, 1993.

9.Куписевич Ч. Основы общей дидактики. М.,1986.

10.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.

11.Қоянбаев Ж.Б. Педагогика. Алматы, 1992.

12Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. М.,1981.


    1. Савченко А.Я. Дидактика начальной школы. Киев.1997.


Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар

  1. Нақты сабаққа мұғалімнің оқыту әдістерін таңдауына жазбаша талдау жаса.

  2. Мұғалімнің практикалық жұмысында оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық, индуктивті, дедуктивті және проблемалық-ізденушілік әдістері қалай, неліктен бірігіп келетіндігін негізде.

  3. Түрлі оқыту әдістерін классификациялауға салыстырмалы баға бер.

  4. Дамыған шетелдердегі оқыту әдістерінің кестесін құрастыр.

  5. Нақты сабақ тақырыбы бойынша оқыту әдістерін таңда.

  6. Оқыту әдістерін таңдаудың педагогтың шеберлігіне тәуелділігін дәлелде.


Реферат тақырыптары

  1. Дарынды балаларды оқыту мәселелері.

  2. Жасырын үлгермеушілікті жеңу жолдары.

  3. «Қауіпті балаларды» диагностикалау және олардың оқудағы қиыншылықтарының орнын толтыру жолдары.

  4. Оқушылардың үлгермеушілігінің алдын алудағы психологиялық-педагогикалық бағыттар.

  5. Мұғалімнің оқытушылық әрекеті және сабақтағы оқушылардың белсендітанымдық жұмысы.

  6. Оқушылардың өзіндік жұмыстарына педагогикалық жетекшілік.

  7. Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдаудағы шығармашылық сипат.

  8. Мектептің оқыту процесінде ОҚТ қолдану ерекшеліктері.

  9. Оқулық оқытудағы маңызды дидактикалық құрал ретінде.

  10. Оза оқыту әдістері.



Сегізінші тақырып
Оқыту құралдары
Жоспары:

1. Оқыту құралдары туралы түсінік және оның функциялары.

2. Оқыту құралдарын класссификациялау.

3. Аудивизуалдық оқыту құралдары.

4. Әдістемелік ескертпелер.
1. Оқыту құралдары дегенде оқушыларға сенсомоторлық стимул, олардың көру, есту, иіс сезу және т.б. мүшелеріне әсер етіп, шындық дүниені тікелей және жанама түрде бейнелеуге көмектесетін «нәрселерді» түсінеміз. «Нәрсе» немесе «пән» ұғымын шындық дүниеге қатысты және модельдік, образдық, сөздік немесе символикалық заттар ретінде түсінуге болады.

Оқыту құралдары оқыту процесінде төмендегідей функцияларды орындайды:



  • оқушылардың шындық дүниенің фрагменттерін тікелей тануға көмектеседі (танымдық функция);

  • оқушылардың сезімдері мен ерік-жігерлерін, танымдық қабілеттерін дамыту құралы (қалыптастырушы функциясы);

  • оқушылардың меңгеретін білімдері мен біліктіліктерінің негізгі көзі, оқу материалын бекіту, болжамды тексеру, білімді меңгеру деңгейін тексеру және т.б.тексеруді жеңілдетеді (дидактикалық функциясы).

Аталған оқыту құралдарының функциялары өзара байланысты және бірін-бірі толықтырады. Мысалы, оқушылар оқу материалымен танысқан кезде танымдық функция дидактикалық және қалыптастырушы функциялармен қатар жүреді.Сол сияқты қалыптастырушы функция дидактикалық ,танымдық функциялармен байланысады. Мысалы, оқушылардың өз бетімен ойлауы және естің беріктігін дамыту үшін оған жағдай жасауымыз, яғни, есте сақтау әрекетін немесе мәселені шешумен байланыстыратын нәрсені анықтауымыз қажет.

Құрал – оқу үрдісіне заттық көмек. Оқыту құралдарына педагогтың даусы (сөйлеуі), шеберлігі, сынып заттары т.б. жатады.

Дидактикалық немесе оқыту құралдары қатарына білім беру мақсаттары мен міндеттерін тиімді шешу үшін мұғалім қолданатын оқу құралдары, оқушылардың жеке құралдары (дәптер, мектеп оқулықтары, жазу құралдары т.б.) жатады. Көбіне көрнекілік принципін жүзеге асыру үшін қолданылатын оқу құралдары мұғалімнің іс-әрекетінің құралдарына кіреді. Сонымен қатар оқыту құралдарына спорттық бұйымдар, мектеп жанындағы ботаникалық алқап және т.б. мұғалім мен оқушылардың еңбегімен байланысты нәрселер кіреді.

2. Оқыту құралдарын классификациялаудың көптеген түрлері бар. Бұл құралдардың ықпал ету сиаптымен байланысты, дәлірек айтқанда визуалдық, аудиалдық және аудивизуалдық негіздегі классификациялау жиі қолданылады. Осы критериилерге сәйкес оқыту құралдары визуалды (нәрселердің түпнұсқалары немесе олардың эквиваленттері, диаграммалар, карталар т.б.), аудиалды (радио, магнитофон т.б.) және аудивизуалды (дыбысыты фильм, теледидар т.б.) болып бөлінеді.

Сонымен бірге «қарапайым және нақтылыдан күрделі және абстрактылыға» принципіне негізделген классификация бар. Бұл классификацияның авторлары оқыту құралдарын төмендегідей жіктейді:



  • табиғи жағдайда көрсетілетін түпнұсқалар;

  • жасанды жағдайға ораластырылған түпнұсқалар;

  • түпнұсқалардың модельдік эквиваленттері;

  • символдар;

  • бағдарламаланған оқулықтар және дидактикалық машиналар.

Одан басқа дидактикалық құралдарды күрделілік деңгейіне қарай классификациялау да бар. Қарапайымдарының қатарына табиғи жағдайдағы табиғи үлгілер, жасанды жағдайда қолданылатын табиғи үлгілер, моделдер, карта, диаграммалар т.б. жатады. Күрделі құралдар қатарына түрлі механикалық және электрикалық құрылымдар: кинопроектрлар, теледидарлы аппараттар, оқытуды автоматтандыратын үрдіс т.б. жатады. Бұлай бөлуде сезімдік ықпал түрлері осы құралдардың күрделілік деңгейіне бағынышты болып қалды. Сондықтан қарапайым және күрделілердің арасынан да визуалдық, аудиалдық және аудивизуалдық құралдарды сонымен бірге бұл топтарға кірмейтін дидактикалық машиналар мен бағдарламаланған оқулықтарды бөліп көрсетуге болады.

Оқыту құралдарын класификациялаудың бір жолын М.Годлевский ұсынды:

1) тақталар – бормен жазуға арналған, магнитті, арнайы, монтажды т.б.

2) жарықты проекциялауға арналған құрылым – қозғалмайтын бейнелер проекторы, дыбыссыз фильм проекторы, көлеңкелі проекторлар үшін лампалар, т.б.

3) дыбысты құрылымдар – магнитофофн, радиола т.б.

4) аудивизуалды құралдар – видеофондар, дыбысты фильм проекторлары, видеомагнитофондар т.б.

5) дидактикалық машиналар – білімді бекітуге арналған құрылымдар (репетитор, ақпараттық машиналар), оқушылардың білімін қадағалауға арналған құрылымдар (экзаменаторлар т.б.), тренингтік құрылымдар және стимуляторлар т.б.

6) мәтіндерді және бейнелерді көрсетуге арналған құрылымдар – көбейтуші аппарат клише, ксрографтар т.б.

7) бұқаралық ақпарат құралдары –теледидар, радио т.б.

8) ғылыми ақпарат техникалары – микрофильмидерді оқуға арналған құрылымдар, классификациялық картотекалар.

9) электронды сандық машиналар;

10) кешенді оқулықтар және бағдарламаланған мәтіндер – дәстүрлі әдістермен, бағдарламаланған оқыту, шетел тілдерін оқытуға арналған;

11) көлемді бейне аппаратурасы – стереопроектор, стереокинопроектор, голография.

Түрлі классификациялар қатаң талаптарға жауап бермейтіндігін көрсетеді. Сондықтан көп жағдайда басында көрсетілген классификацияға компоненттер қосып, сол классификацияны ұстанады:



  • визуалды, оған табиғи нәрселер, машиналар, құрылымдар, препараттар, кестелер, символдар т.б. жатады.

