Гипертониялық криз гипертониямен ауыратындарда кездеседі. Оған эмоционалдық стресстер, ауыр дене еңбегі, маскүнемдік және басқада, факторлар қозғау болады
Гипертониялық криз гипертониямен ауыратындарда кездеседі. Оған эмоционалдық стресстер, ауыр дене еңбегі, маскүнемдік және басқада, факторлар қозғау болады.
Патологиялық-анатомиялык,өзгерістер мидың ісінуімен, ми қан тамырларының қанға толуымен және микрогеморрагиялармен сипатталады. Гистологиялық тексерістер нәтижесіңде қан тамырларының кебінуі, оларға плазманың сіңуі, плазморрагиялар, микроаневризмалар және диапедездік периваскулярлық геморрагиялар байқалады.
Гипертониялық криздің клиникалық сипатында бас сүйек қуысы ішіне орналасқан қан арнасы қанға аса мол толуына және ондағы ткандердің ісінуіне немесе ми қан тамырларының жиырыла қысылуына байланысты жалпы милық симптомдар басым болады.