MұхтарОмарханұлыӘуезов – Ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, ҚазақстанҒылымакадемиясының академигі (1946), филологияғылымдарының докторы, профессор (1946), ҚазақКСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957).
Өмірбаяны
Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысыныңАбай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылыСемейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинариядаоқып жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының«Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік – Кебек»пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айындаОйқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Ресейдегісаяси төңкерістерӘуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде«Алаш жастары»одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады.Жүсіпбек Аймауытовпенбірігіп жазған«Қазақтың өзгеше мінездері»аталатын алғашқы мақаласы1917жылы 10 наурызда«Алаш»газетінде басылды.1918жылы 5 – 13 мамырдаОмбы қаласындаөткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Аймауытовпен бірлесіп Семейде«Абай»ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады.1919жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады.1919жылы желтоқсанның төртіндеСемейдебольшевиктер билігі орнап, ӘуезовСемей губревкомыныңжанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және«Қазақ тілі»газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады.1921жылы қараша айындаҚазақ АКСР-іОрталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы«Қорғансыздың күні»әңгімесі«Қызыл Қазақстан»журналының №3 – 4 сандарында жарияланды.1922жылы күздеТашкенттегіОрта Азияуниверситетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі«Шолпан»және«Сана»журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда«Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі»(«Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады.1923жылы маусым айындаЛенинград(қазіргіСанкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетініңтіл-әдебиетбөліміне оқуға ауысады.1924 – 1925жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп«Таң»журналын шығарады. Онда«Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық»әңгімелері жарияланды.1925 жылыЛенинградқақайтып барып, оқуын жалғастырады.1926жылы жаз айындаСемейгеарнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған«Әдебиет тарихы»монографиясы1927жылы кітап болып шығады.1927жылы жаздаЖетісуөңіріне сапармен келіп,Ілияс Жансүгіровпенбірге болашақ шығармаларына материал жинайды.Ленинградқақайтып оралысымен, осы материалдар негізінде«Қараш-Қараш оқиғасы»повесін,«Қилы заман»романын,«Хан Кене»пьесасын жазады.1928жылыОрта Азия мемлекеттік университетініңаспирантурасына қабылданды әріҚазақағарту институтында сабақ берді.
Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі – оның ғылыми зерттеулері. Олқазақ ауыз әдебиетінжинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы,әдебиеттануменфольклордыңтеориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды.Қоғамжәнемемлекетқайраткері ретіндеӘуезовжиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы,руханиынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Әлем халықтары оның«Абай жолы»роман-эпопеясын айрықша құбылыс ретінде таныды.1961жылдың жиырма жетінші маусымындаМәскеуқаласындағы ауруханада қайтыс болды;Алматықаласында жерленген. Сол жылыҚазақстан Ғылым академиясыныңӘдебиетжәнеөнеринститутына оның есімі берілді, одан кейін жазушы тұрған үйде мұражай-үйі (1963) ашылып, ескерткіштер орнатылды.Қазақ академиялық драма театры,Алматы, Астана, Семейжәне басқа қалалар мен облыстардағы аудан, ауыл, көше, мектептер Әуезов есімімен аталады. Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуыЮНЕСКО-ныңшешімімен, дүниежүзілік деңгейде (1997) аталып өтті.
Туған жері — бұрынғыСемейуезініңШыңғысболысы (қазіргі ШығысҚазақстаноблысының Абай ауданы). Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді.1908жылы хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады.1910жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп «Дауыл»атты алғашқы шығармасын жазады.1915жылыСемейқалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргендеШәкәрім Құдайбердіұлының«Жолсыз жаза»дастаны негізінде «Еңлік-Кебек»пьесасын жазып, оны1917жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады.1918 жылыМ.ӘуезСемейқаласының өкілі ретіндеОмбықаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алаш¬орда»үкіметі менАлашқозғалысының бағытын ұстанған «Жасазамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай»ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпенбірге) атсалысады.1919жылы —Семейгубревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері,1920жылдыңақпанынан бөлім меңгерушісі. «Қазақ тілі»газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады.1921жылыСемейоблревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады.1921жылғы қараша айындаҚазақ АКСР-іОАК-ніңтөралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ»газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді. Бір қысТашкенттегі Орта Азиямемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетіндеоқып, филологияфакультетін бітіреді. Сол жылыОрта АзияуниверситетініңШығыс факультетініңжанындағы аспирантурада оқиды.Ұлттықтеңсіздік пен сауатсыздықты, аштықты жою жөніндегі ашық пікірі мен шығармалары үшін «ұлтшыл, алашордашыл»атанып, саяси сахнадан шеттету басталған тұста Мұхаң бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысуға көшеді. Ғылыми жұмыстарды да қолға алады.1930жылы идеялық көзқарасы үшін тұтқынға алынады. Тергеу ұзаққа созылып,1932жылғы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылады. Осы жылғы 10 маусым күнгі «[[СоциалистікҚазақстан]]» және «Казахстанская правда»газеттерінде М. Әуезовтің «Ашық хаты» жарияланады. Онда Мұхаң өзінің қазақ әдебиетінің тарихы және Абай туралы зерттеулерінен, «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», «Хан Кене», «Қилы заман»сияқты шығармаларынан бас тартатынын мәлімдеуге мәжбүр болды. Сонан кейін ғана ол түрмеден босатылып, оқытушылық жұмыспен айналысуға рұқсат алды. Ол1961жылы 27 маусымда МәскеуқаласындағыКремльауруханасында операция кезінде қайтыс болды.1961жылы қайтыс болғаннан кейінРеспубликаҮкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академиясыныңӘдебиетжәнеөнеринституты мен [Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры |[Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына]] Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.