МҰхтар әуезов (1897-1961)



бет1/2
Дата17.12.2016
өлшемі313,84 Kb.
#4080
  1   2
МҰХТАР ӘУЕЗОВ

(1897-1961)

М.Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.



Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған.

Атасы Әуез, әжесі Дінәсіл немерелеріне Абай өлеңдерін кайта-қайта айтқызып тыңдап отырған. Ол жөнінде жазушы: «Бір қыс, бір жазда Абайды түгелге жақын жаттап алдым», – деп кейін еске алады. Бұл жас Мұхтардың мейірін қандырған қайнар бұлақтың мөлдір суындай болып, оның болашақ өміріне, шығармашылық тағдырына игі әсерін тигізеді. Атасы Әуездің жәрдемімен, бір жағынан, сол кезде ел арасына көп таралған қиссалар мен аңыздарды, өлең-жырларды, екінші жағынан Абайдың шығармаларын көп тыңдап, жаттап өскен Мұхтардың бойында көркем әдебиетке деген ықылас, құмарлық ерте оянды.

1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар» деп жазды.

Осы сөздердің өзінен-ақ жазушының бүкіл шығармашылығына, жан-дүниесіне Абай туындыларының әсер-ықпалы, үлгі-өнегесі айрықша екені көрінеді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін он бір жасар Мұхтар Семей қаласында ағасы Қасымбектің тәрбиесінде болып, 1908 жылы бес жылдық орыс училищесіне түседі. Оны бітірген соң төрт жылдық мұғалімдер семинариясында оқып, 1919 жылы бітіріп шығады. Бұл кезең жазушының ғылым-білімге деген ізденісі, орыс әдебиетімен, Батыс Еуропа әдебиетінің таңдаулы үлгілерімен өте жақын, терең танысқан жылдары болды.

Семинарияның орыс тілі мен әдебиеті пәнінің окытушысы В.Попов өз естелігінде: "М.О.Әуезовпен тұңғыш рет 1916 жылы таныстым. Алдыңғы партада отыратын он сегіз жасар сыпайы, сұлу жас қазақтың денесі сыптай түзу, киімі сәнді, тап-таза, қою шашы қап-қара, кең маңдайы кере қарыс, қоңырқай жүзі байсалды, маңғаз, көзінде ақыл тұнып тұр... Қадір-қасиеті өз ортасынан өзгеше бөлек осы жігіт орысшаға өте-мөте жетік. Ал эрудициясына бәріміз таң қалатынбыз», – дейді. Бұдан болашақ жазушының жан-жақты білімі, жоғары мәдениеті, қарапайымдылығы мен адалдығы, ойының тереңдігі семинария қабырғасында жүрген кезінде-ақ ерекше байқалғанын көреміз.

1919 жылы Мұхтар Әуезов семинарияны бітіріп шығып, бірыңғай әдеби кызметпен шұғылдана бастайды. Ауыз әдебиетінің асыл нұсқаларын өңдеп, қазіргі өскелең өмір талабына сай әдебиеттің қажетіне пайдалану үлгісін өзінің жазушылық тәжірибесімен көрсетті. «Еңлік–Кебек», «Айман–Шолпан», «Қара қыпшақ Қобыланды» пьесалары соның куәсі.

М.Әуезов 1928 жылы Ленинград университетінің филология факультеті, Ташкент қаласындағы Орта Азия университетінің аспирантурасын бітіреді.

1917 жылдан басталған алғашқы шығармаларының өзінде-ақ жазушы қазақ елінің тіршілігі мен тынысына зер салып, терең үңіліп зерттей отырып, көптеген тарихи және әлеуметтік мөселелерді көрсетуге күш салды. Бұл М.Әуезов талантының жан-жақтылығын, білім-дәрежесінің молдығын танытты.

1917 жылы алғашқы шығармаларының бірі – «Қазақтың өзгеше мінездері» Ташкентте шығатын «Алаш» газетінде жарияланды. «Адамдық негізі – әйел» мақаласы Семейде шығатын «Сарыарқа» газетінде басылды.

Бұл мақалаларында казақ халқының ғасырлар бойы талай қиыншылықтарды басынан өткізіп күресе білгенін, сонымен бірге кейбір мінезіндегі сүйекке сіңген жаман әдеттерден арылу оңайға соқпайтынын дәлелдеп ашып көрсетеді. Мысалы, ел арасындағы парақорлық, жалқаулық, сауатсыздык, т.б. сияқты, түрлі келеңсіз әдеттерді сынай келе, солардан құтылудың бір жолы оқып-білім алуда жатқанын айтады. «Жалғыз-ақ үмітіміз, қаруымыз – оқығандарда. Оқығандар ендігі жас балаларды өздері үлгі болып, надандықтан шығарып, адамшылықтың жарық жағына сүйреуге міндетті.



Соларға «қазақтың мінезін тастап, айнымай қажымай, таза жүрекпен кемшіліктерге қарсы тұрып, бірлік жібіне жармасуынан басқа не тілей аламыз» деп жазған еді.
М.Әуезовтің шығармашылығы 

«Адамдық негізі – әйел» атты мақаласында автор әйелдің қоғам өмірінде атқарар рөлін дәлелдеп, ашып танытады. Әйелді қоғамдық ортаның ұйтқысы ретінде бағалайды. Әйел басындағы тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Өйткені адам қоғамындағы адамгершілік ана тәрбиесінің нәтижесі. Ал өмірде әділет, мархабат, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың адамдыққа тәрбиелеудегі өрісі қандай болмақ?

«...Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең, әйелдің халін түзе!» – деп нақты, дәлелді тұжырымдайды. М.Әуезов казақ әйелінің бүкіл болмысына, жан-дүниесіне, сезім сырына терең үңіліп, ерекше ықыласпен суреттей білді. Әдебиеттің өшпейтін, мәңгілік тақырыбы – әйел болса, оны жан-жақты танытып, әсемдік әлемін жеткізе бейнеледі.

Әсіресе, адамды өмір сүруге ұмтылдыратын, сол өмірді сүйіп, бағалауға тәрбиелейтін «Абай жолы» сияқты таңғажайып шығармада, жан тебірентер әр түрлі қылық-мінездерімен, іс-әрекеттерімен бірін-бірі қайталамай толықтырып отыратын, қиналыс-ізденісі, сүйініш-күйініші еріксіз елжіретіп, өзіне тартатын бір топ әйелдер бейнесін жасады.

Алғашқы басылымдарынан-ақ, жас Мұхтардың ой-өрісінің кеңдігі, білім дәрежесінің молдығы қалыптаса бастаған азаматтық парасатының шамасы жақсы аңғарылады.

1917 жылы «Еңлік–Кебек» пьесасы қойылып, «Алаш», «Сарыарқа» газеттеріңде, 1918 жылы «Абай» журналында жиырмаға тарта еңбектері басылды.

Қазақ топырағында драматургиялық дәстүрінің жоқтығына қарамай, басқа елдер әдебиетінен үйрене отырып, жанр шарттарына толық сай келетін «Еңлік- Кебек» трагедиясын жасай білді. Драма заңдылықтарын жете меңгергенін танытты, оның ірге тасын қалады.

«Еңлік–Кебек» пьесасы Әуезов шығармашылығында, қазақ әдебиеті тарихында да айрықша орын алады.

1917 ж. мамыр айында Ойқұдық жайлауында Абайдың аяулы жары Әйгерімнің сегіз қанат үйінде «Еңлік–Кебек» пьесасы қойылды.

Пьесаның негізгі мазмұны: Әуезов туып өскен Абай елінде, Шыңғыстау жерінде XVIII ғасырдың сексенінші жылдарында болған қанды оқиға: бір-біріне жауласқан екі елдің батыры Кебек пен ару қызы Еңліктің бірін-бірі сүйіп табысқандарын екі жақтың да билеушілері кешірмейді. Мұның аяғы үлкен дау, ерегіске әкеліп, жан түршігер шешімге келеді де, екі жасты ат құйрығына байлап сүйретіп өлтіреді.

Автор халықтың аңыздық негізіне сүйене отырып, алғашкы нұсқаларға жаңаша өзгерістер енгізіп, шын мағынасындағы сахналық шығарманы өмірге әкелді. «Еңлік–Кебек» пьесасын автор бірнеше рет өңдеуден өткізіп, толықтырудың арқасында шытырман оқиғасы шыңыраудай терең, тіл көркемдігі керемет шұрайлы нағыз классикалық пьесаға айналды.

Пьеса өзінің өзек жарды сырын толғайтын Абыз монологінен басталады. Абыз бейнесі болашақты болжауды көксеген ел арманынан хабар береді.

Абыз – халық арманының қасиетті идеясын арқалаушы жан. Мысалы, мәтінге үңілсек:

 

Құйрығы жоқ, жалы жоқ



Құлан қайтіп күн көрер.

Аяғы жоқ, қолы жоқ

Жылан қайтіп күн көрер!

 

Жазушы Абыздың осы толғауынан белгілі Асан қайғының үніне үн қосып айтқан сөздерімен ұластырады.



 

Тұнығым ылай болды,

Уа, тұнығым ылай болды.

Қуғыншым кұмай болды

Құтылар кайран жоқ,

Сор қамар сыңай болды... (Асанша )

Алданар жоқ, арман көп.

Кәрім қайтіп күн көрер!

Жарастық жоқ, жалын жоқ,

Жарым қайтіп күн көрер!

Барары жоқ, байлау жоқ,

Ерім қайтіп күн көрер!

Бәріңнің де нәрің жоқ,

Елім кайтіп күн көрер?..



 

Бүкіл халқының ой-арманын, мұң-шерге толған тағдырын зарлап, күңірене жеткізуі тыңдаушыға ерекше әсер ететіні сондай, Абызбен бірге толғанып, үн қосып күңіренесің. Іштегі шерді сыртқа шығарғың келгендей, жалын атып аһ ұрасың, күрсінесің.



Абыз – имандылықтың насихатшысы, бұл – пьесада халық даналығының символы ретінде көрінеді. Драмада әр кейіпкер сөзі өзін таны деп тұрғандай.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет