МҰХТАР ӘУЕЗОВ ӘҢГІМЕЛЕРІН ОҚЫТУ
Г.Д.Қоспанова
Ақтөбе қ.
Мектепте көркем шығарманы оқытуда оның көркемдік ерекшеліктерін жан-жақты терең талдай
білудің маңызы зор. Шығарманың ішкі құрылымы, кейіпкер бейнелері, әдеби танымдық маңызы және
көркем айшықтарын таныту әдебиетші мұғалімнен үлкен дайындықты қажет етеді. Осы орайда, белгілі
әдіскер-маман Қ. Мырзағалиев еңбектерін ерекше атап көрсетуге болады [1].
Ғалым-әдіскердің жазған оқулықтарында әдеби шығарманы оқытудың әдістемелік мәселелері
ғылыми тұрғыда жүйеленгенін байқауға болады. Сондықтан мектепте көркем шығарманы оқытуда
оның көркемдік ерекшеліктерін таныту бағытында әдіскер-маман Қ. Мырзағалиев еңбектерін
басшылыққа аламын. Қазақ әдебиеті сабағында жазушы М.Әуезовтің әңгімелерін оқытуда оның
көркемдігін танытуға ерекше назар аударамын. Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен
мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр
мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізіп, танып-білу - әр ұрпақтың міндеті.
Жазушы, ғалым, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің
ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі болып табылады. Оның «Абай жолы» романы мен
асқан шеберлікпен жазған шағын әңгімелері, повестері қазақ әдебиетінің алтын қорына енген. Қазіргі
кезде оқыту мен білім беру, тәрбие мәселелерінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Осыған орай, қоғам
өмірінің жаңа сапасының негізін құрайтын қазіргі білім беру жүйесі және тәрбие болып
табылатындықтан, шығармаларында ұлттық тәрбие мәселелері көп көрінетін М.Әуезов
шығармашылығын оқыту маңызды болып келеді. «Рас, әңгіме – шеберлік мектебі, ірі жазушылардың
бәрі қаламын осы «мектептен» ұстартып шықты», - деп, З.Қабдолов айтқандай, М.Әуезовтің де
суреткерлік шеберлігі әңгіме жанрын игеру үстінде қалыптасты [2, 302-б.].
Жазушы алғашқы әңгімелерінен бастап-ақ халықтың тұрмыс-жағдайын, жастардың, қазақ
әйелдерінің тағдырын суреттеді, тіпті сан алуан күнделікті өмірде кездесетін күйкі көріністерді
сипаттай отырып, нақтылы өмір құбылыстарын типтік дәрежеге көтере білді. М. Әуезов әңгімелерінің
басты ерекшелігі «...алдымен айналадағы өмір құбылыстарын бейнелеудегі шыншылдық, реалистік
суреттеу әдісін шебер қолдана білетіндігі дер едік. Әңгімелерде баяндалатын оқиғалардың,
бейнеленетін кейіпкерлердің бәрі өмірден алынған, сол ортада болатын оқиғалар, іс-әрекеттер, әр
жерде кездесетін адамдарға ұқсас, бейтаныс таныстар, типтік мінез, типтік характерлер. Әрине, кейбір
жайлар әсірелеп көрсетілген. Бірақ, тіпті айналадағы табиғат көріністері – даланың қысы, желі, бораны,
айлы түні, тау-тасы – бәрі нақтылы, дәл, анық бейнеленген. Және олар құр жай ғана сурет, адамдар
өмір сүретін орта ғана емес, әңгімедегі кейіпкердің көңіл күйі, қайсысымен үндес келетін, кейде оның
тағдырымен ажырамас бірлікте көрінетін дүние болмыстың нақтылы ақиқат белгілері» [3, 138-б.].
Жазушы әңгімелерін екі топқа бөліп қарауға болады:
1)
30 жылдарға дейінгі. 2) 30-40 жылдары жазған әңгімелері:
30-жылдарға дейін жазған әңгімелерінде төңкеріске дейінгі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі,
әйелдер тағдыры сөз болса, ал 30-40 жылдарда жазған әңгімелерінің бәрі дерлік төңкерістен кейінгі
«Оқыған азамат»
«Сөніп – жану»
«Қорғансыздың күні»
«Қаралы сұлу»
М.Әуезовтің 30-
жылдарға дейінгі
жазған әңгімелері
«Ескілік көлеңкесінде»
«Жетім»
«Кінәшіл бойжеткен»
«Қыр суреттері»
өмірді, колхоз тұрмысын суреттеуге арналған. М. Әуезов әңгімелерін оқыту барысында сол
кезеңдердегі тарихи жағдайларды да, әңгімедегі оқиғалармен де байланыстыра түсіндіріп отырамын.
Негізінен М.Әуезов шығармаларының ішінде мектеп бағдарламасы бойынша «Қараш-қараш
оқиғасы», «Көксерек» шығармалары орта буында оқытылып келеді де, 11-класқа келгенде жазушы
шығармашылығы толық қарастырылып, «Абай жолы» романы талданады. М. Әуезов
шығармашылығын 11-класта оқыту барысында әңгімелеріне арнайы тоқталып, талдауды қажет етеді.
Өйткені, біріншіден, жазушының үлкен эпопея тудыру жолында осы әңгімелерден бастау алды дейтін
болсақ, екіншіден, оларды оқытудың өзіндік тәрбиелік, дамытушылық мәні бар. Мысалы, бұл арада
Жақып болысқа әйел үстіне баруға көнбегені үшін соққыға жығылып, құсадан өлген Ғазиза тағдыры
туралы «Кім кінәлі?», өзі сүймеген кісіге тұрмысқа шығуға үлкендердің күштеуімен амалсыз көніп,
соның күйігінен көзі жасқа, көкірегі шерге толған Жәмилә туралы «Сөніп-жану» және «Кінәшіл
бойжеткен» әңгімелерін талдап оқытуға болады.
«Көркем шығармаға талдау жасау деген - оның бейнелі ойына бару деген сөз», - деп,
Т.Ақшолақов көрсеткендей, әңгімені талдау, ең алдымен, мазмұнын меңгеруден басталады [4, 27-б.].
Әңгімені талдау барысында белгілі педагог Қ. Бітібаева әдістемесіне жүгіне отырып,
М. Әуезов әңгімелерін оқыту алдында қызығушылығын, ынтасы, таным белсенділігін арттыру
мақсатында, әңгімедегі оқиғалардың өмір шындығынан алынғаны туралы айтып, әңгімелеу керек. «Кім
кінәлі?» әңгімесін класта, «Сөніп-жану» және «Кінәшіл бойжеткен» әңгімелерін үйде меңгеруге
тапсырылады. Оқушылардың қызығушылығын ұйымдастыру мақсатында, тарауларға тақырып қойып,
ол тараулардағы басты оқиғаларды кестеде көрсетіп қою тиімді.
Бөлімдер
Тақырып
Басты оқиғалар