  • аудиалды, оған пластинкалар, музыкалық инструменттер т.б. жатады.

  • Аудивизуалды – теледидарлық аппаратар, кинопроекторлар;

  • Оқытуды автоматтандыратын үрдіс – бағдарламаланған оқулықтар, дидактикалық машиналар, тілді үйрену лабороториялары т.б.

3. Оқыту үрдісінде аудивизуалдық құралдардың маңызы өте зор. Өйткені И.П.Павлов көрсеткен 1-ші және 2 –ші сигнал жүйелерінің бірігіп жұмыс істеуінің нәтижесінде оқу материалы берік меңгеріледі. Олар қатарынан екі анализаторға ықпалын тигізеді. Аудивизуалдық құралдар қатарына дыбысты фильм мен теледидар жатады. Оқу дыбыстық фильмі – оқыту үрдісінде үлкен роль атқарады. Қозғалмалы бейне және дыбыстың көмегімен түрлі обьектілерді, құбылыстарды бірнеше мәрте қарауға болады. Мұның дидактикалық артықшылықтары өте көп. Өйткені мұғалім фильмнің мазмұнын толық түсіндіре алады, оқушылар зейінін ең керекті немесе байқалмайтын жерлерге бағыттай алады, заттарды жақынна көрсете алады, қозғалысты баяулата, шапшаңдата алады, құбылыстар дамуын толық көрсете алады. Мұның барлығы фильмді оқушылар жаңа материлды меңгеру, бекіту, ал кейде олардың жұмысын қадағалау және бағалау кезінде тиімді қолдануға болатындығын көрсетеді. Аталған дидактикалық функциялардың соңғысының жүзеге асырылуына фильмнің оны қараушылардың барлығына бірдей жағдай жасайтандығы ықпалын тигізеді.

Дидактикалық фильмдер оқыту үрдісінде қолданылатын негізгі аудивизуалдық құрал ретінде төмендегідей артықшылықтарға ие:



  • белгілі нәрселерді, құбылыс, үрдістерді нақты және бірнеше мәрте қайталап көрсете алады;

  • қозғалысты көрсетеді;

  • көрсетілген оқиғаға сәйкес дыбыстарды, әңгімелерді бере алады;

  • түсін көрсете алады;

  • басқаша жеткізілуі қиын сұрақтардың мәнін бейне және дыбыс арқылы анық жеткізеді.

Фильмнің әсері мол болуы үшін мұғалім оны көрсетер алдында ол туралы қысқаша болсада айтып өтуі тиіс.

4. Дидактикалық құралдар оқыту үрдісінің басқа компоненттерімен бірге қолданған жағдайда ғана құнды элемент болып саналады. Оларды таңдау мектептің оқу құралдарымен қамтамасыз етілуіне ғана емес, сабақтың мақсатына, оқу жұмысының әдістеріне, оқушылардың жасына және кейбір оқу пәндерінің өзіндік ерекшеліктеріне де байланысты.

Мысалы, оқушыларға жаңа материалды түсіндіру кезінде пайдаланылған оқыту құралдары, оны бекіту немесе тексеру кезінде қолданған оқыту құралдарынан айырмашылығы болады. Оқушылардың жасы және кейбір оқу пәндерінің ерекшеліктерідидактикалық құралдардың түрін және оларды қолдану ерекшеліктерін анықтайды. Оқу материалын табысты меңгеруге төмендегідей оқыту құралдары да әсерін тигізеді:


  • оқушылардан өз бетімен ойлануды және іс-әрекетті, бар білімді жаңаны меңгеру үшін пайдалануды талап ететін;

  • танылатын фактілерді түрлі көзқарас тұрғысынан тануды қамтамасыз ететін, жан-жақты түсінік беретін;

  • жағымды жағдайларда оқушылар үйлерінде, мектеп шеберханаларында және т.б. жерлерде пайдалана алатын.

Мұндай құралдарды әсіресе мұғалімнің жетекшілік етуімен дайындаудың тәрбиелік мәні өте зор және мектеп үшін оқу құралдарын жасаудың негізгі көздерінің бірі болып саналады.
Бақылау сұрақтары

1. Оқыту құралдары дегеніміз не?

2. Оқыту құралдарының функцияларын ата.

3. Оқыту құралдарын ата.

4. Оқыту әдістерін топтастыру немесе классификациялаудың жолдарын көрсет.

5. Аудивизуалдық оқыту құралдары дегенді қалай түсінесің?

6. Аудивизуалдық оқыту құралдарының артықшылықтары неде?

7. Оқу-тәрбие жұмысында неге бір ғана оқыту құралын әмбебап ретінде бөліп алмай, әдістердің, формалар мен құралдардың көптүрлілігін ескеруіміз керек?


Әдебиеттер:

  1. Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: «Нұрлы әлем», 2003. -368 бет.

  2. Дидактика средней школы. /Под ред. М.Н.Скаткина. М.,1982.

  3. Карпов Г.В., Романин В.А. Технические средства обучения. Уч. пособие. М.,1966.

  4. Купесевич Ч. Основы общей дидактики. М.,1986.

  5. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000.

  6. Подласый И.П. Педагогика. М.,2003.

  7. Гельмонт А.М., Полторак Д.И. Телевидение в школьном образовании. М.,1963.


Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар

1) Оқыту құралдарының материалды игерудегі маңызын дәлелде.

2) Мектептегі сабақтарға қатысып, мұғалімнің оқыту құралдарымен қалай жұмыс жасайтындығын талда.

3) Оқытудың қазіргі техникалық құралдары оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімді ауыстыра ала ма?

4) Оқыту құралдарының негізгі дидактикалық функциялары.

5) Оқу кабинетін безендіру.


Реферат тақырыптары

1. Оқытудың техникалық құралдары.

2. Қарым-қатынас құралдары.

3. Оқыту құралдарының оқуүрдісін ұйымдастыруға және оның барысына ықпалы.

4. Оқыту құралдары мен әдістерінің өзара байланысы.

5. Оқыту құралдарының оқу үрдісінде алатын орны.


Тоғызыншы тақырып
Мектепте оқытуды ұйымдастыру формалары
Жоспары:

1. Оқытуды ұйымдастыру формалары және оларды классификациялау.

2. Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық формасы.

3. Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар.

4. Мектептегі сабақтың типтері.

5. Сабақтың құрылымы.

6. Дәстүрлі емес сабақтар және оларды талдау.

7. Мұғалімнің сабаққа даярлануы.

8. Қазіргі сабақ құрылымының моделі.

9. Сабақта саналы тәртіпті орнату мәселесі.

10. Сабақты бақылаудың және оны талдаудың үлгі бағдарламасы.

11. Үйдегі оқу жұмысы, оған қойылатын талаптар.


1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары – белгілі бір тәртіпте және режимде жүзеге асырылатын, мұғалім мен оқушылардың келісілген іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. Олар әлеуметтік шартталған, дидактикалық жүйелердің дамуымен байланысты пайда болады және жетілдіріледі.

Оқытудың ұйымдастыру формалары әр түрлі өлшемдер бойынша классификацияланады:



  • оқушылардың санына қарай: бұқаралық, ұжымдық, топтық, шағын топтық, жекелік;

  • оқу орнына қарай: мектептік және мектептен тыс формалар;

  • мектептік оқыту формалары: сабақтар, шеберханада, мектеп жанындағы тәжірибе участкісінде, лабораториядағы т.б. жұмыс;

  • оқыту уақытының ұзақтығына қарай; сыныптағы сабақ /45 минут/, қосарланған сабақ /90 минут/, әр түрлі ұзақтықтағы сабақтар.

Мектептік даму тарихында әр түрлі оқыту жүйесінде бір басым оқыту формасы қолданылды: жекелік-топтық /орта ғасыр мектептерінде/, өзара оқыту /Англиядағы белланкастер жүйесі/, оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқыту /мангеймдік жүйе/, бригадалық оқыту /совет мектебінің 20-шы жылдары/, американдық «Трамп жоспары», онда уақыттың 40% үлкен топтарда /100-150 адам/, 20% - кіші топтарда, және 40% дербес оқуға бөлінді.

Дүние жүзінде ең көп тараған оқытудың сыныптық-сабақтық жүйе болды, ХҮІІғ. пайда болып, міне үш ғасыр бойы дамып келе жатыр. Оның контурын неміс педагогы И.Штурм /1537-1582/ жасады ал, Я.А.Коменский /1592-1670/ оның теориялық негізін салып, практикалық технологиясын жүзеге асырды.

Оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша формалары бар:


  • лекция;

  • семинар;

  • пәндік үйірмелер;

  • топсеруен;

  • факультативтер;

  • кеңес;

  • қосымша сабақтар;

  • үй тапсырмасы;

- оқытудың жекелік формасы.

2. Сыныптық-сабақтық форманың ерекшеліктері: шамамен бір жастағы және даярлық деңгейі бірдей оқушылардың тұрақты құрамы; әрбір сынып өзінің жылдық жоспарына сәйкес жұмыс істейді /оқытуды жоспарлау/; оқыту процесі жекеленген өзара байланысты, бірінен кейін бірі жүретін бөліктер түрінде /сабақтар/ жүзеге асырылады; әрбір сабақ тек бір пәнге арналады /монизм/; сабақтардың тұрақты түрде ауысып отыруы /сабақ кестесі/; мұғалімнің жетекші ролі /педагогикалық басқару/; оқушылардың танымдық іс-әрекетінде әр қилы түрлерді және формаларды қолданады /іс-әрекеттің вариативтілігі/.

Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйенің негізгі компоненті сабақ болып табылады. Сабақ – бұл аяқталған мәндік, уақыттық және ұйымдастырушылық қатынастағы оқыту процесінің кесіндісі /кезеңі, буыны, элементі/.

3. Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар:



  • ғылымның жаңа жетістіктерін, педагогикалық практиканың озат тәжірибесін пайдалану, сабақты оқу-тәрбие процесінің заңдылықтарының негізінде құру;

  • сабақта барлық дидактикалық принциптерді және ережелерді оптимальдық арақатынаста жүзеге асыру;

  • оқушылардың қызығушылықтарын, ынталарын және сұраныстарын ескере отырып өнімді танымдық іс-әрекетке тиісті жағдайды қамтамасыз ету;

  • оқушылар ұғынатын пәнаралық байланысты орнату;

  • бұрыннан оқылған білімдермен және іскерліктермен байланыс, оқушылардың даму деңгейіне сүйену;

  • тұлғаның барлық аясын дамытуды себептендіру және белсендету;

  • оқыту-тәрбиелеу іс-әрекетінің барлық кезеңдерінің логикалылығы және эмоционалдығы;

  • педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану;

  • өмірмен өндірістік іс-әрекетпен, оқушының жеке тәжірибесімен байланыс;

  • практикалық қажетті білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды, ойлауды және іс-әрекеттің тиімді тәсілдерін қалыптастыру;

  • оқи білу іскерлігін, тұрақты түрде білім көлемін толтыруға деген сұранысын қалыптастыру;

  • әрбір сабақты тиянақты диагностикалау, болжау, жобалау және жоспарлау.

Дидактикалық талаптар:

  • әрбір сабақтың білім беру мақсатын дәл анықтау;

  • сабақтың ақпараттық толтыруын реттеу, әлеуметтік және жекелік сұраныстарды ескере отырып мазмұнды оптимизациялау;

  • танымдық іс-әрекеттің жаңа технологияларын енгізу;

  • әр қилы түрлерді, формаларды және әдістерді тиімді ұштастыру;

  • сабақтың құрылымын қалыптастырудағы шығармашылық ыңғай;

  • оқушылардың әр түрлі ұжымдық іс-әрекетінің формаларын дербес іс-әрекетімен ұштастыру;

  • жедел кері байланысты, әрекетті қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;

  • сабақты өткізудегі ғылыми есеп және шеберлік.

Сабаққа тәрбиелеушілік талаптар:

  • сабақтағы іс-әрекеттің, оқу материалының тәрбиелеушілік мүмкіншіліктерін анықтау;

  • оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан ғана шығатын тәрбиелік міндеттерді қою;

  • оқушыларды жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұқыптылықты, жауапкершілікті, зейінділікті, ұжымшылығы, т.б. қалыптастыру;

  • оқушыларға зейінді және сезімталдық қатынас, олармен ынтымақтастықта жұмыс істеу;

Дамытушылық талаптар:

- оқу-танымдық іс-әрекеттің оң мотивін, қызығушылықты, шығармашылық бастамашылықты және белсенділікті қалыптастыру;

- оқушылардың даму деңгейін және психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және есепке алу;

- сабақтарды «озу» деңгейінде жүргізу;

- оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, әлеуметтік дамуындағы «секірістерді» болжау;

Осы талаптардан басқа сабаққа мынадай да талаптар қойылады: ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б.

4. Сабақты классификациялаудың негізіне оқу мақсаты, оны өткізудің әдісі немесе оқыту процесінің құрамдас буындары жатады. Осыған қарай сабақтың әр түрлі типтері ажыратылады.

Танымдық іс-әрекеттің кезеңдеріне қарай сабақтың типтері:



  • кіріспе сабақтар

  • материалмен бастапқы таныстырудың сабақтары

  • ұғымдарды қалыптастырудың, заңдарды орнатудың сабақтары

  • алған білімді практикада қолдану сабақтары

  • дағдылар сабағы

  • жалпылау және қорытындылау сабақтары

  • бақылау сабақтары

  • аралас сабақ

Оқыту әдістеріне қарай сабақтардың типтері:

  • сабақ-әңгіме

  • сабақ-лекция

  • кино сабағы

  • лабораториялық сабақ

  • іс-әрекеттің түр-түрімен сабақ

Дидактикалық міндеттеріне қарай сабақтың типтері:

  • оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы

  • іскерлікті және дағдыны қалыптастыру сабағы

  • білімді жалпылау және жүйелік сабағы

  • қайталау, бекіту немесе білімді, іскерлікті, дағдыны кешенді қолдану сабағы

  • бақылау-тексеру сабағы

  • аралас сабақ

Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білу шарт. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс-тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.

5. Сабақтың құрылымы – оқу міндеттерін орындауға септігін тигізетін сабақтың бөліктерінің, кезеңдерінің өткізілуінің арақатынасы және бірізділігі. Оқу сабағының типіне қарай оның белгілі бір құрылымы жасақталды.

Сабақтың негізгі элементтері:

Сабақтың басталуын ұйымдастыру бір минуттан бірнеше минутқа созылды және оның дербес бөлігіндей өткізіледі. Сабақтың басында іскер және дұрыс талап қою бүкіл сабақтың сәтті өтуіне септігін тигізеді. Ұйымдастырушылық бөлімінде бәрі маңызды: мұғалім сабаққа қалай кіреді, өзіне деген сенімі, сөйлеуі, өзін ұстау қалпы, талаптарды орынды қоюы және оқушыларға деген шынайы ықыласы, сыйлаушылығы.

Оқыған материалдың меңгеруін тексеру /әдетте үй тапсырмасы/, оның мәні тексеру және қадағалауда, сонымен бірге жаңа материалды меңгеруге даярлауда болып табылады. Мұғалім үй тапсырмасын орындауға негіз болған басты идеяларды, ережелерді т.б. оқушылардың зейінін аударады. Үй тапсырмасын бәрі орындаған, орындамағанын анықтайды, қандай қиыншылықтар кездескенін біледі.

Сабақтың мақсаттарын және міндеттерін қою. Сабақтың нақты міндеттерін және оны жүзеге асырудың жолдарын ұғыну мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін анықтығын, жүйелілігін және бірізділігін қамтамасыз етеді. Мақсат пен міндетті қою әдетте көп уақыт алмайды, бірақ ол оқу іс-әрекетіне бағытталғандық береді және үлкен тәрбиелік әсері болады.

Түсіндіру – оқу материалының мазмұнын ғылыми баяндау. Оқушыларға жаңа материал түсінікті болу үшін мұғалім ғылыми дәлелдерді, оқушыларда бар білімге сүйенуді, анық және түсінікті баяндауды жүзеге асыруы керек. Бекіту жаңа материалды түсіндіріп болғаннан кейін жаттығулардың, дербес жұмыстардың, арнайы тапсырмалардың жүйесі арқылы оқылған материалдың бастысына, сүйенетін буындарына оқушылардың назарын аудартады, теориялық қағидаларды оқу іс-әрекетінің практикасымен байланыстырады. Бекіту арқылы мұғалім оқушылардың материалды меңгергені туралы ақпарат алады.

Қайталау. Оқу материалын тақырып, бөлімдер, курс бойынша жүйелеу, жалпылау, қайта айту. Бұл бөлімдегі күрделісі негізгі идеяларды бөліп шығару және жаттығулар мен тапсырмаларды таңдау болады.

Сабақтың нәтижесін шығару, қорытындылау. Сабақтың өтілу барысына, оқушылардың жұмысына қысқаша баға беру, оқығанның басты идеясын еске салу.

Үй тапсырмасы. Мұғалім үй тапсырмасын хабарлайды, қысқаша орындалу жолын түсіндіреді. Үй тапсырмасын орындау туралы нұсқау анық, қысқа, бірізділікпен берілуі қажет.

Оқу міндетіне және мазмұнына қарай сабақтың бөліктерінің ара-қатынасы ауысып отырады. Сабақтардың әртүрлі типтерінің құрылуында ерекшеліктер пайда болады.

Жаңа білімді меңгеру сабақтарының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсаттары және міндеттері; жаңаны түсіндіруге даярлық жұмыс /үй тапсырмасын тексеру, бұрыннан оқығанды қайтадан айту, т.б./; түсіндіру; сабақты қорытындылау және үй тапсырмасы. Басты бөлімі – түсіндіру, бекіту қосымша роль атқарады және диагностикалық мақсатта өткізеді. Мұғалім оқушылардың жаңа білімді қалай меңгергені туралы ақпарат алады.

Бекіту сабағының құрылымы: сабақтың бастауын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; бекіту; қорытындылау және үй тапсырмасы. Сабақтың басында әрбір оқушының жұмысқа даярлығын тексеру керек. Мақсатты қою барысында мұғалім негізгі қағидалар мен ережелерді еске салады, себебі олар практикалық оқу іс-әрекетіне негіз болады. Үй тапсырмасын тексеруді бекітумен байланыстырған дұрыс. Сабақтың негізгі бөлімі – практикалық тапсырмалар, проблемдік жағдаяттар мен сұрақтарды шешу, жаттығуларды орындау, дербес жұмыстар. Жаттығуларды дұрыс таңдау үлкен роль атқарады, олардың қиындығы бағдарламаның, стандарттың талабына сай болғаны абзал.

Жалпылау немесе қайталау сабағының құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; сабақтың мақсатын және міндетін қою; оқу материалын жалпылау және жүйелеу; сабақтың қорытындысы және үйге тапсырма. Бұл сабақтың ерекшелігі және күрделілігі мынада: оқу материалының шеңберін дәл анықтау, негізгі ұғымды, ережені, идеяны, шебер бөлу, сәйкесті жаттығуларды таңдау. Қайталауда сабақтың тәрбиелеушілік жағына үлкен мән беріледі. Мұнда оқу материалы көп дәрежеде қызықты фактілермен, оқиғалармен, сезімдермен тығыз байланысты. Бұл сабақтың ерекшелігі мұғалім аз түсіндіреді де көбіне оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқарады.

Аралас сабақтың құрылымы: сабақтың басталуын ұйымдастыру; үй тапсырмасын тексеру; сабақтың мақсатын және міндеттерін қою; жаңа материалды түсіндіру, бекіту, қайталау, сабақты қорытындылау және үй тапсырмасын беру.

Сабақтың бұл типі бүкіл элементтердің бүкіл комбинациясын құрайды. Әрбір бөлімі басқалардың арасында тең бағалы мәні бар. Сабақтың осы типі бастауыш мектепте жиі қолданылады.

Қадағалау сабағының құрылымы: тексерудің мақсатын түсіндіру және жұмысты ұйымдастырудың нұсқауын беру; бақылау тапсырмасының мазмұнымен және оны орындаудың тәсілімен таныстыру; оқушылардың дербес жұмысы; сабақтың нәтижесін бастапқы қорытындылау. Сабақтың басы нұсқаудан және оқушылардың жұмысқа даярлығын тексеруден басталады. Бірден бақылау жұмысының сипатын айтып, қандай білімдер, қандай тақырыптар тексерілетіні хабарланады. Мұғалім оқушыларға ойлау іс-әрекетінің жолдарын көрсетеді: теориялық талдауды қалай қолдануға болатындығын, теорияны практикалық жұмыспен байланыстыруды, өзін-өзі қадағалаудың тәсілдері т.б. Әдетте үй тапсырмалары берілмейді. Бірақ әдебиет тізімін, іздеушілік сипаттағы тапсырмаларды беруге болады.

6. Мұғалімдер, педагог-ғалымдар оқу жүйесінің негізгі кемшіліктерінің бірі – оқушылардың іс-әрекетінің жоқтығынан арылу жолдарын іздестіруде. Білімді пассивті қабылдау оны жоғары дәрежеде меңгеруді тежеп, оқушыларды қазіргі талап деңгейінен шығара алмайды. Осы кемшіліктен толық арылмағанмен, азайту үшін оқу түрлерінде, яғни түсіндірмелі-иллюстративтікте үлкен өзгерістер енгізілді, одан кейін мектеп практикасында проблемалық, программалық оқыту қолданыла бастады.

Өткен ғасырдың 80 жылдарында түсіндірмелі-иллюстративтік оқытудың тұтқасы – сыныптық-сабақтық жүйе қоғамның жаңа талаптарына сай болу үшін жетілдіруді талап ететіні белгілі болды. Осы жүйені модернизациялау кезінде дәстүрлі емес сабақ пайда болды. Онда оқушыларды белсенді позицияға қойып, сабақты даярлап өткізуде іс-әрекетке қосып, ойындық, жағдайды шешушілік, жарыстық функцияларды жүзеге асырады.

Дәстүрлі емес сабақты өткізуде мынадай сұрақтар пайда болды: жалпы сабақтар жүйесінде алатын орны, функциясы, оны таңдап алу шарттары, қойылатын талаптары қандай, мұндай сабақтарды талдау немен ерекшеленеді т.б.

Дәстүрлі емес сабақ – бұл орнатылмаған құрылымы бар импровизациялық оқу жұмысы.

И.П.Подласыйдың, Г.К.Селевконың т.б. еңбектерінде дәстүрлі емес сабақтардың 30 астам түрі келтірілген.

Сабақтың дәстүрлі емес технологиясына жататындар:


  • пәнаралық байланысқа негізделген интегралды сабақтар;

  • жарыс және ойын формасындағы сабақтар: байқау, турнир, іскер немесе ролдік ойындар;

  • қарым-қатынастың көпшілік формаларын имитациялау сабақтары: пресс-конференция, аукцион, ауызша журнал т.б.;

  • мемлекеттің және ұйымдардың іс-әрекетін имитациялауға негізделген сабақтар: сот, парламенттегі дебаттар;

  • қоғамдық-мәдени шараларды имитациялаудың сабақтары: өткенге сырттай экскурсия, жорық, әдеби серуен;

  • сабақтан тыс дәстүрлі формаларды сабақ шеңберіне енгізу, көңілділер, тапқыштар клубы, «Не? Қайда? Қашан?», инсценировка.

Дәстүрлі емес сабақтар қандай дидактикалық міндеттерді шешуде қолдануға болады деген сұраққа, іскерлікті және дағдыны қалыптастыруға, білімді жалпылау және жүйелеуге, қайталау және бекітуде, бақылау-тексеруде қолдануға болады деген қорытынды жасаймыз. Ал, интегралды және конференция сабақтары арқылы жаңа білім меңгеру міндетін де шешуге болады. Сонда дәстүрлі емес сабақтар оқытудың басты формасы – дәстүрлі сабақтардың функцияларын атқарып, оның көмекші формасы болады.

Дәстүрлі емес сабақтың түрін таңдап алғанда тақырыптың мазмұнын, оқушылардың даярланғандық дәрежесін, материалдық базаны, мұғалімнің мүмкіншілігін, оқулықтардың, көмекші оқу құралдарын т.б. есепке алу керектігін тәжірибе көрсетті.

Көптеген қазақ мектептерінде жұмыстың топтық формасы бар сабақтарды, театрландырылған, ойын сабақтарын өткізуге жағдай жоқ. Өкінішке орай, біраз оқушылардың білім деңгейінің төмендігі іскер ойындар, шығармашылық, «сот» т.б. сабақтарды өткізуге қолбайлау болып отыр. Зерттеу, түпдеректі талдау, бинарлық /қосарланған/ сабақтарды өткізейін десе оқулық, қосымша оқу құралдары жетіспейді.

Дәстүрлі емес сабақтарға дидактикалық, тәрбиелеушілік, дамытушылық, ұйымдастырушылық, психологиялық, басқарушылық, санитарлық-гигиеналық, этикалық т.б. талаптар қойылады. Кейбіреулерін көрсете кетелік:



  • оқушылардың қызығушылығын, ықыласын т.б. ескере отырып дәстүрлі емес сабақты өткізуге қажетті жағдайды қамтамасыз ету;

  • оқушының барлық аясын дамытуға себептендіру және белсендету жұмысын жүргізу;

  • дәстүрлі емес сабақта жедел кері байланысты, пәрменді қадағалауды және басқаруды қамтамасыз ету;

  • педагогикалық әдепті сақтау, оқушылармен қарым-қатынасты, бірге іс-әрекет жасауды жоғары дәрежеде жүргізу;

  • оқушылардың дамуында жаңа сапалы өзгерістерді жүзеге асыруды стимулдау.

Дидактикада сабақты талдаудың әдістемесі баршылық.

Дәстүрлі емес сабақтар үшін, әрине, арнайы сабақ талдаудың схемасын жасаудың қажеті жоқ. Біздің пікірімізше, бар схеманың бөлімдерін тереңдетіп, жан-жақты қолданса жеткілікті. Дәстүрлі емес сабақтарды талдағанда жалпы сұрақтармен бірге мына сұрақтарға жауап алудың қажеті бар сияқты:



  • сабақты даярлауға оқушылардың қатысуы, белсенділігі;

  • қолданылатын жадығаттың қызығушылық, еліктеушілік әдеттен тыс дәрежесі;

  • оқушылардың танымдық іс-әрекетін стимулдаудың тәсілдері, жолдары қандай болды;

  • сабақ барысында оқушыларды толықтыруға, түзетуге, рецензиялауға т.б. қаншалықты қатыстырылғандығы.

Осы орайда төмендегі мәселелер ескерілуі тиіс:

  • оқу мазмұнының танымдық бағытталғандығы;

  • сабақтың білімділік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттарының дұрыс қойылуы;

  • сабақтың мақсатына, мазмұнына сәйкесті түрін, құрылымын, оқыту әдістерін талдау;

  • оқытудың мұғалім мен оқушылардың диалектикалық өзара байланысы екені туралы ұғымды білдіретіндігі;

  • білімді меңгеру үрдісінің құрылымын, яғни қабылдау, түсіну, ұғыну, жинақтау, бекіту, қолдануды жүзеге асыру;

  • проблемалық оқытуды сабақта іске асыру жағдайлары;

  • сабақтың әртүрлі кезеңдерінде оқушылардың фронтальды, топтық және жеке жұмысына қатынасы;

  • сабақта оқыту мен тәрбиелеу ұстанымдарының орындалуы.

7. Мұғалімнің жұмысының маңызды кезеңі – сабақтарды даярлау мен өткізу. Әдіскер ғалым Ю.Л.Львова сабаққа даярлануға байланысты мынадай әдістемелік ұсыныстар береді:

1. Сабаққа күні бұрын даярлану (оны өткізуден 2-3 күн бұрын) пәннің логикалық құрылымындағы тақырыптың алатын орнын анықтап, алдыңғы және кейінгі тақырыптармен байланыстырып, сол арқылы оның танымдық мәнділігін анықтау.

2. Осы тақырып бойынша мұғалімнен немесе әдіскерлерден кеңес алу.

3. Тақырып бойынша оқулық жадығатын талдап, университетте оқыған пәндердің сай келетін бөлімдерін, барлық қосымша жадығаттарды зерттеу (әдістемелік басылымдар, журнал мақалаларын қарау т.б.).

4. Сабақ – ізденімпаздық үрдіс нәтижесі. Әдістемелік құралдардың жағдайын сыни көзбен қарап, жаттандылықтан аулақ болу.

5. Сабақтың мақсатын анықтап, нақтылау қажет (білім берушілік, тәрбиелік, дамытушылық, оның жан-жақты шешілуін қамтамасыз ету).

6. Оқу жадығатының мазмұнын тиянақты ойластыру. Оның мақсатын, міндеттерін оқушылардың оқу мүмкіндіктерімен сәйкестендіру.

7. Конспект-жоспар құрып, сабақтың түрін, құрылымын ойластыру. Оның әр бөлімінің тезисін жасау.

8. Сабақты оқу үрдісінің дидактикалық ұстанымдарына сай, дамытушылық, іс-әрекеттік ыңғай теорияларына сүйене отырып жүргізу.

9. Сабақтың әр бөліміне нақты дидактикалық міндетті қою, оны шешуге арнаулы уақыт бөлу, оқушы іс-әрекетінің түрін ойластыру.

10. Сабақта қолданылатын оқыту әдістерінің жүйесін ойластыру:

а) оқушының танымдық қызығушылығын, парыз, жауапкершілік сезімін арттыру, оқудың әлеуметтік мәнін көрсету;

ә) оқушы іс-әрекетінің барысын, нәтижесін тексеру;

б) оқушы іс-әрекетінің барысы мен нәтижесін тексеруде өзін-өзі тексеруін қамту.

11. Фронтальдық, топтық және жекелік танымдық қызметті ұйымдастырудың тиімді арақатынасын анықтау.

12. Көрнекі құралдарды, дидактикалық жадығаттарды даярлап алу.

13. Жоспар-конспектіні жасағаннан кейін пән мұғалімдері мен әдіскерлерден кеңес алу.

8. Қазіргі сабақ құрылымының моделі.

Тақырып:

Дидактикалық мақсаттары:

а) білім берушілік

ә) тәрбиелік

б) дамытушылық

Дидактикалық құралдар:

Критерийлер бойынша сабақтың типі:

а) дидактикалық міндеттерді шешуіне байланысты

ә) оқытудың басым түріне байланысты

б) оқушылардың танымдық қызығушылығының дәрежесіне байланысты.



Сабақтың барысы

І. Оқушыларды жаңа білімді игеруге даярлау:

1. Іс-әрекеттің мақсатын қоя білу, оны оқушылардың қабылдауы.

2. Оқушылардың танымдық қызметінің дәлелділігін қамтамасыз ету.

3. Тірек білімдерінің маңызы. Дидактикалық міндет қою арқылы балаларды танымдық іс-әрекеттің сан алуан түрлеріне қатыстыру:

а) ауызша санау, математикалық диктант;

ә) грамматикалық талдаудың түрлері;

б) ізденімпаздық, өзіндік жұмыс;

в) үй тапсырмасын тексеру;

г) бұрыңғы және жаңа жадығаттың арасындағы логикалық байланысты орнату.


ІІ. Оқушылардың жаңа білімді игеру үрдісі:

  1. Ақыл-ой әрекетін заттандыру дәрежесінде бастапқы мәліметті қабылдап, оны меңгертуді ұйымдастыру.

а) зерттелетін құбылыстардың мәнді сапалық белгілерін ойлау операцияларының көмегімен анықтау: талдау, жинақтау, салыстыру, тасымалдау т.б.;

ә) зерттелетін құбылыстың бейнесін анықтау.


ІІІ. Түсіну үрдісі:

а) жасалып жатқан образды ұғым деңгейіне жеткізу;

ә) ұғымды бекіту, ережені анықтау, айту, бастапқы меңгеру;

б) оны бұрынғы біліммен логикалық түрде байланыстыру.


ІҮ. Жаңа білімді ұғыну үрдісі:

а) білімді баланың өмір тәжірибесімен сәйкестендіру;

ә) баланың білім мәнін түсінуі;

б) оқушының жаңа білімді субъективті түрде меңгеруі.


Ү. Жаңа білімді жалпылау және жаңа ұғымдарды бұрыңғы меңгерген жүйеге енгізу:

а) жаңа білімдердің бұрыңғылармен тәуелділігін және себеп-салдарлы байланыстарын орнату;

ә) меңгерген білімді жүйелеуді және нақтылауды қамтамасыз ету.
ҮІ. Сабақта білімді бекіту және қолдану:

а) алған білім негізінде оқу дағдыларын жасау;

ә) білімді өздігінен қолдану;

б) оларды шығармашылықпен қолдану.


ҮІІ. Сабақтың қорытынды бөлімі: оқушылар қызметінің мазмұндық жағын бақылау.

  1. Оқығандық және тәрбиелік дәрежесін бағалау:

а) жеке адамның бағаттылғандығының қалыптасуы;

ә) танымдық психикалық үрдістердің дамуы;

б) жеке адамның эмоциялық-еріктік деңгейі;

в) оқушылардың іс-әрекетінің көлеміне, жылдам әрі тез орындауына сипаттама.

2. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін стимулдау:

а) іс-әрекеттің жағымды нәтижесін көрсету;

ә) қойылған бағаға түсініктеме беру;

3. Үй тапсырмасы және оның орындалуын түсіндіру.

9. Саналы тәртіпті орнату мәселесіне байланысты В.Райх, Н.Е.Щуркова, Т.И.Шамова сияқты педагог-ғалымдар жас мұғалімдерге мынадай кеңестер береді:

1. Кабинетке қоңыраудан бұрын келіңіз. Сабақты өткізу даярлығын, парталардың орналасуын, тақтаның тазалығын тексеріңіз. Сыныпқа соңғы болып кіріңіз. Оқушылардың сәлемдесуі ұйымдасқан түрде болуын жүзеге асырыңыз. Сабақтың ұйымдастыру бөлімін аз уақытта шешуге ұмтылыңыз.

2. Журналдан өз пәніңіздің бетін іздемеу үшін, алдын-ала тауып қойыңыз.

3. Оқушыларға «Үй тапсырмасын кім орындамады?» деген сұрақ қоюға болмайды. Бұл оқушыларды үй тапсырмасын орындамауға болады деген ойға итермелейді.

4. Сабақты әрбір оқушы іспен айналысатындай етіп жүргізу керек, себебі кідірістер, бос отыру тәртіпсіздікке жағдай жасайды.

5. Оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын оқу жадығатының мазмұнымен, проблемалық жағдаятты (ситуация) құру арқылы туғызуға болады. Сабақтың ырғағын қадағалаңыз, нашар оқушыларға өз күшін тексеруге жағдай жасаңыз. Бүкіл сыныпты өз зейін аяңызда ұстаңыз.

6. Сабаққа қатысы жоқ іспен айналысатын оқушыларға жиірек сұрақ қойып, тапсырма беріп отыру керек.

7. Оқушыларға қойылатын бағаның көрсеткіш өлшемдерін түсіндіру керек немесе оқушының білім деңгейіне сәйкес қойылатын баға туралы хабардар ету шарт.

8. Сабақты жеке оқушылардың жұмысын жалпы бағалаумен аяқта.

9. Сабақты уақытылы бітіріңіз. Кезекшілердің міндеттерін естеріне салыңыз.

10. Тым көп ескерту жасай бермеңіз.

11. Сыныптағы тәртіпті өз күшіңізбен орнатуға ұмтылыңыз.

12. Жас маман оқушылармен әдеби тілдік норманы сақтап, шешендік қалыпта сөйлесе білуі жөн. Тіл шұбарлаудан аулақ бол. Енді мұғалімдердің сабақты даярлаудағы және өткізудегі кемшіліктерін қарастырайық. Сабақта кемшіліктер жіберілуінің негізгі себептері – оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың қажетті білік-дағдысының болмауы, оқытатын пәні, педагогика, психология және әдістеме салаларынан теориялық даярлығының жеткіліксіздігі, сабақты өткізуде алған білімдерін пайдалана білмеуі т.б. Сабақ барысында негізгі кездесетін қиыншылықтар – жоғары оқу орнында пәнді оқытудың әдістемесінен танысқан теориялық қағидаларды, ұстанымдар мен ережелерді сабақ барысында толық жүзеге асыра алмау. Ұжымды қалыптастырғанда оның кезеңдері анық көрінісін таппайды, оқушыларға себеп-салдар байланыстарын, заңдылықтарды меңгерту жүзеге асырыла бермейді. Сабақтың мақсаттарын орындауда жүйелі жұмыс жүргізілмейді. Өлкетану жадығаттары, жергілікті жер туралы мысалдар сирек келтіріледі. Көптеген сабақтарда оқулықтың мәтінін, тақтаны пайдаланбайды. Тақтаға нені жазатынын, сызатынын алдын-ала даярламайды. Оқушылардың білімін, іскерлігі мен дағдысын бағалағанда көп қиыншылық көреді. Мысалы, жауап беріп жатқан оқушыға сынып оқушыларының көңілін аудартуда, жауапты дұрыс бағалап, талдағанда кемшіліктер жіберіп жатады. Сабақта кемшіліктер аз болу үшін, оны жоспарлауды жан-жақты қарастырып, қажетті жадығаттармен қамтамасыз ету қажет. Алдыңғы қатарлы студенттер практика барысында көптеген кемшіліктерден арылуға болатынын көрсетіп жүр. Оның бір жолы – сабаққа қойылатын талаптарды басшылыққа алу. Педагогикалық әдебиеттерде олар жүйелі түрде баяндалған. Мәселен, оның бір үлгісі 1-кестеде берілген:
І – кесте


Сабақтың элементі

Талаптардың мазмұны

1

2

Мақсаттары

1.Әрбір сабақ мақсатты бағытталған болуы керек. Олар оқушыға білім беруге, тәрбиелеуге және дамытуға тиісті.

2. Сабақ өмірімен тығыз байланысты болуы керек.

3. Сабақ пәнге қызығушылықты дамытуға тиісті.


Мазмұны

  1. Сабақтың мазмұны ғылыми түрде болып, пәннің ғылыми негіздерін меңгеруді қамтамасыз етуп, оның қазіргі мәселелерімен таныстыруға тиісті.

  2. Сабақта пәнді оқытудың барлық ұстанымдары өз көрінісін табуға тиісті.

Оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері

Оқытудың әдістері мыналарды қамтамасыз ету керек:

  1. Оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетін;

  2. ой мен сезімнің бірлігін;

  3. Оқытудағы проблемдік ыңғайды;

  4. Сабақтың эмоционалдығын.

Оқыту әдістері мыналарды есепке алады:

  1. Оқытудың қазіргі техникалық құралдарын пайдалану;

  2. Практикада білімді қолдануды іске асыратын әр түрлі тапсырмаларды пайдалану;

  3. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру, т.б.

Сабақтың құрылымын ұйымдастыру

1. Пән сабағы:

а) тақырыптың немесе бөлімнің логикалық бірлігі болу керек;

ә) жаңа жадығатты оқытудың, білім мен іскерлікті бекітудің түрлі тәсілдерін қолдануға тиісті;

б) білім мен іскерлікті ағымдық және жалпылау түрінде қайталауды қамтамасыз ету;

в) сыныптың жас ерекшеліктерін ескеру.

2. Білімді, іскерлік пен дағдыны меңгеруін жүйелі түрде қадағалау қажет.

3. Сабақ оқушылар мен мұғалімнің еңбегін ғылыми ұйымдастырудың талаптарына сай болу керек.


10. Сабақты бақылаудың және оны талдаудың үлгі бағдарламасы.

1. Ең алдымен жалпы мәліметтер жазылады: бақылау күні, мектеп, сынып, сабақ кестесінде алатын орны, мұғалімнің аты-жөні, сабақтағы оқушылардың саны.

2. Сабақтың тақырыбы жазылады және осы сабақтың тақырыбы бойынша жалпы сабақтар жүйесінде орны анықталады.

3. Сабақтың мақсаты, оның білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттері жазылады (олар сабақ алдында мұғалімнен сұрап алынады) .

4. Сабаққа даярлығы анықталынады: сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық жағдайы, сынып тақтасы (тазалығы, дидактикалық жадығаттың алдын-ала даярлануы), көрнекі құралдар, техникалық оқыту құралдары, оқушылардың сабаққа психологиялық даярлығы.

5. Сабаққа хаттаманың жазылуын мынадай схемамен жүргізуге болады:




Уақыт

Өзара бірлескен әрекеті

Сабақтың бағалануы




Мұғалімнің ісі

Оқушылардың ісі




Талдау кезінде мынадай сұрақтарға жауап беру керек:

1. Тақырыптың мақсаты мен мазмұнының сәйкестілігі.

2. Сабақтың типін және оның негізгі кезеңдерін анықтау.

3. Әрбір кезеңге кеткен уақытты белгілеп отыру.

4. Сабақтың басталуы: Ұйымдастыру кезеңі:



  • тыныштықтың орнатылуы, сәлемдесу;

  • сабаққа даярлығын тексеру;

  • өткен сабақпен байланысты орнату, оқушылар алдында жалпы және жалқы міндеттерді қою.

5. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:

  • тексерудің түрі (жалпы, жеке, фронтальды);

  • кемшіліктерді анықтау мен оларды жоюдың жолдары;

  • сұрақтарды қоюдың мазмұны мен әдістемесі (сұрақтардың сипаты, қайталаттыратын, проблемалық сұрау әдістемесі, оқушыларды белсенді ету тәсілдері);

  • сабақ сұрау кезінде жауапты толықтыруға, түзетуге, рецензиялауға оқушылардың қаншалықты қатыстырылатындығы;

  • оқушылардың ұжымдық, фронтальдық, топтық және жеке жұмыстары қалай ұйымдастырылатындығы;

  • оқушылардың мұғаліммен және өзара іс-әрекеті қалай ұйымдастырылатындығы.

6. Жаңа жадығатты меңгеру:

  • тақырыпты хабарлау;

  • қазіргі тақырыптың өткен тақырыптармен байланысын, кейінгі жадығатты меңгерудегі мәнін көрсету;

  • тақта тиімді қолдынылды ма?

  • оқушылардың танымдық іс-әрекетін стимулдаудың тәсілдері (көрнекілігі, балаларда бар тәжірибені пайдалану, проблемалық ситуацияны құру т.б.);

  • оқушылардың дербес жұмысының рөлі мен орны, оқулықты қолдануы т.б.

7. Жаңа білімді бекіту:

  • бекітуге қандай жадығат таңдап алынды?

  • бекіту қандай әдістермен іске асырылды?

  • оқу жадығатын саналы меңгеріп жатқандығы туралы қорытынды жасауға бола ма?

8. Үй тапсырмасының берілуі:

  • үй тапсырмасын түсіндіруге қанша уақыт бөлінді?

  • сабақтың қандай кезеңінде берілді (сабақтың басында, сұраудан кейін, бекітуден кейін, үзілісте, берілген жоқ);

  • үй тапсырмасын қалай орындау керектігін оқушылар қаншалықты түсінді?

9. Жалпы қорытынды және ұсыныстар:

  • оқушылармен білімділік, дамытушылық және тәрбиелік функцияларының жүзеге асырылуы;

  • мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасының стилі;

  • оқушылардың белсенді әлеуметтік қалыптасуының дәрежесіне жалпы сипаттама (саналы оқу қажеттігін түсінуі, білімді өздігінен меңгеруге талпынысы, алған білімді практикада қолдануы, ұжымшылдығы, жауапкершілігі т.б.).

11. Үйге берілген оқу тапсырмасын орындаудың мәні: оқушының дербес ойлауын және іс-әрекетін дамытады. Ол мұғалімнің нұсқауы және оқулық бойынша жұмыс істесе де тапсырманы дербес және жеке орындағандықтан материалды саналы меңгеруге, шығармашалық көрсетуге жағдай жасайды.



Үйдегі оқу жұмысына қойылатын талаптар:

  • үй тапсырмалары үлкен болмауы керек, бірақ мазмұнды болуы қажет. Олар нақты ережені, ойлау операциясын, практикалық іс-әрекетті меңгеруге, бекітуге, қайталауға бағытталған;

  • үйге берілетін оқу тапсырмасы сыныптағыға қарағанда қарапайымдырақ және түсініктірек болу қажет, себебі ол жеке дербес жұмыс істеуге мәжбүр. Егер үй тапсырмасы күрделі болып, көп уақыт алса оқушы оны орындамай кетуі мүмкін;

  • үйге берілетін тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай және өмірмен, олардың іс-тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн;

  • үй тапсырмасының көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін және таным қабілеттерін, қызығушылықтарын ескергені жөн;

  • үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты;

  • үй тапсырмасын мұғалім тексеріп отыруы тиіс;

  • мұғалім оқушылардың үй жұмысында ата-аналардың көмегінің формаларын білуге тиісті, себебі олардың әсері он да теріс те болуы мүмкін.

Мұғалімдер тарапынан оқушыларға шамадан тыс үй тапсырмасын тапсыруды болдырмау және олардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерінің мүмкіншілігін ескеру мақсатын қолдай отыра, оқу министрлігінің нұсқауы бойынша әр сыныпта үй тапсырмаларын орындауға берілген уақыт мөлшері мынандай болып белгіленген:


Үй жұмысы

Сынып бойынша сағат саны

І

ІІ

ІІІ

ІҮ

Ү

ҮІ

ҮІІ

ҮІІІ

ІХ

Х

ХІ

1

1,5

1,5-2

1,5-2

2

2

2,5-3

3-4

3-4

3-4

4



Бақылау сұрақтары

  1. Оқытуды ұйымдастыру формасы дегеніміз не?

  2. Оқыту формаларын классификациялаудың негізі неде?

  3. Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық формасының ерекшелігі неде?

  4. Қазіргі сабаққа қойылатын жалпы талаптар ата.

  5. Оқытуды ұйымдастыру формалары және оларды классификациялау.

  6. Оқу жұмысының формасын қандай белгілер сипаттайды?

  7. Оқытуды ұйымдастыру формалары қандай өлшемдер бойынша анықталады?

  8. Мектептердің даму тарихында оқыту ұйымдастырудың қандай формалары қалыптасты?

  9. Оқытуды ұйымдастырудың сыныптық-сабақтық жүйесі қандай ерекшеліктермен сипатталады?

  10. Сабақ типтерге қандай ерекшеліктері бойынша жіктеледі?

  11. Сабақтардың негізгі типтерін көрсет.

  12. Оқыту формалары және олардың құрылымын көрсет.

  13. Сабаққа қандай талаптар қойылады? Олардың мәні неде?

  14. Дәстүрлі емес сабақтарға қандай сабақтар жатады?

  15. Дәстүрлі емес сабақтар талдау кестесі.

  16. Аралас сабақтардың мәніне және құрылымына анықтама бер.

  17. Мұғалімнің сабаққа даярлығының негізгі параметрлерін көрсет.

  18. Қазіргі сабақ құрылымының моделін көрсет.

  19. Сабақта саналы тәртіпті орнату жолдарын ата.

  20. Сабақты бақылаудың және оны талдаудың үлгі бағдарламасын көрсет.



Әдебиеттер:

1.Дидактика средней школы. Под ред. М.Н.Скаткина. М.,1982.

2.Конаржевский Ю.А. Анализ урока. М., Педагогический поиск,2000.

3.Педагогика. Курс лекции. АГУ им.Абая. А.,2003.

4. Подласый И.П. Педагогика начальной школы. М., 2000.

5.Хуторской А.В.Современная дидактика. СПб.,2001.




Өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар

  1. «Оқытуды ұйымдастыру формалары», «Қазіргі сабақ», «Сабақ типтері және құрылымы» тақырыбы бойынша сабаққа баяндама дайында.

  2. Өз мамандығыңыз бойынша мектепте 2-3 сабаққа қатысып, қолданылған оқытуды ұйымдастыру формасына сипаттама бер.

  3. Өз мамандығыңыз бойынша лабороториялық-практикалық сабақта бір сабақтың жоспарын құрыңыз және өткізіңіз.

  4. Педагог-новаторлар туралы ақпарат дайындаңыз.

  5. Оқытуды ұйымдастыру формалары және даму тарихы жөнінде мини-шығарма жазыңыз.

  6. Қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы тәжірибелер туралы реферат жазыңыз.

  7. Сабақ мақсаттарының жүзеге асырылуы.


Реферат тақырыптары

    1. Оқытуды ұйымдастыру формаларының даму тарихы.

    2. Қазіргі сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру формалары.

    3. Қазіргі сабақ және оның модификациялары.

    4. Мұғалімнің сабаққа дайындығы.

    5. Үй жұмысының функциялары.

    6. Интеграцияланған сабақ.


Оныншы тақырып
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу және бағалау
Жоспары:

1. Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру, бағалау және қадағалау туралы түсінік.

2. Қадағалаудағы ұстанымдар және білімді тексеру кезеңдері.

3.Оқығандықты тестілеу.

1. Қадағалау оқушылардың білімін, іскерлігін анықтау, өлшеу және бағалау дегенді білдіреді.

Тексеру – бұл білімді, іскерлікті анықтау және өлшеу. Тексеру – қадағалаудың негізгі компоненті, оның негізгі дидактикалық функциясы мұғалім мен оқушылардың арасында кері байланысты қамтамасыз ету, оқу материалын меңгергендігі дәрежесі туралы объективті ақпаратты педагогтың алуы, біліміндегі кемшілікті және білмеушілікті дер кезінде анықтау болып табылады.

Қадағалауда бағалау /процесс ретінде және баға қоюы /нәтиже ретінде/ баршылық. Бағаның функциясы оқығандық деңгейді анықтаумен шектелмейді. Баға – оқуға ынталандырудың, оң мотивацияның, тұлғаға әсер етудің мұғалім қолындағы құрал. Объективті бағалаудың әсерімен оқушыда сәйкесті өзін-өзі бағалау, өз жетістіктеріне сын қатынас пайда болады. Оқытушылық қадағалаудың негізгі функциясы – қадағалаушылық-түзетушілік, бірақ ол сонымен бірге оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелеушілік, ұмтылдырушы функцияларды да атқарады.

Бұл әдісте мынадай түрлерін айырады:

Ауызша қадағалау. Жеке және фронталдық сұрау арқылы жүзеге асырылады. Қадағалаудың қорытындысында тиісті баға қойылады.

Жазбаша қадағалау. Бақылау жұмысы, шығарма, диктант т.б. арқылы жүзеге асырылады.

Лабораториялық бақылау. Лабораториялық жабдықтарды, тәжірибені талап ететін жазбаша және графиктік жұмыстарды, эксперименталдық есептерді шешкенде бағалауда қолданады.

Машиналық /бағдарламаланған/ қадағалау. Электрондық-есептеу техникасы, қадағалау бағдарламалары болғанда қолданылады. Қадағалаудың бұл түрі жоғары әділдікпен ерекшеленеді.

Тестілік қадағалау. Мұның негізінде тестілер жатыр.

Өзін-өзі қадағалау. Өзі жіберген қателерін тауып, түзетуге үйрету. Оқытушылық қадағалаудың бір тәсілі – оқушылардың дербес жұмысы. Мұнда мынадай дидактикалық мақсаттар шешіледі: білімді іздеп, оларды ұғыну, бекіту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру және дамыту білімді жалпылау және жүйелеу.

Дербес жұмыс сыныптық болуы мүмкін /функциясы – тексерушілік/ және үйде орындалатын /бекітетін, жалпылайтын, қадағалаушылық-түзетушілік функциясы/.

Дербес жұмысты дұрыс және тез орындаудың шарттары: тапсырманы орындаудың алгоритмін жасау, тапсырманы қоюдың педагогикалық талапқа сай тәсілдері т.б.

Дербес жұмыстың бір түрі – оқушыларды жаңа материалмен оқулық бойынша таныстыру. Оқымастан бұрын мұғалім оқушыларға жұмыстың мақсатын, материалдың атын, жауап табуға тиісті тексерушілік сұрақтарды береді. Осылар бойынша оқушы белгісізді бөледі, бастыға назар аударады, іс-әрекеттің бірізділігін анықтайды, оларды қадағалайды.

2. Қадағалаудың ұстанымдары:

Объективтілігі: диагностикалық тестілердің, тапсырмалардың, сұрақтардың мазмұнының ғылыми негізделгендігі, педагогтың бүкіл оқушыларға әділетті, педагогикалық талапқа сай қатынасы, бағалаудың дұрыс өлшемдерін пайдалануы.

Жүйелілігі – диагностикалық қадағалауды дидактикалық процестің бүкіл кезеңінде қолданып отыруы.

Көрнекілігі /жариялылығы/ - оқушыларды бірдей өлшемдермен ашық тексеруден өткізу, бағаларды жариялап, қойылу себептерін айтып отыру.

Білімді тексерудің кезеңдері:

1. Оқушылардың білімінің деңгейін алдын ала анықтау. Бұл жаңа оқу жылының басында, ортасында, жаңа бөлімді бастағанда жүргізіледі.

2. Ағымды тексеру. Оның функциясы – оқытушылық.

3. Қайта тексеру ағымды сияқты тақырыптық болуға тиісті.

4. Мерзімдік тексеру бүкіл бөлім немесе курстың мәнді тақырыбы бойынша жүргізіледі. Мерзімдік тексерудің функциясы – жүйелеу және жалпылау.

5. Қорытынды тексеру тоқсанның аяғында және оқу жылы аяқталғанда жүргізіледі.

Кешендік тексеру арнайы тексерудің түрі болады. Ол арқылы алған білімді практикалық міндеттерді қолдана білу іскерліктерін, дағдыларын тексереді.

Мұғалім оқушылардың білімін объективті және шындыққа сай бағалауға саналы түрде ұмтылуға тиіс. Оқушылар баға қоюдың өлшемдерін, не үшін, қалай қойылып жатқанын білуге тиісті. Ол үшін мұғалім ата-аналармен, оқушылармен арнайы әңгімелер өткізеді.

3. Оқығандықтың тестісі – оқыту мазмұнының белгілі бір бөліктерінің меңгергендік деңгейін анықтауға бағытталған тапсырмалардың жиынтығы.

Тестіні құруға қойылатын талаптар:



  • аз уақытқа есептеліну /тестіні орындауға көп уақыт кетпеуі керек/;

  • бірмәнділігі /тестілік тапсырманы әрбіреуі өзінше түсінбеуі тиіс емес/;

  • дұрыстығы /көп мәнді жауап беретін жағдай болмау керек/;

  • қысқалылығы /қысқаша жауап беруді талап ету/;

  • ақпараттығы /бағалауды қамтамасыз етуі/;

  • қолайлылығы /тез нәтижесін анықтауға болатындығы/;

  • стандарттығы /кеңінен қолдануға келетіндігі/.

Тестілердің классификациясы:

1. Ақыл-ой дамуының, жалпы ақыл-ой қабілетінің тестілері.

2. Іс-әрекеттің әр түрлі аясында арнайы қабілеттің тестісі.

3. Оқығандықтың, үлгірімнің, академиялық жетістіктің тестілері.

4. Тұлғаның жекелеген белгілерін /еске сақтау, ойлау, мінез т.б./ анықтаудың тестілері.

5. Тәрбиеленгендік деңгейдің /жалпыадамзаттық, адамгершілік, әлеуметтік т.б./ тестілері.

Оқығандықтың диагностикалық тестілердің маңызды өлшемдері: әрекеттігі (валидность), көрсеткішті болуы, сенімділігі /дұрыстығы/, сараланғандығы /айырмашылығының көрінуі/.

Тестінің әрекеттігі оқып жатқан білім, іскерлікті толық және жан-жақты тексеруде көрініс табады.

Тестінің әрекеттілігінің шарттары:


  • меңгерген білім аумағынды сұрақтарды анық және түсінікті қою;

  • статистикалық әдістердің дұрыс таңдалуы. 0,7-0,9 саны оқығандықтың тестінің жоғары әрекеттілігін көрсетеді. 0,45-0,55 корреляция коэффициентінде тестінің әрекеттілігі қанағаттанарлық деп есептелінеді, ал бұдан да төменгі мәндерде қанағатсыз болып саналады.

  • тестінің сенімділігі тестідегі тапсырмалардың көп болғанында жоғары болады.

  • Тестінің пәрменділігі. Тең жағдайда уақыт бірлігінде жауаптардың көп санын қамтамасыз ететін тестіні пәрменді тесті деп атайды.

Тестілік қадағалаудың материалдарын даярлаудың ережесі:

  1. Оқушылар қателігін негіздей алмайтын жауаптарды тестіге енгізуге болмайды.

  2. Дұрыс емес жауаптар ұқсас /типичных/ қателердің негізінде жасалып, дұрыс сияқты болуға тиісті.

  3. Дұрыс жауаптар барлық жауаптардың арасында кездейсоқтық жағдайда орналасуы қажет.

  4. Сұрақтар оқулықта жазылғандағыға дәлме-дәл болмауы тиісті.

  5. Бір сұрақтың жауаптары екінші сұрақтың жауаптарын шешуге көмектеспейтіндей болуы керек.

  6. Сұрақтар әдейі бұрыс жолға түсіретіндей құрылмауы қажет.

Оқығандықтың тестісі дидактикалық процестің барлық кезеңдерінде қолданады. Олардың көмегімен білімдерді, іскерліктерді ағымдық, мерзімдік, қорытынды тексеруді жүргізуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет